Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 12:38, доклад

Краткое описание

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

ТОЛЕБАЕВА А .Е құқық және экономика 2курс.docx

— 20.25 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.  
      Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.  
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.

 Мектепке дейінгі білім  берудегі жағымды өзгерістер  динамикасы мектепке дейінгі  тәрбие жүйесінде проблемалардың  бар екендігін жоққа шығармайды: 

 
1. Мектепке дейінгі тәрбиені  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету  осы күнге дейін мектепке дейінгі  тәрбие – бұл мектепке дейінгі  ұйым принципі бойынша іске  асырылды. Сондықтан, мектепке дейінгі  педагогика саласындағы ғылыми-әдістемелік  зерттеулердің көбісі мектепке  дейінгі мекемелерді ұйымдастыру  проблемаларына келіп тірелді. Осыған  байланысты мектепке дейінгі  білім беру методологиясы мойындалмай  келді және қажетті нәтиже  бермеді. Сонымен қатар, мектепке  дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына  байланысты, әсіресе ауылдық жерлерде  білім алуға қол жетімділік  және оларды әдістемелік сүйемелдеу  айтарлықтай шектелді. Осының бәрі  мектепке дейінгі білім берудің  стандарты мен сапасына қойылған  талаптардың төмендеуіне әклді.  
2. Соңғы уақытқа дейін кәсіптік және ақпараттық мониторингінің қажеттілігіне мән берілмеді, ал мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесі өте нашар дамыған және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап бере алмады, бұған қоса, мектепке дейінгі білім беру жүйесі мамандарын даярлау әліде болса дәстүрлі кеңестік үлгіде қалып отыр.  
3. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары осы бағытта жеткіліксіз тиімді жұмыс істеді, себебі, елімізде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты мектепке дейінгі мамандарды даярлау қажеттілігі болмады. Қорыта айтқанда, бұл мәселе бүгін ерекше өзекті болып отыр, өйткені мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің педагогикалық мамандарының тапшылығы байқалады, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін педагог мамандығы жастарды қызықтырмайды, осыған байланысты мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалады. 
     Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Мақсаттар мен міндеттер оқыту процесінің мақсатты компоненті

болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңдегі оқытудың мақсаты

қоғамдық-тарихи (әлеуметтік) тәжірибе элементтерін үлкен адамдардың

жүйелі түрде балаларға беруі және балалардың оны меңгеруі. Оқытудың

мақсатын әлеуметтік тәжірибенің белгілі бір үзігін баланың саналы түрде

меңгеруі ретінде анықтағаннан кейін, әлеуметтік тәжірибе элементтерін

анықтау маңызды. Соларды атайық: өзі және айналасындағылар

жөніндегі білім жүйесі; іс-әрекет тәсілдері; балалардың алған білім,

білік және дағдылары негізіндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

балалардың қоршаған дүниеге, өзіне, басқа адамдарға эмоционалдық-

құндылық қатынастар тәжірибесі.

Бұл элементтерді меңгеру мектепке дейінгі мекемеде басталады

да адамның бүкіл өмірі бойы - білім беру мекемелерінде, күнделікті

өмірде, өзімен-өзі болғанда да (стихиялы түрде және мақсатты бағытты

түрде) жалғаса береді.93

Әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – эволюцияның

маңызды жемісі, әрбір буын ұрпақ өзінің дамуында алға қарай жылжы-

май іс-әрекет және қарым-қатынас тәжірибесін жаңадан меңгеруі керек

болар еді.

Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың жалпы мақсаты әр

кезеңде және балаларды оқытудың әр түріне қарай нақтыланып отыра-

ды. Мақсат әр кезеңдегі міндеттерге байланысты өзгеріп отырады және

жалпы мақсатқа бағынады. Оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің

сипаттамалары мынадай жағдайлармен анықталады:

- балалардың жас және  жеке ерекшеліктерімен;

- мемлекеттік жалпы міндетті  білім стандарты талаптарымен;

- педагогикалық ұжымның  таңдаған білім беру бағдарламасы-мен;

- білім беру процесіндегі  іс-әрекет түрімен (сабақ, дидактика-лық

ойындар, экскурсиялар);

- жалпы дидактикалық жүйедегі  сабақтың орнымен;

- мектепке дейінгі мекеме  педагогтарының ерекшеліктерімен  және

мүмкіндіктерімен, оның кәсіби біліктілік деңгейімен;

- мектепке дейінгі мекеменің  материалдық-техникалық база-сымен

және басқа факторлармен.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың міндеттері қоғамдық-

тарихи тәжірибені күшейтудің басты мақсатымен анықталады. Оқыту

процесінің функциялары міндеттердің сипатын және бағытталғандығын

анықтайды (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық).

Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың негізгі жалпы

міндеттері

1. Баланың өзі және  айналасындағылар туралы түсінігін

қалыптастыру.

2. Балалардың жалпы ой-өрісін  дамыту.

3. Балаға әртүрлі іс-әрекетке (қозғалыс, көркем-эстетикалық,

танымдық, ойын, еңбек, конструктивтік және т.б.) араласуға мүмкіндік

беретін жалпы және арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру.

4. Таным процестерін (сезіну, қабылдау, ойлау, ес, зейін) және ой-

лау операцияларын (анализ, синтез, жалпылау, классификация, салы-

стыру, абстракциялау және т.б.) дамыту.

5. Мектеп жасына дейінгі  балалардың өзінің таным әрекетін

ұйымдастыру (сабақ орнын дайындау, істелетін жұмыстардың ретін

жоспарлау, іс-әрекет барысы мен оның нәтижесін бағалау, бірге және

жеке жұмыс істеу) қабілеттерін қалыптастыру.94

6. Баланың тыңдау, жауап  беру және сұрақтар қою, нұсқау  бойынша

әрекет ету, оқу міндетін орындау, сабақта оқыту процесінде еркіндікті

сақтау білігін қалыптастыру.

7. Балалардың білуге құштарлығын  және танымдық

қызығушылығын дамыту.

8. Алған білімді, білікті  және дағдыны шығармашылықпен

түсіндіріп талдап беру қабілетін дамыту.

9. Оқу-таным, зерттеу, жаңа  білім мен тәжірибені меңгеру, оқыту

процесінде педагогпен өзара конструктивтік ықпалдастық әрекеттеріне

жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

10. Балалардың мектепте  оқуға жалпы және арнайы дайындығын

қалыптастыру.

Бұл жалпы міндеттер балалардың жасына, оқу материалының

бағыттылығына, оқыту түріне, оны дараландыру қажеттілігіне қарай

нақтыланады.

6.3 Мектеп жасына дейінгі  балаларды оқыту процесінің

құрылымы, функциялары, қозғаушы күштері

Оқыту процесі балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту

және өзін-өзі дамыту процестерімен қатар мектепке дейінгі мекемедегі

біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі болып табылады.

Процесс ретінде оқыту процесінің мәнін ашу үшін оның құрылымын,

функцияларын, мектепке дейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру

қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың құрамдық

компоненттерін анықтаудың негізінде Ю. К. Бабанскийдің

педагогикалық процесс пен оның жеке аспектілерінің бірыңғай

құрылымы жөніндегі ұстанымы жатыр.

Сонымен, оқыту процесінің құрылымында өзара байланы-

сты бес компонент бар: қарқынды-мотивациялық (мектеп жасына

дейінгі балалардың таным белсенділігінің мотивациясын көздейтін);

мақсатты (мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың мақсаты

мен міндеттерін көрсететін); мазмұндық (мектепке дейін білім беру

мазмұнын анықтайтын); бақылаушы-реттеуші (бақылауды, реттеуді,

оқыту барысы мен нәтижелеріне тиісті түзетулер енгізіп отыруды

көздейді); бағалаушы-нәтижелі (оқыту нәтижелерін диагностикалауды

қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі

балаларды оқытудың жаңа мақсаттары мен міндеттерін қою).95

Оқыту процесі екіжақты сипатта болады: педагогтың іс-әрекеті

(оқыту) және балалардың  іс-әрекеті (оқу). Мектепке дейінгі  кезеңде

оқыту бір мезгілде балалардың үлкен адамдармен бірге іс-әрекетінсіз

(жеке немесе ұжымдық), бұл екі жақтың дидактикалық  өзара әсерінсіз

мүмкін емес. Үлкен адам бұл кезде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік

тәжірибенің қайнар көзі және оны танудың бала үшін маңызды құралы

болып табылады, оны бала меңгере алады (жас, физиологиялық және

басқа да ерекшеліктеріне қарай).

Өткен материалға сүйене отырып (3-тақырып) еске түсірейік,

оқыту процесінің қозғаушы күші қайшылық. Дидактикалық проце-

сте қайшылық мысалы ретінде мынадай жағдайлардан туындайтын

қайшылықтарды көрсетуге болады:

- қоғамның, мектептің талаптары  мен мектепке дейінгі мекемеде

балалардың білімінің, дамығандық деңгейі және оларды дайындаудың

нақты деңгейінің арасындағы;

- балалардың танымдық  сұраныстары мен оларды

қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы;

- қоршаған дүние, өзі, басқа  адамдар туралы алған бұрынғы  білімі

мен жаңадан алған білімінің арасындағы.

Қайшылықтар тізімі ары қарай ойлану мәселесі болуы мүмкін

және оны жалғастыруға, нақтылауға, сыртқы және ішкі қайшылықтарға

жіктеуге және т.с.с. болады.

Оқыту заңды түрде мектеп жасына дейінгі бала тұлғасына, оның

дамуына, тәрбиесіне, біліміне әсер етеді. Сондықтан дидактика-

да оқытудың өзара байланысты үш функциясын бөліп көрсетеді:

дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық. Тәрбие процесінен

айырмасы оқыту процесінде дидактикалық функция жетекші рөл

атқарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Ұсынылатын әдебиет

1. Айзман Р. И., Жарова Г. Н. и др. Подготовка ребенка к  школе. –

М., 1991.

2. Божович Л. И. Отношение  дошкольников к учению как  психоло-

гическая проблема // Вопросы психологии школьников. – М., 1951.

 


Информация о работе Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері