Кұрылыс материалдарының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 12:03, реферат

Краткое описание

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

Содержание

Тақырыбы:Құрылыс материалдары
Жопар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Құрылыс материалдар дегеніміз не?
2)Линолеум туралы жалпы түсінік
3)Пенопласт дегеніміз не?
4)Битум
5)бетон дегеніміз не?
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

құрылыс матриалдарының түрлері.docx

— 40.90 Кб (Скачать файл)

ҚарМТУ жанындағы тезнологиялық  колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Құрылыс материалдары

Орындаған:Мұхамедия Г.М

Тексерген:Жумкина А.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

Тақырыбы:Құрылыс материалдары

Жопар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1)Құрылыс материалдар  дегеніміз не?

2)Линолеум туралы  жалпы түсінік

3)Пенопласт дегеніміз  не?

4)Битум

5)бетон  дегеніміз  не?

Қорытынды

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

  • табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
  • органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
  • жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон,асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
  • ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
  • металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
  • синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.

Линолеум — еденге төсейтін материалдардың бірі. Ол тазалық сақтауға қолайлы, берік, оңай жуылады, түрі есем. Негізгі бастапқы шикізатына (ұштастырғыш шикізатына) қарай поливинил-хлоридті (тұрғын үй бөлмелерінде еденге төсеу үшін коп қолданылады), алкидті (глифталды, вальтонды), коллоксилинді (нитролинолеум), резеңкелі (релин) және басқа линолеумдерге бөлінеді. Арқаусыз (бір және көп қатпарлы) және бөріктеуші (маталы, пергаминді) немесе жылу шығармайтын, дыбыс өткізбейтін арқауы бар линолеум де болады. Бір түсті және түрлі түсті (оның ішінде өрнекті) болуы да мүмкін. Линолеумді әдетте, ені 0,5 м- ден 2 м-ге дейін, қалыңдығы 1,6 мм-ден 5 мм-ге дейін болатын рулон түрінде шығарады (тұрғын бөлмелерде еденге төсеу үшін көбінесе қалыңдығы 2,5 мм-лік линолеум қолданылады). Рулон екі немесе одан да коп бөлек линолеумнен тұрады, бірақ олардың әрқайсысының ұзындығы кем дегенде 3 м болуға тиіс. Поливинилхлоридті линолеум полимер материалдан — поливинилхлоридтен жасалады, әдетте, матадан астары болады. Бір тегіс бояулы және түрлі түсті етіліп жалпы ұзындығы кем дегенде 12 м рулон түрінде шығарылады. Алкидті линолеумдер өсімдік майы (мақта, зығыр, күнбағыс майы және т.б.) негізінде жасалады; астары тек матадан тұрады. Бүл — линолеумның үйкеліске неғұрлым төзімді түрі, жылу мен дыбыс өткізбейтін жақсы қасиеті бар. Клейстерді дайындау үшін картоп ұны немесе басқа үн — 85%, скипидар — 15% керек. Ұнға аз мөлшерде су құйып, сұйық қамырға айналғанша араластырады, сосын оны қайнап тұрған суға сыздықтатып құйып (суды ұнның салмағынан шамамен үш еседей коп етіп алады), қоймалжың массаға айналғанша араластырып, сонан соң скипидар (бұлғай отырып) қосу қажет. Клейстер дайындаудың бұдан басқа да тәсілін ұсынуға болады.Ұнға салмасынан үш есе коп мөлшерде су қосып, 70° С-қа дейін жылытып, осы температурада 30 минуттан 1 сағатқа дейін араластырады, сонан соң алынған масса салмағының 3 пайызындай күйдіргіш натрдың 20%-дық ерітіндісін қосады да, біркелкі мөлдір массаға айналғанша араластырады. Казеинді-эмульсиялы мастиканы мата астарлы линолеумді желімдеу үшін қолданады. Мастиканы ОБ (кәдімгі) маркалы казеинді желімнен, зәйтүн майынан (кез келгені), әктас ұнтағынан (тартылған әктас), судан дайындауға болады. Казеинді желімге аз мөлшерде жылы су қосып, біркелкі массаға айналғанша араластырады, сонан соң қалған судың бәрін үстеп құяды, осыдан кейін массаның бөртуіне мүмкіндік беру керек (шамамен 30 минут), сонан соң зәйтүн майы мен әктас ұнтағын қосып, мұқият араластырады. Мастиканы 4—5 сағатқа дейін пайдалануға болады.

