Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 08:38, реферат
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым,қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
Микроәлеуметтану— әлеуметтану
ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі
құбылыстар мен процестерді талдауға
бағытталған зерттеу бағыты. XX ғасырдың
20-шы жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың
негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы
қатынастарды зерделеуге бағытталған
батыс әлеуметтануы бағыттағының біріне
айналды. Микроәлеуметтану ең алдымен,
әлеуметтік-психологиялық, атап айтқанда,
социометрия әдістерін пайдаланып, кіші
топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге
баса назар аударады. Оның негізгі зерттеу
нысаны - мүгедек, тұлға, кіші әлеуметтік
топ және олардың өзара қатынастары.
Микроәлеуметтану адамдар арасындағы
байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы
әлеуметтік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік
береді. Микроәлеуметтанулық зерттеулер
әлеуметтанулық талдау, топтастыру, жалпылау
арқылы өзінің теориялық негіздерін дамытады
құрылымдық тәсіл
Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық төсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар кдуымдастығындағы орны мен мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер жеткіліксіз.
Іс-әрекет теориясы
«Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады.
гуманитарлық білімдер қағидасы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады.
Әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер – әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар;
Жеке тұлғалар
арасындағы өзара әрекет - салдары жеке тұлғалар
Әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы
Әлеуметтік байланыс — қоғамдағы жеке адам
Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен бір-біріне себеп-салдарлығы әлеуметтік детерминизм (лат. determіno — анықтаймын) — принципі негізінде анықталады. Бұл принцип қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік детерминизм, статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі әлеуметтік детерминизм болып үш түрге бөлінеді.