Индуизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 15:03, творческая работа

Краткое описание

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).
Индуизмнің тұңғыш қауымы – “адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты.

Содержание

І.Кіріспе
Индуизмның шығу тегі
ІІ.Негізгі бөлім
а) “Махабхарата” және “Рамаяна” эпостары
б) Пурана діни мистикалық поэмасы
ІІІ.Қорытынды
Индуизмнің басты мерекелері

Вложенные файлы: 1 файл

алиби.doc

— 87.50 Кб (Скачать файл)

                                               Индуизм

Жоспар

І.Кіріспе

Индуизмның шығу тегі

ІІ.Негізгі бөлім

а) “Махабхарата” және “Рамаяна” эпостары

б) Пурана діни мистикалық поэмасы

ІІІ.Қорытынды

Индуизмнің басты мерекелері

 

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену). 
 
Индуизмнің тұңғыш қауымы – “адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. 
 
XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.  
 
Индуизм үшін “Махабхарата” және “Рамаяна” эпостары – Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленді. “Рамаянада” Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалды. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан “Махабхарата” эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін “Бхагават-Гита” (“Жаратушы өлеңі” немесе “құдіретті өлең”) философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретінде пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух – пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құдайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді. 
 
“Бхагавад-Гитаның” негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы (осы кейіпте көріну) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді. Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары, материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материялдық бастау – тамас (әрекетсіз), раджас (құмаршыл, іскер, жігерлендіруші), саттва(рухтандырушы, ой сарайын ашатын, саналы) және осылардың түстері (тиісінше қара, қызыл және ақ түстер), йога жолы (өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы), ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтер береді. Байсалдылық, құмарлықтан аулақ болу, тіршілікке байланбау сияқтылар басты адамшылық қасиеттері қатарынан аталады.  
 
Йога “Ведаларға” сүйенеді және Веда философиялық мекетептерінің бірі болып табылады. Ол әрі философия, әрі тәжрибе (харакет), жекелей алғанда, әр адамның рух еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады. Йога жүйесінде құдайға сену азаптан құтқарылуға бағытталған іс-қимылдың шарты және теориялық дүниетанымдық көзқарастың элементі ретінде қарастырылады. Дара (Жаратушымен) қосылу адамның өзінің даралығын сезіну үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда самадха күйіне (толық интраверсия) енеді.  
 
Индуизмнің тағы бір арнасы – “пурана” діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогисы топтастырлған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, “Тримурти” немесе үштік ұғымы орнығады. Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы бас құдаймн деп жариялағаны үшін оны Шиваның жазалап, бес басының бірін шауып тастағаны, сөйтіп оның адам-құдай бейнесін алуы туралы айтылады. Одан гөрі кейініректегі аңыздарда Брахма әлемді Вишну мен Шиваның нұсқауымен жаратты делініп, оның Тримуртидегі тұғыры қайта қалпына келтіріледі.  
 
Бүкіл әлемнің бірінші негізі және абсолютті құдірет тұрғысындағы Брахманың орнын толығымен Вишну меншіктейді. Бүкіл әлем Вишнудің барлығының нысаны деген қағида орнығады. Инуизм көркем өнерінде Вишну Шеш әбжыланына отырып, әлемдік суларды кезіп жүрген құдай түрінде бейнеленеді. Оның аяғында сұлулық құдайы Лакшми отыр. Лакшмидің кіндігінен өсіп шыққан лотос ішінен Брахманы көреміз. Космогониялық сурет әлемді жаратушы Вишну бейнесін осылай береді. Аңыз бойынша әлемдік цикл аяқталғанда, Вишну бүкіл дүниені оранып, белгілі уақытқа ұйқыға кетеді. Оянған соң, оның әмірімен Брахма әлемді қайтадан жаратады. Келесі әлемдік цикл басталады.  
 
Бүкіл көзге ілінетін және ілінбейтіннің бәріне әмірін жүргізуші Вишну өзіне жалбарынушыларға ізгілік үлестіреді. Вишну төрт қолы бар, әр қолына зұлым күштерге қарсы қолданатын қару ұстаған ер жігіт кейіпінде бейнеленген. Ол Меру әлемдік тауының құздарын мекендейді. Құстардың патшасы – Гарудамен ұшып жүреді. Вишнудың аватарасы, яғни адамның, хайуанның, болмаса басқа құдайлардың кейпіне енуі туралы ілім - индуизмнің діни ғұрыптарының негізі.  
 
Индуизмдегі әрбір құдірет иесі Вишну аватарасы деп түсіндіріледі. Осы арқылы ол космостық қуатқа (майя) ие болады. Демек, әр тайпа өзінің жергілікті құдайына сиынған, ол осы құдай бейнесіндегі Вишнуға сиынады. Вишну аватарасының негізгі он түрі бар. Олар – балық, тасбақа, аю, арыстан, қортық, әмірлерді, өркөкіректер мен құдайды сайқымазақ етушілерді жазалаушы брахман Парасурама, Рама, Кришна, Будда және Калка батыр. Болашақта, әлемнің ақырында Вишну Калка бейнесінде келіп, дінсіздерді тегіс жойып, мейірімділік пен бақыт қоғамын орнықтырады. 
 
Шива – денесін тегіс жылан ораған, үш көзі бар, мойнына адамның бас сүйектерінен алқа тағынған, түрінен адам шошырлық талқандаушы құдай бейнесінде суреттеледі. Кей суреттерде бет пішіні айқын, қолдары бар. Ол Гималай тауларын мекен етіп, тақуалықпен, қалың ой үстінде ғұмыр кешеді. Аңыз бойынша, Шива әлемдік цикл аяқталғанда бүкіл жер-дүниені, барлық құдайларды жояды. Оның талқандаушылық бейнесі туралы түсінік осыдан шығады.  
 
Мифологиядағы Шива бейнесі – қарама-қайшылықты бейне. Ол кейде жағымды жағынан да көрінеді. Мәселен, Шива мәйектілік пен шексіз шығармашылық қуаттың құдайы. Әлем әрқашан Шива және оның жұбайы – Деви құдайдың әмірімен пайда болады және әрдайымғы солардың бақылауындағы қуат арқылы жасайды. Шива өзі жеңген жынның үстіне шығып алып билеп, дүниені бірде аспандатып, бірде шыңырауға құлдыратып отырады. 
 
Деви Шиваның тылсым қуатының рәмізі бола отырып, Шива тәрізді қарама-қайшы бейнелерде суреттеледі. Ол бір жағынан қайрымды Парвати құдай болса, екінші жағынан қатігез талқандаушы Кали. Оған, сонымен бірге, құдай-ана ретінде құлшылық етеді. Әсіресе арийлік дәірге дейін Деви бейнесі ерекше құрметтелді. Миф Шива мен Девидің екі ұлы – соғыс құдайы және ұрылардың жебеушісі Сканда мен даналық құдайы Ганеша болғандығын жеткізеді. 
 
Индуизмдегі абыздардың басты міндеті – шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды “гуру” деп атайды. 
 
Құлшылық рәсімдері жергілікті және барша құдайлар пантеонына арнап тұрғызылған храмдарда атқарылады. Храмдарда құдайлардың көркем етіп жасалған мүсіндері қойылып, соның алдында құдіретті өлең (суттор) айтылады. Барлық тіршілік иесі Вишнудың құдіретті болмысы ретінде қасиетті деп саналатын хайуандар мен жануарлар, мәселен, жылан, сыир, маймыл, Вишну есімімен байланысты жерлер - көлдер, Ганг өзені айрықша құрметтеледі. Барлық діндердегі тәрізді брахманизм мен индуизмнің орталығы Бенарес қаласы. Сонымен қатар, Аллахабад қаласы да қасиетті саналады. 
 
Инуизмнің басты мерекелері - Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері және Генеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Кришнаның туған күні оның балалығындағы Вишнудың сегізінші аватарасын еске түсірумен байланысты түрлі ойын-сауықпен көңілді аталады. Шиваға арналған салтанат барысында ораза тұту, құмардан бойды тежеу және тақуалық жаттығулар жасау салты орныққан. Гурудан және дінге сенуші өзге адамдардан шыншылдық, өсек-өтірік, ғайбат айтпау, ұрлық жасамау, қолын қанмен былғаумен және қиянат жасамау, зина қылмау, менмендік пен мақтанға бой алдырмау қатаң талап етіледі.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Інжілмен танысу

Жоспар

І.Кіріспе

Інжіл туралы жалпы мағлұмат

ІІ.Негізгі бөлім

а) Көне Өсиет

б) Жаңа өсиет

ІІІ.Қорытынды

Қасиетті Құран Кәрімде Інжіл мен Тәурат жайында

 

 

  Інжіл (араб.: إنجيل‎ - инджил, орыс. Евангелие) – барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбарға жолданған қасиетті кітап. Қасиетті Құран Кәрімге дейін Құдайдан түскені хақ деп білетін қасиетті үш кітаптың (Забур, Тәурат, Інжіл) бірі. Құранда Алланың дін үшін шейіт болғандарды жұмаққа жіберетінін дәлелдеу үшін Інжілге сілтеме жасалады. Құрандағы жазу бойынша Інжілде Хазірет Мұхаммед(Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келетіндігі жайлы алдын ала айтылған. Інжілде аты аталатын, өмірлері жайлы деректер келтірілетін пайғамбарлар мен оқиғалар Құранда да кездеседі. Інжілдің Құдай тарапынан келгені шындық болғанымен, соңғы пайғамбар келіп, Хазіретті Мұхаммедке (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) Құран Кәрімнің түсуімен оған дейінгі кітаптар мансұқталған болып саналады.

Інжіл – барлық христиандардың сенетін қасиетті және жер шарындағы ең танымал саналатын кітаптардың бірі. Ал ондай кітаптардың саны өте шектеулі. Ол әлемнің 1800 халқының тіліне аударылған, егер біреу өз туған тілінен өзге тілді білмесе де ол Інжілді оқи алады деген сөз.

Інжілді бір бүтін кітап деп айтуға келмейді. Ол – бір кітапта жинақталған жиынтық кітап. Олай екенін, тіпті, атауынан да білуге болады. «Библия» сөзінің түбі грекшеге барып тіреледі және ол «кітаптар» (көптік мағынада) дегенді білдіреді. Інжілді әдетте Қасиетті Жазба деп те айтады, ол тарихи деректер мен философиялық ойлардан, биографиялық мәліметтер мен аяндардан (болашақты болжау) тұрады. Христиандық дін бойынша, Інжіл мыңдаған жылдан бері адамға жіберілген Құдайдың Сөзі деп есептелінеді. Інжілді құрайтын кітаптарды 16 ғасыр бойы әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген көптеген авторлар жазып, толықтырып отырған. Інжіл екі негізгі бөлімнен тұрады: Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет. Бұл екі бөлімнің ортасын бөліп тұрған кезең – Иса пайғамбардың туылуы мен өмір сүруі болып саналады.

Көне Өсиет құдайдың жер және барлық тіршілік иесін жарату тарихын, қоғамдағы қарапайым адамдық қатынастарын, күнәнің адамға шексіз әсері мен оны қалай әлсіздендіретіні туралы, тіпті болашақты аянмен болжауды да қамтыған 39 кітаптан тұрады. Көне Өсиетте, сондай-ақ, еврей халқының тарихы және қамаудағы адам айтқысыз азаптары мен өз отанына қайта оралуы да айтылған.

Көне Өсиетте израильдің алғашқы хандары да таныстырылады: ержүрек Сауыл мен Дәуіт, романтик Сүлеймен, сосын, онда тағы ұяттан аттамай, күнә жасамай және өз жақыныңа жамандық ойламай өмір сүруді үйретіп өткен данагөй пайғамбарлар да бар.

Інжілдің екінші бөлімі – Жаңа Өсиет – Иса пайғамбардың тұлғасы мен оның жер бетіне қандай мақсатпен келгендігі туралы айтылған 27 кітаптан тұрады. Тағы бірнеше кітап Иса пайғамдардың шәкірттерінің, алғашқы апостолдар (сахаба), әрекеттері туралы жазылған. Олар да көнеөсиеттік пайғамбарлар секілді адамдарға өсиетті сөздерін бағыштап, өмірден кейін Құдай хандығына түсу үшін дұрыс өмір сүруге үйретіп отырған. Олардың бұл бағыштаулары мен өсиеттері Жолдаулар деген атпен Жаңа Өсиеттің ішіне кіреді.

Көне Өсиет көнееврей тілінде жазылған. Ал жекелеген оның бөлімдері сирийліктердің және халдейліктердің тілінде. Ал Жаңа Өсиет болса грек тілінде жазылған екен. Көне Өсиет грек тіліне алғаш рет Александрия қаласында Иса пайғамбардың туылуына 300 жыл қалғанда аударылған.

 

Қасиетті Құран Кәрімде Інжіл мен Тәурат жайында

Жуық аудармасы Халифа Алтай бойынша:

 
"Әй Пайғамбар! Ауыздарымен: “Сендік”  деп, жүректері сенбегендермен Яһудилерден  күпірде жарысқандар сені кейітпесін. Олар өтірікке құлақ асады; сондай-ақ  саған келмеген басқа бір қауым  үшін тыңдайды. Және олар сөзді орындалғаннан кейін өзгертеді: “Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!”,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.), біреудің бұзылуын қаласа, сен ол үшін Алладан дәнеңеге ие бола алмайсың. Міне солар, Алланың жүректерін тазартуды қаламағандар. Оларға дүниеде жапа әрі ақыретте де, зор азап бар. (5:41)

Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді. (5:42)

Олардың қасындағы Тәуратта Алланың үкімі бола тұра саған қалайша жүгініседі? Сонан соң да одан олар бас тартады. Өйткені олар сенуші емес. (5:43)

Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылармен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар. (5:44)

Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық. Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады (өз күнәсы кешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар. (5:45)

Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәриям ұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік. (5:46)"

 


Информация о работе Индуизм