Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:23, доклад
Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған.
Ағашқа ою салу өнері
Ағашқа ою салу
өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан
бастап, бүкiл Қазақстан аумағына
кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың
халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен,
ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап
көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты.
Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер
мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң
басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған
ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн
келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын
толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған.
Қазақтардың ағашты
өңдеп, пайдалануы ең алдымен, оның көшпендi
өмiр салтының қажетiн өтеуге байланысты
болған. Киiз үйдiң сүйегi мен есiгі, босағасы,
керегесi ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне
әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы
босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен
әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе, салтанатты
ордалардың ағаштары сүйекпен, алтын,
күмiс, мыс-жезбен оюлап безендiрiлген.
Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың
ағаштан жасалған үй жиһазы болған, мысалы
төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с.
Ағаш сандықтың да, мысалы, азық-түлiк,
киiм-кешек, төсек-орын салатын түр-түрi
болған. Сондай-ақ, теңдер мен көрпе-жастық,
кiлемдер мен текемет-сырмақтарды жинайтын
жүкаяқтар болған.
Ас бұйымдарынан ағаш табақ, астау, шара,
тостаған, қымыз құятын тегене мен әшекейлi
ожау, шынықап, келi-келсап, пiспек, қасыққа
дейiн бәрi ағаштан ойылған. Оларға және
ою-өрнек салынып, сырланып, немесе сүйек,
металдармен өрнектелiп безендiрiлетiн
болған. Ағашқа ойылған оюлардың композициясы
мен үлгiсi де қазақтың халықтық қолданбалы
қолөнерiндегi тәрiздi қарапайымдылығы
және көрнектiлiгiмен ерекшеленедi. Жалпы
түс пен өрнектердiң теңдiгi, жекелеген
бөлшектердiң жиi-жиi қайталанып отыруы
да қазақы үлгi. Солардың арасында ең көбiрек
кездесетiнi – қошқар мүйiз, екi басы тұйықталып
келетiн иiр қайырма, S образды белгiлер
мен шеңберлер, төртбұрыштар, ромбтар,
жапырақ формалы иiрме орамдар, т.с.с. Ою
салынған бұйымдардың әшекейлік шешiмi
олардың үлкен-кiшiлi көлемiне қарамастан,
оюдың жекелеген бөлiктерi мен элементтерiнiң
бәрi жалпы сәннiң жарасым тұтастығына
бағынған.
Қазақ оюшылары оюдың түрлi тәсiлдерiн
меңгерген, тесiп ою, бедерлеп ою, жанап
қырлап ою, жалпақ ою, т.с.с. Кейде олар
оюдың негiзгi жүйелерiн қосымша өңдеп
отырған. Орта Азия халықтарынан, әсiресе,
қырғыздардан ерекшелiгi, қазақтар ою үстiне
металл жапсырып, не сүйек салып безендiрген.
Металл жапсырмаларын көбiне сандықтар,
кебеже мен қобдишаларға, қымыз құятын
тегенелер мен тостаған, әшекейлi ожауларға,
киiм iлетiн адалбақан, не ат әбзелдерiн
iлетiн iлгешектерге қолданған. Ал ою үстiн
сүйекпен өрнектеу төсек пен есiк, жүкаяқтарға,
кейде ағаш ердiң алдыңғы жағына орналастырған.
Сүйекшiлер қажеттi оюды алдымен сүйектен
кесiп, содан соң оны құрастырып, безендiрiлетiн
бұйымның үстiне түймебас күмiс шегемен
жапсыратын болған. Ағаштың ою салынатын
бетi алдын-ала арнайы өңдеуден өтедi, оған
салынған оюдың өзi кiрiгiп жапсырылатын
металл кесiндiсiнiң қалыңдығына қарай
ұңғыланады. Соның нәтижесiнде ою үстiне
жапсырылған металл мен ағаштың бетi бедерсiз,
бiркелкi жазық болып келедi. Қазақ шеберлерi
көбiне қаптамалы өрнектеудi қолданған,
мұнда бұйымның бетiне оюланған сүйек
тұтастай жапсырылып, қапталады. Ондағы
сүйектен ойылған әрбiр өрнек жеке-жеке
орналасқанда текемет-сырмаққа салынған
оюдың композициясындай жалпы жарасым
тауып, бiр-бiрiмен әдемi үйлеседi. Аса қымбат
бағалы дүниелердi жасағанда сүйекке алтын-күмiс
жапсырмаларын қосып безендiретiн болған.
Сүйекшi шеберлердiң еңбегi өте жоғары
бағаланған. Сондықтан сүйектен ойылған
әдемi жиһаздар көбiне дәулеттi адамдардың
төрiне көрiк берген.
Қазақ шеберлерi қайыңның қатты безiнен
қымыз iшетiн тостаған, саптаяқтар ойған.
Қымыз құятын ожаулардың өзi де әр алуан
қалыпта жасалған. Салтанатқа ұсталатын
ыдыс-аяқтарға күмiстелген өрнектермен
қоса iрi асыл тастар салынып зерленетiн
болған.
Қымыз құятын үлкен шаралар мен ет тартатын
табақтар әдетте әшекейленбеген. Оның
тек сирек қолданылатын кейбiр түрлерi
ғана томпақ бедерлi, немесе түймебасты
күмiс шегелермен әшекейленген. Күмiстiң
өзi кейде қарайтылып, безендiрiлген.
Ою салынған дүниелермен қатар станокта
жонылған ыдыс-аяқтар кеңiнен қолданылған.
Оларға әдетте әшекей, ою салынбайтын
болған.
Ағаштан түйiн түйiп, ою ойған қазақ шеберлерi
қолөнер туындыларының ең басты құндылығы
олардың алуан түрлi ою өрнек үлгiлерiн
кеңiнен қолдану арқылы сол көркем шығармаларында
көшпендiлер өмiр-тiрлiгiнiң мәнi, дүниенiң
жұмбақ сырлы жаратылысы жөнiнде ой түйген
халық түйсiгiн поэтикалық тұрғыда тұлғаландырып
отырғандығында.
Бұл көркем туындылар жанды дүниенiң суретiн
бейнемелеу жөнiндегi исламның қатаң қағидасы
шеберлердiң шығармашылық еркiндiгiне шек
қойып, оларды бейнелеу өнерiндегi шарттылық
пен схематизмге мәжбүр еткендiгiнiң сөзсiз
айғағы. Алайда халықтық хас шеберлер
тапсырыс берушiлердiң қалауына орай, әрi
қолдағы материалдарға икемделiп, белгiлi
бiр қалыппен шектелген ою-өрнек өнерінiң
өзiнде де дүние, тiршiлiк туралы өз тұжырымдарын
төтенше қолтаңбаларымен қалдырды. Тiптi
өздерiне ғана тән, өзгелер қайталай алмайтын
орнаментация жүйесiн жасады.
1.2. Ағашты көркем өңдеу өнері
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп
өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек
ою болып табылады.Адам баласы ғасырлар
бойы өзінің тұрған үйін, әбзелдерін ,
қолөнер бұйымдарын ою-өрнекпен көркемдеп, безеңдіріп
отырған. Мысалы сақтар кезінде ағашқа
бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған.
Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілер
мен сақтар ертұрман әбзелдерін көркемдеген
, ағаш бұйымдарын безеңдірген.
Өрнекті оюды бірнеше тәсілі бар. Соның
бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай
өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет
салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты,
төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа
бөлу арқылы өрнектеледі. Мұндай өрнектер
өте шағын әрі кішкентай ойықтары болғандықтан,
оларды зімпарақпен тазалау немесе әрлеу
қиын. Сондықтан өрнекті орындау сапасы
пышақпен қашаудың өткірлігінетікелеу
байланысты.
Екінші тәсілі-өрнекті жұқалай тіліп салу.
Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен
тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап
жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі,
мұнда нобайы бойынша өңделетін бейне
шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан
да өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі алынады.
Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
ӨРНЕК-дегеніміз, кез-келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей. Ал ОЮ - дегеніміз , бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы, сондай-ақ бұйымды шабу кезіндегі ойып , өңдеу жұмыстарын айтамыз.
Көркемдеп оюда сызықтың өрнек ою әдісі де жиі қолданылады. Мұндай өрнекті ою, яғни кесу, екі немесе үш сызықты ойып кесу әдісімен жүргізіледі. Екі сызықты үшбұрышты ойық ой жұмсақ ағаштан тілінген тақтайға, ал үш сызықты ой тәсілі-қатты тақтайға өрнек салуда қолданылады.
Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің жартылай көлемін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті бедерлі ою деп атайды. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Бедерлеп оюдың өзінде орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге ажыратуға болады. Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсе-жосықтау деп , ал қашау ізі тіу салынса қиып ою деп аталады.
Ағаш бұйымдарын
көркемдеп өңдеу мынадай
Кез келгенөрнектерін ойша бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазаланғаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне , құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талапты алын-ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп алғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін , деңгейін бүлдіріп алуы мүмкін.
Сонымен қатар ағашты көркемдеп
өңдеу дегеніміз-ағашқа кез-келген геометриялық
фмгураны белгілі ырғақпен өрнектеп салу
ғана емес , өрнек үлгілерін шығармашылық
тұрғыдан композициялы жүйелеу.
Қазақ ұсталары ағашты әсіресе жалтыруға
, алабажақтап бояуға әуес болмаған. Себебі
қазақтың ұлттық өрнектері негізінен
ауқымды , көрнекі келеді. Сонан соң өрнекпен
келесі өрнек бір-бірінен саусақ бойы
тереңдікте бос қалатын аралық ауқым арқылы
бөлектеніп тұрғандықтан , оюлардың нақышы
дараланып , сәнді көрінеді де , қосымша
боямалап әрлей түсуді қажетсінбейді.
Ағаштан әрлеудің, бояп көркемдеуден басқа
лактау, эмальдау, жалатпалау тәрізді
тәсілдері бар.Алайда , мұның бәрі-дәстүрлі
қолөнерімізге келе бермейтін жаңа әдістер.
Қазақ шеберлері ағашты үйкелеп жалтыратпаған,
көбіне ағаштың өз реңін, өңдік өрнегін
сақтаған немесе құралдың ізін қалдыру
тәсілі арқылы оюлы заттың көркемдігін
арттыра білген. Болмаса ағашқа сүйек
қойып көркемдеген. Мысалы, ағаш ерге күміс
таққан. Кейде бұйымның сырты толық матамен
қапталып, үстіне өрнек кесілген ұшқатты
бекітеді. Мұндағы кесілген орынның ашық
жеріне матаның бейнесі көрініп әр беріледі.
Жалпы алғанда жасандықтан табиғилықты
артық көрген. Жоса, қына, томар бояу тәрізді
табиғи бояғыштарды қолданған. Әрине аумалы
замандарда бұрыңғы шеберлердің бояу,
әрлеу әдістерінің көбі ұмтылған, себебі
толық деректер жинақталмаған. Зерттеулер
бойынша, ұсталар жосаны бір тәулік жылы
суға шылап ерітіп, ағашқа жағып соңынан
ірі қараның баурымен ысқылайтын болған.
Бояудың көшпеуі үшін жосаға, томар бояға
ашутас қосқан. Жосаланған ағаш қызыл-қоңыр
түске еңіп тартымды рең ашады.
Қына мен жоса лак тәрізді жалтылдап, көзді
қарып тез жалықтырмайды. Дегенмен оюлы
ағаш өңін өзгерту , ылғалға шыдамдылығын
арттыру үшін морилка тәрізді дайын бояғыштарды,
сондай-ақ ішінарамайлы бояуды қолдануға
болады.Темпера –майлы бояудың бір түрі
, темперамен боялған ағаштың бетіне міндетті
түрде лак жағуымыз керек. Себебі , темпера
сумен араластырылып жасалатындықтан
сыртқы ортаның әсерінен ағаш бетіндегі
бояудың өңі кетіп , түсіп қалуы мүмкін.
1.4. Бұйым жасауда қолданылатын ағаштың түрлері , қасиеттері
Ағаштың
түрлері
Бұйым жасау барысында ағаштың бірнеше
ағаштардың түрлері қолданылады. Ақ қайың
- түрі ақ. Аққайыңның шпон кесіндісі саз
аспаптар жасау саласында ою-өрнекке,
әшекейлерге қолданылады. Ағаштың құрылысы
кейде біркелкі жылдық салалары шағылыс
арқылы бәсең көрініп , кейде сарғыш қоңыр
көзге едәуір ілініп тұрады. Қайың жалпы
біртектес түс береді , пышақпен жақсы
өңделеді , өте тығыз ағаш , бояуды жақсы
қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес
ағаштың бейнесін елестетеді. Мысалы:
жаңғақ, қоңыр үйеңкі т.б.
Емен-көлденең кесіндісінен өте айқын
бірден көзге түсетін ағаш сақиналары-ның
бейнесін байқауға болады.Ағаш өзектерінің
каналдары , өзек ұшқындарыда басқа ағаштарға
қарағанда ерекше байқалады. Көлденең
кесіндісінен өзек ұшқындарынан басқа
тағы жіңішке ашық сызықтарды байқауға
болады , ал тангентальды кесіндіден ол
сызықтар қара-қоңыр болып көрінеді. Ағаштың
түсі ақшыл-сары немесе сарғыш-қоңыр ,
сұр және жасылдау көлеңкені елестетеді.
Емен ағашы өте қатты , тығыз және өте қиын
кесіледі , бояуды жақсы қабылдайды , ластағаннан
кейін түсін өзгертпейді. Бұйым жасауда
өте кең қолданылады , өте құнды ағаш.
Қарағай-қылқан жапырақты ағаштың тобына
жатады. Бұрыңғы Кеңес Одағы жерінен 1,6
бөлігін алып жатыр. Көлденең кесіндісі
ашық күлгін,ал көктемгі түсі ақ сарғыш
болып келеді,өзек сақиналары қызыл сары
жолақтарымен көзге түседі.Жалған өзек
көрсеткен кезде ағаштың түсі көшпелі
ағаш салаларымен ерекшеленеді.Ағаш жеңіл,оңай
өңделеді,бояды жақсы қабылдайды.Өндірісте
өте кең көлемде қолданылады.
Шырша-ақ түсті срағыш және оның көлденең
кеспесінен жылдық сақиналары әзер көрінеді.Кіші
бұтақ түбірлері өте көп.Физика-механикалық
қасиеті қарағайға қарағанда өте төмен.Құнды
ағаштар қатараына жатады.
Көктерек – түрі сүттің бетіндей,жұмсақ
әрі жеңіл біртектес тығыз ағаш. Ақшыл-жасыл,көгілдір
түсті көлеңкені көрсетеді. Ағаштың беті
женіл, жұмсақ, жылтыр, сарғыш шағылыс
береді. Жылдық сақиналары онша көрінбейді,
тек сарғыш-қоныр түспен көзге ілінеді.
Бұйым жасауға өте қолайлы,жақсы майысады,
онайшылықпен сынбайды. Бұл ағашты негізінде
боямаған жөн, лактағанда өз түсін өзгертпей
қалдырады да әдемі,әсем көрініс беріп
тұрады. Құнды ағаштың бірі болып есептеледі.
Қарағаш - әсіресе тангентальды кесіндісінде
үлкен өзекті каналдармен жылдық сақиналарымен,
анық айқын түсімен ерекшек көзге түседі
және өте ірі күрделі көрініс береді. Толқынды
келген ағаш сақиналары және өзек ұшқындары
басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше
шағылысып тұрада,ағаштың түсі қызыл-қоңыр
болып келеді,әрі жасыл-күрең немесе көкшіл
шағылыс байқатады. Бұл ағаш өте қатты,тығыз
әрі жақсы өңделеді. Бұйымдарға ерекше
бейне беріп,өзінің құрылысымен сәнді
көрінеді. Саз аспаптарынынң барлық түрлеріне
кенінен қолданылды.
Шетен- түсі ақшыл және күлгін сары түсті
көлеңке береді.Көлденең кесіндісінен
қорек өткізетін дөңгелек каналдарын,айқын
көруге болады,өте мықты және қатты болып
келеді.Ұзыныннан кесілген ағаштың құрылысын
жылдық сызықша,қара,қоныр сақиналарынан
анық көруге болады. Оңай қесілмейді,бұл
ағаш емен ағашына ұқсас, жақсы майысады,
сынбайды. Құнды ағаштар тобына жатады.
Самырсын - берік, мықты, қылқан жапырақтары
да, бұтақтары да қаллың өсетін ағаш. Діңі
сарғылт қызыл түсті, кепкен кезде көлемін
жоғалтпайды, жылдық сақинасы айқын көрінеде,
жақсы кесіліп ойылады. Қолөнерде және
мүсін оюга, музакалық аспаптар жасауда
кеңінен қолданылады.
Майқарағай - сыртқы түрі пішіні, жеңілдік,
жұмсақтық қасиеттері шыршаға ұқсайды.
Діңінің қиығында жылдық сақиналары біркелкі
екені аңғарылады. Беріктігі нашар, тез
жарылып,кепкен кезде майысып кетеді.
Сондықтан тұрмыста аз қолданылады.
Балқарағай - көп өмір сүретін ағаштардың
қатарына жатады.Қарағай мен шыршаға қарағанда
биік, қатты, діңі қызыл қонырқай түсті,жылдық
сақиналары айқын,анық көрінеді.Бұл ағашты
жоғарыда айтылған тұрмыс жағдайлардың
бәрінде қолданылады.Сонымен қатар токарлық
жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Карелия қайыңы – ақшыл сары түстес келеді,күлгін
немесе ақшыл қызыл,кейде қоныр көлеңке
бейнесін елестетеді.Ағаштың құрылысынан,яғни
оның көлденең кесіндісінен ұзынша - қысқалау
, ашық қоныр түсті сызықшаларды байқаймыз.Бұл
ағаш мықты әрі қатты,құрғақ кезінде өндеуге
және кесуге қиындау.
Ақ түсті акация – бұрынғы Кеңес Одағына
Оңтүстік Америкадан әкелінген.Оның жалпы
бейнесі сарғыш түстен жасыл қоныр түске
дейін немесе сарғыш қоныр болып келеді,
ол өзінің көлденең кесіндісінде әдемі
көз тартарлық , жылдық салаларымен көрініс
береді.Жылдық сақиналарының ерте аймағы
көзге айқын көрінеді,ал кеш жетілетін
табалдырық аймағы,сызықша болып, көзге
бірден ілінбейді немесе кішкене сызықша,нүкте
ретінде көрінеді. Ал жіңішке өзек ұшқындары
жібектің шағылысындай жарық беріп тұрады.Бұл
көріністерді көлденең кесіндіден аңғаруға
болады.
Ағаш өте қаттылығымен,мықтылығымен бағаланады.Өте
қиындықпен кесіледі,бояуды жақсы қабылдайды.
Ағаштың қасиеті
Бұйымға материалды тандау ісі өте үлкен
жауапкершілікті талап етеді,өйткені
оның әсемдігі төзімділігі, ұзақ пайдаланылуы
және құндылығы таңдап алынған материалға
байланысты. Мысалы: бесік, әшекей сандық,
асадал т.б.ою арқылы ойылып жасалатын
бұйымдарға бүтіндей ағаш өңін бұзбаған
материалдар болуға тиіс.
Көрмемделіп өңделетін ағаш бұйымдарын
таңдай білу үшін сол бұйымдарды жасауға
қажет матнриалардың қасиеттерін жақсы
білуі керек.
Ағаштың химиялық қасиеті. Ағаш бірнеше
органикалық заттардан:көмір қышқылынан,сутегі,оттегі,және
белгілі бір мөлшердегі азот қышқылынан
тұрады.Қаңырап кепкен ағаштың құрамында:
49,5% көмір қышқылы; 44,2% оттегі мен азот;
6,3% су болады
Ағаштағы азот қышқылы 0,12% қана.Ағаштың
құрамында органикалық заттар да бар,
олардың құрамы 0,2-0,7% аралығында.Күлдің
құрамында тұз қышқылы,кальций,натрий,магний
бар. Олар күрделі органикалық заттар.
Қаңырап кепкен ағашта 90-95%с алмақ құрайды.
Органикалық заттардың құрамы ағаштың
түріне байланысты әр түрлі болады.
Қылқан жапырақты ағаштың құрамында орта
есеппен: 48-56% целлюлоза; 26-30% лигнин; 23-26%
гемицеллюлоза; 10-15% пентазон; 13% гексозон
болады.
Ал жалпақ жапырақты ағашта:46-48% целлюлоза;
19-25% лигнин; 26-35 % гемицеллюлоза; 20-23 % пентазон;
3-6 % гексозон болады.
Ағаштың физикалық
қасиеттері. Ағаштың физикалық қасиетіне
оның сыртқы көрінісі , ылғал , суық және
жылу өткізгіштігі , дыбыс беру мен электр
тоғын өткізу қасиеті жатады. Бұл жағдайда
оның түсі мен жылтырлығы , иісі ескеріледі.
Түр түсі. Бұл қасиетті қолөнерші шеберлер
мебель, ыдыс-аяқ және т.б. заттар жасағанда
ескеріп пайдаланады. Ағаштың сыртқы түрі,
оның климаттық және қандай жерде өскеніне,
жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас
ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың
жеке-дара түрі , түр-түсі, өзіне тән иісі
болып , табиғатта ақшыл түрден бастап
қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі.
Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен,
қоңыр, сұрғылт түсті болып келеді. Осы
ағаштардың өздерін бояулар , морилкалар
арқылы басқа түске өзгертуге болады.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай
болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс
таза ысқыланып жасалған заттарға жарық
сәулесі түскен кезде жақсы байқалады.
Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі
мен қаттылығына байланысты. Емен, шамшат,
шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар
өте әдемі және жылтыр болады, ал лак ағаштың
осы қасиетін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі-ағаштың бұл қасиеті
оның арамен ұзынынан кескеннен кейін
кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан
қезде өте жақсы көрінеді, оған бір ерекше
көркемдік сән береді. Бұл сүреттің бәрі
жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен
ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың
жылдық сақиналары бірдей болмай қисық
жасалған заттың өң-түсі өрнек-оюсыз-ақ
ерекше құлпырады.
Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің
табиғи сүректерері өте қарапайым, ал
жай жалпақ жапырақтың табиғи сүреті күрделі
және қайталанбас таңбалармен берілгендігін
байкаймыз.
1.5. Ағашты көркемдеп өңдеуде қолданылатын құрал–жабдықтар.
Ұсталар ағашты
кесу жұмыстарында ара мен балтаны, шабу
ісіне түрлі шоттарды (шаппашот,тесешот,ойыс
жүзді шот), тегістеу,типылдау үшін -үстіртті,
қырғыны, жонғыны, түрпіні, ішінара қашауды,
ойып өрнек салу үшін бәкіні,пышақты-
ойма пышақ,қуыс құрақ, қашау, тесу үшін
– бұрғы мен үскіні пайдаланған.
Әдетте ұсталар өзіне Қажетті құрал-жабдықтарды
өздері жасап алатын.Кәзір ағаш өндеу
механикаланған. Механикаланған құрал-сайманға
электр ара, электр сүргі, электр бұрғы,
элетрлік және пневматикалық ажарлау
аспаптары жатады.
Жинақталған кескіш бәкілермен қатар
метірлік өлшегіш,сызғыш,ішкі өлщеуіш,деңгейлік
рейсмус деп аталатын өлшеу-белгілеу аспабы,ұста
балғасы,ағаш балға,қысқаш, іскенже, егеу
тәрізді көмекші аспаптар да қажет.
Ағаш оюға қажетті ең басты құрал - қашау
(стамеска).
Қашау,тік жүзді қашау,құрсақты қашау
(құрсақ ауқымы, яки жүзінің доғалық шенбері
түрліше бола бреді), бұрышты қашау (жүзі
үшбұрышты,т.б.), қиғаш қашау (жүзі қиғаш)
болып бөлінеді.
Ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін
ескермей болмайды. Қашаудың ұзындығы
80-120 мм.,жүзінің ауқымы 2-3мм-ден 40-50 мм-ге
дейін болғаны ыңғайлы.
Ағаш материалдарын
қарапайым өңдеу үшін балтаны, қашауларды, сүргілерді,
бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады.
Ал материалды көркемдеп өңдеуге арнайы
дайындалған құрал түрлерін қолданады.
Желімдер түрлері
Қазіргі уақытта желім түрлеті көбейді.
Бірінші түрі сұйыққа араластырылып, от
немесе энергия арқылы ерітіліп дайындалса,
екінші түрі заводтарда өңдірілген дайын
сапалы желімдер.
ПВ-2 желімі ешқандай отты не жылытуды
талап етпейді. Желім жасау түрлері. Ағаш
желімін біркелкі етіп майдалайды да,
суда 10-12 сағат жібітеді. Желімге 10 проценттей
сірке қышқылын қосқанда ылғал. Әсеріне
төзімді, ал 1-2 процент калий бихроматын
қосқанда суда тіпті ерімейтін болады.
Енді осы желімді аздап хромдаса, әйнектіде
желімдеуге болады. Оған 3 проценттей глицирин
қосылса сапасы жақсарады. Егер 600 г ағаш
желіміне 50 г бидай крахмалын, 10г қарағай
шайырын қосса аллюминийден жасалған
қаңылтырды желімдеуге болады. Сұйық желім.
4 г қант, 1г сөңдірілген әк 12 мл суда ерітіліп,
1 г ағаш желімі қосылып, ертеңіне 10-15 минут
қайнатады.
Қауіпсіздік ережелері