Салыстырмалы саяси әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:41, реферат

Краткое описание

Салыстыру әр түрлі әлеуметтік ғылымдарды зерттеудегі әмбебап құрал болып табылады. Бұл жерде тек мемлекетаралық салыстыру ғана емес, сонымен қатар, бір мемлекеттегі әйелдер мен ерлердің, қарттар мен жастардың, қалалық немесе ауылдың іс- әрекеті салыстыру жатады. Салыстыру- бұл ойлаудың қарапайым түрі. Мәселен, халықты, саяси институттарды басқа халықтармен, олардың ойлары мен саяси институттарымен салыстыра зерттеуден қарапайым нәрсе жоқ.

Вложенные файлы: 1 файл

салыстыр саяси.docx

— 12.12 Кб (Скачать файл)

Салыстырмалы  саяси  әлеуметтану 

"Салыстырмалы саяси  әлеуметтану" еңбегінің авторы  М. Доганның пікірі бойынша,  саяси әлеуметтану салыстырмалы  болуы қажет, себебі саяси өмірдің  құбылыстарын әлеуметтік- саяси  контекстінсіз, тарихи аналогия  мен басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескермей жеке құбылыстарды талдаудың мағынасы жоқ.

Салыстыру әр түрлі әлеуметтік  ғылымдарды зерттеудегі әмбебап  құрал болып табылады. Бұл жерде  тек мемлекетаралық салыстыру ғана емес, сонымен қатар, бір мемлекеттегі әйелдер мен ерлердің, қарттар мен  жастардың, қалалық немесе ауылдың іс- әрекеті салыстыру жатады.

Салыстыру- бұл ойлаудың қарапайым түрі. Мәселен, халықты, саяси  институттарды басқа халықтармен, олардың ойлары мен саяси институттарымен  салыстыра зерттеуден қарапайым  нәрсе жоқ. Біз салыстыру арқылы оқиғаны жеке тұлғалар, әлеуметтік қауымдастықтар мен мемлекет позициясынан объективті түрде бағалауға мүмкіндік  аламыз.

Бірақ компаративистер қоршаған ортасын дұрыс түсінуге ғана ұмтылмайды, олар бақылау өрісін кеңейте отырып, әлеуметтік заңдылықтар мен бақыланып отырған әлеуметтік құбылыстардың себебін анықтауға тырысады. Қазіргі таңда 160-қа жуық дербес мемлекеттер бар. Олардың әр түрлі аспектіде, әр түрлі үйлесімде қарастыруға болатындай өзіне тән ерекшеліктері бар. Осы салада түрлі сұрақтар туындайды, олар зерттеудің барлық түрін қамтиды- суреттеуші, теориялық, арнайы, әмбебап.

Салыстыру- бұл тәжірибе жинаудың және мәлімет алудың негізгі  тәсілдерінің бірі. Себебі жеке дара фактіні  түсіну көп фактілерді түсінуге әкеледі. Мәселен мемлекеттерді өзара  салыстыру арқылы біздің  кез  келген саяси құбылысты түсінуімізге  мүмкіндік тудырады. Бір мемлекетті, саяси құбылысты зерттейтін зерттеуші  үшін қалыпты көрінген құбылыс компаратив үшін аномальді, яғни нормадан ауытқу болуы мүмкін. Француз тарихшысы  Ф. Бродель жазғандай, "Лондонда бір  жыл тұрып көріңіз. Сіз Англия туралы көп нәрсе біле алмайсыз. Бірақ сіз оны Франциямен салыстыратын болсаңыз, сізге бұрын үйреншікті көрінген Францияның өзіндік ерекшеліктері түсінікті бола бастайды".

Салыстырмалы әлеуметтанудың да, саясаттанудың да мақсаты суреттелген  сипаттамаға қарағанда, түсініктемелік сипаттағы түсінік қалыптастыру болып табылады.


Информация о работе Салыстырмалы саяси әлеуметтану