Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 15:52, реферат
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Исламият және терроризм
2. Фундаментализм
3. Ислам сөзінің мағынасы
4. Исламияттың басқа мәдениеттерге деген көзқарасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Адам хұқұқтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, он төрт ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде барлық адамдардың хұқұқтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз:
«26/183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар!» 15.
Міне, көптеген аяттар мен хадистер мұсылмандарды орта жолға, қанағаттылыққа, адамгершілікке шақыруда. Сондықтан, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындағысы келетін мұсылман ешқашан да экстремист, террорист т.т. бола алмайды. Ислам дініндегі автоконтроль жүйесі мұсылмандарды асыра сілтеушілікке жібермейді. Ислам дінінде дүниедегі өмір мен ахиреттің, құлшылық пен пендеуи өмірдің, дүнияуилік пен ұхрауиліктің балансы жасалған. Мұсылман сондықтан ифрат уә тәфриттен, яғни әр түрлі әсірешілдіктен аулақ болады. Қоғамдағы һәм жанұядағы орнын сақтайды, көршілерімен тату-тәтті қатынас орнатады, мемлекеттің дамуына үлес қосады. Мұсылмандар ешқашанда «құлатушы» болған емес, қайта «тұрғызушы» болған үммет. Ал, Ислам атын жамылып адамзатқа зиянды іс-әрекет жасаушылардан сақ болған жөн, олардың негізінде Исламнан басқа нәрселерді іздестірген жөн. Үйткені, Ислам діні күллі адамзатқа рахмет ретінде жіберілген дін. Басты мақсаты адам нәсілін қорғау, көркем ахлақты уағыздау, бейбітшілікті орнату. Дініміздің қадірін білейік ағайын һәм дінімізді қанаушыларға жол бермейік.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Yeni Yüzyıl газеті, 28.03.1997 күнгі саны
2. Çanga, Mahmut., Kuran-ı Kerim Lugatı, Timaş Yayınları, Istanbul, 1994, 249-251 беттер
3. İbni Hişam, Siretü’n Nebeviyye, I-том, 267-бет
4. Büyük İslam Tarihi, Çağ Yayınları, Istanbul, 1992, 1-том, 263-бет. Көбірек мағлұматтану үшін осы мәтінді терең зерттеген профессор Мұхаммед Хамидұллаһтың мына кітаптарын оқыңыз: Muhammed Hamidullah, İslamda Devlet İdaresi, Istanbul, 1973; İslam Peygamberi, Istanbul, 1980; әл-Уәсаиқ ұс-Сиясия, Бейрұт, Лұбнан, 1969 ж.
5. «Ислам терпимо относился
к местным традициям и в
то же время удерживал их
в приемлемых для себя рамках…
все участвовали в
6. Бартольд, В.В., Культура
Мусульманства, Москва, 1998, 23-бет:
«Стремление каждого
7. Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 24-бет.
8. Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 12-бет.
9. Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 22-бет.
10. Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 23-бет: «Даже самый передовой из восточнохристианских народов, сирийцы, не выдвинули ни одного ученого, который мог бы сравниться с Фараби, Ибн Синой и Ибн Рушдом»
11. Бартольд, В.В., Тюрки-Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии, Алматы, Жалын, 1993, 54-бет
12. Hee-Soo Lee, İslam ve Türk Kültürünün Uzak Doğuya Yayılması, Türkiye Diyanet Vakfı, Ankara, 1991, 40- беттер
13. Numeral Systems, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998
14. Numeral Systems, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998
15. Құран Кәрім, Шұғара сүресі (26), 183-аят
16. Ғаламтор ақпараттары: http://
Информация о работе Исламияттың басқа мәдениеттерге деген көзқарасы