Желілік технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2015 в 20:38, реферат

Краткое описание

Ethernet – жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды. Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап, олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда, тиімді болып саналады. Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желінің жұмысы тиімсіз бола бастайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Практика отчет 17.docx

— 98.19 Кб (Скачать файл)

Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру

Жады үлкен көлемді сандарды сақтай алатын физикалық құрылғы. Жады көлемі байттармен өлшене алады. Бір байтқа екілік код жазылады, бір әріппен немесе екі ондық цифрмен. Бір сан немесе нұсқау бір сөзді береді. Бір сөз сақталынатын жады элементіұяшық деп аталады. Жады ұяшықтары нөмірленеді. Компьютердің үшкі жадының әр байтының өз нөмірі болады. Ұяшық нөмірін оның адресідеп атайды.

Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы

Ішкі жад

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақтұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.

Жедел жады (ОЗУ) (RAM), процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен коректендіріп отыру керек. Компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы ақпарат жойылады. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады.Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.

Тұрақты жады (ПЗУ) (ROM) – стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадптерді тестілеу процесі аяқтаған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.

Кэш-жад (Cash) Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.

Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элементтердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана болады. Яғни, ол екілік разряд болып табылады немесе, басқаша айтқанда бір бит ақпарат сақтай алады.

Сонымен, компьютердің жады ұяшықтардан тұрады, әрбір ұяшықтың өз адресі болады. Ұяшықтың адресін біле отырып, оған ақпарат жазуға немесе одан ақпаратты оқуға болады.

Сыртқы жад

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы қүрылғыларына жатады және қашан болса да, қандай да болса міндеттері шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Егер компьютер тек жедел жадпен ғана жұмыс атқарса, онда оны пайдалану қолайсыз болар еді. Себебі, онда сақталатын информация көлемі өте аз болады, онымен бірге компьютерді өшіргенде, ондағы информация толығымен өшеді. Сондықтан компьютер өшірілген кезде де жазылған информациялар өшпейтін басқа жад қажет болады. Сыртқы жад ретінде магниттік диск пайдалынылады. Дискіге жазылған ақпарат қашан арнайы өшірілгенше өшпейді.

ДК-де ақпараттарды сақтау үшін қолданылатын құрылғылар сыртқы түрге жатады және конструкциясы бойынша сан алуан. Егер классификациялық белгілері бойынша ақпараттарды сақтайтын қолданылушыларда тасымалдаушылар түрін (тасымалдаушы – ақпараттарды сақтауға қабілетті материалдық нысан) пайдаланатын болсақ, онда оларды төмендегідей шартты категорияларға бөлуге болады.

Сыртқы сақтау құрылғысы


таспалық


дискілік


магниттік


оптикалық


аралас


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы жад есте сақтайтын құрылғылардың әр алуан түрлерінен тұрады. Олар:

  • қатқыл (ҚМДЖ) және иілгіш (ИМДЖ) магниттік дискілерде;

  • магниттік таспаларда (стримерлер);

  • оптикалық дискілерде (CD- ROM) ;

  • магнитті – оптикалық дискілердегі жинақтауыштар болып табылады.

Бұл жинақтауыштардың қызметі – ақпараттың үлкен көлемін сақтау, сақтаулы ақпаратты сұрау бойынша жедел жадтайтын құрылғыға жазу және басып шығарып беру.

Қатқыл дискі мен иілгіш дискілердің бір – бірінен конструкциясы бойынша, сақтайтын ақпарат көлемі бойынша, ақпаратты іздеу, жазу және есепке алу уақытымен ерекшеленеді. Олардың барлығының көлемі әр түрлі, жазу мен сақтау әдістері әр түрлі, ақпаратты жазу және есепке алу құрылғылары да әртүрлі болады.

Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады. Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен кезде ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Ақпаратты сақтаудың техникалық құралы

Ақпарат жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі түрлі болады: қатты және иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыштар.

Қатты магниттік дискілердегі жинақтауыштар немесе винчестерлер

Винчестер ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған ДК-дің негізгі құрылғысы болып табылады. Олинформацияны тұрақты сақтауға арналған. Қатты дискі жүйелік блоктың ішіне орналасқан дискіжетекпен байланысып тұрады. Қатты дискі металдан істелген, екі жақ беті магниттелген 1-5дөңгелек табақтан (пластинкадан) тұрады. Әр табақта магниттелген екі жұмысшы беті болады. Кей жағдайларда оның бір-ақ беті пайдаланылады да, екінші беті пайдаланылмайды. Табақтар бір оське бекітілген, өс компьютер жұмыс атқарғанда айналып тұрады. Табақтар қисаймау үшін және оны шаң-тозаңнан сақтау үшін, оларды металл қораптың ішіне орналастырады, ал қорап компьютердің жүйелік блогына бекітіледі.

Винчестердің сапасын бағалаудың бірнеше жолдары бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы – винчестердің сыйымдылығы мен жылдамдығы. Осы екі мінездемеге байланысты оның құндылығы бағаланады.

 

 

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар: 80286 процессорлы ІBM PC-де қатты дискінің мәлімет сыйымдылығы 20 - 40Мб,

80386 SX (SX - бір процессорлы) және

80486 DX ( DX- екі процессорлы) - 300Мб-ға шейін,

80486 DX – (500 – 600)Мб,

Pentіum - 6Гб-қа шейінгі деңгейде болады.

 

 

 

 

Магниттік дискілер

Магниттік дискілер ақпаратты тасымалдаушылардың магнитті машиналық түріне жатады. Оларда есте сақтау ортасы ретінде, магниттелінудің екі бағытын – екі магниттік күйді, тіркеуге мүмкіндік беретін, арнайы қасиетке ие магниттік материалдар қолданылады. Бұл күйлердің әрқайсысына сәйкесінше екілік цифрлар: 0 және 1 қойылады. Дискіден магниттік күйлерді оқу арнайы тетікпен (головка) жүзеге асырылады. Магниттік дискілер ДК-лерде ақпаратты сақтау қондырғыларының ішіндегі кең тараған түрі. Магниттік дискідегі ақпараттарды оқу мен жазуға арналған қондырғы дискі ендіргіш деп аталады.

Иілгіш магниттік дискілердің диск ендіргіштері

Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 және 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады. Жазба үшін қолданылатын жақтарының санына және тығыздығына байланысты дискеттер келесі маркировкалы және сыйымдылықты болады:

DS/DD-екіжақты (Double Sides), бірлік тығыздықты (Single Density), 360 КБайт.

DS/DD-екіжақты (Double Sides), екілік тығыздықты (Double Density), 720 КБайт.

DS/HD-екіжақты (Double Sides), жоғары тығыздықты (High Density), 1,44 МБайт.

DS/2HD-екіжақты (Double Sides), 2есе жоғары тығыздықты (2High Density), 2,88 МБайт.

Дискеттерде ақпараттарды сақтау үшін ол алдын-ала форматталған болуы қажет. Дискеттерді форматтау – бұл дискіде ақпараттық жазбаларды орналастыру аймақтарын және жазбаға жарамсыз бөліктерді, сол сияқты басқа да басқарушы ақпараттарды анықтауға арналған, оның бетіне арнайы белгілер түсіретін жазу үрдісі.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Қазіргі ДЭЕМ-ларда көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілерінежазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кезде шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

Магниттік дискілер пен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер жатады.

Стример - таспа түріндегі қондырғылар. Стримерлер –мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стример картриджі кәдімгі магнитофонның кассетасына ұқсайды, бірақ ол әлдеқайда орнықты жасалған. Стримерге арналған магниттік таспалардың көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Жүйелік дискета - операциялық жүйенің файлдары сақталынатын дискета.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы


Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамассыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі:

- компьютерді орналастыратын  орынды таңдау кезінде оның  жылыту радиаторлары жанында  қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;

-мониторды күн сәулесі  бейне бетке тікелей түсппейтіндей  етіп орналастырыңыз;

- тінтуірдің жұмыс бетін  шаң – тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;

- компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз;

Аппараттармен, тоқтар немесе кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезінде абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырды, жабдықтарды күйдіріп жіберу мүмкін. Сол себептен:

- Жалғаушы кабельдердің  ажыратқыштарын қолмен ұстауға;

- Қоректендіру сымдарына  және жерге қосу құрылғыларына  қол тигізуге;

- Бейне бетке және монитор  мен пернетақтаның сырт жағына  қол тигізуге;

- Монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап секілді заттарды қоюға;

Информация о работе Желілік технологиялар