Ғылыми-зерттеу методологиясы және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 12:58, лекция

Краткое описание

Ғылыми проблема дегеніміз қоғамдық өндірістің, рухани ізденістердің тарихи жаңа кезеңдегі объективтік ізденістерінің әзірге шешуі табылмаған бірақ табылуы қажетті мәселсі. Танымдық міндеттер ― ғылыми проблеманы шешіге қажетті істерді рет-ретімен жүзеге асыруды қажет ететін істерді істеу. Таным және таным әдістері: ойлау, қисын, талдау (анализ) және қорытымдау (синтез), абстракциялық, эмпирикалық, тәжібрибелік танымдар.

Вложенные файлы: 1 файл

Арай распечат.doc

— 62.00 Кб (Скачать файл)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сирота Н.М., Сидорова С.А. Общая социология. Учебное пособие. Санкт-Петербург. 2009 г.
  2. Социология. Курс лекций под ред. Максимова В.А.-Ульяновск.: УлГТУ. 2004 г.
  3. www.wikipedia.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 1 Ғылыми-зерттеу методологиясы және мәні.


Ғылыми проблема дегеніміз қоғамдық өндірістің, рухани ізденістердің тарихи жаңа кезеңдегі объективтік ізденістерінің әзірге шешуі табылмаған бірақ табылуы қажетті мәселсі. Танымдық міндеттер ― ғылыми проблеманы шешіге қажетті істерді рет-ретімен жүзеге асыруды қажет ететін істерді істеу. Таным және таным әдістері: ойлау, қисын, талдау (анализ) және қорытымдау (синтез), абстракциялық, эмпирикалық, тәжібрибелік танымдар. Ғылыми факт ― ғылыми зерттеулердің нәтижесінде қол жеткен, біржақты анықталған жағдайдың, себеп-салдарлық байланыстардың, қатынастардың мазмұны мен мәні туралы анықтамасы. Жалпы танымдық теориялар мен әдістер жеке ғылыми танымдардың негіздері және басты мүмкіндіктері болып табылады. Олар жеке ғылымдардың өздеріне ғана тән зерттеу әдістері мен амалдарының қисындық негіздерін құрайды.

Ғылыми таным  аса күрделі құрылымның үнемі  даму үстіндегі біртұтас жүйесі, аталған  жүйенің элементтері арасындағы өзара тұрақты  байланысты білдіретін (көрсететін)процесс. Ғылыми танымның құрылымы әр ортада түрліше көрінеді және өзінің арнайы элементтерінің жиынтығына сәйкес болуы мүмкін.

Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі  болып табылатын материалдық  және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.

Эмпирикалық зерттеулер нақтылы объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Бұл деңгейде сезімдік таным басым болды. Мұнда рационалды ойлау және оның формалары (түсінік, талдау) қатысады, бірақ олар бағынышты күйде болады. Сондықтан эмпирикалық деңгейде зерттелетін объект өзінің сыртқы байланыстары мен көріністерінің артықшылығы тұрғысынан бейнеленеді. Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен эксперименттен басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және ғылыми білімнің формасы болып табылады.

Факт (лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-қарсылық; б) эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни бақылау мен экспермент барысында алынған білім.1

Теориялық таным үдерісі ретінде ғылымның мақсаты құбылыстардың ішкі элементтерінің арасыңдағы байланыс, қарым-қатынастардың заңдылықтарын ашады. Бұл үшін  белгілі ғылыми әдіс-тәсілдерді қолданады, онсыз ақиқатқа жету мүмкін емес. Ғылыми танымның осы әдіс-тәсілдері жайлы ілім әдіснама деп аталады.

    Барлық  жаратылыстану және қоғамтану  ғылымдары үшін ортақ екі негізгі  таным әдіснамасы бар. Олар  — диалектикалық және метафизикалық  әдістер. Бұларды әрбір ғылым  өз зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне  қарай қолданады.

      Диалектикалық-материалистік таным теориясына сәйкес әлеуметтануда ғылыми таным, шын мәніне келгенде, біртұтас қоғамды танудан оның бөлшектерін, жеке қоғамдық құбылыстар мен қатынастарды танып білуге, ал бұл соңғыдан кайтадан бүтінге, бүкіл қоғамды тануға көшуі тиіс. Жалпы мен ерекшенің таным диалектикасы, міне, осындай.

     Қоғамның әлеуметтік жүйесін зерттеудің осы диалектикалық әдісін басшылыққа ала отырып, қолданбалы әлеуметтану фактілерді жинау, жинақталған мәліметтерді ретке келтіру, оны ішінара жалпылау мен ғылыми қорытындылау әдісін және т.б. әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Енді  қолданбалы әлеуметтану дегеніміз  не деген сұраққа студенттер  назарын аудара кеткен жөн.  Бұл – теориялық білімдердің,  әдістемелік принциптердің, әлеуметтік  тәжірибені жетілдіре түсуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған тиянақты қорытындылар мен ұсыныстар алу мақсатында жасалынған  ақпараттар жинаудың эмпирикалық әдістерінің жиынтығы.

