Ғылыми әдебиеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:10, доклад

Краткое описание

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Ғылыми әдебиеттерде.docx

— 22.81 Кб (Скачать файл)

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш.Бонне (1720 — 1793жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.         Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809 — 1882 жж.). Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңдай, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн- дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

 

ПРОГРЕСС Бүкiл адамзат тарихы мен қоғамның заңды түрде дамып, алға басу процесi.

 

3. Социологиядағы детерменистік  тәсіл функционалдымен толықтырылады.  Функционализм идеясы негізінен  ағылшын-америкалық социологияға  тән. Функционализмнің негізгі  ережелері ағылшын социологы  Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның  негіздері» еңбегінде жасалды  және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен,  Т.Парсонспен дамытылды.

Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:         

1) жүйелік тәсіл жақтастары  сияқты функционалистер де қоғамды  көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын  бүтін, біртұтас организм ретінде  қарастырды;

2) бірақ, сонымен қатар  әрбір бөлшек тек нақты, қатаң  анықталған функциялар атқаратын  бүтіндік шеңберінде ғана өмір  сүре алатындығын атап көрсетті;

2)               бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;                         

4) қоғамның әрбір бөлшегі  тек өзіне ғана тән функцияны  атқаратындықтан, осы бөлшектің  әрекеті бұзылған жағдайда, неғұрлым  функциялардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, соғұрлым басқа бөлшектерге бұзылған функцияларды қалыптастыру қиын болады;

Спенсер әлеуметтік бақылауға  көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау  компоненттері болғандықтан ғана тұрақты  болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар  мен моральдық нормалар кіреді.

Функционализм методологиясының дамуындағы маңызды кезеңі болып  Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі табылады. Оның ойынша, негізгі 4 функционалды категория болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және құрылымды ұдайы  өндіру. Әлеуметтік жүйенің осы функциялары, Парсонс бойынша, түрлі шағын  жүйелермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, әлеуметтік жүйе ішіндегі бейімделу  функциясын экономикалық шағын жүйе, мақсатқа жету функциясын саяси шағын  жүйе, интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, құрылымды  ұдайы өндіруді – сенім шағын  жүйесі, мораль мен білім беру жүйесі мен институттарын қоса алғандағы  әлеуметтендіру органдары атқарады.

Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кең қолданылады. Алайда басқа методологиялық ережелерге сүйенетін социологтар функционализмнің 3 негізгі кемшілігін атап көрсетеді: 

- қоғамды зерттеудегі тарихтан тыс тәсіл. Қоғам функционализмде статикалық, яғни даму динамикасынан тыс қарастырылады;

- қазіргі кездегі дау-жанжалдардың көптігіне қарамастан, оларға сипаттама және талдау жасай алмау, тұрақтылыққа идеологиялық бағыттылық;     

- әлеуметтіктегі индивидуальдылықты қажетті деңгейде бейнелей алмауы.

Функционализмнің сынаушылары  тіркеген соңғы мәселені шешуді индивидуализм  методологиясының өкілдері Дж. Хоманс, Дж.Мид, Г.Блумер, т.б. алды. Индивидуализм  методологиясының негізгі идеясы келесі: әрбір әлеуметтік құбылыс, соның  ішінде қоғамдық өмір де индивидуалды әрекеттер жиынтығы негізінде түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан, социология ғылымының  мақсаты индивидуалды әрекет дегеніміз не және индивидуалды әрекет жиынтығы деген не екендігін түсіндіру болып табылады. 


Информация о работе Ғылыми әдебиеттер