Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 15:58, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 7
1.1. Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ 7
1.2. Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері 12
1.3. Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі 15
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ 20
2.1. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі 20
2.2. Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы 30
2.3. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі 42
2.4. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 50
ІІІ ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 55
3.1. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
СІЛТЕМЕЛЕР 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
ҚОСЫМШАЛАР 66
Естеріңізде болса, Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді.
Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларға арналған орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.
Қазіргі күнде әлеуметтік қызметтің одан әрі дамуы өз дәрежесіне сәйкес, құқықтық қамтамасыз етуді және жұмыс істеу тәртібін нақтылауды талап етеді. Әрине, көп нәрсе бюджеттік қаржыландыру мәселесіне келіп тіреледі. Осы орайда, Қазақстандағы жастардың әлеуметтік қызметін, тек ішкі проблемалар аясына шектемей, халықаралық деңгейге көтерудің пайдасы мол болмақ.
Жастардың болашақта патриот азамат болып қалыптасуында маңызды орын алатын аспектілердің келесі бір тетігі – жастар ұйымдарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау механизмдері. Дәл қазіргі уақытта республикамыздың Әділет министірлігінде 157 жастар ұйымы тіркелген. Олардың бағыт-бағдарлары әртүрлі, соның ішінде экологиялық, ақпараттық, құқықтық қорғау, салауатты өмір салтын насихаттайтын, мәдени-ағартушылық болып бөлініп кете береді. Айталық, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Анти-Спид», «Қазақстан болашағы үшін», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жастар таңдауы», «Ұлттық пікірталас орталығы», «Жастар парламенті», «Қазақстан жас лидерлер ассоциациясы», «Қазақстан жастар одағы» т.б. осындай ұйымдар республика көлемінде жұмыс атқаруда /10/.
Оның үстіне жастардың діни сана-сезімі де үлкен өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі таңда мемлекетімізде діни бірлестіктердің саны 3 000 мыңға жетіп, ал діни конфессиялардың 40–тан астам түрі тіркелген. Қазақстанда соңғы жылдары діни институттардың саны мен сапасы артып қара көз қазақтың 500 мыңға жуығы басқа діннің өкіліне айналған. Бір алаңдататыны олардың арасында жастарымыздың саны көбейгендігі.
Десе де жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси процестерге ықпалы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан Қазақстан жастарының конгресі жалпы қазақстандық жастардың проблемаларын мемлекеттік деңгейге көтеруге мүмкіндік алып отыр. Ал, мемлекеттің міндеті Жастар конгресімен тығыз байланыста болып жастарды барынша кең көлемде саяси процестерде, әлеуметтік-маңызы бар жобаларды іске асыруда белсенді ат салысуына жағдай туғызу болып отыр.
Демек, Қазақстан жастарының конгресі сияқты үйлестіруші органның болуы, елімізде жүргізіліп отырған жастар саясатының тиімділігін арттырудағы маңызды механизмдердің бар екендігінің айғағы болса керек.
Сонымен қатар, осындай жетістіктер мен бірге жастар қозғалысының құрылуы мен ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жастар бірлестігі арасындағы өзара тиімді әріптестік қатынасты жасау кезінде туындаған проблемаларды айтпай кетуге тағы да болмайды.
Кеңес уақытынан кейін көптеген елдер мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда мемлекет пен жастардың өзара қатынастарының нашар ұйымдастырылу салдарынан сергелдеңге түсіп, біршама күйзеліске ұшыраған жайы бар.
Сөз жоқ, бір жағынан соңғы жылдары жастар саясатын мемлекеттік деңгейде іске асыру жұмыстарында жүйелі әдістерді ендіріліп, заман талаптарына сай өзгертулер жүргізілуде. Екінші жағынан, жастар саясатына деген көзқарастар мен осы процестерді басқару органдарының жиі қайта құрылуы тағы бар. Осы орайда, ресейлік зерттеушісі В.А.Луков мемлекет тарапынан қарастырылатын шаралар жүйесі мен ұйымдастыру құрылымдарын орнықсыз өзгерте беру мемлекеттік жастар саясаты міндеттерін белгіленген уақытта орындалуын тежейді, ал бұл өз кезегінде бағдарламалық принциптердің маңыздылығын төмендетеді деп анық атап көрсеткен.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламалық әзірлемелер, ұйымдастыру шаралары жоғарғы билік өкілдерінің назарынан тыс қалатын кездер аз емес. Сол себептен іске асырылған шаралар қоғамда, әсіресе жастар ортасында қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сол үшін, ведомствоаралық және басқа да ұйымдар арасындағы кедергілерді алып шығуға бағытталған жастар ісі бойынша қызмет атқаратын мемлекеттік құрылымның болғаны дұрыс сияқты.
Оның үстіне, жастар ұйымының көптүрлілігі оларды қадағалап, қоян-қолтық жұмыс істейтін мемлекет үшін бірқатар қиындықтар туғызары анық. Егер қазіргі таңдағы жастар мәселесімен айналысатын барлық мемлекеттік басқару құрылымдарын жинақтап айтар болсақ, оған Мәдениет министрлігі, Ақпарат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да органдарды қоссақ, онда мемлекеттік ұйымдардың көп бөлігі жастар мәселесімен айналысатыны айқындалады. Бірақ, осы уақытқа дейін олардың жұмысының нақты нәтижесі туралы сөз қозғау артық сияқты.
Біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған мекемелердің іс-әрекеттерінің үйлеспеуіне бюджеттен бөлінген қаржының таратылуының дұрыс еместігі басты себеп болса керек. Қортындысында мұндай жағдай жастар мәселесінің, оларға бірінші кезекте отансүйгіштік қасиеттерді қондыру мәселелерінің ойдағыдай, түбірімен шешілуіне кедергі жасауда.
Сондықтан жастар ұйымдары туралы мәселелер қазіргі таңда тиімді шешімін табудың орнына, министрліктер, әкімшіліктер мен басқа да билік коридорларында қалып қоюда.
Ең алдымен бұл жастардың өзінің жалпы тұтастығын ұғына алмауына байланысты. Әрине, қазіргі жағдайда барлық жастарды жинау мүмкін еместігі түсінікті, бірақ өздерінің мақсаттары мен тапсырмаларын ұғынған және соған ұйымдасқан түрде жетуге тырысатын белсенділер бөлігін жинау қажет жұмыс.
Бұл жердегі ой комсомолдың қайта құрылуы туралы емес. Комсомол басқа уақыт пен басқа жүйенің элементі болғаны аян. Сол себептен алғашқы ұйымдардың қазіргі өмір талаптарына бейім болып құрылуы, оларды жаңартып жасаудың маңызы зор.
Айталық, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жүйелі түрде іске асыру барысында «Қазақстан жастары» бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдерін құрып, жүзеге асыру болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру кешенді түрде қамтылған және үйлестірушілік тетіктердің көмегімен іске асады. Ол мемлекеттік жастар саясатының толыққанды жұмыс істеуі, сол жастардың белсенді араласуымен қарай жастармен жұмыс істеуді дамыту әдістерін тиімді түрде қолдануға бағытталған. Аталмыш бағдарламаны іс–шараларының жоспарында жастардың қоғамдық-патриоттық ұйымдарының еркін қазмет етуіне жағдайлар жасау көзделген.
Жалпы «Қазақстан жастары» бағдарламасы жастардың рухани–патриоттық тәрбиесі мен денсаулығының жақсаруына жағдай жасауды көздейді. Аталмыш бағдарламаның қорытындысында жастардың азаматтық қалыптасуының қанағаттандыратын қажеттіліктері, соның ішінде жұмысқа орналасуы, рухани дамуы, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыс пен нашақорлықтың таралуына тосқауыл қою жолдарын қарастырады.
Дегенмен, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын құқықтық тұрғыда бекіту кезінде жастар туралы мемлекеттік құжаттардың бастапқы редакцияларының қоғам мен заман талаптарына сай бірқатар өзгерістерді басынан кешргенін көру қиын емес.
Осындай үлгіде, біз жастар саясатының нормативті-құқықтық негізіне қатысты концептуалды регламентін, сондай–ақ мемлекет пен жастар ұйымы арасындағы бірлескен әрекеттерін қарастырдық. Жалпы Қазақстанда осы бағытта болашақ уақыт талабына сай келетін жастар саясатының концепциясына түзетулер мен қосымшаларды ендірудің қажет екенін көреміз.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың көңіл аударып, қолдау көрсетіп отыратын маңызды іс-шаралар қоғам тарапынан да, жастар тарапынан да ұсынылуда. Мәселен, жастар саясатын жүзеге асырудағы көрсетілген прициптер отандық авторлардың ұжымдық «Жастар ортасындағы саяси процестер» деген жұмысында атап өтілді. Олардың аталмыш еңбегіндегі көрсетілген тұжырымдармен келісе отырып, мына бір сәттерді айта кетсек дейміз.
