Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 15:41, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.

Содержание

Жоспар...................................................................................................................3
Кіріспе....................................................................................................................4
Негізгі бөлім........................................................................................................5-12
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................

Вложенные файлы: 1 файл

576___westudent.kz.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Жоспар...................................................................................................................3

Кіріспе....................................................................................................................4

Негізгі бөлім........................................................................................................5-12

Қорытынды............................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

  1. Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері
  2. Институтционалдау үрдісінің мәні және кезеңдері
  3. Әлеуметтік институттың тұрпаттары мен міндеті, қызметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әлеуметтік  институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты  заңдар, басқару шешімдері және практикалық  кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.                  Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ     типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін.   Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.  
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтік институттар пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік  институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда  институттар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) саяси  институт – қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;

2) экономикалық  институт – қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;  

3) отбасы институты – қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;

4) діни институт – адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады;

5) білім институты – жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.

Әрбір институт өздеріне тиесілі  қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.

Әлеуметтік институт– белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік институт қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.

Әлеуметтік институттың маңызды белгілері:

1) Институт табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;

2) Институттар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал мен тәсілдерді қалыптастырады;

3) Институттар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;

4) Институт мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;

5) Институт еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай қалыптасады;

6) Институт басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын, оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын орган болып табылады.

Әлеуметтік  институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі "ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.

Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде "ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.

Екіншіден, "ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында "ұйым” ұғымы "басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.

       Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. "Ресми” және "бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.

Әлеуметтік  ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері  бар [46]:

        1. Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып, мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады. Бұл адамдар бөлек-бөлек, жалғыз дара қол жеткізе алмайтын мақсаттар үшін адамдарды біріктіру және мінез-құлықтарын реттеу функцияларын қамтамасыз ету құралы мен аспабын білдіреді.

2. Мақсатқа қол  жеткізу жолында ұйымның мүшелері  рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. Әлеуметтік ұйым адамның қажеттіліктері мен мүдделерін оның алдын ала белгіленген әлеуметтік мәртебесімен, әлеуметтік рөлдерімен, сол әлеуметтік ұйымдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалармен және құндылықтармен белгіленетін шекте қанағаттандыруына мүмкіндік береді.

3. Ұйым еңбек бөлінісінің  және оның функционалдық белгілері  бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады. Сондықтан жекелеген ұйымдарда әр түрлі көлденең құрылымдар орын алады. Алайда ұйымды түсіну үшін неғұрлым маңызды болып табылатын нәрсе - олар әрқашан тік (иерархиялық) белгі бойынша құрылады, онда басқарушы және бағынушы ішкі жүйелер айтарлықтай айқын білініп тұрады. Басқарушы жүйенің қажеттігі көлденең құрылымдардың әр алуан бағыттағы қызметін үйлестіру қажеттігінен туған. ұйымды құрудың иерархиялылығы мақсат бірлігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оны орнықты және тиімді етеді.

Әлеуметтік  институттар-жеке адамдар мен топтардың  әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың  әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін  білдіреді.

       2) Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Мұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік  институтты біздің түсінуімізге батыс  социологтарының анықтамалары қайшы  келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық  сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.  
Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:  
        1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;  
  

2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;  
       

3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін  қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;  
   

        4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;  
  

      5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар;

 

       Қоғамда адамдардың институттарға бірігуінің  сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

 І. Тұрақтылық  дәрежесіне қарай: 

       1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды. Мәселен, бұл топқа театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

       2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

       3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)

ІІ. Көлеміне қарай:

      1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

ІІІ. Мазмұнына қарай  әлеуметтік қоғамдастықтар:

      1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар);

      2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);

      3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер);

      4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер);

      5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

      3) Әлеуметтік институтты кеңістіктік деп атауға болады, себебі, ол орта мен қоғамдық субъектінің өзара әрекет ету облысы болып табылады. Адам үшін кеңістік ең алдымен географиялық, табиғи орта болады. Сондықтан ол белгілі бір мағынада бүкіл адамзат эволюциясының негізгі себебі. Институт туралы объективті әлеуметтік шындық ретінде де, адамдардың кеңістіктік құрылымды белгілеуінің, яғни байланыстарды орнату, коммуникациялар жасау, әлеуметтік-психологиялық қауымдастықтарға бірігу, баспана тұрғызу, бір сөзбен айтқанда, өмірлік ортаны қалыптастырудың субъективті мүмкіндігі ретінде де айтуға болады.  Сонымен, әлеуметтік кеңістік – бұл, қазіргі кезде табиғаттың игерілген бөлігіне айналған, адамдардың өмір сүру ортасына, олардың іс-әрекетінің кеңістіктік-территориялық ареалына айналған, қоғамның табиғи ортасы кеңістігі, «адамдандырылған» табиғат кеңістігі.  
       Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.  
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтік институттар пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады. Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адамдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды. Қоғам әлеуметтік байланыстардың тәртіпке келтірілуі мен нығаюы арқасында және осы байланыстарды қолдайтын және дамытатын ерекше институттар мен нормалар туғанда пайда болады. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

Информация о работе Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері