Әлеуметтік жұмыстың тарихи қалыптасу кезеңдері және Қазақстанда дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 19:04, творческая работа

Краткое описание

Әлеуметтік жұмыстың кәсібилік жағынан қалыптасуы, психологиядан гөрі, медицинаның дамуына ұқсас. Себебі оның даму динамикасы “теориядан практикаға” емес, әсерлерді түсіндіру үшін әрекет тәжірибесінен басталады. Егер әлеуметтік жұмыс практика жүзінде психологияның ғылыми уақытынан бұрын туындады десек, онда ол шамамен ХІХ ғасырдың 70 жылдары.,оның теориясының түсініктері, оның қорытындысы және дағдыларының дамуы психоанализдің теориясының дауымен қатар, әдеуметтік психология, стресс теориясы және басқа да психологиялық концепциялардың дамуымен қатар болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Социальная работа.ppt

— 2.95 Мб (Скачать файл)

 
  
 
 
                      Әлеуметтік жұмыс 

 

Тақырыбы:  Әлеуметтік жұмыстың тарихи қалыптасу кезеңдері және Қазақстанда дамуы

      Әлеуметтік жұмыстың кәсібилік жағынан қалыптасуы, психологиядан гөрі, медицинаның дамуына ұқсас. Себебі оның даму динамикасы “теориядан практикаға” емес, әсерлерді түсіндіру үшін әрекет тәжірибесінен басталады. Егер әлеуметтік жұмыс практика жүзінде психологияның ғылыми уақытынан бұрын туындады десек, онда ол шамамен ХІХ ғасырдың 70 жылдары.,оның теориясының түсініктері, оның қорытындысы және дағдыларының дамуы  психоанализдің теориясының дауымен қатар, әдеуметтік психология, стресс теориясы және басқа да психологиялық концепциялардың дамуымен қатар болды.

XX-XXI ғасырда Қазақстанда  білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік  жұмыс теориясының қалыптасуы  қазіргі әлеуметтік жұмыстың  негізі болып табылады. .Қоғамда  болып жатқан әлеуметтік мәселелер  осы негізгі теориялардың барысында  реттеліп, өзінің оңтайлы шешімін  тауып отырды. Әлеуметтік құбылыстарды, нақтылы әлеуметтік жағдайды  талдап, бағалай білу, әлеуметтік  проблемаларды тиімді шешудің  жолдары мен тәсілдерін білікті  түрде анықтауда осы әлеуметтік  жұмыс теориясының алар орны  орасан зор.  
 Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарды реттеуде, одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орны ерекше. Әлеуметтік жұмыс қазіргі күнде Қазақстанда шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып дамытылуда.

      Қазіргі  кездегі ғылымдарды, социология  ғылымын, әлеуметтік білімнің жеке  тарихтарының пайда болуының  шарттары мен факторларын, ғылыми  пәндерді үш топ біріктіреді.  
       Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың пайда болуы, оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілікті, өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды.  
       Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады.  
       Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына түбегейлі ықпал етеді.  
       Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің болуының өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын сипаттайтын – обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін, мінезін, қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі маңызды. Бұл қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің  мінездемесі мен масштабын анықтайды.  
 . 

      Өткен  ғасырдың соңғы ширегінде көптеген  индустриялды дамыған мемлекеттерде  әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса  бастаған мамандар тобы пайда  болды. Әлеуметтік жұмыскерлерді  дайындайтын оқу орындары құрылды. Университеттерде алғашқы әлеуметтік  жұмыс факультеттері ашылды. Осылайша, ХІХ ғ 90 жылы  АҚШ-тың Колумбиялық  уневерситетінде әлеуметтік жұмыс  факультеті ашылды. 

 
          Әлеуметтік  жұмыс 

 

       Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.

 

 

        Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы  жағдайларға душар болған адамдарға  көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың  негізгі құндылықтары жақын адамға  деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта  бірге болу, ниеттестік, жағдайды  өзгертуге деген мүмкіндікке  сену, көмек жасау ниеті мен  жәрдемі жатады.Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің  ерекше бір түрі. Егер құрылысшы  үй салса, жөндеуші машиналарды  жөндесе,ал әлеуметтік қызметкер «адамды» құрады.

Әлеуметтік  қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік – экономикалық деңгейіне, дініне байланысты кішкентай  баладан бастап, үлкен жастағы  адамдарға өз қызметін ұсынады. Адам өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарды реттеуде, одан туындаған проблемаларды  шешуде әлеуметтік жұмыскердің  маңызы ерекше.

Қазақстан  Республикасында әлеуметтік жұмысты  қолға алынғанына көп болмаса  да оның бүгінгі беталысы дұрыс  жолмен дамып,өркендеп келеді.  
      ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек.

Мысалға Еуропа  қауымдастығында әлеуметтік жұмыс  үш бағытта жүргізіледі.  

             Бұл модельдерден Қазақстан өзіне  тиісті                лайықтысын алуына болады.Бірінші

         модельдің әлеуметтік мәселені  шешуде кең диапазонда ортақ  талқыға сала отырып шешуі  өте тиімді шешімдердің бірі  деп санаймын.Халықты әлеуметтік  қорғауда әлеуметтік сақтандыру  жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру  аса маңызды шешімдердің бірі  болары хақ.Сондықтан да бұл  шараны мемлекет қолдануы тиіс.  

Әлеуметтік  жұмысты дамытуда экономиканы  реттеу аса маңызды,өйткені көптеген  әлеуметтік проблемалар осы қаржы  проблемасының салдарынан шешілмейді,әрі  қарай күрделі проблемалардың  өршуіне алып келеді.Қоғамның,ондағы  әрбір азаматтың сапалы әрі  бақытты өмір сүруі әлеуметтік  жағдайына тікелей байланысты  болғандықтан елде ең алдымен  әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте  тұруы керек.Әлеуметтік жұмыс  жүзеге асуы үшін диагностикалау  жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды.Әр  түрлі себептердің салдарынан  туындаған мәселенің нақты жолын  табу үшін заманауи үлгідегі  технологиялармен оқытылған,біліммен  байытылған мамандар мен кадрларды  қайта даярлау ең басты міндет  болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік  мәселелердің шешілуі ең алдымен  білікті маманға байланысты.

      Шет  елдермен тәжірибе алмасу елімізде  әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына  өз септігін тигізеді.Әлеуметтік  қызметкер мәселені шешуде өзінің  тиімді әдістерін,белгілі бір  құралдарды пайдаланады.Оларға әр  түрлі іс-қимылдар,заттық жабдықтар,қосымша  рухани және материалдық қаражаттар,әдістер  жұмыс түрлері,ақпараттық технологиялар  жатады.Әлеуметтік қызметкердің  жеке тұлғасы біліміне,шеберлігіне  байланысты қалыптасады.Әлеуметтік  жұмыс жүргізген кезде жаңалықтардың  ашылып тұруы мүмкін.Бұл мақсатқа  тез жету үшін ақпараттық технологияларды  дамыту керек.Әлеуметтік жұмыста  анализ,синтез,салыстыру,бақылау,эксперимент,және  т.б әдістер дұрыс қолданып  жүзеге асуы тиіс.Осы әдістерден  басқа әлеуметтік жұмыста клиентті  тәрбиелеу әдістері қолданылады.Осындай  әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологиялық, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару  әдістер түрлеріне бөлуге болады.Қоғамдық-экономикалық  әдістер клиенттің қызығушылығы  мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына  байланысты,яғни онда азық-түлік,зат,ақша  жеңілдік,ақшалай көмек т.б. тәрізі  түрлі көмектер беріледі.

                                       Қорытынды

       Яғни қорыта айтқанда, әлеуметтік жұмыс қазіргі қоғамдағы ең маңызды салалардың бірі. Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.

       Оның  қоғамдағы рөлі өте ерекше деп есептеймін, себебі әлеуметтік жұмыс адамдарға көмек көрсетуге,  қиналған сәттерінде қолғабыс болуға тырысатын бірден – бір мамандық. Бұл өмірде, кез келген адам түрлі қиын жағдайларда қалуы мүмкін және ол өзінің жеке өмірінен бастап, отбасылық жағдайына, қоғаммен қарым – қатынасына байланысты болуы мүмкін. Сол себепті, бұндай пробемаларды ушықтырмай, алдын алуда көмекке келетін бірден – бір адам  ол әрине - әлеуметтік жұмыскер. Әлеуметтік жұмыскердің қоғамдағы рөлі айтарлықтай жоғары. Бір ғана әлеуметтік жұмыскер қоғамда бірнеше жұмыс атқарады , себебі ол өзінің клиентімен әңгімелеседі, оның психикалық стресін кетіреді,оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді. Яғни, жартылай психолог рөлін де атқарады.Олар қарт адамдармен, мүгедектермен, көп балалы отбасылармен, жетім – жесірлермен, жалғыз басты аналармен байланысқа түсе отырып оның проблемасын шешуді көздейді, яғни өте қамқор адамдар. Бұл сала қазіргі таңда Қазақстанда даму үстінде. Ол шетел тәжірибелеріне сүйене отырып дамытылуда. Болашақта әлеуметтік жұмыс саласы Қазақстанда қазіргіден де жоғары деңгейде дамиды деп ойлаймыз.

     

 

Назарларыңызға  рахмет!!!


Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың тарихи қалыптасу кезеңдері және Қазақстанда дамуы