Әлеуметтану ғылымының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 18:03, реферат

Краткое описание

1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.
2. Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:

Вложенные файлы: 1 файл

36____.docx

— 170.42 Кб (Скачать файл)

Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын одан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірі әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда,              Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р. Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамды әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керісінше, олардың дисфункциясына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік золық-зомбылықты, шиеленісті, олардан туатын қарама-қарсы қайшлықты көрсетуге баса назад аударды. «Ортаңғы деңгей» теориясы бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындаудың үлкен нәтижесі болды. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды.

Ірі әлеуметтанушылардың жасаған теорияларының негізінде қазіргі әлеуметтанудың берік іргетасы қаланды. Бұл әлеуметтік өмірді жан-жақты және  әмбебапты амалдармен зерттеп көрсетуге зор мүмкіндік туғызды. Оның дәлелі – ХХ ғасырда, әсіресе, оның екінші жартысындағы дамыған теориялар, мектептер мен бағыттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

СӨЖ

 

 

Группа: ШТ-17

Орындаған: Еркін Тоғжан

Пән: Әлеуметтану

 

 

 

 

 

Астана

2015


Информация о работе Әлеуметтану ғылымының даму тарихы