Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 08:34, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Вложенные файлы: 1 файл

Сактандыру нарыгы.doc

— 367.00 Кб (Скачать файл)

 

    2006 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2006 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.

    Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының

болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің 52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы (24%) тұр. “Тайпинян” компаниясы 11%-ды, ал  “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды. Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.

     2005 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары, 7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы мемлекеттік  сақтандыру компанияларына және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің саны - 150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің қызметін пайдаланады.

     Қытай басшылығының елді сыртық экономикалық қатынастарға ашық екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене бастады. Өкілетттіктердің ең көп санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің 113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2007 жылы ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.

     2007 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қытай Халық Республикасында шет елдің қатысуымен 37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге жуық басқа шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және тағы басқалар) бар.

     АҚШ сақтандыру нарығы. Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып табылады.

     Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң

және сақтық бақылау  органы жоқ.

     Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.

     Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.

     Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:

  1. бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);
  2. жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);
  3. коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).

     Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.

     Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың қызметін талдайды, олардың қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.

     Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар және инвестициялар бойынша пайда коэффициенті, дебиторлық қарыз деңгейі саналады.

     Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру бойынша ірі сақтандыру компаниялары жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады.

     Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары өндірістік корпорациялармен тығыз байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың әрбір 100 директорлар кеңесінің 27-сінде сақтандырушылар отырады.

     Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық негізін акционерлік қоғамдар мен өзара сақтандыру қоғамдары құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру брокерлерінің – сақтандыру агенттерінің немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың институты бар. Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша “Пруденшл” ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, “Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”, “Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.

     Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға дейін төмендеді. Бұл көптеген ұсақ сақтандыру компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.

     Америка Құрама Штаттарының сақтандыру компаниялары қаржылық конгломераттар деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес компаниялары арқылы өздерінің негізгі қызметінен басқа несиелер мен қарыздар беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.

     Жетекші сақтандыру компанияларына “Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.

     Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара келісім негізінде өмірді сақтандыратын “Метрополитен Лайф иншуранс К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған компаниялардың бірі болып саналатын, “Коннектикут дженерэл корпорейшн” және  “ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған “Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма” компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.

     “Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші халықаралық диверсификацияланған сақтандыру топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы саудалық және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр.  

Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.

Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары болып:

    1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы;

    1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф Америка” компаниясы;

    1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы саналады.

     Көріп отырғанымыздай, әрине бұл елдердің сақтандыру нарығының даму деңгейі, олардың сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің сақтандыру нарығының мәліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

 

 

3.2 Қазақстан   Республикасының  сақтандыру  нарығының   даму   перспективалары

 

 

Елдің сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың  бірқатар міндетті түрлері енгізілді,сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компаниясы, экспорт-импорт кредиттерін сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.

Сақтандыру  секторы: мақсаты мен міндетi. Орта мерзімді перспективада сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерімыналар болып табылады:

- азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің  сақтандыруды қорғаудағы қажеттіліктерін  қанағаттандыру жəне мемлекет  экономикасын дамыту үшін ұзақ  мерзімді инвестициялық ресурстарды шоғырландыру жөніндегі шараларды əзірлеу жəне іске асыру;

- халықты əлеуметтік  қорғаудың құралы ретінде өмірді  сақтандыруды дамыту міндетті  сақтандыру жүйесін жетілдіру;

- халықтың сақтандыру  ұйымдарына сенімін жəне сақтандыру  қатынастары барлық субъектілерінің сақтандыру мəдениетін арттыру;

-   үздік  халықаралық практика негізінде  сақтандыру қадағалауын жетілдіру.

Ағымдағы жағдай. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өрлеуі жəне ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау жөнінде мемлекет қабылдаған шаралар осы саланың шапшаң дамуына ықпал етті. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің бірнеше жыл ішіндегі серпініне оң баға берілуде. Дегенмен, елде өмірдісақтандыру жəне жинақтаушы жəне ұзақ мерзімді сақтандырудың өзге түрлері нарығы жеткіліксіз дамыған.

Қазіргі кезде  өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мəселесі өзекті болып қалып  отыр. Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру төмен деңгейде, олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлігі қайта сақтандыру арналары арқылы шет елдерге беріледі.

Бұдан басқа, міндетті сақтандыру жүйесінде бірқатар проблемалар  бар. Айталық, міндетті

сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің барлық əлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары бар. Міндетті сақтандырудың тиімділігін төмендететін басты проблемалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: сақтандырушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік қадағалау деңгейінің жеткіліксіздігі мен қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі;

міндетті сақтандыруды қолдану туралы нормаларды қамтитын салалық заңдарды əзірлеуді шектеу қажеттілігі.

Көлік құралдары  иелерінің АҚЖ-ын міндетті сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерінің бірі болып табылады, бұл көлік  құралдары иелерінің жəне жол  қозғалысының басқа қатысушыларының мүдделерін қозғайды. Сондықтан сақтандыру нарығында осы сақтандырудың проблемалары неғұрлым өткір сезіледі.

Жақын арадағы  жылдары сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлігіндегі маңызды мəселе өзара сақтандыру жүйесін дамыту болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру нарығы элементтерінің бірі болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттігі, ең алдымен əрқилы себептерге: көп шығынға, сақтандыру сомаларының жоғары мəніне байланысты коммерциялық сақтанушылар сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тəуекелдердің көп болуымен негізделген.

Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тəуекелдерді басқару  жүйесі дамытуды талап етеді.  Негізгі шаралар:

1. Сақтандыру  ұйымдары қызметінің ашықтық  деңгейін арттыру (шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру) - осы сəтте қолданыстағы шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы ұйымының нақты меншік иесін, қаржы ұйымының шешімдерін анықтайтын аффилиирленген тұлғалар тобын анықтау мүмкіндігі көзделді, қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерге елеулі əсер ететін қаржы ұйымдарының акционерлерін анықтау бөлігінде банктермен сақтандыру жəне зейнеткерлік заңнаманы біріздендіру жүргізілді.

Жүйелік тəуекелдері  бар неғұрлым ірі сақтандыру ұйымдары банк конглометрлеріне жатады жəне оларды шоғырландырылған негізде реттеу банк конглометрі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банк конгломератына жатқызылмаған 24 сақтандыру ұйымына шоғырландырылған негізде пруденциялық реттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі аз қолданылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары