Статистика пәні туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:33, реферат

Краткое описание

Статистика — ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады.

Содержание

I.Кіріспе
1. Статистика пәні туралы түсінік.
II.Негізгі бөлім
1. Статистиканың даму тарихы.
2. Статистика әдістемесі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.

Вложенные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 41.83 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Статистика әдістемесі

 

Статистика әдiстемесi дегенде  бұқаралық құбылыс пен процестi ғылыми тұрғыдан зерттеу мен басқаруда, оның бойынан байқалатын заңдылықтарды  үйренуде және оларды iс жүзiнде пайдалану  барысында қолданылатын өзiндiк әдiстi, яғни әдiс-амалдар, жолдар, құралдар кешенiн  түсiнемiз. Статистикалық бақылау процесiнде өндiрiстiк немесе зертханалық жағдайда тәжiрибе-сынақтар өткiзу, есептiк немесе арнайы зерттеулер мен тiркеулердi жүзеге асыру, анкеталық немесе iрiктеу әдiстерi бойынша бақылау және басқалар пайдаланылады.

 

Құбылыстар арасындағы өзара  байланыстарды зерттеу кезiнде талдау тұрғысынан топтастыру, параллель қатарлар жасау, оларды диаграммалар арқылы бейнелеу, теңдестiру әдiсi, корреляциялық және регрессиялық талдау әдiстерi, дисперсиялық талдау, көп өлшемдi талдау сияқты әдiстер (себептік талдау, бас компоненттер әдiсi т.с.с.) және басқаларды пайдалануға болады. Статистика теориясы — статистикалық зерттеудiң барлық бөлімдеріне тиесiлi жалпы теория болып табылады. Зерттеудiң жалпы ережелерiн, әдiстемесiн, яғни онда қолданылатын әдiстердi қарастырылып отырған бұқаралық құбылыстардың мән-мазмұнымен тығыз ұштастыра отырып қарайды.

 

Бұқаралық құбылыстар мен  процестердi мөлшерлiк тұрғыдан зерттегенде математикалық әдiстердi де пайдалануға болады. Мәселен, бiрқатар статистикалық әдiстер алгебра, алгебралық жүйелер, сызықтық теңдеулер мен теңсiздiктер жүйесi, матрицалар, векторлар, детерминанттар сияқтыларға сүйенедi. Әдетте статистика теориясы мен математикалық статистика екi дербес пән салалары ретiнде қарастырылады. Бұндай қарама-қарсылық олардың математикалық аппаратындағы айырмашылықтарға негiзделедi.

 

Статистика теориясы қарапайым, ал математикалық статистика — күрделi математикалық амалдарды пайдаланады. Десек те, бұл қасиет оларды жеке дара пәндер ретiнде қарастыруға негiз бола алмайды. Өйткенi статистика теориясымен математикалық статистика бiртұтас пән болып саналады. Бiрiншiден, статистикада қарапайым әдiстердiң орнына күрделi, анағұрлым жетiлдiрiлген математикалық құралдарды қолдану, жалпы алғанда, ғылым мен iлiмнiң дамуына тiкелей байланысты, әрi соның жемiсi болып табылады. Бұл процесс статистиканың дамуын ғана емес, сонымен қатар математиканың дамуын да бiлдiредi. Екiншiден, статистикада қолданылатын барлық математикалық амалдар арифметикалық, алгебралық немесе бiрер жоғары математикалық талдау болуына қарамастан, өзiнiң мазмұнын математиканың құрамдас бөлiгi болып табылатын ықтималдық теориясынан алады және сол тұрғыдан ашылған заңдылықтарға негiзделедi.

 

Ал статистика тiптi бұқаралық құбылыстардың жалпыға бiрдей заңдары мен ережелерiн зерттеу кезiнде де олардың тек мөлшерлiк қасиеттерiне сүйенiп қалмастан, пайда болу механизмiн негiзге алады, соның себептерiн ескередi. Әрбiр саланың статистикасы бiрыңғай статистика пәнi шеңберiнде белгiлi бiр деңгейде дербес пән ретiнде, сонымен қатар оның маңызды буыны, бағыты ретiнде қалыптасады.

 

Экономикалық статистика нақ осындай пәндер қатарына жатады және бiрыңғай статистика пәнiнiң аса маңызды буыны болып табылады. Нақ сол сияқты оның шеңберiндегi дербес бағыт ретiнде салалық статистикалар макроэкономикалық статистика, микроэкономикалық статистика, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салалар статистикалары пайда болып, дамып келедi.

 

Экономикалық статистика  макро және микроэкономикалық құбылыстар мен процестердi зерттеу барысында жалпы статистикалық әдiстер мен құралдарды кеңiнен пайдаланады. Ол бұл құралдарды тек пайдаланып ғана қоймай, алғашқы рет зерттелiп отырған экономикалық құбылыстардың ерекшелiктерiн, олардың даму заңдылықтарындағы өзiне тән қасиеттердi ескерiп, формасы мен мазмұны тұрғысынан қайта өңдейдi, өзiнiң бақылау жағдайына толық сәйкестендiредi, яғни жаңартылған теориялық ережелер мен әдiстемелер жасайды. Макро- экономика өзiнiң күрделiлiгiмен, яғни құбылыстар шоғырының ауқымдылығымен, түзiлiсiнiң көп қабаттылығымен, олардың арасындағы байланыстардың тығыз астасуымен және басқа да қасиеттерiмен оқшауланып тұрады. Сондықтан да макроэкономикалық статистика әдiстемесi жан-жақты күрделi, көп өлшемдi әдiстер жүйелерiне, атап айтқанда жоғары деңгейде агрегат- танған экономикалық көрсеткiштер жүйесiне, көп өлшемдi орташалар, топтастырулар және индекстер жүйесiне, көп өлшемдi байланыстарды талдау әдiстерiнiң кешенiне тағы басқаларға арқа сүйендi.

 

Ал микроэкономика бұған керiсiнше қарапайымдығымен, процестерiнiң оңайлығымен ерекшеленiп тұрады. Кейбiр кәсiпорындар әдетте бiрнеше қызмет түрлерiн қамтиды, өндiретiн өнiмдерiнiң түрлерi мен ассортиментi аз болады, пайдаланатын еңбек және материалдық ресурстары дерлiк бiрдей, оларда микроэкономикалық процестер жай жүредi, ал микробазарлар бiр немесе бiрнеше затымен ғана көзге түседi. Сондықтан да микроэкономикалық статистика әдiстемесi қарапайым экономикалық көрсеткiштер мен талдау әдiстерiне сүйенедi.

 

Макроэкономикалық статистика микроэкономикалық статистика үшiн теориялық әрi әдiстемелiк негiз болып саналады. Ал кәсiпорындар, тармақтар және базар статистикалары оның белгiлi бiр дәрежеде тәуелсiз бөлiмдерi болып табылады.

 

Экономикалық статистика — әлеуметтiк жағдайды анықтаудың аса маңызды құралы. Ол тұрмыстық оқиғаларды пайымдауға, экономикалық теориялар мәнiн ұсынуға, олардың тұжырымдары мен түсiнiктерiн тексеруге мүмкiндiк туғызады. “Бiз үшiн, — деп жазады американ экономисi әрi статисi, Огайо штаты университетiнiң профессоры Э.Кейн, — эконо-микалық статистика — экономикалық теория ережелерiн сынақтан өткен фактiлер көмегiмен тексеру әдiсi жөнiндегi iлiм. Ол жұмысы жемiстi және жемiссiз жүрiп жатқан ғылыми-зерттеу салаларын анықтау мүмкiндiгiн бередi және қажет болған жағдайда қанағаттанбау идеяларын бақылаушы адамға қайта қарап шығуға ұсынады”.

 

Эконометрия деген не? — деген сұраққа америкалық экономист-ғалым Э.Кейн былайша жауап бередi: “Эконометрия экономикалық статистиканың арнайы саласы — нақты шаруашылық процестерiн сипаттайтын теориялық модельдерге статистикалық әдiстердi енгiзу мәселелерiн қамтиды”. Ал екiншi бiр америкалық экономист-ғалым Г.Тинтнер  эконометрияны үш бiрдей бiлiмнiң: математиканың, саяси экономика мен статистиканың синтезi деп түсiнедi, бiрақ эконометрикалық тексеру мен статистикалық тексерудiң арасына теңдiк белгiсiн қояды .

 

Норвегия статисi Рагнар Фриш 1930 жылы тұңғыш рет эконометрия терминiн ғылыми ұғымдар қатарына енгiзген оның басты мiндетi “экономикалық теорияны математикамен және статистикамен байланысты түрде дамыту” деп түсiнедi.

 

Дж. Джонсонның пiкiрiне қарағанда, эконометрикалық зерттеу төмендегiдей төрт сатыдан тұрады:

 

- экономикалық процестiң математикалық моделiн спецификациялау;

 

- экономика немесе оның секторы жөнiнде анық мәлiметтер жинау;

 

- модельдiң параметрлерiн бағалау үшiн оларды пайдалана бiлу;

 

- алынған нәтижелердi статистикалық жолмен тексеру. Эконометрия iлiмiнiң негiзiн салушылардың пiкiрлерiн қорытатын болсақ, бұл сала мен экономикалық статистика арасында үлкен айырма жоқ. Экономикалық статистика да өз көрсеткiштерiн экономикалық теорияға сүйене отырып спецификация жолымен жасайды және тиiстi мәлiмiттер жинап, оларды есептейдi, экономикалық процестердi талдау үшiн түрлi әдiстердiң көмегiмен олардың модельдерiн жасайды және шынайы ақпараттар негiзiнде бағалап, алынған нәтижелердiң маңыздылығын тексередi. Сондықтан да  эконометрияны экономикалық статистиканың құрамдас бөлiгi, маңызды бағыты деп қарауға әрi теориялық, әрi логикалық негiз жеткiлiктi. Расында да эконометрияда қолданылатын математикалық аппарат экономикалық статистикада да ойдағыдай қолданылады.

 

Қорыта айтқанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Ал Машани. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 2006

 

2. Абдурахманов М.А. Статистиканың  теориясы. Монография. Астана, 2010

 

3. Абдурахманов М.А. Статистика. Астана, 2009. Оқулық Қазақстанның  ұлттық                                  электрондық кітапханасының вэб-порталы арқылы (www.kazneb.kz) еңгізілген.

 

4. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2008.

 

5. Кейн Э. Экономическая статистика и эконометрия. М.: 1977.

 

6. Тинтнер Г. Введение в эконометрии. М.: 1965.

 

7. Герман К.Ф. Всеобщая  теория статистики. СПБ,1809-П.

 

8. Eckermann J.P. Gesprache mit gothe leipz. 1902.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі  Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Статистиканың дамуы және статистика пәні туралы түсінік.

 

 

 

                                                             Тексерген:аға оқытушы 

                                                                      Айтмуканова Г.М.

                                                         Орындаған:2 курс қаржы студенті

                             Тулепберген М.


Информация о работе Статистика пәні туралы түсінік