Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 02:04, реферат

Краткое описание

Әлеуметтанудың ғылыми пән ретіндегі қалыптасуында оның категориялары шешуші рөл атқарады. Категория деп әлеуметтік өмірдің нақты шыңдық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттерін, қатынастарын, байланыстары және өзара ықпалдастығын бейнелейтін жалпылама және іргелі түсініктерді айтамыз. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста, тіпті бірі біріне қызмет етеді. Олар әлеуметтік әрекеттің, яғни объектінің мәнді жақтарын, өзіндік белгілері мен қасиеттерінің толық қамтиды: "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік үдеріс", "әлеуметтік тұлға", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік басқару", "әлеуметтік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік" және т.б. Осылардың көмегімен нақтылы өмірдің әлеуметтік мәні айқындалады.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1) Әлеуметтік іс-әрекет...........................................................................................5
2) Әлеуметтік байланыс..........................................................................................9
3) Әлеуметтік қауымдастық.................................................................................10
Қорытынды ...........................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................13

Вложенные файлы: 1 файл

Әлеуметтану 1 РГР [Koba].docx

— 31.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Әлеуметтанудың ғылыми пән ретіндегі қалыптасуында оның категориялары шешуші рөл атқарады. Категория деп әлеуметтік өмірдің нақты шыңдық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттерін, қатынастарын,  байланыстары және өзара ықпалдастығын бейнелейтін жалпылама  және іргелі түсініктерді айтамыз.

Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста, тіпті бірі біріне қызмет етеді. Олар әлеуметтік әрекеттің, яғни объектінің мәнді жақтарын,  өзіндік белгілері мен  қасиеттерінің толық  қамтиды: "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік үдеріс", "әлеуметтік тұлға", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік басқару", "әлеуметтік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік" және т.б. Осылардың көмегімен нақтылы өмірдің әлеуметтік мәні айқындалады. 

    Әлеуметтану басқа  қоғамдық ғылымдардың категорияларын  да пайдалана береді. Мысалы, әлеуметтік  философиядан, театр өнерінен, құқықтық  ғылымнан  қоғам, адам, индивид, прогресс, құбылыс, үдеріс,  мәртебе, рөл, құқық  және т.б. категорияларды алуға  болады. 

    Әлеуметтанулық  категориялар ең алдымен әлеуметтік  жүйенің іс-әрекетін көрсететін  өзінің заңдарына қызмет етеді, соларды  қалыптастырады. Енді осыларды жеке-жеке қарастырайық.

     1. Әлеуметтік  құбылыстардың арасындағы алуан  түрлі байланыстар мен  қарым-қатынастардың  себеп-салдарларын көрсететін заң. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы ауыл шаруашылығындағыларды қысқартып,  қаланың халқының көбеюіне әкеледі. Бұл ел ішіндегі демографиялық жағдайға әсер етеді.

      2. Әлеуметтік  құбылыстардың өзара байланысты  даму бағыттарын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі  өндірістік қатынастардың жаңаруын талап етсе, өндірістік қатынастардың дамуы да өндіргіш күштердің артуына алып келеді.

     3. Әлеуметтік  құбылыстардың арасында болуы  мүмкін ықтимал байланыстар мен  қатынастарды анықтайтын заңдар. Мысалы, атомның бөлшектелуі туралы  заңның адамзат баласына келтірер  пайдасы мен зияны туралы пікірлер.

Осылай тұжырымдалған негізгі заңдар әлеуметтік  байланыстар мен қарым-қатынастардың, өзара әрекеттестіктің  мән-мағынасын, бағыт-бағдарын айқындайды.

Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұңы құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым , әлеуметтік институт, әлеуметтіу жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік іс-әрекет

Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.

М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.

Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.

Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.

М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.

Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.

М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.

Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.

Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.

М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.

М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.

М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.

Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның “Протестантская этика и дух капитализма” атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарттар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.

М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.

Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:

харизматикалық легитимдік;

әдет-ғұрып легитимділігі;

ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.

Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.

М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

 

Әлеуметтік байланыс

Әлеуметтік байланыс — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген. Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.) – әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады: а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды. Әлеуметтік байланыс ұғымы әлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады. Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор. Ол. әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады.

Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен бір-біріне себеп-салдарлығы әлеуметтік детерминизм (лат. determіno — анықтаймын) — принципі негізінде анықталады. Бұл принцип қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік детерминизм, статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі әлеуметтік детерминизм болып үш түрге бөлінеді.

 

Әлеуметтік қауымдастық

Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады.

Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары