Уыт өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:49, реферат

Краткое описание

Уыт өндірісі дегеніміз арнайы жасалған және реттелетін жағдайларда әр түрлі дақылды дәндерді өсіру. Уытты алу үшін негізінен арпа, қарарбидай, ал күріш, бидай, сұлы және тарыны сирек қолданады. Өсірудің соңғы өнімі жаңа өсірілген уыт, кептіру нәтижесінде ол құрғақ уытқа айналады.
Уыт өндірудің мақсаты — дәнде негізінен гидролитикалық, максималды мүмкін немесе берілген фермент санын шоғырландыру.

Вложенные файлы: 1 файл

уыт.docx

— 22.61 Кб (Скачать файл)

Уыт өндірісі дегеніміз арнайы жасалған және реттелетін жағдайларда  әр түрлі дақылды дәндерді өсіру. Уытты алу үшін негізінен арпа, қарарбидай, ал күріш, бидай, сұлы және тарыны сирек қолданады. Өсірудің соңғы  өнімі жаңа өсірілген уыт, кептіру  нәтижесінде ол құрғақ уытқа айналады.

Уыт өндірудің мақсаты  — дәнде негізінен гидролитикалық, максималды мүмкін немесе берілген фермент  санын шоғырландыру. 

Уыт шарап өндірісі үшін негізгі шикізат болып табылады, сонымен қатар спирт, квас, нан  сорттарының бір қатарын шығаруға және т.б. қолданылады. Сыра қайнатуда  уыт арпадан, спирт өндірісінде  – әр түрлі дақылдардан, нан және квас өндірісінде – қызыл уыт деп аталатын қара бидайдан алынады. 

Шарап өндірісі кезінде уыттың үш түрі қолданылады: ашық, қара – қоңыр  және карамелді.

Уыт өндіру технологиясы келесі процестерден тұрады: арпаны тазалау  және сорттау, суға салып жібіту, уыт  өндіру, жаңа өсірілген уытты кептіру, кептірілген уытты өскіннен бөлу және уытты жылтырлату.

Квас— уыт қосып, қара бидай ұнынан немесе нанынан дайындалған қышқылтым сусын; сондай-ақ оны салқын, сұйық тағамдарды — окрошка, қызылша сорпасын және бірқатар ұлттық тағамдарды дайындауға пайдаланады. Квас – алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. 

Уыт өндірісі дегеніміз арнайы жасалған және реттелетін жағдайларда әр түрлі дақылды дәндерді өсіру. Уытты алу үшін негізінен арпа, қарарбидай, ал күріш, бидай, сұлы және тарыны сирек қолданады. Өсірудің соңғы өнімі жаңа өсірілген уыт, кептіру нәтижесінде ол құрғақ уытқа айналады.  
Уыт өндірудің мақсаты — дәнде негізінен гидролитикалық, максималды мүмкін немесе берілген фермент санын шоғырландыру.  
Уыт шарап өндірісі үшін негізгі шикізат болып табылады, сонымен қатар спирт, квас, нан сорттарының бір қатарын шығаруға және т.б. қолданылады. Сыра қайнатуда уыт арпадан, спирт өндірісінде – әр түрлі дақылдардан, нан және квас өндірісінде – қызыл уыт деп аталатын қара бидайдан алынады.  
Шарап өндірісі кезінде уыттың үш түрі қолданылады: ашық, қара – қоңыр және карамелді.  
Уыт өндіру технологиясы келесі процестерден тұрады: арпаны тазалау және сорттау, суға салып жібіту, уыт өндіру, жаңа өсірілген уытты кептіру, кептірілген уытты өскіннен бөлу және уытты жылтырлату.  
Өндіріске түскен дәндер бір қатар қоспалардан тұрады, олар уыт өндіру процесін қиындатып, уыт сапасын төмендетеді. Ең көп таралған ауа – електі сепаратор дән тазалайтын машина болып табылады. Мұнда дән арнайы өлшемдегі електен өтіп тазаланады және ауамен үрленеді.  
Пісіп жетілген, тазаланған және сортталған дән жууға және жібітуге суға салынады.  
Суға салынған дән суды сіңіреді. Өсіруге қажетті соңғы ылғал, жібіту деңгейі деп аталады. Жібітудің қолайлы деңгейі 42…50 % құрайды, ол арпа сортына және одан алынатын уыт түріне байланысты.  
Жібіту үш түрлі тәсілмен өтуі мүмкін: кезекті, ауа - сулы , үздіксіз тасқынды (судағы қаныққан ауа) және ауалы - суландырғыш. Ең прогрессивті тәсіл ауалы - суландырғыш.  
Ауалы – суландырғыш тәсілі – дән бастапқыда 20 сағат бойы, дән қабатының үстінде орналасқан су бүркитін форсуланкалар арқылы С.°сумен суландырылады. Суландыратын су температурасы 18…20   
Дәнді өсіру белсенді емес ферменттерді күшейту, жаңа ферменттерді синтездеу мақсатында қолданылады. Уытты ысқылау (майдаланған уытты су мен араластыру) процесінде, дәннің барлық резервтегі заттарын қанттандыру және ерітуге қол жеткізіледі. Сонымен қатар, өсіру процесінде сыра ашытқысын дайындау кезінде, крахмалдың, ақуыз және басқа заттардың алынуын жеңілдететін дәннің жасушалы қабықшасының босауы және бүлдірілуі байқалады. Өсіруді екі түрлі уытханада жүзеге асырылады: тоқты және пневматикалық. Дәннің өскіндері 2/3 тен 3/4 ке дейінгі ұзындыққа жеткенде өсіруді аяқтайды. Бұл уақытқа дейін цитолитикалық фермент әсерінен, дәннің эндоспермді жасуша қабырғалары жойылады, ал эндосперм борпылдақ және сынғыш болады. Эндоспермнің ұнтақты бөлігін, саусақпен үгіткенде, жеңілдігіне қарап уыттың дайын болғанын білуге болады. Сапалы уыттың иісі балғын, қиярлы болып келеді. Уыт өндірудің режимдерін бұзған кезде, оның иісі эфирлі, ал консистенциясы – жағылмалы болады. Ақшыл уытты өсірудің ұзақтығы орташа 7 тәулікті, қоңырқайдікі – 9 тәулікті құрайды.  
Жетілген уыт (жасыл уыт) кептіруге түседі. Кептірудің мақсаты - артық ылғалды жою және шырсөлді, бояғыш және хош иісті заттарды жоғырландыру. Кептіру процесіндегі уыттың массалық үлесі төмендейді 42…47 % ден 2…4 % - ға дейін.  
Кептірудің үш сатысы болады.  
Бірінші сатысы (физиологиялық) 40 °С температурада уытпен массалық үлесі 35…30 % жеткенше жүреді, өсіндінің өсуі жалғаса береді. Кейіннен дәннің дем алуы және өсіндінің дамуы тоқтайды.  
Бұл жағдайда кептірудің екінші сатысы (ферментативті) басталады. Бұл сатыда 40…60 °С температурада уытпен ылғалдылықтың массалық үлесі 10…20 % жеткенше жүреді. Бұнда барлық ферменттің белсенділігі, ақуыз және көмірсу гидролизінің қарқындылығы байқалады. Ашық түсті уыт өндірісі кезінде оның қарайып кетпеуі үшін, бұл сатының ұзақтылығын қысқартуға тырысады. Бұл үшін уыт ылғалдылығының массалық үлесін 10% дейін төмендетеді. Қоңырқай түсті уытты кептіру кезінде, уыт ылғалдылығының массалық үлесін 20 % төмендетіп, сусыздандыруды баяу жүргізеді.  
Кептірдің үшінші сатысы (химиялық) температура 75 °С жоғары, ферменттер инактивацияланғанда жүреді. Бұл саты ашық түсті уыт үшін температура 80 °С, ал қоңырқай түсті шамамен 100 °С болғанда жүреді. Осы температураларда 3…4 сағат, ылғалдылықтың массалық үлесі ашық түсті уыт үшін 3…5 % , ал қоңырқай түсті уыт үшін 1,5…2,5 % төмендегенге дейін уытты ұстайды. Осы сатыда уытта меланоидты қосылыстар пайда болады – өзіндік дәмі, түсі және хош иісі бар қоңырқай түске боялған заттар. Олар уыт моносахаридтерінің ақуыз ыдырауының өнімдерімен (амин қышқылдары және пептидтермен) байланысы кезінде пайда бролады. Қоңырқай уыт үшін бұл процестің маңызы зор. Ал ашық түсті уыт үшін, оның ферментативті белсенділігі жоғары болып қалу мақсатында, осы сатының кептіру ұзақтығын қысқарта отырып, меланоидтың пайда болуын минимумға жеткізуге тырысады. Уытты кептіру ұзақтығы - уытты ылғалдылықтың массалық үлесі 3…4,4 %, 18...20 сағатты құрайды.  
Тазаланған уытты, одан ауа өткізе отырып салқындатады. Салқындатылған уытты, сыраға ащы дәм бермеуі үшін, оларды өсінді кесетін машинада өсінділерінен ажырату қажет. Кейіннен уытты шаң- тозаңнан тазалайды – жылтырлатады, содан кейін оларды қоймаға жібереді

Квас өндірісі – 100 % табысты бизнес түрі. Квас бизнесінің негізі – квас өндіру және оны сату.

Квас түрлері. Квас өндірістік жағдайда да, үйде де оңай дайындалады. Үй жағдайында ашыған квас жасау үшін әдетте, ашытқы, кептірілген нан, қант пайдаланылады. Сусынға ерекше дәм беру үшін оған жидек, жалбыз, хмель, алма, алмұрт, жүзім мен басқа да өнімдер қосылады.

Квас ұнның, нанның, судың, уыттың түрлі  сорттарынан жасалады. Ол ұйыған сүт өнімі мен ішінара крахмалдан өндірілетін қант қосындыларының ашытқысы болып табылады. Квас дайындауда қара бидай, арпа, бидай, қарақұмық, сұлының ұны; нанның қара бидайдан, бидайдан жасалған түрлері; сұлы мен қара бидайдың уыты қолданылады.

Технология. Квастың түр-түрі бар. Алайда олардың дайындалу әдісі бірдей.Алдымен қою негізді (нан, ұн, т.б.) сумен араластырады, оған ашытқы мен дәмдік (мысалға: қант, бал, жүзім, шырын), ароматтық қоспалар(жалбыз, имбирь және т.б) қосады, алынған қоспаны ашытады. Нәтижесінде осындай сусын пайда болады.

Квасты жасау процесі шамамен екі күнге созылады, оның толық дайын болуы үшін тағы екі күн қажет. Бірінші күні қоспаға қайнатылған жылы су құяды. Екінші күні сұйықтыққа қант қосады (10 литрге 1 кг). Сұйықтық пен квасты ашыту үшін 12 сағатқа жылы жерге қояды (осы уақытта көп көбік пайда болады). Сосын сұйықтықты шыны бөтелкелерге немесе банкаларға құйып, тығындайды. Тағы 12 сағат өткен соң суық жерге апарып қояды. Жақсы квастың құрамында көмірқышқыл газы көп болады, сондықтан қақпақты ашқан кезде дыбыс шығады. Квастың жарамдылық мерзімі әрі кетсе 4-5, одан кейін сусын ашып кетеді, ішуге жарамсыз болып қалады. Сонымен қатар, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Квасты сақтаған кезде ауасы желдетілетін таза жерге қою керек. Дұрыс дайындалған квас 2-3 айға жуық сақталады.

Әдебиеттер тізімі

 

1 Теоретические основы  пищевых технологий: в 2-х книгах. Книга 1/ Ответ. редактор В. А. Панфилов. – М.: КолосС, 2009. – 810 с.

2 В. И. Хлебников, В.  С. Пучкова, С. А. Страхова и др. Технолология производства продовольственных товаров/Под ред. В. И. Хлебникова. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 348 с.

3 А. П. Нечаев, И. С.  Шуб, О. М. Аношина, В. И.  Горбинок, А. А. Кочеткова, Г.  М. Мелькина, Н. Н. Шебершнева, В. С. Шикнна, В. Г. Щербаков. Технологии пищевых производств/ Под ред. А. П. Нечаева. — М.: КолосС, 2005. – 768 с: ил. – (Учебники и учеб. пособия для студентов высших учебных заведений).

4 Ковальская Л. П., Шуб  И. С., Мелькина Г. М. и др. Технология пищевых производств/ Под ред. Л. П. Ковальской. – М.: Колос, 1997. – 752 с.

5 Назаров Н. И., Гинзбург  А. С., Гребенюк  С. М., Маршалкин Г. А., Мачихин Ю. А., Нечаев А. П. и др. Общая технология пищевых производств/ Под ред. Н. И. Назарова. – М.: Лег. и пищ. пром-сть, 1981. - 360 с.

6 Общая технология пищевых  производств/ Под ред. Л. П. Ковальской. – М.: Колос, 1993. – 383 с.

7 Калунянц К. А., Яровенко В. Л., Домарецкий В. А., Колче-        ва Р. А. Технология солода, пива и безалкогольных напитков. – М.: Колос, 1992. – 446 с.

8 Технология производства  растительных масел/Под ред.           В. М. Копейковского. – М.: Лег. и пищ. пром-сть,1982. – 416 с.

9 Технология переработки  жиров/ Под ред. Н. С. Арутюняна. – М.: Агропромиздат, 1985. – 368 с.

10 Сапронов А. Р., Жушман А. И., Лосева В. А. Общая технология сахара и сахаристых веществ/ Под ред. А. Р. Сапронова. - 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1990. – 397 с.


Информация о работе Уыт өндірісі