Жартылай өткізгішті аспаптардың сипаттамаларын зерттеуге арналған зертханалық аспапты жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 13:26, дипломная работа

Краткое описание

В дипломном проекте рассмотрен электрофизические процессы протекающие в полупроводниковых и оптоэлектронных приборах. Разработан макет для исследования биполярного транзистора и фотодиода. Было произведено расчет биполярного транзистора. В соответствующих главах произведены технико-экономические расчеты и рассмотрены безопасность жизнедеятельности.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Жартылай өткізгіштегі электрөткізгіштегі процесстер
1.1.1Ығысу тоғы
1.2 Транзистордағы ағымды процесстері мен транзистордың тоғы
1.2.1 Транзистордың жұмыс істеу режимі
1.2.2 Транзистордың статикалық сипаттамасы
1.3 Транзисторлардың күшейту қасиеті
1.4 Фотодиодты зерттеу
1.5 Оптоэлектроникаға кіріспе
1.5.1 Фотодиодты зерттеу
2 ТРАНЗИСТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕГІШТЕР
2.1 Транзисторларды қарапайым тексергіштер
2.2 Транзисторлар мен диодтарды сынағыш
2.3 Транзисторларды зерттегіш
2.4 Транзисторларды тексеруге арналған аспап
2.5 Аз қуатты транзисторларды зерттеу
3 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Транзистордың параметрларын есептеу
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Экономика есептері
4.2Транзисторды тексеруге арналған қондырғыны жобалау шығындарды есептеу
4.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
5 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
5.1 Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5.2 Терминдер мен айқындамалар
5.3 Қауіпсіздіктің негізгі талаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом Санжар.doc

— 953.50 Кб (Скачать файл)

3) ауыспалы токтың қоректендіру желісінен жұмыс істейтін шектеулі қуаттағы қоректендірудің желілік көзі немесе ауыспалы токтың қоректендіру желісінен зарядталатын жүктемені қоректендіру уақытында шектеулі қуаттың аккумулятор көзі өз құрамында оқшаулағыш трансформаторы болуы тиіс;

4) жермен қосудың қорғау шықпасы оңай қолжетімді және тиісті жолмен таңбаланған болуы тиіс. Қорғау жермен қосудың сымдары мен клеммалары қарсыласудың есептік мәндерінен аспауы және тиісті токқа шыдауы тиіс;

5) қызып кету тогынан, қысқа тұйықталудан, жерге тұйықталудан бастапқы тізбектегі қорғау жабдықтың құрамына кіруі тиіс;

6) қалыпты жағдай кезінде қауіптілікті білдіретін саладағы оператордың қол жетімділігі рұқсат етілген жерлерде қорғау бұғаттаулары орнатылуы тиіс. Бұл талап іс жүзінде орындалуы мүмкін емес жағдайларда қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар көрсетілуі тиіс;

7) оқшаулау материалдары пайдаланудың болжамды жағдайларында жеткілікті электр, жылу және механикалық беріктікті қамтамасыз етуі тиіс;

8) оқшаулау үшін гигроскопиялық материалдар, сондай-ақ, асбесттен, табиғи шайырдан тұратын материалдар пайдаланылмауы тиіс;

9) саңылаулар мөлшерлері жабдыққа әсер етуі мүмкін ауыспалы процестерден туындайтын кернеудің артуы және жабдықта генерациялануы мүмкін кернеудің шекті мәні саңылаудың тесігіне алып келмейтіндей болуы тиіс. Шығып кету жолдарының мөлшерлері осы жұмыс кернеуі және ластану деңгейі үшін ұшқынды жабу болмайтындай немесе оқшаулауды бұзу (трекинг) болмайтындай болуы тиіс;

10) ішкі сымдар мен қосылыс кәбілдерінің көлденең қима аумағы қалыпты жүктеме режиміндегі жабдықтың жұмысы кезінде осы сымдар бойынша өтетін токқа сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте, оның жұмыс қабілетін сақтай отырып, өткізгіштің ең көп рұқсат етілетін температурасының асуы мүмкіндігі болмауы тиіс. Сымдар жабдықпен шарттасқан (өткір жиектер, жылжымалы бөліктер, тарту, бекітудің беріктігі және т.б.) механикалық бүлінуден қорғалуы тиіс. Винттік қосылыстар жабдықтың барлық қызмет мерзімінің ішінде сенімді электр байланысын қамтамасыз етуі тиіс;

11) қосу құралдары (алынбайтын шнурлар, клеммдар, аспаптық және кәбілдік қосулар) ауыспалы токқа және қорғалатын жермен қосуға қауіпсіз және сенімді қосуды қамтамасыз етуі тиіс;

12) тұрақты қосылған аппаратура қоректендірудің барлық жеткізетін желілерін бір мезгілде ажырату үшін ажыратқышпен жарақтандырылуы тиіс. Ажырататын құрылғы немесе құрылғылар пайдалану кезінде ауыспалы токтың желісінен жабдықты ажырату мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс;

13) пайдаланудың қалыпты жағдайларында жабдық және жекелеген блоктар пайдаланушыны және қызмет көрсететін персоналды қауіптілікке ұшыратудың осындай деңгейіне дейін физикалық тұрақтылықты жоғалтпауы тиіс. Физикалық тұрақтылықты дайындаушы жеткізу жиынына кіретін аяққа немесе тіреуішке жабдықты орнату кезінде де қамтамасыз етілуі тиіс;

14) жабдық тиісті механикалық беріктілікке ие болуы және оны пайдалану уақытындағы мүмкін болатын әсер етулерге шыдайтындай құрастырылуы, сондай-ақ, мүмкін болатын абайсыз жұмыс істеу кезінде де қауіпсіз болып қалуы тиіс. Розеткаға қосуға арналған штырлармен жабдықталған «желілік вилка» түрінде құрастырылған қондырғы осы розетканың ұяшықтарында шамадан тыс механикалық кернеулерді жасамауы тиіс;

15) пайдаланушы үшін қауіптілік тудыратын өткір жиектер немесе бұрыштар болмауы тиіс.

Басқарудың барлық органдарын (рукояткалар, кнопкалар, тұтқалар, рычагтар және басқалары) пайдалану жағдайында әлсірету мүмкіндігі болмауы тиіс.

Кез келген сымды, винтті, гайканы, шайбаны, серіппені немесе басқа да осындай бөліктерді әлсірету немесе ажырату азаматтардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіптіліктің туындауына алып келмеуі тиіс.

Пайдаланылатын вилкалар мен розеткалар бұрыс қосылудың мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

Жабдықтағы қыздыру әлементтері қалпты жұмыстың бұзылуы кезінде өрттің туындау қаупінің алдын алу үшін қорғалуы тиіс.

Кинескопты қоспағанда шынының сынуы жағдайында оның сынықтарымен адам терісінің жарақаттануына жол берілмеуі тиіс.

Батареясы бар жабдық қалыпты жағдайлар кезінде өрттің, жарылыстың және химиялық ағып кетулердің қатерін азайтуды ескере отырып және жабдықтағы сирек бұзылулардан кейін құрастырылуы тиіс.

Аппарат дайындаушысы айқындаған қоректендіру көзінен ғана қоректендіру үшін жобаланған аппарат қоректендірудің арнайы көзі оны өзгертусіз жалпы мақсаттағы қоректендіру көзіне ауыстырылмайтындай жолмен құрастырылуы тиіс.

-жабдықтың конструкциясында мыналар болмауы тиіс:

-электр тогының соғуы;

-өрт пен жарылыстардың туындауы;

-ондаушы, радиациялық, инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленудің әсер етуі;

-зиянды заттардың, дірілдің, соққылардың, шудың әсер етуі;

-электромагниттік және электростатистикалық өрістердің әсер етуі;

-жоғары температураға дейін қызған жабдықтың бөліктерімен және басқаларымен адамдардың жанасуы нәтижесінде күйіп қалу;

16) жарақаттың әлеуетті себебі болып табылатын жабдықтың қауіпті жылжымалы бөліктері персоналдың болуы мүмкін жарақаттардан қажетті қорғауды қамтамасыз ететіндей жолмен орналасуы, қоршалуы және қорғалуы тиіс;

17) жабдықты болжамды пайдалану процесінде оның бөлшектерінің бірде біреуі шамадан тыс температураға дейін қызбауы тиіс.

Жабдықта пайдаланылатын материалдар температураның қалыпты жұктемесімен жұмыс кезінде қауіпсіз мәннен аспайтындай таңдалуы тиіс.

Желімен қосылған бөлшектерді ұстап тұратын оқшаулаушы материал қызуға төзімді болуы тиіс.

Жоғары температуралар кезінде жұмыс істейтін компоненттер салалас материалдар мен компоненттердің қызуын тудырмайтындай тиімді қоршалуы немесе бөлінуі тиіс;

18) оттың таралуын шектейтін тиісті материалдарды, компоненттерді, конструкциялар мен өртке қарсы қаптамаларды пайдалану жолымен жабдықтың ішінде де және оның сыртында да оттың тұтану және таралу қаупі азайтылуы тиіс;

19) жабдық жанасу тогы да және қорғау жермен жанасу сымының тогы да пайдалану уақытында пайда болуы мүмкін мүмкін болатын климаттық факторлардың әсер етуі кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудырмайтындай әзірленуі тиіс;

20) аппараттың қауіпсіздігі пайдалану уақытында пайда болуы мүмкін ылғалдылықтың, температураның және басқа да климаттық факторлардың әсер етуі кезінде бұзылмауы тиіс;

21) қолжетімді бөлшектер мен оларға қосылған бөлшектер және өмір үшін қауіпті бөлшектер арасындағы оқшаулау ауыспалы процестермен шарттасқан асқын кернеуге немесе КЗ тогына шыдауы тиіс.

Жоғары кернеу кезінде жұмыс істейтін компоненттер мен асқын кернеулерден қорғауға арналған ұшқын разрядниктері өрт немесе қандай-да бір өзге де қауіпсіздік көзі болмауы тиіс;

22) электр тогымен соғудан қорғау аппарат ақаулықтар жағдайында жұмыс істеген кезде де қамтамасыз етілуі тиіс.

Аппарат ақаулықтар жағдайында жұмыс істеген кезде, онда оның бөлшектерінің бірде біреуі: аппараттың маңында өрттің туындау қауіптілігі пайда болатын; аппарат бөлетін жылудың шектен тыс санынан шекті деңгейден төмен оның қауіпсіздігі төмендеген; осындай температураға дейін қызбауы тиіс;

23) резисторлар, қысқа тұйықталу немесе ақаулықтар жағдайындағы жұмыс кезінде қауіпсіздіктің талаптарын бұзуды тудыратын үзілу, сондай-ақ, желілік ажыратқыштардың байланыстары арасындағы резисторлар, шунтирлайтын аралықтар жүктеме режимінде қарсыласудың жеткілікті тұрақты мәніне ие болуы тиіс.

Жабдыққа орнату кезіндегі қысқа тұйықталу немесе үзілу ақаулықтар жағдайында қауіпсіздіктің талаптарын бұзуды тудыратын және электр тогымен бүлінумен қауіптілік жасайтын конденсаторлар тиісті сынақтарға шыдауы тиіс.

Аппараттың қауіпсіздігін нашарлатуы мүмкін индуктивтілік, ақаулылық (мысалы, оқшаулаушы трансформатор) каталог бойынша типін немесе нөмірін белгілеумен өндірушінің немесе сауда маркасының атын көрсетумен таңбалауы болуы тиіс. Өндірушінің аты және типті белгілеу кодтық нөмірлермен ауыстырылуы мүмкін.

Қорғау құрылғылары және ажыратқыштар олардың атаулы мәндеріне сәйкес қолданылуы және тиісті сынақтарға шыдауы тиіс.

Электр қозғалтқыштар оларды ұзақ қалыпты пайдалану кезінде қауіпсіздікті бұзуға алып келетін қандай-да бір электр және механикалық ақаулықтар мүмкіндігін болдырмайтындай құрастырылуы тиіс. Оқшаулау бүлінбеуі тиіс, ал қызу, діріл және т.б. кезіндегі контактілер мен қосылыстар бұзылмауы тиіс;

24) икемді желілік шнурлардың қорғау қабықшасы, көлденең қимадағы жеткілікті атаулы аумағы және электр беріктігі болуы тиіс.

Аппаратпен бірге пайдаланылатын және адам өміріне қауіпті сымдардан тұратын икемді шнурлар қалыпты пайдалану кезіндегі орны бар көп реттік бүктеулер мен басқа да механикалық кернеулерге шыдауы тиіс және өткізгіштерді қосу орны тартуға, сырттай жабу - бүлінуге, ал сым - бұрауға ұшырамайтындай жолмен аппаратқа қосылуы тиіс.

Жылжымалы аппараттардың (музыкалық аспаптар және олармен бірге жұмыс істейтін күшейткіштер) алынатын шнурдың көмегімен желіге қосу үшін сыртқы шнурды енгізу құрылғысы болуы тиіс немесе ол пайдаланылмаған (мысалы, бөлікте) кезде оны салу үшін ыңғайласпа немесе қаусырмада не басқа ыңғайласпамен бекіту болуы тиіс;

25) телевизиялық қабылдағыш кинескопы қосымша қорғаусыз жарылыстан қорғалған болуы тиіс; олай болмаған жағдайда телевизиялық қабылдағыш кинескоптың жарылысының салдарларынан сенімді қорғалуы тиіс;

26) дисплейдің көрнекі өлшемдері (белгінің жарықтығы, әкранның жұмыс өрісі жарықтығының теңсіздігі, бейнелеудің уақытша тұрақсыздығы (жыпылықтауы), түстердің көрінбеуінің деңгейі, жұмыс өрісі бойынша бейненің бұрмалануы) дисплейде көрінетін ақпаратты қауіпсіз және ыңғайлы санауды қамтамасыз етуі тиіс.

Дисплей жасайтын өріс (әкранның электр статистикалық әлеуеті, ауыспалы электр магниттік өрістің электр құрайтын кернеуі, магниттік ағынның тығыздығы) пайдаланушы үшін қауіпсіз болуы тиіс;

27) кедергі әмиссиясының деңгейі радио тарату және байланыс қызметтерін қорғауды, сондай-ақ, басқа аппаратураның қолайлы қашықтықта тиісті жолмен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жабдықтың кедергі тұрақтылық өлшемдері қоршаған электромагниттік жағдайдағы мақсатына сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс;

28) пайдалану кезінде құрылатын шу мен дірілдің деңгейі санитарлық-әпидемиологиялық қауіпсіздіктің нормативтерінен аспауы тиіс. Шу спектрінде тональдық құрайтындар болмауы тиіс.

   Өнімнің әлеуеттік қауіптілігі жоғары болған сайын, тәуекел деңгейінің мәні артады.

1 санатты тәуекел деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:

- қауіпсіз аса төмен кернеумен қоректендірілетін электр жабдығы;

- тұрмыстық электр пісіру агрегаттары;

- аккумуляторлар және батареялар;

1 кВт-қа дейінгі қозғалтқыштар;

- электромагниттік реле (әлсіз токты).

2) санатты тәуекел деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:

- басқару кәбілдері;

- бақылау кәбілдері;

- пластмассалық оқшаулаумен монтаждық сымдар;

- тұрмыстық штепсельдік қосқыштар;

- кондиционерлер, ылғалдандырғыштар;

- электр жылытқыштар;

- ауаны тазартуға арналған вентиляторлар мен аспаптар;

- жинау машиналары: шаңсорғыштар, полотерлер;

- өлшеу аспаптары;

- сырттан жарықтандыруға арналған жарық бергіштер;

- тұрмыстық радиоэлектр аппаратурасы (телевизорлардан басқа);

- разрядтық шамдарды іске қосуды реттейтін аппараттар. Жағу құрылғылары;

- люминсценттік шамдарға арналған бықситын разрядты стартерлер;

- электр шамдары;

- электр шамдарына арналған бұрандалы патрондар. Галогендік қыздыру шамдарына арналған трансформаторлар мен түрлендіргіштер;

- сұйықтықтарды қыздыруға арналған аспаптар;

- троллейбустарды, трамвайларды тартуға арналған күштік электр жабдығы.

3)санаттардың тәуекелі деңгейімен электр жабдығына мыналар жатады:

- қорғау ажыратуына арналған құрылғылар;

- автоматты ажыратқыштар;

- сақтандырғыштар;

- ажыратқыштар, ауыстырып қосқыштар;

- контакторлар мен жіберушілер;

- электромагниттік реле (күшті токты);

- асқын кернеуден қорғау құрылғысы;

- тұрмыстық және өнеркәсіптік қолдануға арналған төмен вольтті кешенді құрылғылар (ТКҚ);

- үтіктер, үтіктеу машиналары;

- ас үй машиналары;

- шырақтар (сыртқы жарық беру шырақтарынан басқа);

- жалпы пайдаланудағы радиобайланыс, радиотарату және телевидение құралдары;

- электрондық цифрлық есептеу машиналары және электрондық цифрлық есептеу кешендері мен машиналарының перифериялық құрылғылары (ақпаратты бейнелеу құрылғыларынан басқа);

- құжаттарды көшіруге және жедел көбейтуге арналған құралдар;

- жылжымалы электр машиналары;

- сораптар;

Информация о работе Жартылай өткізгішті аспаптардың сипаттамаларын зерттеуге арналған зертханалық аспапты жобалау