Мемлекеттің негізгі нысандары және сипатгамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
мемлекеттің басқару нысандарын анықтау;
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасын зерттеу;
мемлекеттің басқару нысандарының қызметтерін, міндеттерін зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мемлекеттің басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің басқару нысанының және сипаттамасының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны..........................................................................5
1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар ...................................................................7
1.3 Мемлекеттің басқару нысанының формалары, мемлекет қызметінің принциптері9
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары және сипаттамасы
2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.................................................................................................................11
2.2 Саяси режим – мемлекет нысаны ретінде......................................................................................................13
3. Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары .................................................................................................................................16
3.2 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі.............................................................................17
Қорытынды....................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер............................................

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы.doc

— 156.00 Кб (Скачать файл)

ҚР Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

    

ТАҚЫРЫБЫ:          «Мемлекеттің негізгі нысандары және сипатгамасы»

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                                    Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Семей 2013 жыл

Мазмұны

 

КІРІСПЕ 

1. Мемлекеттің  басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері

1.1 Мемлекеттің басқару нысанының  және сипаттамасының түсінігі, мәні  және мемлекетті басқару нысаны..........................................................................5

1.2  Мемлекет нысанының  қалыптасуына әсер ететін факторлар ...................................................................7

1.3  Мемлекеттің басқару  нысанының формалары, мемлекет  қызметінің принциптері9

2.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  нысандары  және сипаттамасы

2.1 Қазақстан - Президенттік  басқару нысанындағы біртұтас  мемлекет.................................................................................................................11

2.2 Саяси режим – мемлекет  нысаны ретінде......................................................................................................13

3. Мемлекеттік басқару  нысанын жетілдіру жолдары

3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары  және оларды жетілдіру жолдары .................................................................................................................................16

3.2 Мемлекеттік басқару  нысанының болашақтағы рөлі.............................................................................17

Қорытынды....................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................22 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

Кіріспе 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық  ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты  қозғалысы мен үнемі жаңарып  отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар  тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.

Мемлекекттің пайда  болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды  объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің  пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық  теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және  Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Сонымен,  мемлекет –  қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ет етін ұйым ретінде жұмыс  жүргізеді.

Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.

Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік  билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет бірыңғай мемлекеттік билікті  заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

Заң шығарушы уәзіпін  жүзеге асырушы жоғары өкілді орган  Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының  Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.         

 Курстық жұмыстың  міндеттері:

  • мемлекеттің басқару нысандарын анықтау;
  • Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасын зерттеу;
  • мемлекеттің басқару нысандарының қызметтерін, міндеттерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының  құрылымы: Берілген курстық жұмыс  кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мемлекеттің  басқару нысандары және сипаттамасының  теориялық негіздері 

    1. Мемлекеттің басқару  нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны

 

 

Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер "Мемлекеттің  негізі" санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, "мемлекет нысаны" санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртүрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістерді және жолдардың кемегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.                                                 

Мемлекет нысанынан  көп жағдайда, қоғамдағы саяси  өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.

Құқық нысанына — оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер, қоғамның мөдени деңгейінің дамуы әсер етеді.

Мемлекет нысандарының  құрамдары (бөліктері):

- Басқару нысаны - жоғарғы  мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

-  Мемлекеттік құрылым  нысаны — мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатнастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, федератиктік жөне конфедеративтік мемлекеттер жатады;

- Саяси (мемлекеттік)  режим — мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты демократиялық, антидемократиялық және саяси (мемлекеттік) режимдерге бөлінеді.

Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының  құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы төртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.1

Жоғарғы мемлекеттік  билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.

Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады - монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).

Монархияның белгілеріне:

- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде  беріледі;

- басқаруының уақыты  шексіз болады;                                           

- сайлаушылардың еркінен  тәуелсіз болады.

Республика (латын сөзінен  — мемлекеттік, қоғамдық іс) —  басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді. Республиканың белгілеріне:

— өкіметтің сайлануы;

— белгілі уақытқа  ғана сайлау;

— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.

Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар  президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.

Президенттік республикаларда (США, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды, Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, ! Индия, Туркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен парламент бірге жүргізеді.

Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен жене бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент — парламентті таратпайды. Дегенмен парламент қабылданатын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті  құрғанда, тағы сондай жағдайларда президентгі жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен - "тиым салу").

Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол сонын алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министірлер, кеңесші төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министірдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.2  

Аралас (жарты президенттік, жартыпарламенттік) республиканың  сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады — президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі. 

 

    1. Мемлекеттің басқару  нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық  бірлігі байқалады. Мемлекеттің  нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстанда  екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция  алынды. Бұл соңғы Конституция  мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.3

Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар  әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзеңдермен байланысты болды: Қытайда — Хуанхэ, Египетте — Ніл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Үндістанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жер орта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар  әсерін тигізеді. Ежелгі — феодалдық  немесе шығыс мемлекеттерде рулық  қоғамның қалдықтары көл уақытқа  дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік жинағында — Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында — Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын.

Информация о работе Мемлекеттің негізгі нысандары және сипатгамасы