Ислам дініндегі термин сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:45, доклад

Краткое описание

1. Арафа күні -Зүл-хиджа айының 9-шы күні, құрбан айттан бір күн бұрынғы күн.
«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені арапа Аллаһу та’ала қадірлеген күн.» (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылдың, екіншісі келер жылдың күнәлары». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады. Барлығын “бисмиллә”мен оқу керек». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

Вложенные файлы: 1 файл

Ислам дініндегі термин сөздер.docx

— 44.07 Кб (Скачать файл)

Әрбір мұсылман ғибадатта, амалда төрт мазһабтың біріне мойынсұнуы керек. Төрт мазһабтан басқа мазһабты ұстану жаиз емес. Төрт мазһабтың біріне мойынсұну үшін бұл мазһабтың  фиқһ білімдерін жақсы үйрену керек. Ол да сол мазһабда жазылған фиқһ және илмихал кітаптарынан үйреніледі. (Мұхаммед Абдуррахман Силхәти)

Төрт мазһабтың  ақидалары (сенімдері), яғни иман ілімдері бірдей, ешқандай айырмашылықтары жоқ. Төртеуі де әһли сүннет сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмағандарға  әһли бидғат, бидғатшы делінеді. (Шәхристани, Тахтауи)

Төрт мазһабтың  біреуіне мойынсұну Құран кәрімге  және Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мойынсұну деген сөз. Өйткені мазһаб имамдары Құран кәрімде  ашық-айқын білдірілген үкімдерді  пайғамбарымыздың Құран кәрімге  қатысты ашықтамаларын білдіргендеріндей  Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген, жабық, жасырын  болған мәселелердің үкімдерін де Құран  кәрім және хадис шәрифтерді негізге  алып ортаға шығарған. (Абдулғани Наблуси) 

 

  1. Мазһаб имамы-құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген дін білімдерін сахабалардан естіп немесе нақл жолымен жинақтаған, ашық білдірілмегендерді де өздерінің усулдары (әдістері) бойынша ашық білдірілгендерге ұқсатып шығарған кемел ғұлама, мутлақ мүжтәһид.

Белгілі төрт мазһаб имамдарынан  басқа мазһаб имамдары да бар. Бірақ  бұлардың мазһабтарында болғандар  азайып, қазіргі таңда біреуі де қалмаған. Сахабалардың әрқайсысы терең  ғалым және мүжтәһид еді. Әрқайсысы  өз мазһабтарында болған. Барлығы  да мазһаб имамдарымыздан да үстем  еді. Алайда бұлардың кітаптары болмағандықтан мазһабтары ұмыт болды. (Шарани)

 

 

start="16"

 Машааллаһ (Машаллаһ)-ұнатқан, жақсы нәрсені көргенде айтылатын  “Аллаһу та'аланың қалаған және ихсан еткен нәрсесі” деген мағынаны білдіретін мүбәрәк сөз.

Көзі тиетін адам, тіпті  барлық адамдар ұнатқан нәрсесін көрген кезде “Машааллаһ” деп  айтып, содан кейін сөйлеуі керек. Алдымен “Машааллаһ” деп айтылатын  болса, көзі тимейді. Көз тиюі хақ, яғни көз тиюі бар нәрсе. Кейбір адамдар  бір нәрсеге қарап, ұнатқан кездерінде көздерінен шығатын сәулелер зиян  келтіріп, жанды және жансыз барлық нәрсенің бұзылуына себеп болады. Оның мысалдары көп. Бәлкім, бір күні осы сәулелер мен зиянды әсерлер ғылыми тұрғыдан зерттеліп анықталуы мүмкін. (Мәулана Мұхаммед Осман)

 

  1. Мүнкәр және Нәкир-қабірде сұрақ қоятын періштелер.

«Мүнкәр және Нәкир періштелері  сұрақ-жауаптан кейін мәйітке: “Тозақтағы жеріңе қара, Аллаhу та’ала оны ауыстырып, саған жаннаттың жерін берді” деп айтады. Мәйіт ол екеуін де бірге көреді.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Мүнкәр және Нәкир есімді екі періште қабірде сұрақ  қояды. Бұл сұрақтарға жауап беру үлкен дерт. (Имам Раббани)

Қабірде Мүнкәр және Нәкир  періштелерінің сұрақтарына жауап  ретінде мыналарды дайындау керек: Раббым Аллаhу та’ала, пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам, дінім Ислам, кітабым Құран кәрім, қыблам Қағбаи шәриф, ақидада Әhли сүннет уәл жамағат сеніміндемін, амалда Имам Ағзам Әбу Ханифа мазhабындамын. (Мұхаммед Дәмир Хафыз)

 

  1. Мұсылман-Аллаhу та’аланың пайғамбарлары арқылы жібергендеріне және Мұхаммед алейhиссаламға сеніп, Аллаhу та’аланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтанған адамға мұсылман делінеді.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Малдарын, жандарын пида етіп дін дұшпандарымен Аллаhразылығы үшін соғысатын, жиһад ететін мұсылмандар үйлерінде отырып, қамалып ғибадат ететіндерден артық. Барлығына жаннатты уәде етемін.» (Ниса сүресі 95)

«Мұсылман – мұсылмандарға  қолымен де, тілімен де зиян бермейтін  адам.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим)

«Мұсылман – мұсылманның  бауыры. Оған зұлымдық жасамайды. Әрдайым  оған жәрдемдесуге асығады. Менсінбеушілік етпейді және өзінен төмен деп  санамайды. Оның жанына, малына, ар-намысына зиян тигізуі харам болып табылады.» (Хадис шәриф - Әшиатул-Ләмәат)

«Бір адамның мұсылмандығының  көркемдігі малаяниден (пайдасыз нәрселерден) ұзақ тұруынан және қажетті нәрселерді жасауынан белгілі болады.» (Хадис шәриф – Мәктубат)

"Бір мұсылман Аллаhу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына қаншалықты мойынсұнатын болса, Аллаhу та’ала да оны соншалықты азиз (қадірлі) етеді. Өзге мұсылмандардың көңіліне (жүректеріне) де оған деген сүйіспеншілікті орнатады."  (Ибраһим Хаууас)

"Мұсылман – жақсы,  ақыл-есі дұрыс адам. Шынайы мұсылман  Аллаhу та’аланың әмірлеріне мойынсұнады. Аллаhу та’аланың әмірлерін орындамау күнә болады. Құл борыштарын өтейді. Мұсылман күнә жасамайды және қылмыс істемейді. Отанын, ұлтын және байрағын жақсы көреді. Барша адамдарға жақсылық жасайды және жамандық жасағандарға насихат береді. Осындай мұсылманды Аллаhу та’ала да, құлдары да жақсы көреді. Ондайлар бақытты және тыныштықта өмір сүреді." (Абдулхаким Аруаси)

 

 

  1. Нафақа- адамның өмір сүруі үшін азық-түлік, киім-кешек және үй сияқты қажетті заттар.

«Әрбір мұсылман өзінің отбасына Аллаhу та’аланың разылығын үміт етіп, инфақ (нафақасын, қажеттіліктерін қамтамасыз) етсе, бұл нафақа ол үшін садақа болады.» (Хадис шәриф – Сахих Бұхари)

«Дін жолында соғысу үшін, құлды азат ету үшін, кедейге  садақа беру үшін және отбасындағылардың  нафақасы үшін жұмсалған алтындардың  ең үстемі және сауабы көп болғаны  отбасының нафақасы үшін берілген алтынның сауабы болып табылады.» (Хадис шәриф – Кимия-и Саадәт)

Парыздарды орындай алмайтындай  мөлшерде аз тамақ жеу жаиз емес. Өзінің және бала-шағасының нафақасын (тамағы, киімі, баспанасын) қамтамасыз ететіндей және қарыздарынан құтылатындай мөлшерде еңбек ету парыз. (Абдуллаһ Мусули)

Аллаhу та’ала құлдарына өте мейірімді болғаны үшін барлығының ризығын, нафақасын Өзіне жүктеген. Аллаhу та’ала құлдарынан бірнеше адамның ризықтарын, нафақаларын қамтамасыз етуі үшін және олардың өсіп-жетілулері және рахат өмір сүрулері үшін бір құлын міндеттесе, ол құлына үлкен ихсан (жақсылық) еткен болады. (Имам Раббани)

Әйелінің нафақасын мол  беру керек. Бірақ ысырап та етпеу  керек. Әйелінің нафақасы үшін берілген ақшаның сауабы садақа сауабынан  да көп. (Имам Ғазали)

 

 

20. Нәфс (нәпіс)- нәпіс сөзі жиырмадан астам мағыналарда қолданылады. Рух, жан, қан, менмендік, іш, көңіл, үлкендік, қалау т.б. Бірақ ең көп екі мағынасы қолданылады:

1) Жан, тіршілік.

