Тұрмыс-салт жырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:48, практическая работа

Краткое описание

1. Білімділік: Тұрмыс – салт жырларына жалпы мағлұмат бере отырып, жырлардың мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық: оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп оқуын, сабаққа қызығушылығын ынтасын, ізденушілік белсенділігін арттару.
3. Тәрбиелік: Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, отансүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.

Вложенные файлы: 1 файл

9 класс турмыс салт жырлпры.pptx

— 1.69 Мб (Скачать файл)

Cабақтың тақырыбы:

 

“Тұрмыс-салт жырлары”

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған  өлең-жырлар

Мақсаты:

 

    •  1. Білімділік: Тұрмыс – салт жырларына жалпы мағлұмат бере отырып, жырлардың мазмұнын ашу.
    • 2. Дамытушылық: оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп оқуын, сабаққа қызығушылығын ынтасын, ізденушілік белсенділігін арттару.
    • 3. Тәрбиелік: Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, отансүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.

 

Ауыз әдебиетінің түрлері:

Баланың дүниеге келуінен бастап есею кезеңдеріне  байланысты өлең жырлар:

 

    • Бесік

  жыры

  Қырқынан  шығару  

 

Бөбек   туған  соң,  көбінесе,  қырық    күн толғанда, оның  шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан   шығару рәсімі ананың «бой көтеріп», денсаулығының  толысып, жетілген кезінде өткізіледі. Бөбекті  қырқынан  шығарғанға   дейін ана қалжаланып, денсаулығын  түзейді, омырауына уыз қатып 

 

 

қалмауы, емшек  сүтінің  мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлык, жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиіс.

 

Тұсаукесер  жыры

 

    • Қаз-қаз, балам, қаз, балам,   
      Қадам бассаң, мәз балам! 
      Қүрмеуіңді шешейін,   
      Тұсауыңды кесейін. 
      Қаз-қаз, балам, қаз, балам.   
      Тақымыңды жаз, балам!   
      Қадамыңа қарайық,   
      Басқаныңды санайық.   
      Қаз-қаз, балам, жүре ғой,   
      Балтырыңды түре ғой   

 

     Балтырыңды түре ғой   
Тай-құлын боп шаба ғой,  
Озып бәйге ала ғой. 
Қаз баса ғой, қарағым,   
Құтты болсын қадамың!   
Өмірге аяқ баса бер,   
Асулардан аса бер, 
Тәй-тәй, қаз-қаз, 
Қадамыңды бас, бас.

Атқа   мінгізу

 

    • Бала 4-5 жасқа келген кезде оған тай, құнан арнап, ер –тоқым, жүген, қамшы даярлайды. Атқа міну тойы баланы әжетке жарауы, азаматтықтың белгісі болып саналады.

Үйлену  салтына байланысты жырлар

 

    • Тойбастар- қыз ұзату тойында айтылатын өлеңнің түрі. Мақсаты ұзатылған қызына той жасап отырған үйге “құтты болсын” айту, жақсы тілек айту.
    • Мысалы:

Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,

Той қылды жұрт жинаған мерекелі.

Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,

Тойыңыз тойға ұлассын берекелі...

Жар-жар

 

    • Топпен айтылатын, ұзатылып бара жатқан қыздың қайын жұрты жағынан жігіттер, қыз жағынан қыздар шығып, алма кезек айтылатын жыр.

Жігіт жағы:

 

    • Мұнда әкем қалды деп,

Қам жемеңіз, жар-жар-ау!

Жақсы болса  қайын атаң,

Орнын басар, жар-жар-ау!

 

Қайын атасы бар дейді,

Осы қазақ, жар-жар-ау!

Айналайын әкемдей

Қайдан болсын, жар-жар-ау!

 

Қыз жағы:

Сыңсу

 

    • Ұзатылып бара жатқан әке-шеше, ағайын-туыс, ел-жұртпен қоштасып айтатын жыры.
    • Мысалы:

Ата-ана еді дәулетім,

Мен жұртыма жау ма едім.

Жат жұрттық боп кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім...

    • Жаңа түскен келінді және оның қайын жұртын бір-біріне таныстырып айтылатын жыр. Мақсаты-қайын жұртын келінге таныстыру, ауыл елдің тұрмыс-тіршілігін, іс-әрекетін қонақтарға таныстыру.
    • Келін, келін, келіп тұр,

Келіп үйге еніп тұр.

Қайын жұрты халқына

Иіліп сәлем беріп тұр...

 

 

Беташар

Беташар

Сабақты бекіту сұрақтары:

 

    • Ауыз әдебиетінің түрлерін ата;
    • Тұрмыс- салт жырларын ата;
    • Бесік жыры қашан айтылапды?
    • Тұсаукесер рәсімі туралы;
    • Атқа мінгізу деген не?
    • Тойбастар дегенді қалай түсінесің?
    • Жар-жар қай уақытта қалай айтылады?

 

Үйге:

 

    • Сәбидің  дүниеге келуіне байланысты айтылатын  өлең-жырларды жатқа айту, реферат жазу, презентация жасау, көрініс түрінде көрсетуге де болады.

Информация о работе Тұрмыс-салт жырлары