Пенопласт, көбікті пласт — газбен толтырылған пластмасса. Пенопласт көбікті (пенопласт) және кеуекті (поропласт) деп бөлінеді. Пенопласттың жеңіл (тығызд. 5,0 г/см3), өте жеңіл (тығызд. 5,0 — 8,0 г/см3) және эластиктік, қатаң, жартылай қатаң түрлері де алынады. Пенопластты алу технологиясы композицияны дайындау процесінен, полимер жүйесіне газ фазасын енгізуден, көбіктенген массаға қажетті қалыпты беруден тұрады. Пенопласттың жанғыштығы, жылу және химия төзімділігі оны құрайтын полимердің табиғатына, ал су, ылғал сіңіргіштік, электрлік қасиеттері макроқұрылымның морфологиясына байланысты. Пенопласт — жеңіл жабдықтауда және жылуоқшаулағыш материал ретінде қабырға панельдерінде, тоңазытқыш, мұздатқыш, рефрижераторларда, т.б. пайдаланылады. Суды нашар сіңіретіндіктен қалқыма бұйымдар (бакен, понтон), құтқарушы құралдар (сал, белдік, кеудеше) және жеңіл қайық, катер, т.б. жасауда қолданылады. Газдар мен сұйықтар сүзгіш және орағыш материал ретінде пайдаланылады.

Битум (лат. bitumen — тау шайыры) — жер қойнауында қатты, тұтқыр сұйық және пластикалық күйде жататын көмірсутектік шикізат.  Битум жоғары молекулалық көмірсутектер мен гетероатомдық (оттекті, күкіртті, азотты, т.б.) қосылыстардан тұрады. Генетикалық тұрғыдан Битумға мұнай, табиғи жанғыш газдар, газ конденсаты, сондай-ақ, мұнайдың табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумино-кериттер, озокериттер, антраксолиттер) және олардың аналогтары (нафтоидтар) жатады. Битум Таяу Шығыста битум з-дан 3000 ж. бұрын байланыстырғыш, құрылыс материалы ретінде және бальзамдау (Ежелгі Мысырда) үшін пайдаланылған. 15 ғ-да Перуде инктар Битумды қолданып жол салған. Битумның тығызд. 0,96 — 1,5 г/см3, 35oС-тан жоғары темп-рада жұмсара бастайды. Битум құрылыста (автомобильдың жол төсемі, рубероид, т.б.), электр өнеркәсібінде (оқшаулауыш, тотығуға қарсы жабынды), медицинада кеңіненқолданылады.Битумның дүниежүзінді өндірісі жылына 120 млн. т-дан асады .

Бетон- (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс,алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді,қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастапқұрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау менПавлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.

Гипс (грекше gypsos — бор, ок)

  • минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;
  • негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс;
  • ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.[2]

Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай жәнекүкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.

Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оныц майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.

  • Жаратылысы. Гипс әр түрлі табиғат жағдайында:
  1. тұзды көлдердіц шөгінділерінде;
  1. ангидриттід гидратация қ ұбылысында жыныстардағы су-

дың әсерінен; 

  1. тұз және сульфид кендерінің үстіңгі үгілу зонасында қал-

дық минерал ретінде пайда болады;

  1. гипс гидратермалық желілерде сирек кездеседі;
  2. ол вулканды аймақтарда, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер (фумаролалар) маңында кездеседі.

Гипс ете бағалы қ ұрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі керкемдік, скульптуралық ендірісте қолдапылады.

  • Кендері. Гипс біздің елімізде Батыс Уралда, Башқ ұрт, Татар

АССР-інде, Архангельск, Вологодск облыстарында, Солтүстік Кавказда (Дагестан), Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қазақстанда кездеседі. Гипс кені шет елдердің көбісінде бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1)Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том

2) Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003.

3) Орысша-қазақша түсіндірме  сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған  э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:

4) Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 

5) “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том

6) “Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том

7) Орысша-қазақша түсіндірме  сөздік: Механика / Жалпы редакциясын  басқарған э.ғ.д., профессор Е.  Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. I

8) Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі

9) “Қазақстан”: Ұлттық  энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев  – Алматы “Қазақ энциклопедиясы”  Бас редакциясы, 1998


Информация о работе Кұрылыс материалдарының түрлері