Діннің қазіргі замандағы ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 17:28, сочинение

Краткое описание

Қазіргі кезде қоғам дінге көп көңіл бөліп жатыр. Себебі, дін қоғамның ажырамас бөлігі. 29 мамыр күні өткен конференциямыз да осы тақырыпқа арналды. Ол жерге еліміздің дін саласында көптен бері жүрген мамандар келді. Және де көптеген дін өкілдері де бұл конференциядан қалыс қалмады. Жалпы конференция қазіргі кездегі діннің қоғамдағы орны, оның қоғамға тигізген әсері жайлы болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Діннің қазіргі замандағы ықпалы.docx

— 14.88 Кб (Скачать файл)

Діннің қазіргі  замандағы ықпалы

Қазіргі кезде қоғам дінге  көп көңіл бөліп жатыр. Себебі, дін қоғамның ажырамас бөлігі. 29 мамыр  күні өткен конференциямыз да осы  тақырыпқа арналды. Ол жерге еліміздің  дін саласында көптен бері жүрген мамандар келді. Және де көптеген дін  өкілдері де бұл конференциядан қалыс  қалмады. Жалпы конференция қазіргі  кездегі діннің қоғамдағы орны, оның қоғамға тигізген әсері жайлы  болды. Конференцияға қатысушылардың көбісі  осыған байланысты өз пікірлерін білдірді. Көпшілік «діннің ықпалы» дегенге «терроризм», «экстремизм» мәселелерін көтерді. Әрине, бұл мәселелерді жоққа шығара алмаймыз. Себебі, бұл құбылыстар қоғамда болған және қазір де бар! 
Жалпы, дін адамзатпен бірге пайда болып, әлі күнге дейін бізбен бірге өмір сүріп келе жатыр. Діннің өзгеріске ұшырауы адамға байланысты. Және дінді бағыттып отыратын да адам. Себебі, дін біздің көзқарасымызға, ойлау бағытымызға, көңіл-күйімізге байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Ерте кезден бастап қарасақ, дін қоғамның ажырамас бөлігі болған. Дін халықтардың салт-дәстүрлеріне, көзқарастарына, бір-бірімен қарым-қатынастарына  өзінің ықпалын тигізген. Көптеген мемлекеттерде заңдар да осы дінмен байланыстырылып шығарылған.

Дін өз ықпалын қазіргі  кездегі қоғамға да ықпал етіп отыр. Оның негативті және позитивті жақтары бар. Позитивті жақтары, қандай дін болмасын, ол адамдарды жақсылыққа шақырады. Сол себепті де адамдардың бір-біріне деген қатынастары өзгереді. Өзінің өмір сүріп отырған ортасына басқаша көзқараспен қарай бастайды. Ол монотеисттік немесе политеисттік дін болсын мейлі, ол қоғамды адамгершілікке жетектеп, бір тылсым күшті мойындауға шақырады. Ал, қоғамды мейірімділікке шақыратын дін болмаса, қоғам өзінің түп-тамырымен шіри бастайды.  
Ал, негативті жақтарына келетін болсақ, ол жоғарыда айтылып кеткен  экстремизм, терроризм, әр түрлі миды улайтын секталарды жатқызуға болады. Бұл қоғамды  төменге қарай тартады. Қазіргі кезде осы террорлық шабуылдар көбейіп кетті. Менің ойымша, бұның бәрі- саясат. Өздерінің ойға алған мақсаттарын жүзеге асыру үшін әлдекімдер дінді басты қару ретінде қолданғысы келеді. Соның әсерінен қоғамымызда діни алауыздықтар пайда болды. Осы террорлық жарылыстарды жасап отырғандар исламның атын жамылуда. Сол себепті де көпшілік исламға үреймен, қорқынышпен, жеккөрініштілікпен қарайтын болған. Бұл негативті әсерінің бір жағы ғана. Екінші жағына келетін болсақ, діни секталар. Бұлар да, дінге күмәнмен қарауға бір себеп болды. Себебі, кез келген дінді алып, оған басқа діндердің ілімін қосып, жаңа дін шығара салады.  Бұл тұзаққа көптеген рухани жағынан әлсіз адамдар түсіп қалады. Ақыры осы сектаның құрбанына айналады. Мұндай «жалған діндердің» астында, әдеттегі, ақша мәселесі тұрады. Бұлар да қоғамды әбден улап бітті. Міне дін біздің қазіргі кездегі қоғамға осылай ықпал етуде.


Информация о работе Діннің қазіргі замандағы ықпалы