Жастар саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2014 в 07:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жастар өміріндегі мәнін талқылау, негізгі мақсаты мен принциптерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мәлімет жинақтап, тақырыпты жан-жақты ашу;
- қазіргі замандағы жастардың ең өзекті мәселелерін талқылау;
- жастар саясатының бағыттарын сараптау;
- жастардың қоғамда алатын орнын анықтау;
- жастарды қолдау жөніндегі құрылған ұйымдар мен қабылданған заңдарды қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жастар саясатының негізгі бағыттары 5
1.2 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы 6
1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 7
2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы 9
2.2 Жастарды азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі келелі мәселелері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж жастар саясаты.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                        3

         

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ       

1.1 Жастар саясатының негізгі бағыттары                                                                5

1.2 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы                                                                                         6

1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер                                              7 

2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ

2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы                                      9

2.2 Жастарды  азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі келелі мәселелері   15     

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                             22     

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                               24     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында « өмірді түсіну түйсігін жоғалту» деп аталатын дерттің тез таралуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қаққан еді. Бүгінгі жастарға, олардың ата – аналарына қарағанда, әлдеқайда қиын. Батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ақпарат алғанына әуестігі басым, Батыстың әуейлі саздарының, «ужас», «боевик» кинофильмдерінің ықпалы зор – мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдіреттілігі сол албырт та аңғал жастардың санасын улайды. Осы арада мынадай сұрақ туады: көптеген жас Батысқа еліктейді, Батыс несімен құдіретті?

Қазіргі жас адамдар бір кездері ата – аналарын пәлендей бой алдыра қоймаған ақшаға әуес, тіпті мол ақшаны жақсы көреді. Бұл арада сірә, пәлендей сөлекеттік те жоқ. Әйтсе де, бір жағынан, көптеген жан сол мол ақшаның көзін мыңдай ақы адал терден емес, «көзірлі» мамандыққа ие болу арқылы табуға бейім, бұл алаңдатпай қоймайды. Тағы да еріксіз еліктеу мәселесі алдымызды орағытады, өйткені Батыс әркімнің жеке табысы тікелей әлеуметтік сатусына парапар, қаршадайынан осыны көріп, біліп өскен бала өмір өзегіне айналған шындықтан аттап кете алмайды. Қалай болғанда да, жастардың бір толқынынан екіншісінің өзгешелігі неде? Өмір тәжірбиелерінің артықшылығы қайсы? Ең басты өзгешелігі, сөз жоқ, ұрпақ психологиясына, қоғамның саяси - әлеуметтік, мәдени, экономикалық жүйесіне, әрине, оның әр түрлі кезеңіндегі нақты даму артықшылықтарына тікелей байланысты. Қазіргі жастар, сөз жоқ, қоғамдық өмірде батыл да ашық, алайда оларда тәжірибе және сабыр жетпейді, өткеннің тәжірибесі көп еңбектеріне отырып үйренуді қажет етеді. Бүгінгі таңда жастарда бұған дейінгі тәжірибені толық меңгеру үшін уақыт бар, өткеннің сабақтарын үйрену осы заманды дұрыс түсіну деген сөз.

Жастар үлкендердің айтқан ақылдарынан ғибрат алып қана қоймайды, өздері де өмірдегі бар мәселелерге жауап іздеуге тырысады. Сондықтан өмірлік, мәдени және білім деңгейін, саяси мәдениетті, әлеуметтік шындықты түсініп, зерделенуде жаңа ұрпақты, оның кемшіліктеріне қарамастан, әрине аға буындардың жас кезіндегі деңгейімен салыстыруға болмайды. Және бүгінгі жастар – алтыншы ұрпақ. Тұзы жеңілдеу, өйткені рухсыз, барлық құндылықтардан жұрдай, тек техникалық жетістіктерге ғана малданып отыр деп текке жазғырады.Барға бөлену – ойсыздыққа, парықсыздыққа, білімсіздікке, көргенсіздікке жетелемейді. Қайта алсаңыз ізденуге, білім іздеп, өнер қууға мүмкіндік береді. Рас, бұған дейінгі ұрпақтардағы өмірлік, әлеуметтік тәжірибе, ақыл – парасат бұларда жоқ шығар, бірақ бұл жастардың ешкімге ұқсамайтын саналығын, өз ой – пікірімен жүріп  тұратындығының, максимализмін жоққа шығаруға болмайды және оны алдыңғы буынға қарсы қою жараспайды. Олардың қарым – қатынастарындағы әлдекімдердің ізімен жүргісі келмейтін «өзім білеміндіктеріне» күдікпен қарау да ойлануды қажет етеді.

Бүгінгі таңда балалар көзді ашып–жұмғанша есейеді. Сондықтан да оларға дер шағында нақты өмір шындығы туралы ақиқат сабағын бер, дер шағында өз тәжірибеңмен бөліс және олардың ойымен санасып, түйген пікіріне құрметпен қара. Жас мемлекетімізге білімді ғана емес, білікті де азамат ауадай қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жастар өміріндегі мәнін талқылау, негізгі мақсаты мен принциптерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- мәлімет жинақтап, тақырыпты жан-жақты ашу;

- қазіргі замандағы жастардың ең өзекті мәселелерін талқылау;

- жастар саясатының бағыттарын сараптау;

- жастардың қоғамда алатын орнын  анықтау;

- жастарды қолдау жөніндегі  құрылған ұйымдар мен қабылданған  заңдарды қарастыру.

Зерттеу пәні болып жастар саясатын талқылау табылады.

Зерттеу әдістері: Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, қорыту, сараптау т.б. зерттеу әдістері қолданды.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»  Заңы (1998); Жастарға арналған инфрақұрылым; Жастардың азаматтық тәрбие жүйесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Өз мемлекетімізде мемлекеттік жастар саясатының концепциясы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы» өңдеу барысында 1988 – 1999 жылдарда қалыптасты. Бұл концепцияда жастардың негізгі құқықтары ғана емес, ең алдымен жас азаматтарды арнайы шараларды қолдану жолымен көмек көрсетудегі мемлекеттің міндеттері көрсетілген.Ал 1999 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға бірдей адам құқықтары Декларацияның өзекті идеялары мен қағидаларына,  Бас Ассамблеясының жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс – қимыл бағдарламасы 50/81 қатарына сәйкес құқықтары туралы Концепцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына және ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030. Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» - атты жолдауына сүйенген Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына көптеген өзгерістер енгізіліп, талқыланып өмірге келді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу нәтижелелрі қорытындыда қарастырылған.

         

 

 

 

 

 

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ  МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ

 

1.1 Жастар саясатының негізгі  бағыттары

 

  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін  ашу мақсатында жүзеге асырылады [15].

  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:

1) жастардың құқықтары мен заңды  мүдделерін қорғау;

2) жастарға көмек беру және  әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) жастардың әлеуметтік маңызды  бастамаларын іске асыру болып  табылады.

Қазақсатн Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:

1) ерекше әлеуметтік – демографиялық  топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану;

2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығына назар аудару;

3) тән саулығын сақтау және нығайту;

4) адамгершілік және рухани даму;

5) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

6) азаматтықты қалыптастыру;

7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын  іске асыру;

8) жастар мәселелерін шешудегі жүйелілік пен кешенділік;

9) Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы принціпіне негізделеді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:

1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын  сақтауды қамтамасыз ету;

2) жастар еңбегі мен олардың  жұмыспен қамтылуы саласындағы  кепілдіктерді қамтамасыз ету;

3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне  жәрдемдесу;

4) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;

5) жастардың тегін орта білім  алуына конституциялық құқығын  іске асыру үшін жағдай жасауды  қамтамасыз ету;

6) жастарды тәрбиелеу және оларға  жан – жақты білім беру үшін  жағдай жасауды қамтамасыз ету;

7) балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиелеуші жастарының құқықтары мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;

8) жастардың патриоттық және  азаматтық тұрғыда қалыптасуы  үшін жағдай жасауды қамтамасыз  ету;

9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;

12) жастардың мәдени бос уақыты  мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

13) дарынды жастарды мемлекеттік қолдау;

14) жастар саясатын жүзеге асыру  жөніндегі уәкілетті мемлекеттік  органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;

15) жастардың ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады [19].

 

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын   қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы

 

  Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар ұйымдарының аталған органдарымен өзара іс – қимыл жасауы арқылы, сондай -ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.

  Мемлекеттік жастар саясатының іске асыру жөнінде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттік  огандарда өз өкілеттіктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.

Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен консультатциялар жүргізеді.

  Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс – қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен таратуға құқылы.

Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс – шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультатциялық – кеңесші органдардың құрамына кіруге  құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық – кеңесші органдар құрылуы мүмкін [13].

  Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын – Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.

Жалпы Республикалық Қазақстан жастар форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық кеңесші органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.

  Жалпы республикалық Қазақстан жастар форумы өз құзыреті шегінде жастарға үндеу қабылдай алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру туралы ұсынымдар әзірлей алады.

 

 

1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер

 

  Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.

  Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:

1) психологиялық – педагогикалық, медициналық - әлеуметтік заңды көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;

2) өздерінің тәни кемістіктеріне  байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда  қалған адамдарға әлеуметтік  көмек;

3) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

4) мінез – құлқы девиантты  кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;

5) жастар арасындағы бас  бостандығынан айыру орындарынан  басталған, сондай – ақ арнаулы  тәрбиелеу мекемелерінен оралған  адамдарды, нашақорлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ – мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру;

6) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

7) жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның  ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да қызметтер;

8) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

  Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

  Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады [3].

Информация о работе Жастар саясатының негізгі бағыттары