Ақадыр орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 11:50, реферат

Краткое описание

Оқушыларды жалпы оқумен қамту төңірегінде төмендегідей мәселе қозғалды. Жалпы мектепте 126 оқушы оқуда, оқуға қамтылмай қалған ешбір оқушы болған жоқ . Мұғалімдер жалпы оқумен қамту мәселесі төңірегінде мөлтек аудандарды толық аралап оқумен қамтылмай қалған оқушыларды тізімге алу мақсатында екінші рет ақпарат жасап, жалпы оқумен қамтуға тартты. Бұдан соң оқушылардың осы І жарты жыл бойынша жеткен жетістіктері мен оқу сапасы туралы әңгімеледі.Хаттамаға қысқа-нұсқа түсірілді Мәселе төңірегінде оқу ісі меңгерушісі сөз алды.

Вложенные файлы: 1 файл

ata-analar_hattamasy.doc

— 35.50 Кб (Скачать файл)

Ақадыр орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысы

Хаттамасы №1

 

 

                                                                                                        Барлығы: 69 ата-ана

                                                                                                        Қатысқаны: 39 ата-ана

Күн тәртібінде

                             

1.2009-2010 оқу жылы мақсат міндеттерімен ата-аналарды таныстыру туралы.

                                                                          /мектеп директоры/

2.Жалпы оқумен қамту барысы туралы

/мектеп директоры/

3.І-ІІ тоқсандық оқу-тәрбие  жұмысына қорытынды мониторингі сараптамасы.

                                                                            /О І М, Т І М/

4. Баяндама: «Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу»

                                                                              /Хайбар Ш/

5. Ата-аналар комитетінің  жылдық жұмыс есебі.

    Ата-аналар  комитетін сайлау

                                                                                  /Бухарбай Ж/

6. Ағымдағы мәселер

 

 

Қаралды

  1. Күн тәртібіндегі күнделікті мәселе төңірегінде және жаңа оқу жылы мен жыл бойғы мақсат, міндеттері туралы мектеп директоры таныстырды. Оқудағы жалпы мақсат «жеке тұлға» қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі.Оқу жылы барысында мектептің ішкі сыртқы ағымдағы мәселелері төңірегінде әңгімеледі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы әңгімеледі.  Мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің  орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берді.

Оқушыларды жалпы оқумен қамту төңірегінде  төмендегідей мәселе қозғалды. Жалпы мектепте 126 оқушы оқуда, оқуға қамтылмай  қалған ешбір оқушы болған  жоқ . Мұғалімдер жалпы оқумен қамту мәселесі төңірегінде мөлтек аудандарды толық аралап оқумен қамтылмай қалған оқушыларды тізімге алу мақсатында екінші рет ақпарат жасап, жалпы оқумен қамтуға тартты. Бұдан соң оқушылардың осы І жарты жыл бойынша жеткен жетістіктері мен оқу сапасы туралы әңгімеледі.Хаттамаға қысқа-нұсқа түсірілді    Мәселе төңірегінде оқу ісі меңгерушісі сөз алды.

Мұнда І тоқсан      бойынша  әр сыныптардың оқу үлгерімі мен  оқу сапасы туралы әңгімеледі. Оқу  сапасы І тоқсанда 50% , оқу үлгерімі 100% екендігін және әрбір сыныптың оқушыларының қаншасы орта, қаншасы жақсы, өте жақсы үлгерімдегі көрсеткіштері туралы ақпарат берді. 13 оқушы өте жақсы 42 оқушы жақсы үлгерімде болды.Ал, ІІ тоқсан бойынша (жоба түріндегі) ақпарат берілді. Бұған қоса ҰБТ-ге байланысты қосымша мағұлмат берді. Мәлімдеме хаттамаға қоса берілгендіктен қысқа-нұсқа жазылды.

