Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 14:16, реферат
Рельс (ағылш. raіls, raіl — рельс, лат. regular — түзу таяқ, білеу, қада) — белгілі бір пішіні (профилі) бар болат білеуден жасалған прокаттық бұйым. Ол темір жол мен метрополитен құрамының, трамвайдың, локомотивтің, кен көлігі мен көтергіш кранның, тағы басқалардың қозғалуына арналып жасалады. Алғашқы металл рельс 1767 ж. Ұлыбританияда жасалды. Рельс кен тасу жолдары мен з-т ішіндегі жолдарда пайдаланылды.
Кіріспе
Рельс тізбегі туралы жалпы мағлұмат.......................................................3
Негізгі бөлім
1.1. Рельс тізбектерінің негізгі элементтері, олардың орнатылуы мен тағайындалуы.......................................................................................................4-6
1.2. Рельс тізбектерінің түрлері, классификация...................................7-8
1.3. Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері, жұмыс орнықтылығы..9-10
1.4. Типтегі істен шығулар..................................................................11-12
Қорытынды.................................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................14
Жоспар
Кіріспе
Рельс тізбегі туралы жалпы мағлұмат......................
Негізгі бөлім
1.1. Рельс тізбектерінің негізгі
элементтері, олардың орнатылуы
мен тағайындалуы..............
1.2. Рельс тізбектерінің түрлері, классификация.................
1.3. Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері, жұмыс орнықтылығы..9-10
1.4. Типтегі істен шығулар.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Рельс (ағылш. raіls, raіl — рельс, лат. regular — түзу таяқ, білеу,
қада) — белгілі бір пішіні (профилі) бар болат білеуден жасалған прокаттық
бұйым. Ол темір жол мен метрополитен құрамының, трамвайдың, локомот
Рельс тізбектері теміржол автоматика және телемеханиканың негізгі элементі болып табылады. Олардың қызметі пойыздар қозғалысын реттеудің автоматтық және телемеханикалық жүй елерінің негізін қалайды және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен құрылғылары жұмысының сенімділігін көп мөлшерде анықтайды анықтайды. Рельс тізбегі қоректендіру мен жүктеме көзі бар электр тізбегі болып табылады. Ал электрлік токтың өткізгіштері болып темір жолдың рельс жолдары табылады.
1.1. Рельс тізбектерінің негізгі элементтері, олардың орнатылуы мен тағайындалуы
Қарапайым рельс тізбегінің электрлік сұлбасы қоректендіру соңынан, рельс жолынан және релелік соңнан тұрады (1.1 - сурет). Рельс тізбегінің қоректендіруші соңында ВАК түріндегі түзейткішпен 1 немесе ПТ жолдық трансформатормен буферлік режимде жұмыс істейтін аккумулятор орнатылады. Рельс тізбегі пойызбен бос емес болған кезде жолдық реле якорінің түсірілуін қамтамасыз ететін R0 резистор арқылы рельс жолына қоректендіру түседі.
1.1 - сурет. Рельстік тізбектің құрылғысы
Рельс жолы екі рельс қылдарынан 7 тұрады. Олар рельс қылдарының электрлік кедергісін төмендетуге арналған ток өткізуші түйіспелік қосқыштармен өзара байланысқан рельс түйіндерінен 8 тұрады. Учаскідегі тартым түріне және рельске бекітудің таңдалған тәсіліне байланысты түйіспелік қосқыштардың үш түрі болады. Автономдық тартымдағы учаскілерде болат штепсельдік және пісірілмелі қосқыштар пайдаланылады. Электрленген учаскілерде мыс пісірілмелі қосқыштар қолданылады.
Рельс қылдары ағаш немесе темірбетон шпалдарда орнатады 9. Шектес рельс тізбектерінің рельс жолдарын темір жапсырмалы оқшаулағыш түйіспелердің 6 көмегімен немесе желімболттық түйіспелердің көмегімен ажыратады. Оқшаулағыш түйіспелер жолдың жоғарғы құрылысының сенімді электрлік оқшаулауы мен механикалық мықтылығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан оларды жоғары механикалық мықтылыққа ие және ылғалдану шарттарында жұмыс қабілеттілігін сақтайтын оқшаулағыш материалдардан жасайды. Зауыттық шарттарда жасалатын желімболттық оқшаулағыш түйіспе жоғары механикалық мықтылыққа ие, себебі ол рельспен бірге біртұтастықты құрайды.
