Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 22:06, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3 - 5 бет.

І – тарау Құқық жүйесі: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні.

1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні....................6 – 12 бет.
1.2 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылғы.........................................................................................13 – 20 бет.

ІІ – тарау Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.

2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе...............................................21 – 25 бет.
2.2 Роман – германдық құқықтық жүйе...............................................26 – 32 бет.
2.3 Мұсылмандық құқықтық жүйе.......................................................33 – 38 бет.
2.4 Соцалистік құқықтық жүйе.............................................................39 – 44 бет.
2.5 Дәстүрлі құқықтық жүйе.................................................................45 – 51 бет.

ІІІ – тарау Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.

3.1 Қазақстандағы құқықтық жүйенің тарихи даму кезеңдері.(1926–1936 – 1936–1977–1978 жж.).............................................................................52 – 61 бет.
3.2 Қазақстандағы қазіргі құқықтық жүйе. (1991–1993–1995 жж. 1998–2007ж өзгертулер мен толықтырулар).............................................................62 – 69 бет.

Қортынды..............................................................................................70 – 72 бет.

Қолданылған әдебиеттер мен құқықтық нормативтік актілер....................................................................................................73 – 74 бет.

Вложенные файлы: 1 файл

Құқық жүйесі.docx

— 49.80 Кб (Скачать файл)

Субъективтік құқық–бұл  тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде  адамның нақты құқықтарын (еңбек  етуге, білім алуға және т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі  тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа  және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.        

Табиғи құқыққа қарағанда  заңды мағынадағы құқық (объективтік  және субъективтік құқық) позитивтік құқық  ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі  сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа  да қайнар көздер түрінде, яғни, жай  ой, идея түрінде ғана емес, нақты  сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде  өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен  бері  және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы–бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы–жеке-құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық–бұл мемлекеттік  істер саласы, яғни, билік пен  бағыныстылық қатынастарына негізделген  мемлекеттің бұқаралық билік  ретіндегі және барлық бұқаралық  институттардың  құрылымы және қызметі.

Жеке құқық–бұл жеке істер  саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі  бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі. 

  Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми  түрде орнықтырып, оның орындалуын  мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы  қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің  нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпыәлеуметтік  және басқа да мүдделерге сәйкес  реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті  сипатқа ие, бұл оның ерекше  әлеуметтік реттеуші, заңды және  заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде  көрініс табуына мүмкіндік береді.  

4) басқа әлеуметтік нормаларға  қарағанда құқықтың реттеушілік  рөлінің ерекшелігі оның нормаларының  өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен  байланысты.

 

 

1.2 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылғы

 

Құқық жүйесі – қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы  мен үйлесімділігі және олардың  салалар мен институттарға логикаға сәйкес ораналасқандығынан көрінетін  құқықтың ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан;

ә) құқық салаларынан;

б) құқық салашыларынан;

в) құқықтық институттардан тұрады.

Құқық жүйесі – құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салаларына (салашаларына) және институттарға  жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік  құрлысының белгілі бір анықталған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, ол өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Құқық жүйесінің негізгі  ерекшеліктері:

1) жүйенің бастапқы элементі  болып құқықтың нормасы алға  шығады, олар іріленген құрылымдарға  - институттар, салалар мен салашаларға  бірігеді.

2) жүйенің осы бастапқы  элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірмен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;

3) жүйенің мұндай болуы  әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен  байланысты болып келеді;

4) құқық жүйесі объективтік  түрде бар қатынастарға байланысты  туындайды, адамдардың субъективтік  еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқық нені реттейді деген  сұраққа пән жауап берген болса,  оны қалай реттейді деген сұраққа  әдіс жауап береді. Енді осыдан  шығарып құқықтық реттеудің әдісіне  анықтама беріп көрейік.

Құқық нормаларын салаларға  бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.

Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.  

Құқықтық реттеу әдісі–бұл  олардың көмегімен біртектес  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың  жиынтығы.

Құқықтық реттеудің  төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) императивтік әдіс – бұл бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация  әдісі;

2) диспозитивтік әдіс – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі;

3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттау әдісі;

4) ұсынушылық–мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі; 

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:

Құқықтық норма – мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі.

Құқық институты  – белгілі бір қоғамдық қатынастар топтамасынн реттейтін заң нормаларының тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты – құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үздіктері мен үзінділер) ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған.  Институт – саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайындау жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; азаматтық құқықта – сатып алу, сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.

Барлық институттар бір-бірімен  тығыз байланысты түрде бір саланың  аясында және одан тысқары да қызметтерін  атқара береді. Құқықтық институттардың арасында күрделі кешенділер де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу және жауапкершілік институттарын біріктіреді.

Қандай да болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды үш нышаны қызмет етеді:

1) құқық нормаларының  заң тұрғысынан тұтастығы;

2) қоғамдық қатынастардың  белгілі бір жиынтығын реттеудің  толықтығы;

3) құқықтық иституттарды  құрайтын нормалардың заңдар  және басқа нормативтік құқықтық  актілер тарауларында, бөлімдерінде  және басқалай да құрылымдық  бірліктерінде жекеленуі.

Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын, қоғамдық қатынастардың сапалық  жағынан біркелкі аясын өзіне  тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін  құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Құқық салашасы – құқық  саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастард  реттейды. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.

Құқық салаларының белгілері (нышандары):

  • әрбір саланың өз пәні болады;
  • өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңы болады;
  • құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құққық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.

Құқық салаларын  жіктеу:

1) басты құқықтық режимдерді  қамтитын профильдеуші негізгі  салалар және де бүкіл құқық  саласы жүйесінің үстінде конституциялық  құқық болады, содан кейін барып  материалдық салалар – азаматтық,  әкімшілік, қылмыстық құқық және  соларға сәйкес іс жүргізу  салалары  - азаматтық іс жүргізу  құқығы, әкімшілік іс жүргізу  құқығы, қылмыстық  іс жүргізу  құқығы болады;

2) арнайы салалар –  мұнда құқықтық режидер қоғамның  ерекше аясына; еңбек құқығына, жер,  қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру  құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;

3) профильдеуші және арнайы  салалардың әртекті институттарын  біріктіруі оларға тән болып  келетін кешенді салалар: аграрлық  құқық, экологиялық құқық, сауда  құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз  құқығы.

 Заң әдебиеттерінде  құқық салаларынан мыналарды  атап көрсетеді:

1) Конституциялық құқық;

2) Азаматтық құқық;

3) Әкімшілік құқық;

4) Қылмыстық құқық;

5) Жер құқығы;

6) Еңбек құқығы;

7) Неке-отбасы құқығы;

8) Қылмыстық іс-жүргізу  құқығы;

9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;

10) Қылмыстық іс жүргізу  қықығы;

11) Экологиялық (табиғатты  қорғау) құқығы;

12) Қаржы құқығы;

13) Азаматтық іс жүргізу  құқығы;

14) Халықаралық құқық.

Қалыптасу кезеңін өткізіп  жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз – конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты  пәнді және олардағы құқықтық реттеудің  басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады.

 

 

 

ІІ – тарау  Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы. 


Информация о работе Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері