Христиан дінінің тарихы және құрамдас бөліктері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2015 в 20:07, реферат
Краткое описание
Христиан дінінің шығу тарихы
Христиан дінінің тармағы
Проваславие
Католицизм
Протестанттық
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Вложенные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Христиан дінінің тарихы және
құрамдас бөліктері
Тексерген: Каримов М. К
Орындаған:Тлеубергенова А.Б
Семей 2015 жыл
Жоспары:
- Христиан дінінің шығу тарихы
- Христиан дінінің тармағы
- Проваславие
- Католицизм
- Протестанттық
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Христиан дінінің шығу тарихы
Біздің дәуірімізге дейінгі
VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан
және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің
билігін бастан кешірген палестиналық
яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке
қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан
бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней)
әулетінің алғашқы священник-патшалары
билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар,
тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға
белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим
қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны
жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының
бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария
өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен
айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған
билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз
басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен
тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп,
ол римдіктердің толық бақылауына өтеді.
Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина
тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде
қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін,
діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны
үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы
пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің
діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі
яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер)
ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді.
Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін
жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресіп,
дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға
шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі
діни орындармен санаспаған жатжерліктер
билігіне деген наразылық, Римге қарсы
көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан
туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік
теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің
І ғасырында Палестинада көп кешікпей
құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай
белгісі бардың” келетінін және оның
яхуди халқын құтқарып, “яхуди патшасы”
болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді.
Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты
Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт
бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты
ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі
идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді.
Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан
діні шығады.
Христиан діні жан біткеннің
барлығының Құдай алдындағы тең екендігін
айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік
пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады.
Құдай алдында барлық адамдар тең деген
идея жергілікті билеушілер тарапынан
үлкен қарсылыққа тап болып, христиан
дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады.
Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып
жүруге мәжбүр болады. Жер асты шіркеулері
салынады. Дегенмен, көп ұзамай Христиан
дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына
тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде
билік иелері де тартыла бастайды. Христиан
діні догматикасы 4- 6 ғасырларда қалыптасса,
онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий
Назианзин (330 – 390), Григорий Нисский (335
– 394), Василий Кессарийский (330 – 397) маңызды
рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен
тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ
діни таластар догматтардың канондығын
анықтағасын да тоқталмайды. Ақырында
бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі
ағымдарға бөлінуіне алып келеді. 5 ғасырдың
ортасында ортодокстық Христиан дінімен
келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп,
Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктеледі.
Христиан діні құлдық тәртіпті
айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін
қорғауға талпынады. Сөйтіп, адамдарға
Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы
әрбір адам бостандыққа жете алады деп
жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға
қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік
құндылықтарды ұстануға шақырған христиан
діні тез арада үлкен идеялық күшке айналады.
Христианшылдық иудаизмнің,
митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық
көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын
игеріп, қайта қарастырады. Осының бәрі
жаңа дінді байытып, нығайтса, оны ұлттық-этностық
мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді
мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық
қозғалысқа айналдырады. Христианшылдықтың
бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа
ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік
берді. Бастапқыда негізінен қоғамның
төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар,
қайыршылар және тағы басқалардан тұрған
дін ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қолөнершілерді,
саудамен айналысушыларды, жер иелері
мен шонжарларды, сенаторлар және әскери
атағы бар адамдарды да өзіне тарта білді.
Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен
білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік
мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері
қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік
жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық
етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою,
қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын
христиандықтан ығыстыруға тырысты.
Ол заманда Римде императорға
адалдық культі кең таралған еді. Император
мүсінінің алдында құрбандық шалудан
бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі
саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан
бас тартқандықтан, императорлар Траян
(53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север
(146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан
(245-316) және т.б. кезінде христиандар қатты
қуғынға ұшырады. Ал азап шеккендердің
культі христиандықтың таралуына және
христиандардың одан сайын бірігуіне
ықпал етті. Қуғыннан запа шеккен көптеген
христиандар шөл далаларға қашып, христиан
монахтығының пайда болуына негіз қалады.
Қанша қуғындалса да христиан
дінін ұстанушылардың бірте-бірте әлеуметтік
құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік
эволюциясын да анықтады. Осылайша шіркеу
мен қауым басшылары императорлық билікпен
жақындасуға ұмтылды, ал императорлық
билік өз тарапынан империяны бір дін
аясында топтастыруға мүдделі болатын.
Өйткені, империя аясындағы халықты бір
дінге ұйыстырудың мемлекеттің тұтастығына,
нықтығына алып келетінін ұққан империя
үшін ол таптырмас құрал еді. Осы ойдан
туған империяның ұлттық діндерді біртіндеп,
атап айтқанда, римдіктердің көп құдайлы
дінін әлемдік дінге айналдыру ойы сәтсіз
аяқталды. Сондықтан империя халқының
бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды.
Осыдан барып император Константин 312
жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге
айналуына бастау болған Милан шешімін
қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке
қол жеткізген Константин Рим империясының
аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын
және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз
етті. Христиан ілімі Қасиетті Жазу –
Інжіл мен Қасиетті Хикаяға – шіркеу әкейлерінің
айтқандарына, соборлардың шешімдеріне
негізделеді. Алайда, ежелгі христиандықта
бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық
ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген
уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі
хабарлар” арқылы таралды. Алғашқы ғасырларда
әртүрлі қауымдарда әртүрлі Інжілдер,
жеке адамдардың істері туралы жазбалар
пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған:
Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн Інжілдері,
аталған Матвейден келген Інжілдердің
әртүрлі нұсқалары бар еді. Сонымен қатар,
топтардың атауымен аталып, сол топтарда
қадір тұтылған інжілдер де, мысалы, назорейлер,
эбиониттер, еврейлер інжілдері де пайда
болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі,
Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға
арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан
хаттары, Петр уағыздары, 12 хауарилер (апостол)
ілімі (“Ди-дахе”), Герма “Пастрі” сияқты
аян алу жанрына жататын кітаптар да кездесті.
Христиандар арасындағы кикілжіңнің
себебін түсінгісі келген император Константин
епископтардан қасиетті кітаптар тізімін
жасауды талап етті, сөйтіп, канонды жасақтау
ісін тездетті. Константиннің мақсаты
бір орталықтан басқарылатын империяға
сәйкес келетін ортақ ілім негізінде шіркеулерді
біріктіру болды. Константин көз жұмғаннан
кейін, 363 жылы Лаодикей соборы канондалған
христиандық шығармалардың тізімін белгіледі.
Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар
тізімі 429 жылы Карфаген соборында бекітілді.
Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, Хауарилердің
21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді.
Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі
кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын
шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған)
шығармалар қатарына жатқызады.
Христиан дінінің 3 тармағы:
Проваславие
Католицизм
Протестанттық
Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді
білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде
ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың
бір бағыты болып табылады. Православиенің
сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті
хикая құрайды. Православиенің негізгі
қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында
берілген. Православие сенімінің маңызды
белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай
Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух),
Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі,
күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке
көтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі
уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі
бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия,
Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь,
Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак,
Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай,
Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік
діндарларға қызмет етуде.
Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік
деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың
батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада
(Франция, Бельгия, Италия, Португалия,
Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және
Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде
тараған. Азия мен Африкада католиктер
бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда
онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер
саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен
200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан
астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен
560 мың священник жұмыс істейді.
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші,
келіспейтін деген мағына) христиандықтағы
үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен
күресте оның маңызды түсініктері мен
болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі.
- "Егемен Қазақстан" газеті, 23 мам 2012
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия
/ Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Ғаламатор мәліметтері.
Информация о работе Христиан дінінің тарихы және құрамдас бөліктері