      Кез келген нақты қолданбалы әлеуметтанулық зерттеу мынадай бес негізгі кезеңдерден тұрады: 1) зерттелетін құбылыстарды анықтап, бастапқы ғылыми жорамалдарды (гипотезаларды) тұжырымдау; 2) зерттеу жоспарын жасау; 3) мәліметтер жинау; 4) жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 5) ғылыми түсіндірме, қорытындылар жасап, оны тексеру.

    Қоғамдық құбылысты ғылыми тани білудің бірінші кезеңі зерттеу объектісін, яғни әлеуметтік кұбылысты анықтау және оны зерттеудің мақсатын айқындау болып табылады. Бұл жағдайда зерттелетін құбылыс жайлы бұрыннан бар білімдер негізге алынады. Ол білімдер неғүрлым толығырақ болса, соғүрлым зерттелетін құбылыс тереңірек анықталады. Сонан соң зерттеудің нәтижесінде расталуға тиісті бастапқы гипотезаларды (ғылыми жорамалдарды) тұжырымдауға кіріседі. Бұл тұжырымдауда зерттелген құбылыстардың арасында белгілі бір себеп-салдар байланысы бар деп жорамалданады.

 

№ 2  Ғылыми-зерттеу  процедурасының мәні.


Ғылыми-зерттеу  процедурасы ― зерттеу жұмысын  жүзеге асырудағы реттілік, белгілі  зерттеу ережелерін сақтау, принциптерін ұстану. Ғылыми зерттеудің әлеуметтік институт есебінде қалыптасу кезеңдері. Қарапайым танымнан ғылыми танымның айырмашылығы оның процедуралық талаптарды жасау мен соларды жүзеге асыруда. Бұл ғылыми танымның өзіне тән рацио-қисындық жүйесін қалыптастырады. Ол арнайы ғылыми танымға тән ізденістерден басталады. Бұл ізденістерді жүйелі және нәтижелі ету үшін арнайы бағдарнамасы ― программасы құрылады. Ол зерттеудің барлық кезеңдерін: методологиясын ― әдіснамасын, эмпирикалық мәліметтерді жинау құралдарын дарялауды, солар арқылы деректердің өзін қалай жинау керектігін, олардың сандық өңдеудің программасын (әдетте компьютердің «Excel» немесе арнайы SPSS бағдарнамасын, т.б.) қолданудың реттері көрсетіледі. 

Әлеуметтік  зерттеу түрлері.

Әлеуметтік  зерттеу бір бірін алмастыратын кезеңдерді қамтиды. Оларды атайтын болсақ: бағдарламаны құрастыру; ақпарат жинау; жиналған ақпаратты \анализге дайындау; ақпаратты сараптау; зерттеу нәтижесіншығару;  қорытындыны шығару. 

Әлеуметтанулық  зерттеудің үш түрі анықталған:

Анықтау (разведываетльное), сипаттау (описательное), аналитикалық.

 

№ 3 . Зерттеу бағдарламаларын құру ерекшелігі.

Ғылыми-зерттеу бағдарламасы деп зерттеудің басталуы, даярлануы, жүзеге асырылуы, нәтжелерін жинақтау, қорытынды есебін жазу реттерін көрсететін құжыт.

Ғылыми бағдарламаның туындауына ғылыми танымдағы немесе практикадағы шешімі табылмаған, бірақ алдағы уақытта ең бірінші ретте жауабы табылуы қажетті мәселені жан-жақты, ғылыми жетістіктердің ең соңғы жаңалықтарын ескере отырып жасалатын проблемалық жағдаят әсер етеді. Ғылымның өзінде теориялық деңгейде анықталмаған мәселе негізінен қисындық, абстракциялық есептеулер мен ойлаулар негізінде жүзеге асады. Мұндай ізденістердің алғашқы үлгісі, арнайы бағдарнама түрінде жазылмаса да, Антикалық Грекия кезіндегі қазіргі классикалық ғылымдардың негіздері қалану барысында анықталған еді.