Электрленген учаскілерде оқшаулағыш түйіспелерде рельс жолында ДТ дроссель – трансформаторлары орнатылады (1.2 - сурет), олар оқшаулағыш түйіспелерді айналып рельс жолдарымен қайтымды тартым тогын өткізуді қамтамасыз етеді. Дроссель-трансформатор екі орамға ие: негізгі және қосымша. Негізгі орам үш шығысқа ие — екі шеткіні рельс жолдарына қосады, ал ортаңғысы қос рельс тізбегінің дроссель – трансформаторының ортаңғы шығысымен қосылады. Қосымша орамның шығыстарына рельс тізбегінің приборлары қосылады.
1.2 – сурет. Рельс тізбегіне дроссель – трансформаторды қосу сұлбасы
Рельстік жолдан сигналдық ток релелік соңда тұрақты немесе айнымалы токта рельс тізбегінің жағдайын тіркейтін жолдық релені (3.1 - сурет) қабылдайды (қозғалмалы құрамнан бос немесе бос емес) және пойыздар қозғалысын реттейтін әр түрлі жүйелердің жұмысы үшін осы ақпаратты жібереді.
Рельс тізбектерінің кейбір түрлерінде жолдық реле мен рельс арасында келесі приборлар қосылуы мүмкін: оқшаулаушы немесе жоғарылатушы трансформатор, қорғау фильтрі және т.б. Релелік шкафта немесе ЭО постында орналасқан қоректендіруші және релелік соңдардың аппаратурасы кабельмен 3 (1.1 - сурет) жолға жақын орнатылған кабельдік тұрақ 4 немесе жолдық қорап арқылы, тростық ауыстырып қосқыш арқылы 5 жолдың рельс қылдарына қосылады.
Рельс тізбегінің жұмыс қызметі рельстік жол арқылы жолдық релеге көзінен түсетін ток өлшемі жол учаскісінің жағдайына тәуелді болуына негізделеді. Учаскі бос болған кезде қоректену көзінен сигналдық ток рельстік жолдармен П жолдық релесінің орамымен ағады, сондықтан реле қозады, фронттық контактілерді тұйықтап, рельс тізбегінің бостығы мен ақаусыздығын тіркеп жәкірді тартады. П релесінің қоздырылған күйі рельске қозғалмалы құрам түскенге немесе рельс алынғаннан немесе сынғаннан жолдың рельстік қылының үзілуіне, түйіспелік қосқыштың үзілуі немесе басқа да бұзылу пайда болғанға дейін сақталады.
Жолдық оқшауланған учаскі қозғалмалы құраммен бос емес болған жағдайда пойыз дөңгелеуінің төмен кедергісімен рельстік қылдардың шунтталуы орын алады. Жолдық реле орамындағы сигналдық ток күрт төмендейді, себебі жолдық реле орамының кедергісі пойыздар дөңгелеуінің кедергісінен әлдеқанша үлкенірек. Жолдық реле фронттық контактілерді тұйықтап, тылдық контактілерді ажыратып жәкірді түсіреді. Сол арқылы пойызбен рельс тізбегінің бостығын бақылайды. Рельс тізбегіне пойыз түскен кезде жәкірдің жіберілуі рельс тізбегінің шунттық эффекті деп аталады. Дөңгелек беті мен рельс бастиегінің арасындағы өтпелі кедергіні ескергендегі дөңгелек жұбының кедергісі – шунт кедергісі деп аталады. Рельс қылы үзілген кезде П жолдық релесі де ажыратылады және рельс қылының ақаулығын тіркеп тылдық контактілерді тұйықтайды.
Осылайша, рельс тізбектері бекеттер мен аралықтарда жолдық оқшауланған учаскілердің бостығы мен бос еместігін, рельс қылдарының электрлік тұтастығын, қозғалыстағы пойыздың жолдық және локомотивтік бағдаршамдармен байланысын үздіксіз бақылауға және қозғалмалы құрамның өту уақытында бұрмалардың ауысуын болдыртпауға арналған. Рельс тізбектері рельс қылдарының тұтастығын бақылауды қамтамасыз ететіндіктен, олар аралықтар мен бекеттердегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатудың сенімді әрі эффективті құралы болып табылады.
1.2. Рельс тізбектерінің түрлері, классификация
Белгілі бір нақты эксплуатациялау шарттарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты рельс тізбектерінің (РТ) көптеген түрлері бар. Барлық РТ әрекет ету принципіне, қоректендіру тогының түріне, рельске сигналдық токты жіберу тәсіліне, қайтымды тартым тогын өткізу тәсіліне, АЛС құрылғылары жұмысының қондыру тәсіліне және қолдану орнына байланысты түрленеді.
Әрекет ету принципіне байланысты рельс тізбектері қалыпты тұйықталған және қалыпты ажыратылған болып бөлінеді. Рельс тізбегінің қалыпты жағдайы деп рельс тізбегі қозғалмалы құрамнан бос және ақаусыз кезіндегі жағдайды айтады. Қалыпты тұйықталған рельс тізбегінде (1.3 - сурет) жолдық реле және қоректену көздері оның әр түрлі соңдарында қосылған. Сондықтан рельс тізбегінің бос жағдайында барлық элементтерінің ақаусыздығы мен рельс тізбегінің бостығын бақылап жолдық реле токта болады. Ал егер рельс тізбегі қозғалмалы құраммен бос емес болса, жолдық реле жәкірді жіберіп рельс тізбегінің бос еместігін тіркейді.
1.3 – сурет. Қалыпты тұйықталған рельс тізбегінің сұлбасы
Қалыпты ажыратылған рельс тізбегінде (1.3 – сурет) жолдық реле П қалыпты қозбаған, себебі ПБ қоректену көзі және реленің өзі рельс тізбегінің бір соңында орналасқан. Рельс тізбегі арқылы токтың өтуі мен жолдық реленің қозуы рельс тізбегінде пойыз сырғуының болуы кезінде орындалады. Қалыпты ажыратылған рельс тізбегінің бос жағдайында оның элементтерінің ақаусыздығын бақылау болмайды, сондықтан мұндай рельс тізбектерін тек қана сұрыптау дөңестерінде қолданады.
Қалыпты рельс тізбегінің бос жағдайында оның элементтерінің ақаусыздығын бақылау бар болғандықтан, мұндау рельс тізбектері негізгі болып табылады. Кейінгі классификация қалыпты тұйықталған РТ қатысты болады.
Қоректендіру тогының түріне байланысты РТ тұрақты және айнымалы токтағы болып бөлінеді. Айнымалы токтағы РТ кең қолданысқа ие. Олар электрлік тартымдағы және автономды тартымдағы учаскілерде де қолданылады. Айнымалы токтағы РТ рельске берілетін сигналдық токтың түріне байланысты өзара түрленеді.
Рельске сигналдық токты жіберу тәсілі бойынша РТ үздіксіз, импульсті және кодалық коректендірумен болып бөлінеді.
Рельс тізбегі бос кезінде үздіксіз қоректендіруі бар РТ сигналдық ток рельс жолына үздіксіз түседі және жолдық реле қоздырулы жағдайда болады. Импульсті қоректендіруі бар РТ бос кезінде сигналдық ток рельске периодты біртекті импульстармен түседі және жолдық реле импульстік режимде жұмыс жасайды. Кодалық қоректендіруі бар РТ бос кезінде сигналдық ток рельске ұзақтығы әр түрлі бір, екі немесе үш импульстан тұратын кодалық сигнал түрінде түседі. Жолдық реле қабылданатын кодалар тактіне сәйкес кодалық режимде жұмыс жасайды.
