Польша асханасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:25, доклад

Краткое описание

Польша асханасы. Польша елінің ұлттық тағамдары. Польша тұрғындары өте қонақжай. Олар жақын адамдарды әрқашан түскі немесе кешкі асқа шақыруға дайын. Сонымен қатар олардың дастархандары барлығы жақсы көретін және қадірлейтін әртүрлі ұлттық тағамдар мен тәттілерге толы. Польша асханасы өзіне Италия,Франция,Венгрия және т.б. елдердің салттарын өзіне тартты. Жергілікті асхананы бірігей деп атауға болмайды, себебі Поьлша асханасы жақын орналасқан мемлекеттер асханасынан көрнекті айырмашылығы бар.

Вложенные файлы: 1 файл

Польша асханасы.doc

— 31.50 Кб (Скачать файл)

Польша асханасы. Польша елінің ұлттық тағамдары. Польша тұрғындары өте қонақжай. Олар жақын адамдарды  әрқашан түскі немесе кешкі асқа шақыруға дайын. Сонымен қатар олардың  дастархандары барлығы жақсы  көретін және қадірлейтін  әртүрлі  ұлттық тағамдар мен тәттілерге толы. Польша асханасы өзіне Италия,Франция,Венгрия және т.б. елдердің салттарын өзіне тартты. Жергілікті асхананы бірігей деп атауға болмайды, себебі Поьлша асханасы жақын орналасқан мемлекеттер асханасынан көрнекті айырмашылығы бар.

Польшаны аумақтарға бөлуге болады, олардың географиялық және басқа факторлар арасында айырмашылық бар. Мысалы, Солтүстік Польша аймақтарында көлдер көп, сәйкесінше солтүстік жақта балықтан жасалатын тағамдар кең тараған. Шығыс аймақтарында вареники тағамдарының түр-түрі бар,

Аспазшылардың көбі бұрынғы замандардан  бастап табиғат жаратылыстарын қолданады  – орман, көгал, көл және өзен жемістері.

Польша асханасын жармасыз, балықсыз, жабайы етсіз және орман жидектерінсіз  көзге елесетуге болмайды,оны  әр аспазшы дәлелдей алады.

Ең бастысы, ұлттық тағамдар химия  қоспасыз, табиғи жемістер мен еттерден дайындалады.  Сондықтан бұл тағамдарды сүйсініп тамақтануға болады. Елестетіп  көріңізші, тарна қосылған құймақ, маринадталған  итмұрын жидектері, шаян майы – осының бәрі дәрумендерге бай және дәмді. Польшаның тамырларынан қалған бірнеше тағамдар бар.

Қаз етінен жасалған рулет.

Бұрығы заманда патшалардың  дастархандарына қойылған. Оның құрамына өте қымбат ингредиенттеді салған. Қаз етін коньякта немесе бренди шараптарында маринадтаған, ал иісі үшін бал шараптарын қосқан. Бұл қоспалар тағамға тамаша дәм келтіреді.

Төс еті ұнтақталып арасына өрік, кептірілген жеміс қосады. Осының бәрі духовкада, алтын түсті қабыршағы  пайда болғанша дайындалады. Рулетке  тәттілеу дәм беру үшін  алқоры қосуға болады. Бірақ ол тек тамақ талғағыш адамдарға жақын болады. Оған қоса қара бүлдерген мен коньяк немесе бренди қосылған тұздық беріледі.

Көксерке

Бұл тағамның құрамына кермет жергілікті балық, саңырауқұлақ және шаян кіреді. Бұл ингериенттер тағамның түсінің гармониясын, керемет дәм мен сіңімді әрі тойымды ерекешелігін акценттейді.

Польша голубцилері.

Польшадан голубцы тағамын жемей  кетуге болмайды. Голубцы тағамының  салмасына қуырылған пияз, күріш  және кептірілген саңырауқұлақ қосады. Осының бәрі қырыққабат жапырағына оралып, буда пісіріледі. Содан кейін қуырады. Бұрынғы заманда голубцы тағамының ішіне қаймақ пен саңырауқұлақтан жаслған тұздық пен қарақұмық салған. Осы тағамды жергілікті дәмханаларда табуға болады.

Вареники

Польша варениктерін әлем бойынша ең дәмді деуге болады. Вареник нанын ең қарапайым ингредиенттетрі; ұн, су,жұмыртқа және тұз. Салмаға әр түрлі ингреиенттер кіруі мүмкін, мысалы жидектер құлпынай, қара шие т.б. Осы ингредиенттердің бәрі балғын жемістерден дайындалады. Варениктің салмасына тағы мейіз қосылған сүзбе  қосады.

Вареникті борщ тағамына да салады. Суваль аймақтарында вареникті  маслята саңырауқұлақтарының фарштан  дайындайды. Сонымен қатар варениктің салмасына фарш, пияз, картоп, сүзбе  және т.б. қосады.

Польшаға келетін туристтер саңырауқұлақ қосылған варенкиті жақсы көреді. Оны дәмханаларда жеңіл табуға болады. Оны дайындауға да өте жеңіл. Нанды дөңгелектеп кесіп,ортасына пісірілген саңырауқұлақ фаршын салады. Содан кейін нан жабыстырылып, тұз және бұрыш қосылған суда пісіріледі.

Польшада ең танымал  тағамдардың бірі – сүрленген  ет. Оны бұрынғы рецепт бойынша  дайындайды: шұжықты арша бұтақ немесе жеміс ағаш бұтақ түтінінде сүрлейді. Поляк халқы шошқа етінің сан етін, ет рулеттерін, төс еттерін, паштеттерді тамаша дайындайды.

Польшада ең тәтті  және дәмді нан дайындайды. Әсіресе өрескел тартылған қара бидай ұнынан дайындалған нан. Ол өте жұмсақ және дәмді,сонымен қатар емдік қасиеті бар, оны диеталық тағамдарға жатқызады.

Поляктар асты бірінші  тағамдардан бастайды. Дәстүрлі тағам ретінде дәмдеуішпен және құлақша қосылған қызылша борщ. Құлақша – саңырауқұлақ немесе бадана фаршы қосылған тұшпаралар.

Тағы бір суптардың  қатарына журек супы жатады. Ол квастан  және өрескел тартылған ұннан  дайындайды. Оның құрамына саңырауқұлақ, картоп, сүр ет және жұмыртқа салады.

Осцыпек ірімшігі.

Қой сүтінен  жасалған ірімшік осцыпэк -  Валаш  даласының шопандарының бұрынығы рецепті  бойынша дайындалатын тағамы.

Осцыпэк өз өмірін қой сүтін сауылғанына бастайды. 1 кг -  нан кем бір ірімшік алу үшін 6-7 л сүт қажет. Сүт өз ақуызынан (Klag) айырылу керек, яғни оны ағаш ыдысқа құю керек, содан кейін сүт майда түйіршіктерге бөлінеді. Содан кейін сарысуын ағызу керек. Қалған массаны сығындап,толығымен сарысуынан айырады. Ыдыстан шығарылған массаны шар формасына келтіп,оны ыстық суға салады, шығарады, содан тағы ыстық суға салады. Бұл процессті алынған масса тығыз, эластикалық күйгеайналмағанша көп уақыт жүргізеді. Ірімшікті тұздықта 1 тәулік бойы жатады. Содан кейін 3 тәуліктен бастап 14 тәулікке дейін сүрлейді.


Информация о работе Польша асханасы