ІІІ Оқу-тәрбие мәселесі төңірегінде тәрбие ісі меңгерушісі  сөз алды.Мұнда басым оқу-тәрбие жөнінде сынып жетекшілері,  пән  мұғалімдері т.б жұмысшылар  жоспар бойынша тәрбие жұмысы дер кезінде жүрілді. Бұдан басқа да тәрбие сағаттары сыныптан тыс тәрбие сабағына ұласты. Әсіресе ашық тәрбие сабағы 2-сыныпта, 10-сыныпта, 7-сыныпта, 9-сыныпта өте жоғары деңгейде жүрілді. Бұған ата-аналар толық қатысып отыруларын сұрады. Ата-аналар   мектептегі ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстарына қатысып, жан-жақты болуды өтінді. Себебі 12 жылдық білімге көшу алдында тұрмыз, сол себепті ата-анамен біргіп жоспарлы түрде оқу-тәрбие жұмысын іске асыру қажет. Оқушыларымыз өнерден де, тәрбие жұмыстарынан да жаман емес нәтижелі дәрежеге жетуде. Бұдан соң тәрбие ісі меңгерушісі алдағы жоспарларымен таныстыра отырып, «Жаңа жыл » мерекесінің өту барысы төңірегінде жеткілікті ақпарат берілді. Берілген ақпарат хаттамаға толық түсірілген жоқ. Себебі хаттамаға қоса берілді.Оқушы портфолиосы туралы ата-аналарға мағұлмат берілді. Бұл жиналысының алғы шарттары туралы әңгімелей отырып, оқушы портфолиосын тек ата-ана, мұғалім оқушы арасындағы қатынас құралы екені таныстырылды.Бұдан соң тәрбие ісі меңгерушісі оқушылардың тәрбиесі- тәртібі жөнінде кеңінен баяндады.

4-ші мәселе төңірегіндегі  баяндаманы Хайбар Шынарқызы  оқыды. «Оқушыларды адамгершілікке  тәрбиелеу туралы» - баяндамада  отбасындағы, қоғамдағы қоршаған  ортадағы тәрбие жөнінде кеңінен  баяндады. Тәрбиенің басты құндылығы адам. Адамды тәрбиелеудің сара жолдары сан алуан екенін, оны сан-салалы жолдармен таныстыра отырып, тәрбиенің басты ерекшелігі Ұлттық тәрбиеде екенін, ұлтымыздың бай мол,қажетті тәрбие теориясын бойына сіңіріп өскен жас ұрпағымыз, болашақта іргелі елдің тірегі бола білетіні нақты дәлел. Бұдан соң баяндамада ұлттық тәрбие жөнінде және жалпы тәрбие жөнінде ұлы даналардың нақыл сөздерін айтқан шешендік үлгілерінен мысыл келтіре әңгімеледі. Б. Момышұлы «Тәрбие-туралы бесік жырын айта алмаған анадан ,балаға ертегі айта алмаған әкеден қорқамын» дегені бекер емес. Баяндама хаттамаға қоса берілгендіктен қысқа-нұсқа түсірілді.

Ү Ата –аналар комитетінің  жылдық жұмыс жоспары барысы мен  комитет төрағасы Ж. Бухарбай  мәләмет  беру керек еді, себепті жағдайы болғандықтан жиналыста бұл мәселе қаралмады. Орынбасарларымен хатшылары ақпарат берді.

Ата-аналар комитетінің  жылдық жұмыс жоспары туралы ақпарат  толық тыңдалмады. Осындай кемшіліктерді  ескере отырып ата-аналар комитетінің  құрамын қайта сайлауға пікір қойылды.

Ата-аналар комитетінің  құрамы төмендегідей деңгейде сайланды.

   

 

 І Комитет төрағасы (төрайымы ) :   Хайбар Қ.

 

          ІІ  Хатшысы:                                       Хавдыраш Алтын

 

 ІІІ  Мүшелері:                                    Амантай Лейла

                                                             Хайрат Тотығұс

                                                              Махмет Өрнек

                                                             Жауен Сағдат

 

 

 

 

 

 

 

Қаралды:

 

  1. Оқу тәрбие мәселесі толық қаралды;
  2. Ата-аналар  жұмысының (комитетінің ) жоспарлы түрде жүрілмегені ;
  3. Ата-аналар комитетін ауыстыру сайлау мәселесі қаралды.
  4. Баяндама толық тыңдалды.
  5. Бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәселе қаралды.

 

 

 

 

 

                                   Ата-аналар жиналысының төрағасы:      /Бухарбай Ж/

                                    Хатшысы:                                                   /Хавдыраш А/


Информация о работе Ақадыр орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысы