Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 13:52, реферат
1)Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі;
2)Дүниежүзілік дағдарыс және оның Қазақстанға әсері.
Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі.Дүниежүзілік дағдарыс және оның Қазақстанға әсері.
Жоспар:
1)Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі;
2)Дүниежүзілік дағдарыс және оның Қазақстанға әсері.
1)Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің өрекетін пайдалануға өкілетті". БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мөселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды. БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағындарын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттықдың әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру. " БҰҰ және оның органдары өз алдарына іргелі мәселелер қоятын кең дамыған саяси жүйені көрсетеді. Ол мәселелер: Жер планетасындағы бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік прогреске жан-жақты көмек көрсету және кең көлемдегі іргелі мәселелерді шешу. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі рөл атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған және мемлекет іске асыратын құқықтық нормалар мен принңиптер шеңберінде әрекет етеді. Тек мемлекет қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне және күшпен құралдары арсеналын тарату құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың өзара әрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси шынайылықты құрайды. Казіргі кездегі халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады. Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдцелерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникациямен ақпараттық камтамасыз етудің Қазіргі заманғы құралдары жасалынады және т.б. яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.Постиндустриализм экономикалық ахуалдың деңгейі ретінде кейбір дамыған елдердің өмірі үшін ғана тән болса да, көптеген мемлекеттер мен елдер индустриалдық және индустриалдыққа дейінгі даму процесін басынан кешіруде. Постиндустриализм экономикалық және өлеуметтік дамудың іргелі және басты ағымы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының деңгейімен санаспай барлық елдерді өзінің түңғиығына тартып алады. Постиндустриализм өзінің экономикалық мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-мәдени ықпалы бойынша ұлттық-мемлекеттік және аймақтық шеңберде тұйықталынып қалуы мүмкін емес. Ол ұлттық-мемлекеттік, аймақтық шеңберден шыға отырып, белсенді түрде жалпығаламдық мәртебеге ие болады. Постиндустриализмнің қазіргі халықаралық қатынастарга ерекше ықпалын тигізетін адамзат өркениеті дамуының жаңа сатысы екені даусыз. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады. Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз. Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа постиндустриалдық жағдай жалпы адамзаттық мәртебеге ие (БҰҰ төрізді ұлттық) құрылымдар мен нормалардың мәнін көтеруі керек, олардың одан ары дамуы және проблемалық толығуы халықаралық құқыққа ие болуы қажет. Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.
Мемлекеттер арасындағы іргелі идеологиялық
және саяси ерекшеліктердің
Еуропа бірлестігі, Еуразиялық кауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка мемлекеттерінің ұйымы, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мүдцелерінің бірлігі төрізді аймақтық ұлттық әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың еуразиялық идеясы — өте жемісті және перспективалы идея. Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықкң бейбітшілікгі жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позиңияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принңипті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акңиялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші бо- лып қолданудан бас тартады». Тұтастай алғанда, қазіргі халықаралық жағдайға адамзат тегінің өсіп отырған субъектілігі айтарлықтай әсер етеді. Аса ірі мәдени потенциал жинақталған. Адамзат практикалық өрекеттің аспабы ретінде табиғаттың дүлей күштерін пайдалануға қабілетті. Адам табиғаттың тылсым құпияларын тани отырып, қоршаған ортаның өзгертушісі болады. Осының барлығы адам әрекетімен жүзеге асады. Адамзат субъект ретінде әрекет ететін өз мүдделері бар және оларды іске асыруға үмтылатын әрқилы құрылымдарға бөлінген: құрлықтар, аймақтар, мемлекеттер, нәсілдер, этникалық құрылымдар, ұлттар, таптар, сословиелер, әлеуметтік топтар. Олардың өзара қатынасы саяси шынайылықты құрайды. Халықаралық қатынастар осы саяси шынайылықтың бір бөлігі болады. Олар, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастар ретінде қызмет етеді, өйткені саяси қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері мемлекеттік саясатта көрінеді. Мемлекет оларды мемлекеттен тыс халықаралық аренада көрсетеді. Барлық мемлекеттік құрылымдар халыкаралық аренада әрекет етеді және байланыстың ерекше мемлекетаралық каналын — дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастырады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметі өкілдік және ақпараттық тәрізді екі негізгі функцияны атқарады. Осы функциялардың екеуі де мемлекеттің табысты халыкаралық қызметі үшін аса маңызды.
