Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 15:14, реферат

Краткое описание

Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

жастар.docx

— 23.81 Кб (Скачать файл)

   Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Деклараңиясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына", Сәби құқықтары туралы Конвенңияға, Қазақстан Республикасының Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. 
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. 
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік- мәдени тәжірибесін, элем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.

Негізгі мақсаты[өңдеу]


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:

  • 1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.

  • 2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастар¬дың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

  • 3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.

  • 4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.

  • 5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

  • 6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:

  • жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

  • өркендеу мен жаңашылдық;

  • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;

  • жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қара- мастан жаппай қамту;

  • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;

  • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.

Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртүтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:

  • жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

  • білім, еңбек және жүмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;

  • жас таланттарды қолдау мен шыңдау;

  • жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;

  • балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

 

 

 7-бап. Жастардың  саяси құқықтары мен бостандықтары      

 Қазақстан  Республикасының жастары Қазақстан  Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.    

  8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы  
              кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын  
              шешуге жәрдемдесу     

1. Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттiк жастар  саясаты еңбек және жұмыспен  қамту саласында: 
      1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту; 
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
      3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау; 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Қазақстан Республикасының жастарына:  
      1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге; 
      2) мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге; 
      3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi. 
      3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).    

  9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi  
              мемлекеттік қолдау     

1. Жастар жүзеге  асыратын кәсіпкерлік қызметке  байланысты қатынастар Қазақстан  Республикасының заңдарымен және  осы Заңмен реттеледi. 
      2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi. 
      3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланатын тұлғаларға: 
      1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар; 
      2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары; 
      3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады. 
      4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау:  
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi; 
      2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту; 
      3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту; 
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
      5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiмдер жасасу мақсатында мемлекеттiк органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. 
      5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi.  
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

4-тарау. Қорытынды  ережелер

 

      18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан  
               Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн  
               жауаптылық     

 Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.    

  19-бaп. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану     

 Осы Заң  күшiне енген кезде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде соған сәйкес келтiрiлуге тиiс.    

  20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi     

1. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.  
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:  
      1) "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР-iнің Заңы (Қазақ CCP Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 377-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат);  
      2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң "Қазақ CCP-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақ CCP Заңын күшiне енгiзу туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 378-құжат).     

  Қазақстан Республикасының  
      Президентi


Информация о работе Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы