Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 20:19, статья
Әлеуметтік ұйым - нақты мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар арасындағы әрекеттің реттелген үйлесімді тәсілі.
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі "ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Әлеуметтік ұйым - нақты мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар арасындағы әрекеттің реттелген үйлесімді тәсілі.
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі "ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде "ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.
Екіншіден, "ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында "ұйым” ұғымы "басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.
Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. "Ресми” және "бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.
Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар:
1. Ол белгілі
бір мақсаттарға қол жеткізу
үшін құрылып, мақсатқа қол
жеткізуі арқылы бағаланады. Бұл
адамдар бөлек-бөлек, жалғыз
2. Мақсатқа қол жеткізу
жолында ұйымның мүшелері
3. Ұйым еңбек бөлінісінің
және оның функционалдық
Әр ұйымның адамдар жасаған табиғаты бар. Ұйым өз құрылымын және технологияларын күрделендіруге ұмтылады. Ұйымның арнаулы органы оның мүшелерінің мақсаттарын қамтамасыз етіп, олардың ұмтылыстарын реттейді. Осы қызметті басқару деп атайды.
Басқару ұйымның ьарлық бөліктерінің қызметінің бағытын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеменің әр бөлімнің жұмыскерлерінің жұмыс уақытын, олардың жұмысының саны мен сапасын реттейтін мөлшерлері мен ережелерін жасайды. Бөлімнің басшысы басқару қызметін атқарып, осы мөлшерлер мен ережелердің орындалуын, бақылауды және мадақтау мен жазалау тәсілін қолданады.
Ұйымды басқарудың алғашқы сипаттауларын Г. Файоль белгілеген. Жалпы сипаттамаларына әрекеттің жалпы бағытын жоспарлау және алдын ала көру; адамдық және материалдық қорларды ұйымдастыру; жұмыскерлердің іс-әрекетінің оңтайлы тәртібін сақтау үшін ұйғарымдар беру;ортақ мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттерді үйлестіру және бар ережелерге және қалыптарға сәйкес ұйым мүшелерінің жүріс-тұрысын бақылау.
Бұл – ХХ ғ. Басындағы басқару үдерісінің сипаттаулары. Қазіргі ұйымдардың құрылымы әлдеқайда күрделі, технологиясы аса күрделі, жұмысшы күшінің біліктілігі жоғары; оның үстіне ұйымдар қазіргі нарықтың күрделі құрылымында әрекет етеді. Сондықтан бүгінгі басқару – өнерге, ойынға, жоғары ғылымға тән. Қазіргі басқару жүйесінің нобайы мынадай: 1) ұйымдасқан бірлестіктің жетекшісі мен бастаушысы ретінде; 2) өзара әрекет-түйісулерді қалыптастыру және қолдау; 3) ақпаратты қабылдау, іріктеу және тарату; 4) қорларды үйлестіру; 5) жұмысшы кадрлардың ағымын және бұзушылықтардың алдын алу; 6) келісім жүргізу; 7) жаңалықтарды енгізулерді жүргізу; 8) жоспарла; 9) бағынушылардың іс-қимылдарын бақылау мен бағыттау.
Бұдан басқа да басқару әрекеттері бар: жарнамамен шұғылдану, қосымша қаражатты табу және т.т. Нағыз басқарушы жоғары білікті маман болуы керек. Басқару тобына кеңсешіл әкімшілік кіреді.