2)Дүниежүзілік қаржы дағдарысы АҚШ тарапынан айналымға 700 миллиард доллар және Еуроаймақ пен Еуроодақтың бұл аймаққа енбейтін, өздерінің Ұлттық валюталарын сақтап қалған елдерін қосқанда 2 триллионның сыртында, жалпы сомасы 3 триллион доллардан асатын қаржыны еркін айналымға шығарғанымен, бәсеңдейтін түрі жоқ. Исландия өзінің дефлоттық жағдайға тап болғанын мәлімдеп, жан-жақтан көмек сұрады. Еуроодақтың Германия, Англия, Франция секілді алып елдері де жеке сектордағы банктерді мемлекет меншігіне сатып алуды бастады. Әлемнің бүкіл түкпір-түкпіріндегі қор биржаларында индикатор-индекстері әрбір сауда-саттық сайын құнсыздануын жалғастырып жатыр. Мұнай бағасы айтарлықтай түскенімен, биржалардағы құнды қағаздар бағасы өсе қойған жоқ. Еуроның құнсызданғаны соншалықты ол қазір АҚШ-Ирак соғысы басталған кездегі деңгейінен де төмендеп кетті. Ағылшынның және Швейцарияның осы уақытқа дейін АҚШ долларынан екі есеге жуық қымбаттаған Ұлттық валюталары осы соғыс басталғандағы дәрежеге таяп қалды. Ресей рублі де құнсыздануын жалғастырып жатыр. Керісінше Жапон иені бағасын өсіре түсті. Жапония қор биржаларындағы Nіkі индикатор-индексі ұдайы төмендеуін жалғастырған жағдайдың өзінде иен бағасы көтеріліп тұр. Жапондықтар енді бағасы ұдайы өскен иен-тауардың өтімділігі төмендейді деп үрейленуде. Біз бұл елдің орталық банкінің міндетіне инфляциямен күрес емес, керісінше дефляциямен күрес енетінін білеміз. Олай болса бұл елдің орталық банкінің басшылығы бағасы аса жоғарылап кеткен иеннің тізгінін тежеу амалын табуы керек, бірақ қазіргі болжам бойынша ол табылмай тұр. Және мұндай тізгіннің жуыр арада табылуынан үміт шамалы. Демек Дүниежүзілік валюта қорының 2008 жылы әлемдік жылдық жалпы ішкі өнім өндіруде рецессия болады деген болжамы қазірдің өзінде ақиқатқа айналды деп толық айтуға болады.
Дүниежүзінің мемлекеттік және басқа да ықпалды институттарының ең жоғары лауазымды қайраткерлері мұндай дүрбелеңмен күрестің амалын қарастырып сарсаңға түсуде. Өтіп бара жатқан айдың орта шенінде Стакгольмде бас қосқан еуроаймақ мемлекеттерінің басшылары «аурудың» емін кең көлемде ақылдасып таппаса болмайды деген тұжырымға келген. Сөйтіп қараша айында дүниежүзіндегі ең мықты 20 мемлекеттің басшысы және Дүниежүзілік валюта қорының жетекшісі Нью-Йоркте бас қосып, нақты шара қолдануға келісті. Одан не шығары әзірге белгісіз. Еуроаймақтағы қаржы сарапшылары «халықаралық валюта өзгерер» деген болжам айтуда. Бұл болжамды бұдан әлдеқайда бұрын біз де айтқанбыз. Осы орайда ескертетін ең маңызды тұс – айналымға жалпыға бірдей ортақ халықаралық валюта енгізу ең дұрыс қадам, бірақ ол көптеген уақытты қажет ететін ауқымды іс болары сөзсіз.
Халықаралық ОПЕК ұйымының мүшелері таяуда бас қосып, өздерінде өндірілетін тәуліктік мұнай мөлшерін 1,5 баррелге қысқартуға келісті. Олардың пайымдауларынша, «Әлемдік қаржы дағдарысына мұнай бағасының жоғары болуы әсер етпеген. Мұның айқын дәлелі – мұнай баррелі 140 доллардан 70 долларға дейін түсіп, екі есе арзандаса да қаржы дағдарысы шиеленісті жағдайын тоқтатпай тұрғандығы. Сондықтан да мұнай баррелінің бағасы 70-90 доллар көлемінде болуын қамтамасыз ететіндей ғана өнім өндіріп, экспорттау керек». Мінеки, ОПЕК ұйытқылары осындай тоқтамға келіп Ресей, Венесуэлла, Норвегия мемлекеттеріндегі басшыларды өздерінің бұл қадамын қолдауға шақырды. ОПЕК ұйытқыларының бұлай істейтін де жөні бар, біріншіден, ОПЕК ұйымына енетін елдер әлемдік нарықтағы жалпы мұнайдың шамамен 30 пайыздық мөлшеріне ғана ие. Ал Ресей Федерациясы 10 пайыз, жоғарыда аталған екі ел ел шамамен 7 пайыз үлеске ие. Демек ОПЕК шешімін жоғарыда аталған мемлекеттер қолдамаса болмайды. Мұны жете түсінген Ресей Федерациясының басшылығы мұнай экспортына квота белгіледі. Ресей премьер-министрі В.Путин «Біз байлығымызды арзанға сата алмаймыз» деп кесіп айтты. Венесуэлла басшылығы елдегі қара алтын өндірісін толық ұлт меншігіне айналдырды. Ал бұл негізінен АҚШ энергетика көздерін «қоректендіріп» тұрған ел. Олай болса таяу болашақта мұнай бағасы қайтадан көтерілетініне сене беруге болады.
