Кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 18:41, реферат

Краткое описание

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.

Содержание

• 1 Кәсіпорын
o 1.1 Аралас кәсіпорын
o 1.2 Бірлескен кәсіпорын
o 1.3 Венчурлік кәсіпорын
o 1.4 Унитарлық кәсіпорын
o 1.5 Ұжымдық кәсіпорын
• 2 Пайдаланылған әдебиет:

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын.doc

— 139.50 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорын

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны

  • 1 Кәсіпорын
    • 1.1 Аралас кәсіпорын
    • 1.2 Бірлескен кәсіпорын
    • 1.3 Венчурлік кәсіпорын
    • 1.4 Унитарлық кәсіпорын
    • 1.5 Ұжымдық кәсіпорын
  • 2 Пайдаланылған әдебиет:

Кәсіпорын

Кәсіпорын

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар,коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.[1]

 

Аралас кәсіпорын

Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңи тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.

 

Бірлескен кәсіпорын

Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңи тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.

Венчурлік кәсіпорын

Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісімшарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын.Еншілес кәсіпорын – заңи тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңи ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңи тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісімшарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады.Коммерциялық кәсіпорын – заңи тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңи субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын.Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы.Көлік кәсіпорыны – жеке және заңи тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңи тұлға.

Муниципалдық – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезиденткорпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.

Унитарлық кәсіпорын

Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады.Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Ұжымдық кәсіпорын

Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады.Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын. [2]

 


Информация о работе Кәсіпорын