Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 03:19, реферат
Мас болу – аса қауіпті тосын жағдайлардың бірі. Статистика мәліметтері суға батқан адамдардың көпшілігінің мас күйінде болатынын, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының ішімдікке байланыстылығын, кісі өлтіру мен зорлықтың едәуір үлесінің мас күйінде жасалатындығын көрсетіп отыр. Ішімдікке мас болған күй ауыр қылмыстардың басты себептерінің бірі болып табылады. Ішкіш адам өзін және өзінің жасаған ісін сын көзбен бағалай алмайды. Ешқандай себепсіз адамда бүлікшілдік, кекшілдік, қатыгездік пайда болады. Әсіресе жас адамдардың, жасөспірімдердің, балалардың ішімдік ішуі ерекше қауіпті. Адам неғұрлым жас болса, оның организмінің ішімдікке төзімділігі төмен болады да, соғұрлым тез бейімделеді.
Алкоголь ( ішімдік)
улы заттардың аса қауіпті
түрінің бірі болып табылады, ол
да өзіне тәуелді ететін есірткінің
бір түрі. Оны ішкен кезде аз
уақытқа адамның көңіл күйі көтеріледі.
Сондықтан да бір-екі рет ішіп
көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып,
адамның оны тағы да ішкісі келіп
тұрады. Осылайша бірте-бірте оған құмарлық
пайда бола бастайды. Әсіресе, жас
адамдар еліктегіш келеді.
Жасөспірімдер көп жағдайда ішімдікті
белгілі бір жағдайда, яғни, өзін мезі
еткен проблемалардан құтылу мақсатында,
қыздармен пікірлесу кезінде ұяңдықты
жеңуге, кештерде өзін батыл және сенімді
көрсету үшін пайдаланады. Бұл себептердің
барлығы маскүнемдікке салынудың басты
жолдары болып табылады. Осындай түкке
тұрмайтын себептермен күнде ішеді. Таңертеңгісін
ұйқыдан тұрған соң басы ауырып, мең-зең
болып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір
жүз грамды ішке тастағаннан кейін жадырап,
күлімдеп шыға келеді. Ішімдікке әуес
болудың басты себептеріне жататындар:
а)өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра
алмау;
ә)ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін
білмеу;
б)тұқым қуалаушылық;
в)өзін-өзі бағаламау.
Мас болу – аса қауіпті тосын жағдайлардың
бірі. Статистика мәліметтері суға батқан
адамдардың көпшілігінің мас күйінде
болатынын, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының
ішімдікке байланыстылығын, кісі өлтіру
мен зорлықтың едәуір үлесінің мас күйінде
жасалатындығын көрсетіп отыр. Ішімдікке
мас болған күй ауыр қылмыстардың басты
себептерінің бірі болып табылады. Ішкіш
адам өзін және өзінің жасаған ісін сын
көзбен бағалай алмайды. Ешқандай себепсіз
адамда бүлікшілдік, кекшілдік, қатыгездік
пайда болады. Әсіресе жас адамдардың,
жасөспірімдердің, балалардың ішімдік
ішуі ерекше қауіпті. Адам неғұрлым жас
болса, оның организмінің ішімдікке төзімділігі
төмен болады да, соғұрлым тез бейімделеді.
Жыл сайын жер шарында ішімдіктен 6 миллионға
жуық адам қайтыс болады екен. Қазақстан
халқының 51 пайызы ішімдікті пайдаланады
екен. Олардың 20 пайызы балалар, 64 пайызы
жасөспірімдер, ал 20-29 жастағылар 74 пайызды
құрайды. Барлық аурулардың 10 пайызы спиртті
ішімдіктердің салдарынан туындайды.
Сондықтан бабаларымыздың “Арақпен достасқаның
- адамгершілікпен қоштасқаның”, - деп
айтып кеткен салауатты сөзін есте ұстауымыз
қажет болар. Ішімдік адамды әртүрлі қылмысқа
итермелеп, адамның жан-дүниесін моралдық
күйзеліске алып келетіндігі жадымызда
болғаны жөн.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек, арақ-шарапты
пайдалану адам өмірін 10-15 жылға қысқартады
екен. Одан басқа маскүнемдіктің бұзақылық
пен қылмысқа итермелейтіні өз алдына
бір мәселе. Бұзақылықтың 90 пайызына, адам
өлтірудің 70 пайызына, ұрып-соғу, жәбірлеудің
60 пайызына арақ ішкен адамдар кінәлі
көрінеді. Осылайша небір дарынды адамдарымыздың
арақтың кесірінен өз биігіне жете алмай
өмірден өтіп жатқаны өкінішті-ақ. Осы
жәйттар басқаларға сабақ болуы тиіс.
Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі.
Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.