Бірінші байлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:22, лекция

Краткое описание

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған есірткі мәсе¬лесі біздің қоғамды да айналып өтіп жатқан жоқ. Өзге елдермен арадағы түрлі байланыстардың қал¬та¬рысын тасалап келіп жатқан осы кесел жаста¬рымыздың болашағы үшін қатерлі екені анық. Қа¬зір¬дің өзінде жабысқан дерттің бойымызға денде¬гені соншалық, бір күнде жұлып тастау мүмкін болмай отыр. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, есірткі қолданатындардың арасында жастардың саны басым. Ал жастар – ертеңгі қоғамның иесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Бірінші байлық.doc

— 103.50 Кб (Скачать файл)

«Бірінші байлық - денсаулық» Елбасымыз «Қазақстан 2030» бағдарламасында өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы    мықты, хал-ахуалы жақсы болуы үшін болашақ ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыра отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді. Өрелі өркениетке тән гүлденген экономиканы білімді, саналы тұлғалар ғана жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын ел өміріне берік енгізу, оны халық арасында насихаттау үрдісін күн сайын жетілдірудің өмірлік мәні өлшеусіз. 

 

 

 

 

Салауаттылық – өмір негізі

 

Сабақтың мақсаты: денсаулық – өмір өзегі, салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту, адам өміріне зиянды әрекеттерден алыс болуға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

-         салауатты өмір салты, денсаулыққа пайдалы және зиянды әрекеттер туралы түсініктерін кеңейту және білім беру.

-         денсаулық туралы білімін, оған көзқарасын дамыту.

-         Денсаулықты сақтауға, денсаулыққа пайдалы іс – әрекеттермен айналысуға тәрбиелеу.

Пайдаланатын құралдар: тақта, интерактивті тақта, компьютер және т.б.

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері:

1. Музыка ойнап  тұрады. (психологиялық тренинг: көңіл  – күй нышандарын мимикамен

келтіру)

2. Ассоциация «Салауаттылық». А) Салауаттылық

Ә) Денсаулық

Б) Жан мен тән

В) Гигиена

ІІ. Әңгімелесу (Ойланайық, пікірлесейік)

Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген әңгімелесу сұрақтарымен жұмыс жүргізіледі. Алдымен оқушыларға денсаулық және салауаттылық туралы слайдтар көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі. (слайд).

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
  • Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?
  • «Салауаттылық – өмір негізі» деген ойға көзқарасың қандай? 
    ІІІ. Жаңа ақпарат 
    Оқулықтағы сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту мақсатында жаңа ақпарат ұсынылған. Слайд және бейнефильм арқылы жаңа сабақты ашу. 
    IV. Мәтінмен жұмыс. 
    Мәтін оқушыларға топқа бөліну және корточкалар тарату арқылы ұйымдастырылады.
  • Оқулықтағы «Мәтінді оқу» айдарымен ұсынылған А.Самиғоллаұлының «Ойлан достым…» атты мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы ой түйіндемелерін түсінуге тырысады. Мәтінді оқу барысында оқушылар денсаулыққа зиянды іс – әрекеттердің пайдасы қандай екенін оқып біледі.Мәтін бойынша төменде берілген сұрақтармен жұмыс жасалады:v     Сендер Жангулдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

v     Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіңдер?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өзіндік түйген ойын, пайымын, көзқарасын ортаға салады. 
V. Бейнематериалдар көру.     Оқушыларға интерактивті тақтадан «Салауаттылық – өмір негізі» атты тақырыпта бейне материалдар көрсетіледі. Көрсетілген бейнематериал арқылы оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды іс – әрекеттер туралы өз пікірлерін айтады. 
VІ. Шығармашылық жұмыс.

  • Ұлықпан Хәкімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңдер.Біріншісі – ерте тұру, екіншісі – орта тазалығын сақтау, үшіншісі – дене шынықтыру, төртіншісі – үнемі денені таза ұстау, бесіншісі – үнемі сергек жүру, алтыншысы – артық тамақ ішпеу, жетіншісі – көп ұйықтап жалқау болмау.VIІ. Психологиялық тренинг

VIІІ. Дәйек сөз

Оқушылар жаңа тақырып бойынша дәйек сөз, нақыл сөздерін жазады. Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.    

 «Дені  сау адам – табиғаттың ең  қымбат жемісі». Т.Карлейль

ІХ. Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып, сабақтан алған әсерлерін айтып, бір – біріне жақсы тілек, жылы сөз арнайды. 

 

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, Н.Сәрсенбаевтың өлеңі оқылды.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.

Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.

 

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтер!

Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!   

 

 

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған есірткі мәселесі біздің қоғамды да айналып өтіп жатқан жоқ. Өзге елдермен арадағы түрлі байланыстардың қалтарысын тасалап келіп жатқан осы кесел жастарымыздың болашағы үшін қатерлі екені анық. Қазірдің өзінде жабысқан дерттің бойымызға дендегені соншалық, бір күнде жұлып тастау мүмкін болмай отыр. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, есірткі қолданатындардың арасында жастардың саны басым. Ал жастар – ертеңгі қоғамның иесі.  
 
Сондықтан, бүгінгі таңда есірткімен күрес, яғни оны сатумен немесе қолданатын жекелеген топтармен шектелмей, жаппай қоғамдық сипат алуы тиіс. "Есірткіге үйірсектік жастарымыздың арасында неге жиіледі?”– деген сұрақты педагог ретінде өзімізге қоя отырып, жастардың болмысына көз жіберсек, бойларынан ең бірінші албырттықты көрер едік. Оларды биікке шығаратын да, орға жығатын да осы албырттық. Қалай болғанда да осы бір сындарлы тұста оларға үлкен көмек қажет. Тек ата-ана тарапынан ғана емес, жүрген орта, бүкіл қоғам тарапынан.  
 
Біз, әрине, жастардың бәріне күйе жағудан аулақпыз: "асыл – тастан, өнер – жастан”. Олардың бойында буырқанған бұла күш қоғам игілігіне жұмсалар болса, алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ. Әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қатты алаңдатып отырған бүгінгі халықаралық есірткі ағыны, нашақорлық мәселесі адамзат пейілінің бұзылғандығынан, адалдық пен тазалықтың мансұқталғанынан өршіп тұр. Бұл ретте қазақтың данышпан ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: "Ауру – денеге зарарлы нәрселерден болатын бүліншілік. Құдыреттің ісінің бәрі орынды, бәрі жөнді. Жөнді істі жөнсізге айналдыратын кінә өзімізден. ...Бағым жақсы болса, тән күйлі болады, күйлі тән күшті болып ауруды жеңеді”.  
 
Халықаралық есірткі қаупі мәселесін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев түрлі форумдарда, жиындарда жиі айтып, оның алдын алу туралы ұстанымын ашық мәлімдеп жүргені белгілі. Үстіміздегі жылы 26 мамырда ЕҰУ-да оқыған "Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты дәрісінде Елбасы: "Жаһандану осы заманғы әлемге осалдық пен шетіндік әкелді. Лаңкестік, есірткі саудасы, ақпараттық соғыстар, эпидемиялар, экологиялық аппаттар да шекараны білмейді және бүкіл адамзат үшін жаһандық сынақтарға айналды. Әлемнің бірде-бір мемлекеті дербес өзі аталған сынақтарға қарсы тұруға қабілетті емес”, деп атап көрсетті. Есірткіге қарсы күрес – адамзаттың азғындауына қарсы күрес. Ал оның салауатты өмір салтымен байланыстырылуы жайдан-жай емес.  
 
Ұлы даналар адамның азғындау себептерін ертеректен-ақ білген секілді. Әсіресе, Абай атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз қалмағандай: "Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын”. Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне бос уақыты көп, материалдық мұқтаждығы жоқ адамдар арасында кездесетін секілді. Есірткі – болашаққа құрылған тор. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп өзі барады, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады, т.т. Қысқасы, баратын жол көп, шығатын жол бұлыңғыр.  
 
Біздің алдымызда жауабы күрделі екі сұрақ тұр: бірі — есірткіге бой алдырған жастарды қалай құтқарамыз? Екіншісі — ойы да, бойы таза алаңсыз өмір кешіп жатқандарды қалай сақтандырамыз? Екеуіне де ортақ қазіргі көрініп тұрған жалғыз ем – салауатты өмір салтын ұстануды жапай жүзеге асыруды қолға алып, барынша насихаттау. Медицина атасы саналатын Гиппократ: "Төтенше ауруларға төтенше ем қажет” деген екен. Олай болса, нашақорлық секілді қасіретті бір ғана медицина күшімен емдей аламыз деу аздық етеді.  
 
Рухани саулық әлсіреген сайын адам өзінің адами қасиеттерінен алшақтай беретінін көріп жүрміз. Өйткені, олар бар күш-жігерін тек тән құмарын қанағаттандыруға бағыттап, соның құлына айналады. Әсіресе есірткі дерті адам бойын меңдегенде, осындай күйге түседі. Бүкіл ойдың қуаты тән құмарын қанағаттандыруды аңсап, соған ғана бағытталып тұрған жерде жасөспірім бойындағы бұла күш оң істерге жұмсалады деу қиын. Соңы қылмысты іске әкеліп соғып жатуы да содан. Сөйтіп, рух пен тәннің тепе-теңдігін жоғалтып алып, теңселе басып жүргендер арамызда қаншама. "Бұл мәселемен қоғам болып күресуіміз керек” – деген ұсыныс біздің алдымызға "Жоғары оқу орындары өз тарапынан қандай үлес қоса алады?” – деген сұрақты көлденең тартып тұрғандай. Жоғары оқу орындарында болашақ ел тізгінін ұстар азамат тәрбиеленетін болғандықтан, "бұл мекеме мәселеге қай қырынан келуі керек?” деген ойдың әркез мазалайтыны бар.  
 
Салауатты өмір кешу әркімнің өзіне байланысты дей тұрсақ та, әр адам өз заманының, қала берді жүрген ортасының перзенті – айналасының ықпалынан тыс тұра алмайды. Жас жеткіншектің де тұлғалық болмысы дұрыс қалыптасуы үшін оған ықпал ететін қоғамдық ұйымдар мен ыңғайлы орталар қажет екені түсінікті. Ол ортаның бірі – жоғары оқу орындары. Есірткінің қармағына ілінгендерді жазалау міндет емес, алдымен олардың кімдер екенін анықтау қажет. Жасырын жүрген белгісіз біреуді жұдырық түйіп қорқытқаннан гөрі, көз алдыңдағы ауруға көмектескен жеңіл. Бұл орайда бізге ең сенімді көмекші – олардың достары. Бірақ, "достыққа берік” "сабаздар” жолдасының ауыр жайын айтуға құлшына қояр ма екен? Жазаға тартылмаған күнде де жұрт алдындағы беделіне нұқсан келуі мүмкін ғой. Балалық аңғалдықпен сол досының өмірі тозаққа айналғалы тұрғанын қайдан білсін. Ұстап алған күннің өзінде теріс жолға түскендер өз ісінің дұрыс еместігін шын жүрегімен мойындаса жақсы, мойындамаса, бас изеп тұрып, шыға бере өз әуеніне басса, бар еңбек босқа кетпей ме! Сондықтан есірткіге қарсы күрес сол мазмұндағы түрлі тақырыптарда өткізілетін іс шаралар мен құрылған ұйымдардың ұранды сөздеріне оңай ауыздықтала қалғалы тұрған жоқ секілді. 
 
Дегенмен, тиісті дәрежеде шын жанашырлықпен кіріссе, алдағы жақсы өмір тек есірткіден алыстағанда ғана болатынына досының да, теріс жолға түскендердің өзінің де көздерін жеткізіп, көңілдерін сендіруге болады. Оқу орнының талапқа сай, төрт аяғын тең басып, қалыптасқан дәстүрлі жүйесі өзінің тегеурінді талабымен студенттің негізгі ой-арманын білім алуға бағыттап, сол төңіректен алыстатпай ұстауға қауқарлы болуы керек. Талап қоя отырып, ізденулеріне дұрыс жағдайлардың жасалуы да негізгі шарттардың бірі. Негізгі бағыт пен көзқарас бір арнаға тоғысып жатса, бірлі-екілі "терісқақпайлар” еріксіз сол ағынның ықпалына көнеді. Әр ЖОО-ның өзіне тән дәстүрлі білім жүйесі қалыптасу үшін белгілі бір кезеңдерден өтуі керек. Ол үшін, әрине уақыт қажет. Бұл істе негізінен білім беретін ұстаздардың орны ерекше. Дәріс барысында ұстаз бойынан ескен ізет пен білімділік аудиторияны билеп тұрса, ол қасиет шәкірттің бойына да дарымақ. Жаны тазалықтың нұрына шомылған жанның бойы бәлекет атаулыдан аулақ болары хақ. Осындай бір сәттерде қысқаша ғана, зердесіне жететіндей етіп, зиянды бәлекетті қолданудың зардабы туралы қысқаша ғана сабақтың басында не аяғында қисынын тауып, қиюластыра алса – ұстаздың шәкірт алдында орындалған бір парызы.  
 
Еуразия ұлттық университетінде 2005 жылы ашылған "Салауатты өмір салты” орталығы тән саулығы мен жан саулығын үйлестіруде біршама нәтижеге қол жеткізді. Біз бұл орталыққа тәжірибелі, жастардың жанын түсінетін оқытушылар мен кеше ғана университеттен түлеп ұшқан студенттер ортасына беделді жас мамандарды тарттық. Қазір бұл орталық мәдениет, спорт, сенім тазалығы, жан сұлулығы секілді салаларды қатар дамытып, студент-жастарды ұйытып отыр. Салауаттылыққа байланысты әлемде мысал аз ба? Тоқсан екі жасында организмі отыз жастағы күйін сақтаған атақты америкалық ғалым Поль Брегг өз өмірінің тәжірибесі бойынша "салауаттылықтың басты кепілі — спорт, мерзімді ашығу және жоғарғы күшке сыйыну” деп атап көрсетеді.  
 
Орыс дәрігері Малахов та спорттың пайдасы жөнінде көп айтады. Олар табыстарының барлығына ең алдымен жат қылықтардан аулақ, тәні де, жан әлемі де тазалықта болу арқылы қол жеткізген. Өз ізбасарларына да осы жолды ұсынады. Мұндай тәжірибелерді негізге ала отырып, түрлі тақырыптардағы дәрістер ұйымдастыру да күрмеуі қиын істің шешілуіне бір табан жақындау болып табылады. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, "қоғамды алаңдатып отырған бұл мәселеге жоо-лар қандай үлес қоса алады?” – деген сұрғымызға қайта оралар болсақ, өзінің негізгі қызметі – білім беру барысында адамгершілік қағидаларына да назар аударып, бүгінге дейін қателікке бой алдырғандардың санасын оң істерге бағыттауға ықпал ете алады. Сөйтіп, кейінгілердің жаза баспауына себепші болады.  
 
Адамның рухани әлемінің нығаюы мен кемелденуіне білім жүйесінің қосары көп. Теориялық ілімдердің барлығы да ақыл-ойдың өрістеп, қанатын кеңге жаюына септігін тигізеді. Жан-жақты ойлау мүмкіндігінің артуы да алынатын біліммен бірге дами бермек. Білім жақсы мен жаманды айыруға, кең мағынасындағы имандылық дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Бүгінде Қазақстан есірткіге қарсы дабыл көтеріп жатса, бұл елде нашақорлық қаптап кетті деген сөз емес. Бұл – жамандықтың алдын алу. Әйгілі Италия жазушысы Д.Боккачо: "Кімде-кім аурудан жазыламын деп бекінсе, мұның өзі – аурудан жазылғандық ” деп айтқан екен. Осы сөздің көп мәні бар. Бізге шеттен келіп жатқан жаман қылықтар өз ішімізде өркен жаймауы тиіс. Ал сол жамандыққа бой алдырған елдердің аурудан жазылуына біз де мүдделіміз. Әлем – бір отбасы, бір үй. Сондықтан дүниенің бір шетінде болып жатқан кесепат ертең екінші шетіне жетуі де ғажап емес. Сол себепті жан мен тән тазалығының тепе-теңдігін әлем болып ойлайтын уақыт туды. Қазақстан өз үні бар ел ретінде әлемді сауықтыру, салауаттандыру шарасынан ешқашан шет қалмақ емес.  
 
Астыртын бизнесті ауыздықтамаса болмайды Аймақта нашақорлыққа қарсы қандай амалдар қарастырылып жатқандығы туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрғожа ЧИНАЕВТАН бірқатар сұрақтарымызға жауап беруін өтінген едік.  
 
– Нұрғожа Қыдырханұлы, есірткіге байланысты мәселенің бүгінгі күні осыншама күрделене түскендігінің себебі неде деген сауал туындайды. Есірткімен күрестің алдын алуға өкілетті органдардың қызметін, заңдарды, сондай-ақ сот тәжірибесін қарасақ, қазіргі "күрес” етек алып кеткен "дерттің” себептерін емес, зардаптарын жоюға жұмылдырылған сияқты.  
 
– Иә, қолданыстағы заң және ведомостволық нормативтік актілер, меніңше, ескірген және осынау қатерлі әлеуметтік кеселдің алдын алу мен таралуын болдырмауға ықпал ете алмайды. Ол ол ма, қоғамға аса қатерлі азаматтар санатына жататын нашақорлардың емделуден жалтарып, көбейе түсуіне тіпті заңның жекелеген қағидаларымен де қолайлы жағдай жасалынып қойылғандай.  
 
– Атап айтқанда, қандай? Тарқатып айтыңызшы.  
 
– "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы” 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң (бұрын Президенттің Жарлығы болды) бойынша есірткі дертіне шалдыққан сырқаттарды күштеп емдеуге жіберуді туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасы бойынша медициналық қорытынды болған жағдайда ғана мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері жүзеге асырады. (4-бап). Заң қабылданғаннан бері еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдар мен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының нашақорларды еріксіз емдету жөнінде бастамашылық жасағанын көрген жоқпыз. Еңбек ұжымдарында жұмыс жасап жүрген нашақорларды көргендер бар ма екен? Ал туысқандары болса, кейде арыз беруге қорқады...  
 
– Сонда не істеу керек дейсіз?  
 
– Меніңше, есірткі дертіне шалдыққан адамдарды еріксіз емдеуге жіберу құзіретін заң жүзінде денсаулық сақтау мекемелеріне беретін кез келді. Атап айтқанда, мұндай құқықты күн сайын осындай адамдармен жұмыс жасайтын және есірткіге тәуелді нақты тұлғаны ерікті немесе күштеп емдеудің қажеттілігі мен дұрыстығына шынайы баға бере алатын есірткіге қарсы емдеу диспансерлеріне, есірткіқұмарлыққа шалдыққандарды дәрігерлік-әлеуметтік сауықтыру орталықтарына беру керек. Құқық қорғау органдары мен соттардың есірткіге тәуелді адамдарды қоғамнан оқшаулауына кедергі келтіріп отырған келесі мәселе заңда көрсетілген нашақорларды еріксіз емдеуге құжаттарын хаттаған кезде олардың ауыз қуысының уылуы мен жүйке сырқаттарына шалдыққан болмауы (ғарышкерлер сияқты десе де болады) керектігін талап ететін қағидалар. Ал осы сырқаттарға шалдықпаған қандай да бір болмасын нашақорды тауып беріңізші.  
 
Сөйтіп, ақылға сыймайтын тұйыққа келіп тірелеміз. Нашақор күштеп емдеуді қажетсінеді, ал оны хаттауға болмайды, өйткені оның денсаулығы нашар. Мәселен, нашақордың СПИД дертін белсенді таратушы немесе сол айықпас дертке шалдыққанының өзі екендігі кез келген адамға түсінікті емес пе? Демек, заң бойынша адам ағзасының сырқатқа қарсы тұру қабілетінің жеткіліксіздігін туғызатын залалға (ВИЧ) шалдыққан нашақорды оның келісімінсіз есірткіге қарсы күштеп емдеуге жіберуге болмайтын болып шығады. Сонда оны қайда орналастыруды ұсынасыз? Өкінішке қарай, біз Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың СПИД дертіне шалдығып жатқан ащы зардаптарын бастан кешіп те отырмыз. Оларға дәрігерлердің бейқамдығы салдарынан сырқатқа қарсы тұру қабілетінің жеткіліксіздігін туғызатын залалға (ВИЧ) шалдыққан белгісіз бір қан тапсырушы нашақордан алынған қанның құйылғандығына күмән жоқ.  
Жоғарыда аталған заңның тағы бір елеулі кемшілігі – жасы кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, 60 жастан асқан ер адамдарды және 55 жастан асқан әйел адамдарды, 1 және 2 топтағы мүгедектерді есірткіге қарсы күштеп емдеуге жіберуге тыйым салынғандығы.  
 
– Есеп бойынша жасы кәмелетке толмаған нашақорлардың саны жылдан-жылға геометриялық прогрессиямен қарқын алып бара жатыр. Соған орай заңды қабылдаған кезде шамасы, нашақорлардың көрсетілген санаттарына қатысты ізгілік ұстанымдары басшылыққа алынған шығар?  
 
– Иә, солай екені рас. Бірақ қоғам ондай "ізгіліктің” ащы зардабына қашанғы төзе береді? Қоғамға қатерлі адамдар қатарына қосылған азаматтардың мұндай санаттарына есірткіге және маскүнемдікке қарсы күштеп емдеудің заңды шаралары неге алынбасқа? Елімізде нашақорлардың ғана емес, тұрғылықты жері жоқ адамдардың және өздеріне ешкімнің тиісуіне болмайтындығына сенімді әлеуметтік азғындаған адамдардың саны арта түсіп, айналасына зардаптар әкеліп, қатерлер төндіруде. Демек, нашақорлардың аталған санаттарын да күштеп емдейтін арнайы мекемелерді (немесе бұрыннан бар мекемелердің жанынан қосалқы бөлімдерді) тез арада құруды қажет деп есептеймін. Есірткіге қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының сапалық құрамын жақсартатын және жұмысына баға беретін кез келді. Ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері мен жақында құрылған Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет күрес жүргізіліп жатқандығын желеу етіп, кейде көрсеткіш қуалаумен әуестеніп кететіндігі ешкімге құпия емес.  
 
Полиция қызметкерлері өздерінің жұмыс көрсеткіштерін өсіру үшін азаматтарға есірткі салып жіберетіндігі туралы сыбыстар да негізсіз болмай отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігінің төмен екендігіне мына мысалдар да айғақ: 2006 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс көлемінде 1482 (2005 жылы 1403) нашақор есепте тұр. Олардың ішінде соңғы жылы балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер пайда болды. Есірткіге қарсы ерікті емделуге 208 адам, еріксіз емдеуге бар болғаны 25 адам жіберілген. Соңғы жылдары қалыптаса бастаған мына бір қайран қалдырарлық жағдайға неге екені белгісіз ешкім назар аударатын емес. Мәселен, жыл басынан бері біздің облыс бойынша облыстық есірткіге қарсы емдеу диспансеріне тексеруге апарылғандардың ішінде 103 (2004 жылы 67 және 2003 жылы 98 адам) адамның есірткі тұтынғаны, олардың көпшілігі көлік айдау үстінде ұсталғандығы анықталып отыр. Бірақ олардың бірде біреуі қоғамнан оқшауландырылмағандығы өз алдына, тіпті қандай да болмасын "айықтыру” орнына да апарылмаған.  
 
– Неліктен?  
 
– Өйткені, қазіргі кезде бір де бір арнаулы мекеме (есірткіге қарсы емдеу диспансері, нашақорларды дәрігерлік-әлеуметтік сауықтыру орталықтары, арнаулы емдеу-сауықтыру мекемесі, медициналық айықтырғыш) есірткіні шектен тыс шегіп есалаң күйде жатқандар болмаса, есірткіден мас болғандарды қабылдамайды және қабылдауға құқықтары да жоқ. Сөйтіп, егер адам ішімдік ішкен күйде келе жатып көшеде тоқтатылса, онда оны міндетті түрде ұстап, айықтырғышқа орналастырады және жауапкершілікке тартады (кейде тіпті заңсыз). Ал нашақорларды іс жүзінде басы ауған жаққа босатып жібереді. Өйткені, заң бойынша оның келісімінсіз қимылдай алмайсың. Ал нашақор ішімдік ішкен адамға қарағанда, қоғамдық жағынан анағұрлым қауіпті екендігін түсіндірудің қажеті болмас. Сондықтан еліміз бен қоғамымыздың қауіпсіздігі, оның беделін сөзбен емес, іс жүзінде нығайту үшін заңнамалық тұрғыдан алғанда есірткіге қарсы күрес оның барша көріністері бойынша көшедегі мастармен күреске шатыстырылмай заң шығару саясатының басым бағытына айналуы тиіс.  
 
– Облыстағы есірткіге қатысты жағдайдың барысы қалай?  
 
– Тұтастай алғанда, елімізде нашақорлар жасаған қылмыстар, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жылдан-жылға көбейе түскендігі ешкімге құпия емес. Мысалы, тек біздің облыс бойынша өткен жылы есірткіге қатысы бар 150-ден астам қылмыс жасалды. Бұл тек ашылған қылмыстар бойынша ұсталғандар саны. Ал еліміз бойынша қаншама. – Осы орайда сот тәжірибесі не көрсетіп отыр? Соңғы жылдардағы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты істерді қарау жөніндегі сот тәжірибесі көрсетіп отырғанындай соттарға негізінен алғанда, өткізушілер, әдеттегіше, әйел адамдар мен есірткіні сатып алушылар тап болады. Қылмыстық іздестіру органдары қолға түскен нашақорлардың көшеде жүріп келе жатып есірткіні кездейсоқ тауып алып, өзім тұтыну үшін сақтадым дегендей қисынсыз уәжін жеңіл-желпі дәлелдеме күйінде негізге ала салады. Сөйтіп есірткі сүрлеуінің нағыз ұйымдастырушылары мен жеткізушілері, әдеттегіше ашылмай қалады.  
 
Ал дәлірек айтсақ, оларға біздің құқық қорғау құрылымдарының "тісі батпайды”. Оған облысымызға да, республикамызға да есірткінің келуі азаймағандығы өз алдына, керісінше көбейе түскендігі айғақ. Соңғы жылдары аса үлкен көлемдегі героинді сатып алғаны және сақтағаны үшін сотталғандардың саны өсе түсті. Олар аспаннан түскен жоқ қой. Бұл елімізге есірткі легінің келуі одан әрі ұлғайып бара жатқандығының тағы бір айқын айғағы. Есірткі тұтынушылар әрқайсымызға және тұтастай қоғамымызға қатер төндіріп тұрғандығын жақсы біле тұра, оларға біздің санамызда кеңес заманынан нашақорларды емдеп, дұрыс жолға салып жіберуді қажетсінетін сырқат, "бақытсыз” адамдар деген ұғым орнығып қалған. Өкінішке қарай, "адасқандардың” саусақпен санарлықтай бөлігі, тіпті ілуде біреулері ғана тұңғиықтан тал қармап тұрып, қоғамымыздың толыққанды мүшелеріне айналып жатыр. Ал туысқандарына, жақын-жуықтарына, қоғамға өкініш пен азап әкеліп, өздерінің өмірлерін зираттарда, немесе бас бостандығынан айыру орындарында тұйықтап жатқандар одан анағұрлым көп. Сондықтан да, осы қатерлі құбылыспен күрестің ескі психологиясы мен қалыптарын өзгертетін кез келді. Нашақорлар мен осы арқылы өзінің астыртын бизнесін өркендетіп отырғандарды тек қазіргі заман талабына бейімделген заң қағидаларына негізделген қатаң шаралармен ғана тізгіндеу арқылы осы бір тығырықтан шыға аламыз. 

 

Елбасының жыл сайынғы Жолдауда ұлт денсаулығы – бiздiң табысты болашағымыздың негiзi деп атады. Бiрiншi байлық – денсаулық дегендей, осы сөз айтылған сәтте көңiлге қонады. Сондықтан өз денсаулығымызды күтiп спортпен айналысқан жөн. Спорттың адам денсаулығына берер пайдасы көп. 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бірінші байлық