Ғылыми-танымдық ізденістердің екінші бағыты қоғамдық практикалық іс-әрекеттердің, әсіресе техникалық-технологиялық үдерістердің өзінде туындаған мәселелерден басталады. Бұл жағдайда зерттеу негізінен қолданымдық, математикалық, эксперименттік жолдармен жүзеге асырылады. Көп жағдайда ғылыми зерттеудің жаңа бір жетістіктері

Бағдарламаға  үрдістің немесе әлеуметтік құбылыстың методикалық  тәсілдерінің  және методологиялық қарастыру теориялық негіздемесі кіреді. Бағдарлама құрамына екі бөлім: методологиялық бөлім ( проблеманың негіздемесі, мақсаттар, зерттеу пәні мен объектісін анықтау, негізгі түсініктердің логикалық анализы) және методикалық бөлім (әлеуметтік ақпараттарды жинау тәсілдерінің мінездемесі, математикалық өңдеудің ликалық схемалары және т.б.)

  №  4 . Әлеуметтік жұмыстың ғыльми-зерттеу ерекшеліктері.

Әлеуметтік  жұмыс арнайы әлеуметтік қорғалмаған  топтармен және қатарлармен істелетін  іс болғандықтан оларды зерттеу барысында  барлық дерлік әлеуметтік, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалану қажет болады. Әлеуметтік-ғылыми проблеманың танымдық, практикалық шығу көздері: қоғамдық, әлеуметтік, салт-дәстүрлер, ырым-жоралғылар.  Әлеуметтік ғылымдағы проблемалық жағдаяттың гносеологиялық, әдіснамалық, эпистемологиялық мәселелерінің ерекшеліктері адамдардың субъектілік, субъективтік ерекшеліктерімен байланысты. Әлеуметтік ғылымдардағы проблемаларды анықтаудың өткені, бүгіні және келешегі. Әлеуметтік ғылыми проблемалардың табиғат және қоғамдық орталардағы пайда болу, анықталу және көкейтестілікке аналу мәселелері. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми проблемаға айналуы.

Жалпы ғылыми және әлеуметтік жұмысқа байланысты проблемалардың деңгейлері: кездейсоқтық, аймақтық, мемлекеттік және әлемдік проблемалар. Ғылыми проблемалардың қойылу түрлері: классикалық ғылыми зерттеулердегі (теориялық математика, физика, биология, астрономия т.с.с.) проблемалардың қойылу ерекшеліктері. Тарихи ғажаптар мен жұмбақтардың қазіргі ғылымдар үшін проблемаларға айналуы. Қазіргі қоғамдық және әлеуметтік дұмыстарға байланысты практикалық қажеттіліктерден туындап отырған проблемалар. Ғылыми проблемалардың экологиялық жақтары.

Әлеуметтік  ғылымдардағы, соның ішінде әлеуметтік жұмыстардағы проблемалардың қойылу және шешілу ерекшеліктері. Саясат және әлеуметтік ғылымдардың мазмұны және олардың өзгеру сипаттары. Жаһандану, әлемдік деректену тораптарының жаппай даму жағдайындағы әлеуметтік ғылымдардың, әлеуметтік жұмыстың проблемаларын анықтау және оны шешу жолындағы іздену ерекшеліктері. Рухани-мәдени және адамдық факторлардың экологиялық мәселелері қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың проблемалары есебінде. Ғылыми және практикалық проблемалардың өзара кірігуі. Олардың жалпы ғылымдардағы және әлеуметтік дұмыстағы бүгіні мен келешегі.

               № 5 Ғылыми зерттеудегі ізденушілік-ақпараттык мазмұны.

Мәліметтер  іздестіру, оны өңдеу және бағалау  мәселелері.

Әлеуметтанулық  зерттеу үшін мәліметтер көзі. Әдебиеттерді оқып-үйрену —ақпарат жинаудың маңызды тәсілі. Информатика ғылым ретінде ҚР-ның ғылыми-ақпараттық қызметі болып табылады. Салалық социология ақпараттық ұйымдардың мерзімдік басылымдары. Ақпарат қолданушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету.

Әлеуметтік  жұмыстарға байланысты ақпарат көздерін табу ерекшеліктері. Әдебиеттермен жұмыс жасау әдістемесі. Зерттелген проблемалардың өңделу деңгейінің бағасы және аз зерттелген шешілмеген мәселелерді айқындау. Өзіндік көзқарастарды қалыптастыру. Арнайы құжаттар, салалық және ведомствоаралық әдістемелік материалдар мен көрсеткіштер. Зерттеу алаңдарында, объектілерінде ақпарат жинау тәсілдері. Акпарат жинау үшін керекті кұралдарды даярлау және пайдалану. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру. Таңдап алынған бақылауларды қолдану тәртібі. Арнайы бақылау көмегімен ақпарат жинау, типтік және алдыңғы қатарлы өнеркәсіптердің тәжірибесін талдап қорыту, эксперименттер мен алдын ала есептер жасау. Архивтік ақпараттар және оны жинау тәсілі. Жиналған мәліметтердің объективтілігі. Негізгі ақпарттарды жүйелеу.

 

1 www.wikipedia.kz


Информация о работе Ғылыми-зерттеу методологиясы және мәні