Қазіргі әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 10:51, доклад

Краткое описание

Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады.
М. Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

3- Қазіргі әлеуметтану.docx

— 15.55 Кб (Скачать файл)

Қазіргі әлеуметтану

 

Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика  мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады.

М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің  мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын  іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды.

     Макс Вебер іс-әрекеттің мүмкін  болар төрт түрін көрсетеді.  Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие). Сондықтан бұл іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады. Екінші құндылықты-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни және т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет. Мұның негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез-құлықтың кез келген басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші -  көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет.         

    М.  Вебер әлеуметтанулық зерттеулерінде  түсіну әдістеріне көп көңіл  аударды. Оның пікірінше, әлеуметтану  өзінің шығу көзін, қалыптасу  негізін адамның немесе адамдар  тобының мінез-құлқын зерттеуден  бастауы қажет. Өйткені әрбір  адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне  белгілі бір мағына, мән береді. Сондықтан М.Вебердің әлеуметтануын  түсіну әлеуметтануы деп атайды.

    М.  Вебер өзінің "Протестанттық этика  және капитализм рухы" деген  еңбегінде экономиканы дінмен  байланыстырды. Осы тұрғыда ол  дінді экономиканы дамытуда адамдардың  ынталанушылығын, еңбек сүйгіштігін,  белсенділігін және т.б адами  қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз  етіп отыратын фактор ретінде  қарады.   

    Макс  Вебер әлеуметтік жіктелу (стратификация)  теориясының негізін салуға да  зор үлес қосты. Ол әлеуметтік  жіктелудің өлшемі кең болуы  мүмкін дей отырып, оған экономикалық  факторлармен қатар саяси мәртебе  мен қадір-қасиет, беделдерді жатқызды.

    Сонымен  әлеуметтану ғылымының классикалық  кезеңі бұл пәннің қоғамдық  ғылымдар арасында өзіндік ерекше  орны, зерттеу объектісі, категориялары мен заңдары, әдіс-тәсілдері, құрылымы,  мен  функциялары бар жетекші ғылымдардың біріне айналдырып, оның көп салалы болып дамуына  еркін жол ашты.


Информация о работе Қазіргі әлеуметтану