Аталған еңбектің авторлары атап көрсеткендей, жастар саясаты елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен жалпымемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Демек, жастар саясаты республикамыздың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытттарының үздіксіз буыны ретінде жүргізілуі тиіс. Жастар саясаты ұжымдық факторлар мен жекешілдік арасындағы байланысты жүйелеу арқылы туындауы тиіс. Мемлекеттік органдар жас адамның жеке мүдделерін қорғау мақсатында жауапты да, әділ шешім шығаруға, сондай-ақ жастардың білім, мамандық алуына, жұмыс табуына, материалдық әл-ауқатының жоғарылауына жағдайлар жасауы керек. Осы сарынмен мемлекеттік органдар жастарға бірте-бірте мемлекеттің «әлеуметтік қарамағынан» шығып олардың дербес өмір сүруіне көмек көрсетуі тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты әлеуметтік саясат ретінде тек компенсаторлық механизмге жиынтық болмауы керек. Ол жас ұрпақтың шығармашылық мүмкіндігіне сүйенетін белсенді инновациялық және өндірістік аспектіден тұруы керек. Өз ретінде бұл қоғам ресурстарын стратегиялық тұрғыда дамытатын мемлекеттік жастар саясатын құруға мүмкіндік береді.
Жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі ролі негізгі мақсаты нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған жастардың патриоттық рухты көтеруге негізделген жобаларын қаржыландыруда. Сонымен бірге, өз мәселелерін өздігінен шешуді көздейтін, жастар мүмкіндігін арттыратын кешенді бағдарламаларды іске асыруға көмегі бар құқықтық және қаржылық-экономикалық механизмдерді құру да мемлекеттің мойнында болса керек. Бұл бағытта жалпы шаруашылықты жүргізу жағдайында экономикалық ортаның белгілі жеңілдіктерін алғашқы кезеңде қалыптастыру, еңбек мотивацияларын арттыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту және көтермелеу тапсырмаларын шешу сияқты мәселелер бар.
Жастарды дамыту үшін қалыптасқан жағдайда жастардың өз іс-әрекеттеріне жеке жауапкершілігі мен оның жеке бостандығына негізделген қоғамдық қатынастардың кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл жастардың саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттырып, жастардың өмір жолдарын өздігінен таңдауларына себеп болады.
Демек, жастар саясатының тиімділігі қоғамда қалыптасқан дәстүрлер мен демократия принциптеріне деген сенімді айғақтап, оның ережелері мен принциптері төменнен шыққан бастамаға, яғни, жастар ортасынан шыққан бастамаларға сүйенуі керек. Ол болмаған жағдайда аталмыш саясат тек қарапайым жария күйінде ғана қалмақ.
Осының бәрінен мемлекеттік жастар саясатының билік пен жастар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген қиын, әрі көп деңгейлі процесс екендігін көреміз.
Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен ондағы патриоттық тәрбие мәселсін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:
1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген жасөспірімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.
2. Қоғамдағы жасөспірімнің өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан қоғамы – жастардың өсіп-өркендеуінің басты өмірлік потенциалы екендігін ұмытпаған абзал.
Бұл сұрақтар белгілі бір дәрежеде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының қоғамдық және құқықтық контекстінің қалыптасуын бейнелейді. Сондай–ақ осы салада мемлекет тарапынан тиісті шешім іздестіруді көздейді.
1. Мемлекеттік жастар саясаты бірыңғай тұжырымдама базасында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73 жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы қабылданды.
Концепция - нормативтік-құқықтық акт емес және 1991 жылғы одақтық заңға бұл ретте балама болып табылмайды. Бұл құжат дәл осы жағдайда мемлекеттік жастар саясатын өзіне тән салалық қатаң құқықтық тұрғыда концептуалды түрде көтеруі мүмкін емес.
2. Жастар туралы заңдар
3. Республиканың жергілікті
Қазақстан үшін мемлекеттік
жастар саясатының осы реттегі
мәселелері кезек күттірмей
Информация о работе Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы