Жеке тұлга туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:06, реферат

Краткое описание

Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Вложенные файлы: 1 файл

негизги болим.docx

— 34.83 Кб (Скачать файл)

Жеке тұлга туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Адам – өзіне тән  биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары  оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). 
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен - жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды  белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. 
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға  және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы  сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге  келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның 
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды. 
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.

Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда – адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).

Тәрбие және жеке тұлғалы әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.

«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде  әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.

Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен  құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің  мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды  салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі – құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.

Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде  бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің  маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині  саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы  мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.

Түлғаның әлеуметтік даму барысында  қоғамда адам өзін тұлға ретінде  сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді. 
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан».

Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін  табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек. 
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.

Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.

Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын  талдау, олардың барлығын осы аталған  позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.

Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып  қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды.

Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.

Бірінші – мегафакторлар (мега- ете үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен) 
- ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүрстін 
тұрғындарды әлеуметтендіру.

Үшінші — мезофакторлар (мезо-орташа) 
- тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке 
қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру 
жағдайы.

Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.

Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны  жеке түлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.

Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны; 
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны 
әлеуметтендіру; 
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы,. орта және тәрбие 
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет — материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің «Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде зерделеген.

С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.

Материалдық мәдениет адам қолымен  жасалған материалдық құндылық заттардың  жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.

Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.

Информация о работе Жеке тұлга туралы түсінік