Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 07:27, реферат

Краткое описание

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес.

Вложенные файлы: 1 файл

kz.doc

— 171.00 Кб (Скачать файл)

1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу - әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған.  Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.

1937 жылғы халық санағының қорытынды  мәліметтері өңделіп қатаң түрде  құпияландырылған. Өңдеушілер жоғалтылған  мәліметтер үшін сотқа берілген болатын.

1937 жылғы халық санағы халықтың  ұлттық құрамы бойынша мардымсыз  мәліметтер берген болатын.

 

1937 ж халық  санағының Қазақстандағы халықтың  ұлттық құрамы бойынша саны

 

Ұлты

Халық саны

% бен

Барлық халық

5 126 676

100

қазақтар

2 181 520

42,6

орыстар

1 917 673

37,4

украиндар

549 859

10,7

өзбектер

109 978

2,2

татарлар

92 096

1,8

немістер

80 568

1,6

ұйғырлар

32 982

0,7

мордвалар

21 511

0,4

дүнгендер

7 007

0,1

қырғыздар

5 024

0,1

өзге де

128 458

2,5


 

ССРО аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541.

ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары өте нашар жүргізілген еді, соған қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын көрсеткен.

 

Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.)

    мың. адам

жылдар

1930

1931

1932

1933

1934

1935

1936

абсолюттік саны

5873,0

5114,0

3227,0

2493,5

2681,8

2926,0

3287,9

жыл бойына абсолюттік өсімі

 

-759

-1887

-734

+188,3

+244,2

+361,9


 

 

Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен  халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып  оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.

1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да  тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті  қорытындыларды берген жоқ, оның  қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын ұлғайтқан.

1939 жылғы санақтың мақсаты партия  және үкіметтің бұйрығымен берілгенді  есептеу болған. Статистика осы  қойылған шартпен орындап шығатындығына  ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертілген: жүздеген поселкілер қала атағын алған. Қорытындыда керекті цифрларды алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті.

Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан келетін облыстардың, бір сәтте халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі керек болған. Сондықтан қамауда отырған адамдарға арналған санақ парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .

Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.

Үкіметке санақтан алынған қорытындылар аса көңіл қонарлықтай болған жоқ, соған қарамастан тағы да бір халық санағын ақаулы санақ деуге де болмады. Соңында ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде басылымдарға шығарған. Санақтың басты мәліметтерін онымен қоса басылымға дайындалған жеті томдық басылымды қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы мүмкін еді.

Санақты саясаттандырыу мен идеологияландырудың арқасында методологиялық және методикалық деңгейі күрт төмендеді. Статистикалық мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ мәліметтерінің қайталап есептеуін Қазақстанның әкімшілік-территориялық облыстары жүргізген бойынша.

 

1926 және 1939 ж.ж. Қазақстандағы  халық санағы бойынша халықтың  этникалық құрамы

 

 

1926 жыл

Абсол.

% бен

1939 жыл

Абсол.

% бен

Барлық халық

6 198 467

100

6 093 507

100

Қазақтар

3 627 612

58,5

2 313 674

38,0

Орыстар

1 275 055

20,6

2 449 128

40,2

Украиндер

860 201

13,9

656 676

10,8

Немістер

51 094

0,8

92 379

1,5

Татарлар

79 758

1,3

106 943

1,8

Өзбектер

129 399

2,1

103 240

1,7

Белорустер

25 584

0,4

31 309

0,5

Ұйғұрлар

63 432

1,0

35 354

0,6

Корейлер

42

0,0

95 903

1,6

Басқа да ұлттар

86 290

1,4

208 902

3,3


 

Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.

1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда тағы бір кезекті халық санағы жүргізілді. Санақ есепке алу кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні)  сол ғимараттағы адамдар, сол ғимаратта тұрақты немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге, санаққа алынбауы мүмкін болатын жерлерге кеткен адамдар санаққа алынған. Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен, Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық қоныстар: Талғар, Сырдария және т.б. құрылған.

 

Қазақстандағы 1959 жылғы халық санағының ұлттық құрамы.

 

Ұлты

Ұлттың саны

%-бен

Барлық халық

9309847

100

Қазақтар

2794966

30

Орыстар

3974229

42,7

Украиндар

762131

8,2

Немістер

659751

7,1

Татарлар

191925

2,1

Өзбектер

136570

1,5

Корейлықтар

74019

0,8

Ұйғырлар

59840

0,6

өзгеде ұлттар

656416

7


 

1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық  халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды.

1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар  аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз  ету үшін Бүкілодақтық халық  санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық  санақтары сияқты қаңтар айының  орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын арнайы іріктеліп дайындалған сұхбатшылар халық тұратындай немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні сағат 12-00 ден бастап есепке алынған. Тұрақты тұратын халықтың санына уақытша кеткендер де есепке алынған болатын. 1970 жылғы халық санағы бағдарламасы барлық халыққа арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы  сұхбатталған тағы 7 сұрақтан тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың халықпен сұхбат жүргізу арқылы толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар аралығында 6 күн бойы санақтың дұрыстығын тексеру мақсатында іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар сұхбатшылармен біріге отырып жүргізді. Қайталап бақылау мен қалалық жерлердегі әрбір есептік учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған. Қайталап бақылау нәтижесінде халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке алынбағандығы анықталды, ал бүкіл халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш 0,25%-ды құраған. Халық санағының қорытындысын өңдеу мен дайындау кезінде әкімшілік – территориялық қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ пен Өзбек ССР араларындағы шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.

Информация о работе Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер