Электрондық кедендік декларациялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 09:34, доклад

Краткое описание

«Электрондық декларациялау – кеден комитетінде электрондық терезе құру бойынша жобаның бір бөлігі, ағымдағы жылы кеден экспорты бойынша электрондық декларациялауға өтеді, 2014 жылы электрондық терезені құрумен бірге электрондық декларациялауға толық өту қамтамасыз етіледі», - деді Жәмішев Bnews порталындағы онлайн конференциясы барысында.
– ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті биылдан бастап қағазсыз кедендік декларациялауға өтті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Вложенные файлы: 1 файл

доклад.docx

— 22.88 Кб (Скачать файл)

Электрондық кедендік декларациялау

 

 

«Электрондық декларациялау – кеден комитетінде электрондық терезе құру бойынша жобаның бір бөлігі, ағымдағы жылы кеден экспорты бойынша электрондық декларациялауға өтеді, 2014 жылы электрондық терезені құрумен бірге электрондық декларациялауға толық өту қамтамасыз етіледі», - деді Жәмішев Bnews порталындағы онлайн конференциясы барысында.

– ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті биылдан бастап қағазсыз кедендік декларациялауға өтті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет қызметкерлері осы мақсатқа қол жеткізу үшін кеден органдарының қолданыстағы ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңғырту жолымен тауарларды кедендік декларациялау рәсімін автоматтандыру үшін экспорт бойынша «Электрондық декларациялау» ақпараттық жүйесін әзірледі.

Электрондық декларациялауға беру Комитеттің порталы арқылы, Интернет арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрі-СЭҚ) қатысушылар барлық ақпаратты тауар декларациясының мәртебесі бойынша интерактивті тәртіпте алатын болады.

Электрондық декларациялау Интернет-ресурстар арқылы тарифтік және тарифтік емес реттеу талаптарын сақтай отырып, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялау процесін, яғни кеден органының лауазымды тұлғасы жеке қарым-қатынаста болмауын қамтамасыз етеді.

СЭҚ-қа қатысушылар үшін көрсетілген процесте СЭҚ қатысушыларының электрондық сандық қол қою (бұдан әрі-ЭСҚ) және кеден органдарының лауазымды тұлғаларында ЭСҚ бар екендігі туралы мәліметті растау қарастырылған.

Электрондық декларациялауды жүзеге асыру үшін мынадай ақпараттық жүйелермен интеграциялау жүргізілді:

- ЭСҚ түпнұсқалығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Куәләндіру Орталығымен;

- анық емес өтінімдерді және СЭҚҚ-тың қате ақпараттарын алып тастау үшін Мемлекеттік заңды және жеке тұлғалар деректер базасымен;

-тарифтік емес реттеу мәліметін алу үшін, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен;

-кедендік бажды және онлайн-тәртіптемесінде салықты төлеу мүмкіндігі үшін Электрондық Үкіметтің төлем шлюзімен.

Электронды декларациялау пилотты тәртіптемеде 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанай және Қарағанды облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінде іске қосылады.

Тестілеу рәсімін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кеден органдарының қызметкерлері бірлесіп өткізді.

Қағассыз кедендік декларациялау шетелге тауар шығарушылардың шығынын төмендетеді, кедендік тазарту мерзімін азайтады, кеденде декларанттың жеке қатысуынсыз кез-келген жерден декларациялауға беруін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, сондай-ақ кеден органының лауазымды тұлғасы мен СЭҚ-қа қатысушыларының жеке қарым-қатынаста болдырмау жолымен қызметкерлер жағынан сыбайлас жемқорлықтың көріну тәуекелін болдырмайды.

Басқа тәртіптер бойынша (ішкі тұтыну үшін шығару, реимпорт, реэкспорт, уақытша шығару, уақытша әкелу, кеден аумағында қайта өңдеу, кеден аумағынан басқа жерде қайта өңдеу, ішкі тұтыну үшін  қайта өңдеу, кеден транзиті, кеден қоймасы, бажсыз сауда, жою, мемлекет пайдасына бас тарту, еркін кеден аймағы, бос қойма, арнай кеден тәртібі) пилотты тәртіптемеде іске қосу 2013 жылдың соңында жоспарланған.

Қазақстанда тауарларды электрондық декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің кедендік істі жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

«Кедендік Одақ шекарасы арқылы өтетін тауарларды электрондық декларациялау интернет-ресурс арқылы жүзеге асырылады. Яғни, кедендік органдардың лауазымды тұлғалары мен сыртқы экономикалық қызметтік қатысушылары бұл үрдіске қатыспайды деген сөз», - деп атап өтті жиында «Астана-ЦТО» кедендік бекетінің бас маманы Ерлан Қанафин. 

Тауарларды электрондық декларациялауды кезең-кезеңімен енгізудің іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл жүйені сынақтан өткізу үшін Қостанай және Қарағанды облыстары бойынша кедендік бақылау департаменттерінде биылғы жылдың бірінші қаңтарынан экспортқа шығарылатын тауарды декларациялау электрондық түрде жүргізілуде.  
«Аталған аймақтарда пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылғандықтан алғашқы жартыжылдықтың соңында электрондық декларациялауды республиканың үшінші бөлігіне енгізу жоспарланып отыр. 2013 жылдың бірінші тоқсанында тауар экспорты бойынша «Электрондық декларациялау» ақпараттық жүйесін тәжірибе жүзінде іске асыру аяқталмақ. Екінші жартыжылдықтың басында импорт бойынша электрондық декларациялау енгізіле бастайды», - деді Ерлан Қанафин. 
Өзге кедендік рәсімдер бойынша электрондық декларациялау 2013 жылдың соңында қанатқақты режимде енгізіледі деп жоспарланған.

 

 


Информация о работе Электрондық кедендік декларациялау