Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 21:11, лекция
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.
Дін әлеуметтік институ ретінде.
Діннің құрылымы мен әлеуметтік функциялары.
11-тақырып. Дін әлеуметтануы
4. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.
1. Сабақтың мақсаты: діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретінде әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі мен пәні екендігін, оның құрылымы мен функцияларын ашып көрсету. Студеттерді қазіргі Қазақстандағы діни ахуалмен таныстыру.
Дәріске кіріспес бұрын бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде дінімізге деген көзқарастың өзгергенін, халықтың, әсіресе жастардың өз дініне бет бұра бастағанын айта кеткен артық емес. Бұл белгілі жағдайда студенттердің ұсынылып отырған тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Дін - тарихи құбылыс.
Адамзат тарихында дін
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік және таптық себептері мен қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар өмірде кездескен әртүрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Сонда оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, содан табады.
Екінші қажеттілік адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Күннің күркіреуі, айдың тұтылуы, судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. табиғаттағы дүлей күштердің шын себептерін аша алмай, адам олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде адамда ішкі және сыртқы құбылыстар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады.
Ш. Уәлиханов «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде көрінеді. Өзі қыр-сырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді.
Үшінші қажеттілік таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратумен байланысты. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-рухани сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде қарапайым халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды, оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады.
2. Дін (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio – рухани сенім, құдайды сыйлау) – қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Ол ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды.
Француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) өзінің «Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталатын басты шығармасында дінді адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған деді.
1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің «Протестант және капитализм рухы» деп аталатын басты еңбегінде дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың мінез-құлқы мен ойлау тәсіліне мән-мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.
Американ әлеуметтанушысы, профессор Толкотт Парсонстың (1902-1979) «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек.
Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа ғылымдар сияқты зерттейтін объектісі, пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар. Дін әлеуметтік феномен, институт ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі – адам сенімінің оның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсері, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістері. Ал дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы, адам сенімі мен іс-әрекеттерінің арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.
3. Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі екенін еске ұстаған жөн. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни сана, діни мінажат және діни ұйымдар.
Қоғамдамдық сананың ерекше түрі, діни үдерістердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау және т.б.) заңды нәтижесі ретінде діни сана діни психология және діни идеология, яғни діни парасат, ақыл-ой құбылыстарынан тұрады.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Ал діни идеология дегеніміз діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының, ойларының белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген жиынтығы. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұндағы түсініктер мен ұғымдар болып табылады.
Дін құрылымының келесі элементі - «діни мінажат». Ол дін мен оны ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олардың өмірде болулары немесе ойдан шығарылулары мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен дене қимылдарының жиынтығы.
Дін құрылымының
үшінші негізгі элементі
4. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциясын зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.
Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт - дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас - адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолютті күш деп түсіндіреді.
Екінші бағыт - бағалаушылық.
Бұл бағытта діни сананың
Үшінші бағыт — реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін - ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.
Ежелгі сан ғасыр қазағымның рухани дамуының қайнар көздерінің бірі болып келе жатқан ислам дінінің халқымыздың ұлттық иммунитетін қалыптастырудағы рөлі ерекше екені аян. Олай болса, бүгінгі жаһанданудың кері әсеріне тек ұлттық қасиеті, ділі мен діні күшті ел ғана төтеп бере алады.
Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлін ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке, имандылыққа шақырған және т.б. адамгершілікті насихаттаған қағидаларын мектептерде оқытылып жатыр. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Алайда, бүгінгі дін оқулықтары туралы пікір қайшылықтары мол.
5. Адамзат санасының ерекше бір түрі ретінде дін қоғамның саяси жүйесінің сипатына байланысты бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, кейде кемерінен шығып, кейде жуасып талай ғасырды артқа тастады. Өйткені адам дінсіз өмір сүре алмаса, дінге де адамсыз өмір жоқ. Мемлекетке қатысты да осыны айтуға болады.
Кешегі кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік (құдайға сенбеушілік) идеология, «дін - халыққа апиын» деген тұжырым үстемдік етті. Жер-жерде «құдайсыздар қоғамы» (общество безбожников) құрылды. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, дінге қарсы үгіт-насихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинфильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылды. Мұның барлығы адамның өзіне деген сенімін жоғалтты.
Ғасырлар күткен Тәуелсіздік қана қоғамымызда діннің қайта жаңаруы мен жаңғыруына жол ашты. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының бірінші тармағындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп тайға таңба басқандай айқын жазылды.
Мұның барлығы тәуелсіз мемлекетіміздің дін саласындағы бетбұрысын айқындаған, еліміздегі діни қатынастардың оңалуына игі әсер еткен алғашқы құқықтық қағидалар еді. Бұл әркімнің өзінің дінге көзқарасын дербес айқындауға, ұстануға немесе ұстанбауға еркіндік берді. Дінге сенушілер көбейіп, діни бірлестіктердің саны артты. Сан жағынан көбейе түскен мешіттер имандылық пен ізгіліктің орнына айналды. 2011 жылы қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Еліміздің мұсылмандары ханаби бағытын ұстанатындығы айқын айтылды. Заңда түрлі ағымдарға тосқауыл қойылды. Діни бірлестіктер қайда тіркеуден өтті. Соның нәтижесінде республикада 4551 діни бірлестіктер 3088-ге түсті. Оның 2229-ы 70 пайызды құрап отырған (оның ішінде 63,1 пайыз қазақ) мұсылмандардікі. Ал адамдар саны белгісіз католиктер мен протестантизм бағытын ұстанатындардың 1319 шіркеуі бар. Тіркеуден өтккен 237 миссионерлердің негізіі католиктер мен протестанттардың өкілдері.
Мұндай жағдай көптеген себептерден болып отыр. Оның заңдық та себептері жеткілікті. Ол - қазіргі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнатуды мақсат етіп отырған тәуелсіз еліміздің дінге қатысты ұстанымдарының толық және айқын еместігінен де туындап отыр.
Қалай ойласақ та діндер елдің тұтастығы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы бола түсуі, ұлтымыздың бірлігі, бүкіл қазақстандықтардың түсіністігі мен келісімді тірлігі үшін қызмет етуі қажет. Бұл бағытта ізгілік пен имандылықтың, ұлттық иммунитетті күшейтудің рухани арқауы болып келе жатқан халқымыздың дәстүрлі діні исламға лайықты орын берілгені жөн.
Бақылау сұрақтары
5. Макс Вебер діннің мәні туралы не айтты?
6. Т.Парсонстың дін туралы негізгі ойы не?
7. Діннің пайда болуы мен қалыптасуының себептерін түсіндір?
8. Діннің негізгі элементтері қандай?
10. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуалды қалай бағалайсыз?