Оқшаулағыш түйіспелерді айналып қайтымды тартым тогын өткізу тәсілі бойынша РТ біржіпті және екіжіпті болып бөлінеді. Екіжіпті РТ тартым тогы екі рельстік қылдар бойынша ағады. Бұл үшін оқшаулағыш түйіспенің екі жағынан рельс қылдарының арасында екі дроссель-трансформаторлар ДТ қосылады (1.2 – сурет). Олардың ортақ нүктелері оқшаулағыш түйіспелерді айналып қайтымды тартым тогын өткізуді қамтамасыз етіп, өзара ауыстырып қосқышпен қосылады. Мұндай екі жіпті РТ АЛС жұмысын қамтамасыз етеді және тартым тогының әсеріне азырақ тәуелді. Сондықтан олар бекеттер мен аралықтардың кодаланатын жолдарында қолданылады.
1.4 – сурет. Біржіпті рельс тізбегінде қайтымды тартым тогын өткізу сұлбасы
Біржіпті РТ қайтымды тартым тогы жолдың бір рельстік жібі арқылы өткізіледі (1.4 – сурет). Қайтымды тартым тогын өткізу үшін шектес РТ қатысты қылдардың арасында тартымдық рельстік қосқыштар К орнатылады. Біржіпті РТ тартым тогының әсеріне тәуелді, бұл олар жұмысының сенімділігін төмендетеді. Мұндай РТ рельс тізбегінің ұзындығы 500 м дейін жауапты емес жолдар мен бұрмалық учаскілердегі бекеттерде қолданылады.
АЛС құрылғыларының жұмысын қондыру тәсіліне байланысты рельс тізбектері релелік немесе қоректендіруші соңнан кодаланған болуы мүмкін.
РТ қолданылу орнына байланысты тармақталған және тармақталмаған болып бөлінеді. Тармақталмаған РТ тармақтары жоқ және мұндай рельс тізбектерімен тармақталмаған учаскілерді жабдықтайды: қабылдап – жөнелтуші жолдар, бекеттер алқымдарындағы бұрмасыз учаскілер, аралықтардағы блок-учаскілер. Тармақталған РТ жолдың тармақталған учаскілерінде, яғни бекеттің бұрмалық аймақтарында орнатылады.
1.3.Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері, жұмыс орнықтылығы
РТ пойыздар қозғалысын реттеу жүйелерінің әрекет ету сенімділігін және қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз етеді, сондықтан олардың жұмысына бірқатар талаптар қойылады. РТ қозғалмалы құрамнан бос кезде жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларында жолдық реле оның бос жағдайын сенімді тіркеуі керек. Рельс тізбегінде ең болмаса бір дөңгелек жұбы бар болатын болса немесе рельстің толық сынуында жолдық реле жәкірді түсіріп, жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларында РТ бос емес жағдайын тіркеуі керек. Оқшаулағыш түйіспелердің электрлік тұйықталуында және шектес РТ қоректену көзінен ток түскен кезде жолдық реле жәкірді тартуы және РТ жалған бос еместігін, яғни оның ақаулы жағдайын сенімді тіркеуі керек.
Осы талаптарға сәйкес РТ үш негізгі режимдерде жұмыс жасауы керек: қалыпты,шунттық және бақылау. РТ жұмыс шарттарына бұл режимдерде келесідей тәуелсіз айнымалы шамалар әсер етеді: балласт және рельстердің кедергісі, қоректену көзінің кернеуі, мұнда айнымалы шама әр режимде әр түрлі әсер етеді.
Қалыпты (реттелетін) режим РТ қозғалмалы құрамнан бос жағдайына сәйкес келеді. Бұл режимде П жолдық релесі арқылы осы режим үшін жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларында жәкір көтерілген жағдайда сенімді ұсталатын немесе сенімді тартылатын (импульсті қоректендіруде) ток ағады (1.5, а – сурет).
1.5 – сурет. Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері
Информация о работе Рельс тізбектерінің негізгі элементтері, олардың орнатылуы мен тағайындалуы