Әлемдік демографиялық ахуал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 16:03, реферат

Краткое описание

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т.б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы.docx

— 14.19 Кб (Скачать файл)

Адам өмірі қауіпті  және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан  да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің  негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту  қызметкерді және оның отбасын аса  ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады.

Мұндай жағдайларға мыналар  жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан  айырылу және т.б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар – кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез  келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды  орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты әлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік қорғаудың ерекшелігі оның аса көп  материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшелігіне орай халықты әлеуметтік қорғауды шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.

Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандырудың тарихы жүз жылдам астам уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты - адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ.

Әлеуметтік қамсыздандыру  халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз  байланысты. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін анықтайтын фактор болып әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландырудың  қайнар көзі, механизмі немесе кестесі  табылады.

«Әлеуметтік қорғану» немесе «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі алғаш рет АҚШ-та пайда болды және ол кез келген азаматты, тіпті елдің кез келген тұрғынын жұмыссыздықтың, табыстың жоғалуының немесе күрт азаюының, аурудың, бала туудың, өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың, мүгедектіктің, кәріліктің, асыраушысынан айырылуының салдарынан орын алған экономикалық немесе әлеуметтік қиындықтардан қорғайтын шаралар жүйесін білдірді.

Халықты әлеуметтік қамсыздандырудың жүз жылдық тарихына талдау жасау  халықты әлеуметтік қамсыздандыруды  қамтамасыз етудің екі негізгі схемасын анықтауға мүмкіндік береді:

Øәлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың үш жақты схемасы;

Øәлеуметтік қорғауды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік (немесе бюджеттік) схемасы.

Әлеуметтік қамсыздандыруды  қаржыландырудың үшжақты схемасы  кезінде тараптар ретінде мына тұлғалар табылады:

1)еңбекке қабілетті, жұмыс істейтін, одан әрі зейнетақыға үміткер әрбір азамат;

2) жұмыс беруші;

3) Мемлекет.

Қаржыландырудың үш жақты  жүйесі АҚШ-та пайда болды және ол қазіргі кезде барлық ірі өнеркәсіптік-дамыған  елдерде өз күшіне ие.

Әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың  мемлекеттік әкімшілік-биліктік жүйесі кезінде қаржылық ресурстардың басты  субъектісі болып мемлекет табылады, яғни әлеуметтік қорғау шараларының  жүйесін мемлекет қаржыландырады. Дәл  осындай жүйе бізге бұрынғы Кеңестік Одақтан мұраға қалды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың мұндай жүйесі кезінде тараптар болып  жұмыс істейтін азамат пен мемлекет табылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бұл үлгісі нарықтық қатынастарға өту  кезеңінде жедел реформалауды қажет  етті. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы экономикалық тоқырау қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі қиындықтарды одан әрі өршіте түсті. Инфляция мен жұмыссыздықтың өсуі, өндірістің құлдырауы жұмыс істейтіндер санының күрт төмендеуіне әкеп соқты, ал бұл, өз кезегінде, қарт адамдар санының өсуімен бірге бір ұрпақтан (жұмыс істейтіндерден) екіншісіне (жұмыссыздарға) капиталдың ауысуының бірден азаюын білдірді. Жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер санының арақатынасында тепе-теңдіктің болмауы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының ақша қаражаттарының дефицитінің артуына және соған орай республикалық бюджеттің осы дефицитті жабуға бағытталған шығындарының көбеюіне әсер етті.

Реформалау үрдісі кезінде  көмекке мұқтаж тұлғаларды жеткілікті түрде материалдық қамсыздандыруға  жағдай жасайтын әлеуметтік қамсыздандыру  үлгісін жасаудың қажеттігі туды.

Сөйтіп, әлеуметтік қамсыздандырудың қазақстандық үлгісі қалыптасты, оның ерекшеліктрі жөнінде біз төменде  сөз қозғаймыз 

 


Информация о работе Әлемдік демографиялық ахуал