Колцевая печь

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 21:13, доклад

Краткое описание

Иімділік деп металдың сыртқы күштердін әсерінен маккротұтастығын бұзбай түрін өзгертуге икемділігін атайды.Металл дененің түрінің икемділік өзгеруін иілімділік нысан өзгеруі деп атайды.
Сыртқы күштердің әсерінен металда бірінші серпінділік сонан соң иілімді нысан өзгеруі болады. Серпімділік нысан өзгеруі кезінде металл атомдары, атомаралық қашықтықтан аспайтын аралыққа жылжиды.Бұл қозғаулар дене өлшемдерімен нысанының өзгеруіне әкеп соқпайды. Сыртұы күштің әсерімен алғашқы тұрақты қалпына келеді.

Содержание

Студенттерді қақтау балғасының құрылысымен және жұмыс қағидасымен таныстыру.
Еркін қақтаудың есептік көлемін анықтау және операцияларды практикалық жүсінде іске асыруды қысыммен өндеу, металдардың иімділіктерін пайдалануға негізделген.

Вложенные файлы: 1 файл

жако и ерема.docx

— 439.72 Кб (Скачать файл)

5- жұмыс

МЕТАЛДАР МЕН ҚОРТЫНДЫЛАРДЫ ЕРКІН СОҒУ.

ЖҰМЫС МАҚСАТЫ.

  1. Студенттерді қақтау балғасының құрылысымен және жұмыс қағидасымен таныстыру.
  2. Еркін қақтаудың есептік көлемін анықтау және операцияларды практикалық жүсінде іске асыруды қысыммен өндеу, металдардың иімділіктерін пайдалануға негізделген.

Иімділік деп металдың сыртқы күштердін әсерінен маккротұтастығын бұзбай түрін өзгертуге икемділігін атайды.Металл дененің түрінің икемділік өзгеруін  иілімділік нысан өзгеруі деп атайды.

Сыртқы күштердің әсерінен металда бірінші серпінділік сонан соң иілімді нысан өзгеруі болады. Серпімділік нысан өзгеруі кезінде металл атомдары, атомаралық қашықтықтан аспайтын аралыққа жылжиды.Бұл қозғаулар дене өлшемдерімен нысанының өзгеруіне әкеп соқпайды. Сыртұы күштің әсерімен алғашқы тұрақты қалпына келеді.

Жүк одан әрі әсер ете берсе металда иімділік нысан өзгеруі жүреді.Нысан өзгерулер кристалдық /негізінен металды ыстық өндегенде/жәнекристалішілік/негізінен металдың суық нысан өзгеруіне/деп бөлінеді

Сол немесе басқа нысан өзгеруін анықтау жекеленген дәндердің беріктігімен олардың химиялық құрамыны, дәндер көлеміне нысан өзгеру температурасы мен жылдамдығына тәуелді шекаралану арақашықтығымен анықталады. Поликристалдың иімділік деформациясы нәтедиесінде дәндер нысаны өзгеруі олар металл ағысы бағытында созылады. Созылған дәндер/кристалдар/поликристалда талшықты микроқұрылымдарын құрайды.

Металдың иімділігін арттыру және нысан өзгеруі қарсылығын азайту мақсатында қысыммен өндеу алдында, металды қыздырады.процесс жүретін температураға байланысты,нысан өзгеруі,суық және ыстық түрде деп бөледі

Суық нысан өзгеруі үшін жұмыс бетінің қатаюы мен беріктенуі тән , ыстық үшін-қайта кристалдану мен беріксізденуі жатады.

Әр металл және қорытпалар үшін болат маркасына сәйкес кестеден тандалатын,ыстық қысыммен өндеудің,өзіндік белгісі температуралық аралығы болады.

Шындалған темірді тек ыстық жағдайда қарапайым аспаптыңкөкегімен қақтаумен дайындау процесі даралық және аз сериялық өндірісте қолданылыды және ауыр шындалған темірлер/300 т-ға дейін/ алудың жалғыз әдісі болып табылады.

Еркін қақтаудың негізі операциялары кесу,отырғызу,созу  шеңбер бойлай созу немесе көлденең дайындаманы ұзарту,тік тесу немесе біршама терендету болып табылады/1-сурет/.

Отырғызу/1,а-сурет/ деп көлденең қиманың ауданын оның биіктігін төмендету есебінен ұлғайту операциясын айтады. Отырғызудың көлденең қимасы үлкен және биіктігі тқмен шыңдалған темірлерді/шестерня,диск/ дайындауға пайдаланылады. Сақина, барабан және сол сияқты іші бос шындалған темірлірді дайындағандаотырғызу алдын ала операция ретінде қолданылыды. Отырғызудың бір түрі аумағы болып табылад-ол көлденеңқиманы жергілікті ұлғайту, мысалы головка,болт,бурт,фланц т.б жасауға пайдаланылады.

Созу /1,в-сурет/ деп берілген материалды оның көлденең қимасын азайту есебінен ұзындығын ұлғайту операциясын айтады. Созу өсі ұзартылған,шындалған темірлердіі /біліктер,рычагтар шатундар және т.б/алуға пайдаланылады. Ол матеиалдың бір-біріне көктесетін жекелеген учаскілірін ұру немесе басумен жүзеге асырылады

Созудфң бір түрі шеңбер бойлай созу болып табылады/1,г-сурет/.Ол оправка іші бос материалдардың қабырғаларының қалыңдығын азайту есебінен, сыртқы және ішкі диаметрлерін ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады,бандаждар,сақиналар,барабандар және т.б дайндауға қолданылады.

Негізі ұста материалдар,қосалқы және өлшеуіш болып бөлінеді.

Негізгі бойкалар, жаншығыштар,балталар,тескіштер қосалқыға-қысқыштар,патрондар,вороткалар,өлшегіштерге-кронциркулдер, сызғыштар, ұшбұрышты сызғыштар және т.б жатады.

                           1-сурет.    Операциялардың орындалуы        

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  СОҒУ МОЛОТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

Соғу молоты /2-сурет/ нәтежиесінде металдармен қорытпалы деформацияланатын күшті беруге арналған,әртүрлі бөліктерден тұратын жабдық.

Металдарды иілімділік деформациялауға арналған жабдық бетондарға 1 орналастырылған бекітілген төменгі шамадан 3 тұрады.

Одан басқа жоғарғаы компрессор  4 молоттың аспалы балғасына 5 бекітілген және жауапты жұмыс ұйымы болып табылады.

Тарату жүйесі электроқозғалтқыштан 10, сыналық белдіктен 11тұрады, ол компроссор  маховигіне айналмалы қозғалыс береді/   маховигтін тұрған орнын 9 цифрасы көрсетеді.

Молоттың басқару жүйесіне жүргізу кнопкасы 12,орта краннын тұтқасы 8, тоқтату кнопкасы 13, бекіткіш 7 және басқару тұтқасы 6 енеді.Молот тұтқаның көмегімен қолменде, аяқ педалінің 2 көмегімен де жұмыс істейді.

Молот жұмысын электроқозғалтқыш өсінен жұмыс органдарына күш берілідің кинематикалық сызбасын қарау арқылы зерттеуге болады/3-сурет/ «Жүргізу» кнопкасын басқанда электр шынжыр қосылады, всоның нәтежиесінде электр қозғалтқыш өсі 7 мен және 8 айналады.кривошепті-шатунды механизм штогы 5 арқылы поршень 4 ерсілі-қарсылы қозғалысқа түседі, оны электроқозғалтқыш сыналық белдік 9 пен  матовик 10 береді.

Жұмыс /в/ және компрессорлы /а/ молот целиндірлері өзара арналармен байланысқан .Целиндрлердің өзара және ауамен байланысы жағдайын басқару тұтқасы немесе педалменорнататын кранда көмегімен жүзеге асырылады.Энегргия көзі болып «а» целиндірінің компрессоры шығаратын сығылған ауа болып табылады.каналдар арқылы «в» жұмыс целиндіріне түсіп сығылған ауа аспалы балға 1 мен --- 2 қозғалысқа келтіреді,ол полосканы соққылап жұмыс жасайды.

Молоттың басқару жүйесі мына режимдерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

-бос жүрісте;

-аспалы бағаны салмақта  ұстау;

-автоматты соққылар;

-жекелеген соққылар;

-сығулар.

 

 

2- сурет. Молоттың құрылысы

 

3- сурет. Молоттың кинематикалық  құрылысы

 

 

ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

Бастапқы дайындаманың өлшемдерін анықтау. Прокат дайындаманың  есебіне дайындама көлемі мен оның өлшемдері кіреді.

V3аг=Vп + Vоб + Vуг ;

Мұнда Vп - помовка көлемі, мм3;

Vоб – кесу көлемі, мм3;

Vуг – метал қалдығы, мм3.

Vоб  және Vуг  қалдықтарын дайындама көлемінің І0-І2 процентіне теңдеп алуға болады. Бұл жағдайда бастапқы дайындаманың кесу көлемін мына формуламен Fзат =У*Fлок.max, мұнда У – уков. алынатын, қажет уковтың мүмкіндігімен анықталады.

Молотта соғу кезінде дайындама прокат болады және қажет уков І,І-І,3 болады. Сондықтан дайындама мөлшері

 

Lзаг= Vзаг/Fзаг ;

Мұнда Lзаг – дайындама ұзындығы;

Дзаг=1,13 Fзаг;

Дзаг – дайындама диаметрі, формуласымен есептеледі.

Дайындамалардың отырғызылатын өлшемдері Lзаг/ Дзаг=2.5 жағдайымен анықталады;

Дзаг=0.8 Vзаг;

Lзаг=2.5 Дзаг

Соғу үшін жабдықтар параметрлерін анықтау.

Молоттық дайындамалардың дөңгелек немесе квадрат қимасын отырғызуға арналған құлама бөлігінің салмағын мына формуламен анықтайды:

G=1.7(1+0.17 D1/H1)δ3 εк V,

Мұнда D1,H1 – дайындаманың отырғызылған кейінгі диаметрі  мен биіктігі, мм;

δ3 – отырғызу температурасы кезіндегі аққыштық кернеуі, мПа;

εк – соңғы соққыдағы деформация деігейі, іріпоковкалар үшін εк=0.25, кішкентайлар үшін - εк=0.060;

V – дайындама көлемі, мм3.

Созу үшін балғаның құлама бөлігінің салмағы мына формуламен анықталады.

G = 1.7V (1+0.17 t/h)δs ε h0 b0 t,

Мұндағы V – шаппалардың есептейтін коэффициент, жазықтар үшнольге тең, дөңгелек кесінділер үшін І,25-ке тең;

t – берілетін мөлшері,см,  дөңгелек дайындамаларды ойық істелген шаппаларды созғанда;

h0, b0 – дайындаманың биіктігі мен ені, см;

δs – двйындаманың диаметрі, см;

ε - бір соққыдан кейінгі нысан өзгеруі, ε= 0,І:0,3

Металдарды қысыммен өңдегендегі деформация деңгейі мына қатынаспен анықталады:

 ε = (F0 – F1)/F0;

мұнда F0 – көлденең қиманың үлкен ауданы;

F1 – көлденең қиманың кіші ауданы.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

  1. Еркін соғудың негізгі операцияларымен, малоттың құрылысмен жұмыс негізінде танысу.
  2. Жоғарыда келтірілген формулаларға сәйкес дайындама көлемдерін есептеу (оқушының тапсырмасы бойынша).
  3. Бастапқы берілге шыбықтан қажет мөлшерді кесіп алу және таразыда дәлдеуге 0,0І г – қылып өлшеу.
  4. Еркін соғу операцияларын таңдау.
  5. Соғудың температуралы аралығын белгілеу.
  6. Дайындаманы қыздыру және оны отырғызуды жүзеге асыру.
  7. Қайталап қыздырған соң алтықырлы ату.
  8. Алынған алтықырлы половканы қабыршықтан тазарту және өлшеу.

Металдың кемуінің проценті A=(Q1 – Q2)/Q1*100% формуласымен анықтау.

Мұндағы Q1 , Q2 – үлгіні қыздырғанға дейінгі, сонан соң қыздырғаннан кейінгі салмағы, г.

  1. Балғаның құлама бөлігінің салмағын анықтау
  2. Есеп дайындау.

 

 

 

ЕСЕП БЕРУ МАЗМҰНЫ

  1. Барлық сызбаларды келтіріп теория бөлімін сипаттау.
  2. Дайындама өлшемдерін кемудің процентін молоттың құлама бөлігі салмағын есептеп шығару.

Информация о работе Колцевая печь