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында одан сақтанудың әр түрлі жолдары әр түрлі топта өзінше қарастырылуда. Таяуда ғана әлемдік газ экспортының 60 пайыздан астамына билік жүргізіп отырған елдер басшылары (Иран, Катар, Ресей Федерациясы) «газ Опегін құрамыз» деп шешті. Ал АҚШ бастаған Батыс әлемі бұрыннан ойда жүрген мұндай қадамға қауіппен қарайды.
Не керек, 2007 жылдың тамызында АҚШ ипотека жүйесінен бастау алған қаржы дағдарысы 2009 жылды өршіген қалпында қарсы алатын түрі бар. Осы орайда еске Гонконгте өткен ғасырдың 90 жылдарында басталып бүкіл әлемге біраз «дерт» болған «Оңтүстік-Шығыс Азия қаржы дағдарысы» деген атпен экономикалық тарихқа енген дүрбелеңге баға берген Индонезия Премьер-министрінің сөзі еске түседі. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының мәртебелі мінберінде де, Кулуа Лумпур қаласында өткен дүниежүзі жетекші елдері басшыларының ресми басқосуында да бір ойын ерекше қайталап, қадап айтқан еді. «Оңтүстік-Шығыс Азияда басталған қаржы дағдарысы, – деген ол – экономикадағы әлсіздік немесе қаржы жүйесін басқарудағы қателік жемісі емес. Бұл қор биржаларындағы ақшалы алыпсатарлар ойынының ауыр зардабы және бұл іс – әдейі мақсатты түрде жасалған бір адам емес, үлкен топтың қаскөйлік әрекеті».
Дүниежүзілік валюта қоры осындай мәлімдемеден соң сараптамалық зерттеу жүргізгенде мынадай ақиқаттың беті ашылды: әлемде ықпалды 5-6 топ бар. Олардың қолындағы қаржының молдығы сондай, дүниежүзінің кез келген нүктесіне қалаған уақыттарында шамамен 900 миллиард доллардың сыртындағы қаржыны жеткізе алады. Бұл сараптаманың нәтижесі белгілі болғанына да 5-6 жылдың жүзі болды. Одан бергі уақыт ішінде көрсетілген соманың әлдеқайда өскені баршаға аян. Бір ғана Уорен Баффет бір жылдың ішінде әлемдік қаржы ойынынан 20 миллиард долларға жуық пайда тауып шыққаны белгілі. Демек бүгінгі қаржы дағдарысы да әлемдік экономиканың замана талабына сай жұмыс істей алмай тұрғандығынан емес, бәлкім осы қаржы ойыны алаңында ақшалылардың тым көбейіп кетуінің кермек жемісі шығар. Олай болса оны тежеуге бүгінгі таңда әлем мемлекеттері айналымға шығарып үлгерген 3 триллион доллар көлеміндегі қаржы жеткіліксіз. Сол себепті де қаржы әлеміндегі «былық» әлі жалғаса бермек.
Қазақстан – мейлінше интеграцияланған әлемдік үлкен ағзаның бір бөлшегі. Ол үлкен ағза «дүниежүзілік қаржы-экономикалық жүйе» деп аталады. Демек ағзаның өзге мүшелерінде пайда болған дерт келесі бір мүшенің жұмысына әсер етпей қоймайды. Мұны біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы кезінде де, осы жолы да сезіндік. Оңтүстік-Шығыс Азияда басталған қаржы дағдарысы кезінде егемендігін жаңада алған республикамыз әлемдік жүйеге онша интеграциялана қоймаған еді. Сондықтан да оның әсері негізінен теңгенің девальвациясын сәл ұлғайтуға ғана жетті. Бір қызығы, сол дағдарыс кезінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен «дүркірей қашқан» қаржының бір азғантай бөлігі Қазақстан үстінен «себелеп өтіп», дамуымыздың жеделдеуіне септігін тигізген. Ал бұл жолы дамудың даңғыл да қарқынды жолына түскен Қазақстан үшін әлемдік қаржы дағдарысының зардабы біраз болды. Екінші деңгейдегі банктеріміз сырттан «қорлана» (фондирование) алмайтын жағдай қалыптасты. Керісінше бұрын алған несиелерін қайтаруға тура келді. Сондықтан да Қазақстанның ипотекалық жүйесі біраз ақсады. Ипотекалық несие арқылы «май шелпекке кенелеміз» деген топ тақырға отырып қалды. Халыққа үлестірілген несие қайтарымы іркіліске ұшырады. Жылжымайтын мүлік құны екі еседен астамға түсті. Тұрғын үй бағасының түсуі әлі де жалғасады. Өйткені ол Қазақстан халқының нақты табысына шақталмаған, алыпсатарлардың қолдан жасаған бағасы еді. Солай бола тұрса да, өз егемендігін алған 18 жылдың ішінде ауқымды істер тындырып үлгерген мемлекет басшылығы қазынамызға Ұлттық қор мен Ұлттық банктің тұрақтандыру қорындағыны қоса есептегенде 50 миллиард доллардың сыртында мол қаржы жинақтаған болатын. Оның үстіне Қазақстанның бағасы төмендемеген шикізаттық экспортынан түсетін валюталық кіріс елден бұрынғы алынған несиелердің қайтарымы ретінде шет елдерге шығарылатын валюталық шығысты толық жабатындай деңгейден де артық. Міне, осы екі жағдай Қазақстанның қарқында дамуын сақтап қалып отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нарықтық дүниенің құбылмалы мінезін жетік білетін көреген тұлға болып шықты. Кейбіреулер кезінде неше түрлі наразылық пікірлерін білдірсе де, Елбасымыздың тікелей нұсқауымен құрылған жоғарыда аталған қорлар бұл күндері отандық экономиканы дамытудың қайнар бұлағына айналғандай. Үстіміздегі айдың орта шенінде Президент Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізіп, онда Қазақстан Республикасы дамуының бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі стратегиясын белгілеп берді. Мемлекеттік екі үлкен құрылым «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингі біріктіріліп, қандай дауылға да болса қарсы жүре алатын алып және қуатты үлкен бір құрылым өмірге келді. Бұл құрылым Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесіне локомотивтік қызмет атқарып, бүкіләлемдік дағдарысты жағдайдың өзінде еліміздің ырғақты және қарқынды дамуын жалғастыра беруде үлкен қызмет атқарары сөзсіз.
Еліміздің Парламенті дамуымыздың алдағы үш жылға арналған бюджетін бекітті. Бюджетте аздаған дефицит қарастырылған екен. Біздің болжауымызша, бұл аса сақтықпен «арық айтып, семіз шығуды» көздеген жоспар. Өйткені бұл жоспарда Қазақстан дамуы 5-7 пайыз деңгейінде болады, ал мұнай баррелі 60 долларға бағаланады деген жоба негізге алынған. ОПЕК картелінің ұйытқылары және Ресей Федерациясының президенті осы уақытқа дейін қолданған шараларды біз мақаланың жоғары бөлігінде айттық. Ал олардың мұнай баррелін 70-90 доллар көлемінде болуын қамтамасыз етпейінше, өндіріс көлемін қысқарта берері сөзсіз. Сондай-ақ әлемнің дамыған елдерінің мұнай химиясына ерекше көңіл бөліп жатқаны және белгілі. Өндіріс кеміп, сұраныс артқан жағдайда баға өсері сөзсіз.
Қазақстанға 2009 жылдан бастап 12 миллиард доллардың сыртында араб елдерінің инвестициясы енетіні белгілі. Қазақстан экономикасына инвестиция құюға тіпті Батыстағы шамалы уақытта айығуы мүмкін емес «ауыр дерттен» қашқан қаржылы кәсіпкерлер де ынталы. Оның сыртында біз өзіміз «Қазына-Самұрық» игілік қоры арқылы отандық экономиканы қолдау үшін Ұлттық қорымыздан 10 миллиард доллардың көлемінде нақты қаржы бөлмекпіз. Отандық кәсіпкерлердің ішкі инвестициялық әлеуеті және сақталады. Мінеки, осылардың бәрін қосып есептегенде алдағы үш жылдағы ішкі жалпы өнімнің өсімі 5-7 пайыз деп қарастыру тым қораш көрсеткіш. Біздің болжауымызша, өсім 7-9 пайыздан айналады. Тағы бір еске салатын тұс – теңгеміздің халықаралық валюталарға қарағанда салмағы арта бермек. Таяуда ғана Елбасымыздың нұсқауы бойынша биылғы жылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазына-Самұрық» қоры арқылы 5 миллиард доллар шығуы керек болғанда Ұлттық банк басшылығы бұл қаржыны валюта қалпында емес, Ұлттық банктің тұрақтандыру қорында жинақталған теңге күйінде шығаруға бел буғандарын айтты. Демек олар айналымға валюта шықса олардың салмағы теңгеге қарағанда мүлде әлсізденіп кететіндігі қазірдің өзінде қалыптасқан жағдай екенін біліп отыр. Олай болса, Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесінің дамуына жан-жағымызда болып жатқан алапат дауыл онша әсер етпейді деп айтуға болады. Үш жылды профицитпен қорытындылай аламыз. Соған дайын болуымыз керек.
Информация о работе Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі