Мұнай мен газды өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:22, реферат

Краткое описание

Мұнайдың шоғырлану шарттары. Мұнай жер қойнауында көлемі бірнеше текге метрден бірнеше млрд.м3-ге дейінгі шоғырлар түрінде болады. Мұнай шоғырлану үшін өткізуші тау жыныстары, өткізбеуші тау жыныстары, сондай-ақ онда мұнай мен газ тұтылып қалатын арнайы қыртыстардың болуы шарт. Көшіп-қон кезінде мұнай, газ және су тұтқышқа түсіп, тартылыс күштерінің әсерімен қабаттанып бөлінеді: газ жоғарыға, су-төменге кетіп, мұнай газ және су аралығында орналасады.

Вложенные файлы: 1 файл

Киын жагдаидагы Ондыру.docx

— 19.60 Кб (Скачать файл)

Мұнай мен газды өндіру  

 

 

                  Мұнайдың шоғырлану шарттары. Мұнай жер қойнауында көлемі бірнеше текге метрден бірнеше млрд.м3-ге дейінгі шоғырлар түрінде болады. Мұнай шоғырлану үшін өткізуші тау жыныстары, өткізбеуші тау жыныстары, сондай-ақ онда мұнай мен газ тұтылып қалатын арнайы қыртыстардың болуы шарт. Көшіп-қон кезінде  мұнай, газ және су тұтқышқа түсіп, тартылыс күштерінің әсерімен қабаттанып бөлінеді: газ жоғарыға, су-төменге кетіп, мұнай газ және су аралығында орналасады.   

               Мұнай мен газдың өндірістік игеру үшін тұтқышта жеткілікті мөлшерде жинақталған орны шоғыр деп аталады. Іс жүзінде массасы бірнеше мың тонна және одан да көп шоғырлаар игеруге жатады, олардың тереңдігі, әдетте, 500-ден 5000 метрге дейін және одан да жоғары.  

               Жер бетінің жалпы бір ауданына қатысты шоғырлар жиынтығы кеніш деп аталады. Егер бір алаңда бір ғана шоғыр болса, мұндай кенішті бірқалыпты деп атайды. Кеніштердің басым бөлігінде бірнеше шоғырлар жинақталған, кейде     30-40-қа дейін жетеді, яғни кеніштердің көпшілігі көпқатты болып табылады. 

                 Кеінштерді барлау. Мұнай мен газдың шоғырланған жерлерін анықтау, қорларын  бағалау мен игеруге дайындау, мұнай барлау жұмыстары көмегімен іске асырылады.  

                  Іздеу-барлау жұмыстар 2 сатыда орындалады. Іздеу сатысында жерді геологиялық, электромагниттік гравиметриялық суретке түсіру, жыныстар мен суларды геохимиялық зерттеу, карталар түзу жүргізіледі. Бұдан соң жаңа кеніштердің қорларын алдын ала бағалау үшін іздеу ұңғымаларын бұрғылау жүргізіледі. Мұнай мен газдың шоғырланған жерлері белгіленіп, қыртыстар мен горизонттардың қуаты мен мұнай-газға қанығу анықталғаннан соң, мұнайдың қорлары есептеліп, кенішті пайдалануға беру туралы ұсыныстар енгізеді.   

               Іздеу-барлау жұыстары кезінде «құрғақ» болып шығатын, яғни мұнайдың өнеркәсіптік қорлары табылмайтын ұңғымаларды бұрғылауға тура келетін жағдайлар өте жиі кездеседі. Солтүстік теңізде мұнай компаниялары 200-ге жуық «құрғақ» ұңғымаларды бұрғылаған. Солтүстік Америкадағы мұнай қоры 2 млрд тоннаға жуық Прядхо-Бей деп аталатын ірі кеніш 46 іздеу ұңғымаларын бұрғылағаннан соң табылған.              

    Мұнайдың әлемдік қорлары артып келе жатқан сұранысты көптеген жылдар бойы қанағаттандыруға жетеді. Негізгі мұнай өндіруші елдерінде мұнай қорлары келесі мезгілдерге дейін жетеді деп болжануда: Сауд Аравиясында-86 жылға, Иран мен Венесуэлада-70 жылдан астамға, Иракта, Кувейтте және Біріккен Араб әмірліктерінде-100 жылдан астамға, Ресейде-22 жылға, АҚШ-та – 11 жылға. 

                 Таяу Шығыс жақын болашақта мұнайға деген әлемдік сұраныстың 40%-ға жуығын қамтамасыз ете отырып, мұнайдың негізгі өндірушісі болып қала береді. Бұл жағдай мұнай қорлармен  және көмірсутектерді осы аймақтағы өндірудің өзіндік құнының төмен болуымен түсіндіріледі. 

                  Қазақытандағы мұнай өндіруді Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған және басқа да кеніштер есебінен ұлғайту көзделуде.             

Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.  

 

Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

 


Информация о работе Мұнай мен газды өндіру