Аллаһу та’ала Құран  кәрімде былай деді: «Әрбір нәфс өлімді татады.» (Али Имран сүресі 185)

2) Адам мен жында жамандықтың  көзі ретінде, шариғатқа яғни  дінге қайшы келетін қалаулардың  негізі ретінде жаратылған қуат  бар. Бұған “нәфси аммара” (тәрбиеленбеген нәпіс) деп те айтылады.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат.» (Назиат сүресі 40)

«Нәпсіңе дұшпандық ет! Өйткені, ол – менің дұшпаным.» (Хадис құдси – Мәктубат Раббани)

«Ақылдылықтың белгісі  нәпісіне ие болып, одан басым түсіп  және өлгеннен кейін керек болатындарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге  беріліп, Аллаһтан кешірім және мейірім  күту.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

"Нәпсін қадірлеген (көтерген) адам дінін құлатады. Нәпсін қорлаған  адам дінін қадірлі етеді." (Мужаhид бин Жәбр)

"Нәпіс – адамдардың  өмір сүруі, көбеюі және дүниелік  қажеттіліктеріне қол жеткізу  жолында еңбек етулері үшін  жаратылған. Аллаһу та’ала нәпісті  осындай көптеген пайдалары үшін  жаратқан. Бірақ адамдарға мейірім  етіп нәпіске берілуді тежейтін, оған ие болып, зияндарына тосқауыл  болатын ақылды да жаратты." (Шәрәфәддин Яхия Мунири)

"Нәпіске берілуден  құтылу – дүниелік ниғметтердің  ең үлкені. Өйткені, нәпіс –  Аллаһу та’ала мен құлы арасындағы  перделердің ең үлкені." (Әбу Бәкір Тамистани)

"Күнәлардан өзін тыю  нәпіске ғибадат жасаудан да  ауыр келеді. Сондықтан күнәлардан  қашудың сауабы көбірек болады." (Имам Раббани)

"Йа, Раббым! Нәпсімді  маған жармастырма! Оған қарсы  мені жәрдемсіз, жалғыз тастама!  Нәпсім маған аяушылық танытпайды. Маған мейірімділік ете гөр!

Ей, нәпсім! Қалауларыңды еш ұмытпайсың. Бірақ құлдық міндеттеріңді  орындауға еш тырыспайсың. Ей, нәпсім! Есепке тартылатын қиямет күнінде қандай хәлде болатыныңнан еш қорықпайсың. Өткінші дүниені мәңгі және шексіз болған ниғметтерден артық көресің. Ей, нәпсім! Ешбір амал етпестен, еңбек  етпестен ахиретте бақытқа қауышуды қалайсың. Бітпейтін арман, қалауларыңның  соңына түсіп, тәубе етуді үнемі  кейінге қалдырып кешіктіресің." (Аун бин Абдуллаh)

"Аллаһ жолында нәпсімен  бірге жүргісі келгендер бірінші  қадамында-ақ қатеге ұшырайды. Нәпісін  тәрк етіп ықыласпен барлық  нәрседе Аллаһу та’аланың разылығын  ойлап жолға шықса, Аллаһу та’ала  оған өзіне қауыштыратын жол  көрсетуші ғалымды кездестіреді." (Әли Мүзәййан)

"Нәпіс – дұшпан. Дұшпанның  тіліне кіріп, оның айтқанымен  амал ету ақылды адамның ісі  емес." (Әли Хафыз)

"Махлұқтардың ең ақымағы  нәпіс. Өйткені әрқашан өзіне  зиянды болған нәрселерді ғана  қалайды." (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

 

  1. Ниғмет-жақсылық, ризық, бақыт.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Әр ниғметтің шүкірінен міндетті түрде сұраласыңдар.» (Тәкәсур сүресі 8)

«Аллаһу та’ала бір  құлына ниғмет бергенінде, ол ниғметтің  белгісін (әсерін) сол құлдың үстінде көргенін қалайды.» (Хадис шәриф – Табарани)

«Бір мұсылманда үш нәрсе бар болса, Аллаһу та’ала оны сақтайды және қамқорлығына алады. Оны жақсы көреді және мейірім  етеді. Бұлар: ниғметке шүкір ету, залымды  кешіру, ашуланғанда ашуын жеңу.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Көбінесе молшылық және ниғметтер ішінде өмір сүретін адамдар  осы ниғметтері қолынан кетпейінше оның құндылығын және қадірін түсінбейді. (Әли Хаууас Барлиси)

Ниғметтердің негізгісі  – үш ниғмет. Біріншісі – бүкіл  жақсылықтарды қамтыған ислам ниғметі. Екіншісі – өмір сүрудің негізі болған денсаулық және амандық ниғметі. Үшіншісі – адамға пайдалы болған (азғырмайтын) байлық. (Әбу Юсуф)

Адам үшін шашы мен сақалын  иманмен және ғибадаттармен ағартуы  неткен үлкен ниғмет. Ниғмет қаншалықты көп болса, соншалықты көп шүкір  ету қажет. Байлардың бай болу дәрежелеріне қарай кедейлерден  де көп шүкір етуі қажет. (Имам Раббани)

Қиыншылықтарға сабыр  етпеген адамда разылық, ниғметтерге  шүкіршілік етпеген адамда кемелдік жоқ. Аллаhу та’алаға ант етейін, арифтер (Аллаhтың сүйікті құлдары) Аллаhу та’аланы жақсы көру, тағдырына разы болу (Аллаһу та’ала тарапынан келгендерге разы болу) және берген ниғметтеріне шүкір ету арқылы мақсаттарына қауышқан. (Әбу Әли Сақафи)

Ниғметтердің ең абзалы – еңбек етіп тапқан табыс. (Әбул Хасан Харқани)

 

  1. Парыз (фарз)-Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқын және нақты түрде әмір еткен нәрселерге парыз делінеді. Парызды орындамау харам. Бұларға сенбеген және мән бермеген кісі кәпір болады. Парыз екіге бөлінеді: Парыз айн және парыз кифая.

«Құлым парыздарды орындау  арқылы маған жақындағанындай басқа  нәрселермен жақындай алмайды. Құлым  нәпіл ғибадаттарын орындаған кезде  оны өте қатты жақсы көремін. Ол менімен бірге көреді, естиді, жүреді, менімен бірге әр нәрсені  ұстайды. Менен не сұраса беремін, маған  сиынса оны қорғаймын.» (Хадис құдси – Бұхари)

«Ей құлым! Әмір еткен парыздарымды орында, сонда адамдардың ең абиді  (ғибадат еткені) боласың. Мен тыйым салған харамдардан сақтан, уәра иесі боласың. Берген ризықыма қанағат ет, сонда адамдардың ең байы боласың, ешкімге мұқтаж болмайсың. (Хадис құдси – Мишқат, Жами-ус-Сағир)

Аллаһу та’ала разы болатын  істер парыздар мен нәпіл ғибадаттар болып табылады. Бірақ парыздардың  жанында нәпіл ғибадаттардың  еш қадірі жоқ. Бір парыз ғибадатты  өз уақытында орындау, мың жыл  нәпіл ғибадаттарды орындаудан да пайдалы. Тіпті бір парызды орындаған  кезде оның сүннеттерінің бір  сүннетін және әдептерінің бір әдебін орындау да, басқа нәпіл ғибадаттарды орындаудан қаншама есе құнды. (Имам Раббани)

 

  1. Парыз айн -әрбір мұсылманның жеке өзінің орындауы тиіс парыздар.

Иманды яғни әһли сүннет ақидасын, жақсы және жаман мінез-құлықтарды үйрену парыз айн. Дәретті, ғұсылды, намазды, оразаны және харамдарды да әрбір мұсылманның үйренуі (және орындауы) парыз айн болып табылады. (Имам Раббани)

 

  1. Сауап -жақсылық және ғибадат жасаған адамға ахиретте Аллаһу та’ала тарапынан берілетін сый.

«Менің серігім жоқ, маған  серік, ортақ қосқан адам сауаптарын содан сұрасын...» (Хадис қудси – Мәктубати Масумийә)

«Үмметімнің арасында фитна  және азғындық жайылған кезде сүннетімді ұстанғандарға жүз шәhид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф – Табарани)

Аллаһу та’ала дүниеде  жақсылық жасап, ғибадат еткендерге сауап беретінін уәде еткен. Жақсылық және ғибадат жасағандарға ахиретте сауап берілуі уәжіп және қажет  емес. Аллаһу та’ала мейірім етіп оларға сауап беретінін уәде еткен. Аллаһу та’ала берген уәдесінен қайтпайды, міндетті түрде орындайды. (Мұхаммед Хадими)

Салих амалдардың сауабын  бүкіл мүминдердің рухына хадия  ету (бағыштау) жақсы және қабыл болады. Әрбіріне бөлек бөлек сауап жетіп  барады. Бір мәйіттің рухына бағыштау үшін ниет етіліп оқылған және хадия  етілген сауап еш азаймайды. (Мұхаммед Масум Фаруқи)  

 

 

Информация о работе Ислам дініндегі термин сөздер