Статистиканың Қазақстанда ұйымдастырылуы, оның атқаратын қызметтері және мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2014 в 23:48, практическая работа

Краткое описание

1. Статистика органының Қазақстанда ұйымдастырылуы;
2. Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері;

Вложенные файлы: 1 файл

Т.docx

— 35.73 Кб (Скачать файл)

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Қаржы және Есеп» факультеті

 

 

 

 

 

СӨЖ

              Тақырыбы: Статистиканың Қазақстанда  ұйымдастырылуы,

                                   оның атқаратын   қызметтері  және мақсаттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қ.

2014ж.

Ж О С П А Р Ы:

 

 

 

  1. Статистика органының Қазақстанда ұйымдастырылуы;

 

  1. Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстанда  статистика органы тұңғыш рет 1919- жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистиа органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930- жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы қайта құрылады. 1941- жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгерілсе, 1948- жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Совет жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылады.

     Орталық статистика  басқармасы басқару және жоспарлау  органдарымен тығыз жұмыс атқарады. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық  өзгерістреі мен құбылыстары  туралы есеп- қисап жұмыстарының  дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, аөиқаттылығына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап, және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды.

     1987- жылы тамыз  айында статистика органын ұйымдастыру  жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы  Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі мемлекеттік комитеті  болып өзгерілді. Ал 1995- жылы статистика  орнына республикада болып жатқан  қоғамдық құбылыстар мен процестерге  талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне  байланысты «талдау» сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996- жылғы 18- қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа ала отырады.

      1996- жылы 29- қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары біріңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойыншажоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

      Қазіргі  кезде Қазақстан Республикасының  Ұлттық статистика агенттігі  елдің мемлекеттік статистикасына  басшылық ететін, оның бүкіл аумағында  статистикалық қызметтің мазмұны  мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік  органдардың заңды тұлғалар мен  жеке кәсіпкерлердің республиканың  әлеуметтік- экономикалық дамуының  жайы мен үдерісін сипаттайтын  қажетті статистикалық және экономикалық  деректерге деген құжатын қанағаттандыратын  және халықаралық деңгейде статистикалық  деректердің ақиқаттылығы мен  әдістемелік салыстырмалылығын  қамтамасыз ететін Қазақстан  Республикасы атқарушы өкіметінің  орталық органы болып табылады.

     Қазақстан  Республикасының Ұлттық статистика  агенттігі қызметінде Қазақстан  Республикасының Конституциясын, Қазақстан  Республикасының Заңдарын, Қазақстан  Республикасының мемлекетаралық  шарттары мен келісімдерін, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулыларын  және Қазақстан Республикасы  Премьер- Министрінің өкімдерін  басшылыққа алады.

     Қазақстан  Республикасының Ұлттық статистика  агенттігі  ұйымдық жағынан орталық  аппараттан оған тікелей бағынышты  статистика агенттігі жөніндегі  облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулерден институтынан  және Қазақстан Республикасының  Ұлттық статистика агенттігі  мен Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі жанындағы  Есепке алу, статистика еңбек  және жұмыспен қамту кадрларымен  даярлау, қайта даярлау және олардың  біліктілігін арттыру жөніндегі  республикалық салааралық институтынан  құралады.

     Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл және орман шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, әлеуметтік және демография, баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына, халық санағы бөліміне бөлінеді. Ал олардың өзі бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статисттика агенттігі өздеріне қарайтын қалалар мен аудандар статистика инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді және олардың жұмысына тікелей басшылық етеді.

     Қазіргі кезеңдегі  мемлекеттік статистика жүйесінің  құрылымы төмендегідей суреттеледі:

ҚР Ұлттық статистика агенттігі


 

Басшылық

алқа

Ғылыми-әдістемелік кеңес

Басқармалар мен бөлімдер



Ақпараттық- баспа орталығы




Статистикалық зерттеу институты




Басқа уйымдар




Салааралық кадрлар даярлау институты




 

      

 

Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статистика агенттігі




 

 

Аудандық (қалалық) статистика бөлімдері





  

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық

статистика жүйесінің құрылымы

 

 

 

     Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1996- жылғы 18- қаңтардағы қаулысы бойынша  Қазақстан Республикасының статистика  және талдау жөніндегі мемлекеттік  комитеті (бұдан әрі- Қазақстан Республикасының  Ұлттық статистика агенттігі  болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы көрсетілген Ережеге сәйкес  статистика органдары өз  жұмыстарын  ұйымдастырып және мұнда оның  негізгі міндеттері мен атқаратын  қызметтерін анықтайды. Төмендегі  ережеде оның міндеттері, қызметтері  және құқықтары берілген. 

     Ұлттық статистика  агенттігінің міндеттері Қазақстан  Республикасының Ұлттық статистика  агенттігінің негізгі міндеттері  мыналар: статистикалық мәліметтерге  сүйене отырып республикада болып  жатқан экономикалық және әлеуметтік  процестер мен олардың даму  үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту  мен талдау, статистика саласындағы  жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі  мен орындалуын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты ғылыми әдістеме және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің құрылуына, жұмыс істеуіне және жетілдірілуіне бағытталған.

Бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке және заңды тұлғалардың республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен тенденцияларын сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс.

Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты әдіснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптеріне құрылады. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік статистикалық байқаулар жүйесінде жетекші орын алады. Уәкілетті органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық көрсеткіштерді әзірлеуді қамтамасыз ететін болған жағдайда, мемлекеттік органдар статистикалық байқаулар өткізеді.

Заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы міндетті болып табылады және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік статистикалық байқаулардың жалпы санын Қазақстан Республикасының Үкіметі Cтатистикалық жұмыстар жоспары мен жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік нысандарының тізбелерін бекіту арқылы бақылайды. Уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар мемлекеттік статистикалық есептілік жинауды жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік нысандарының бекітілген тізбесі шегінде жүзеге асырады.

Уәкілетті органдардың міндеттері:

Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде:

  • халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснама әзірлеуге;
  • әдістемелік нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуге және мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуге;
  • жиынтық статистикалық ақпараттың жеке және заңды тұлғалар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге;
  • қолданылып жүрген шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат беруге, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуға;
  • мемлекеттік статистика органдарына ақпарат беретін жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар мөрқағаздарымен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулармен қамтамасыз етуге;
  • республиканың және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргізілуін және өзектілігін қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің дербес жауапкершілігі негізінде мемлекеттік және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға міндетті;
  • Cтатистика саласында ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыруға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

П А Й Д А Л А Н Ы Л Ғ А Н       Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

 

 

    1. Ырзабек Әміреұлы. Статистикалық жалпы теориясы: оқу құралы.- Алматы, 1998ж.
    2. Ғаламтор мәліметтері

Информация о работе Статистиканың Қазақстанда ұйымдастырылуы, оның атқаратын қызметтері және мақсаттары