Эталон-көшірме - бірлік мөлшерін жұмысшы эталондарға беруге арналған. Ол алғашқы немесе арнаулы эталонды уақытынан бұрын тозуынан сақтау мақсатында көптеген салыстырып
тексерулер жасау қажеттілігі туындағанда
әзірленеді. Эталон-көшірме метрологиялық арнаулылығы бойынша мемлекеттік эталонның көшірмесі болып
табылады;
Салыстыру эталоны - белгілі бір себептермен бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын жағдайларда эталондарды салыстыру үшін пайдаланылады;
Эталон-куәгер - мемлекеттік эталонның сақталғандығын және өзгермегендігін тексеруге және оны бұзылған кезде алмастыруға арналған;
Жұмысшы эталон - бірлік мөлшерін жұмысшы өлшем құралдарына беру үшін арналған.
Ең алғаш ресми бекітілген эталондар метр мен килограмның үлгілері болды, олар Францияда жасалды және 1799 жылы Францияның Үлттың Архивіне сақтауға берілді.
Сондықтан оларды «Мұрағат метрі» және «Мұрағат килограмы» деп
атай бастады. 1872 жылдан бастап килограмм «Мұрағат килограмға» тең масса деп анықтала бастады. СИ Халықаралық жүйесінің өрбір негізгі немесе туынды
бірліктер эталонының өзіндік қызықты
тарихы бар және олар күрделі ғылыми-зерттеулермен
жәнеэксперименттермен байланысты.Мысалы, 1791 жылы Францияның Ұлттың жиналысы қабылдаған, париждік меридианның төрттен бір доғасының он миллионнан бір бөлігіне тең метр эталонын 1837 жылы қайта қарастыру тура келді. Француз ғалымдары анықтағандай, меридианның
төрттен бір бөлігінде 10 млн. емес, 10 млн.
856 метр бар екен. Сондай-ақ, Жердің мөлшері
мен пішіні үнемі өзгеріп отыратыны белгілі.
Осыған байланысты 1872 жылы Санкт-Петербург Ғылым академиясының ғалымдары метр эталонына өзгерістер
енгізу туралы мәселені шешу үшін халыңаралық комиссия құруды ұсынды. Комиссия жаңа эталонды жасамай-ақ, Францияда сақталынған «Мұрағат метрді» ұзындықтың
бастапқы бірлігі ретінде қабылдауды
қалады. 1875 жылы Халықаралық метрлік конвенция қабылданды, оған Ресей де қол қойды. Бұл жылды метрологтар метрдің негізгі халықаралық
ұзындық бірлігі ретінде екінші рет туылуы
деп санайды. XX ғасырда (1967 жылы) париждік меридианның
дәлірек өлшемдері жарық көрді, ол 10 млн.
1954,4 метрді құрады. Осылайша «Мұрағат метрі» меридиандық
метрден 0,2 мм-ге қысқа болып шықты.
1889 жылы платинді-иридилі ерітіндіден метр эталонының 31 данасы жасалды. Олардан №6 эталон 0°С температурада «Мұрағат метрі» ұзындығына сәйкес келді. Осыэталон нұсқасы Өлшемдер мен салмақтар бойынша I Бас
конференцияның шешімімен метрдің халықаралық
эталоны ретінде бекітілді және Севр қаласында (Франция) сақталады. Қалған 30 эталон әр түрлі елдерге берілді. Ресей №28 және №11 эталондарды алды
және мемлекетті эталон ретінде №28 эталоны
бекітілді.
Метрдің платинді-иридилі эталонының
қателігі +1,1 • 10−7 м XX ғасырдың
басында қанағаттанарлықсыз деп бағаланған. 1960 жылы Өлшемдер мен салмақтар
бойынша XI Бас конференция метрдің жаңа
анықтамасын ұсынды. Метр анықтамасы атомдар сәулеленуінің
спектральды сызықтарының толқын ұзындығы
тұрақтылығына негізделген. Жарық көзі
ретінде криптондық эталон алынған. Криптондың
эталонның қателігі платинді-иридиліге
қарағанда кем және 5 • 10−9 м тең
болды.
Бірақ бұл дәлдік те жеткіліксіз
болып шықты, ал ғылымның жаңа жетістіктері 1983 жылы метрдің, жаңа анықтамасын
қабылдауға мүмкіндік берді (XXII Бас конференцияда).
Оған сәйкес метр - вакуумдағы жарықтың 1/299792458 үлес секундта жүріп өтетін жол ұзындығы.
Осы конференцияда жарық жылдамдығының нақты
мәні жарияланды.
Масса бірлігі эталонының тарихы
да өте қызықты. 1872 жылы масса эталоны ретінде қабылданған «Мұрағат килограмы» биіктігі
мен диаметрі 39 мм-ге тең платиндіцилиндр кір болды. Тәжірибеде қолдану
үшін үлгілер (екінші эталондар) платинді-иридилі
ерітіндіден жасалынды. Килограмның халықаралық
үлгісі ретінде платинді-иридилі кір қабылданды,
ол дәлдігі бойынша «Мұрағат килограмына» көбірек
сәйкес келді.
Өлшемдер мен салмақтар бойынша
I Бас конференцияның шешімімен килограмм прототипінің 42 нұсқасынан Ресейге №12 және №26-лары берілді, №
12 эталонмассаның мемлекеттік эталоны
ретінде бекітілді (№26 үлгі екінші эталон ретінде пайдаланылды.
Массаның ұлттық эталоны (бұрынғы КСРО-ның ұлттың эталоны) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ғылыми-зерттеу институтында
сақталған. Ол кварцтық үстелде, екі шыны ыдыстың астында
болат сейфте тұрады. Ондағы ауа температурасы 20±30°С-де ұсталады, ал салыстырмалы
ылғалдылық - 65%. Он жылда бір рет оны екі
екінші эталонмен салыстырады. Халықаралық
эталонмен салыстырған кезде массаның
ұлттық эталоны 1,0000000877 кг мәнге ие болды. №12 үлгіден
екінші ретті эталондарғамасса бірлігінің өлшемін беру үшін
қашықтықтан басқаруы бар №1 және №2 арнаулы
таразылар қолданылады. Килограмды бейнелеу
қателігі 2•10−9 болды.
Халықаралық салыстырулар кезінде аныңталған эталон массасының ауытқулары оның
тұрақтылығының жеткілікті дәрежесін
көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде
компрессорлық станцияның, газ құбыры
бөлімшесінің, компримирленетін құрылғының
математикалық моделі өңделген. Жобалау
үрдісінде компрессорлық станцияның жұмыс
істеу режимдерін тиімділеу үшін арналған
динамикалық бағдарламалау әдістеі болды.
Берілген әдіс әлдеқайда тиімді болып
табылады. Сонымен қатар басқа тиімділеу
әдістерімен салыстырғанда қарапайым
және газ тізбектей – параллель жалғанған
тасымалдаушы агрегаттары бар компрессорлық
станция да сәйкес келетін болып табылады.
Тиімділенген есептердің критерилері,
компрессорлық станцияның сипаттамаларының
аналитикалық бейнесі, сонымен қатар электржетекті
ГТА бар компрессорлық станцияның алгоритмі
қарастырылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.http://www.intergas.kz
2. http://www.kase.kz
3. Atyrau@intergas.kz
4. aktau@intergas.kz