Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 20:14, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................29
1. Турөнімнiң институционалдық элементтерi үкiметаралық деңгейде келiсiлуi тиiс.
2. Қазақстандық турөнiм
бiздiң аймақтағы
Қазақстандық туристiк өнiмнiң ерекше белгiсi оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнiң баламалы түрлерiн дамытуды талап етедi.
Жоғарыда көрсетiлген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгiлi бiр талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25-100 орын шегiнде) экологиялық таза жерлердегi бiр орында клиенттер 2-3 күн болуға есептелген туристiк бағыттарда орналастырылған объектiлер болуы тиiс.
Қазақстанның бизнес-туризм
сегментiнде белгiлi бiр болашағы
бар. Бұл - ең алдымен Алматы, Астана,
Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен
табиғи шикiзат-ресурстары Қазақстанға
бизнес және халықаралық конвенцияларға
қатысу мәселелерi бойынша келушiлер
бизнес туристер санын көбейтедi деген
болжам жасауға мүмкiндiк бередi.
Жоғарыда көрсетiлген орталықтардың
инфрақұрылымы негiзiнен
Әртүрлi жиындар өткiзуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерiнен басқа, қалада ойын-сауық құру үшiн барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегi аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келедi. Бiздiң мемлекетiмiздiң жас ел ордасы ретiнде өзiндiк келбетi мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және iшкi туризмдi жылдам дамытуға қызмет ететiн болады.
Турөнiмнiң маңызды құрамының
бiрi көлiк болып табылады. Туристердi
Қазақстанға алып келуде авиа қатынас
басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта
ұлттық авиа тасымалдаушының жағдаятын
күшейту және дамыту мейлiнше маңызды
мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде
осындай бағыттағы рейстер ашу
арқылы бәсекелестiк қабiлетi төмендеуiнiң
нәтижесiн бейтараптандыру
Туристiк жағынан дамыған
көпшiлiк елдерде туризмнен
Сөйтiп, туристiк ресурстарға қол жеткiзу туризмдi дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристiк ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткiзу туристер санын көбейтуге мүмкiндiк беретiнiн бiле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттiлiгінiң мәнiн әзiрге түсiнген жоқ. Сондықтан, туристiк қорларға қол жеткiзудiң стратегиясы мен саясатын жiті әзiрлеу, туризм өндiрiсi қызметшiлерiнiң арнайы даярлық деңгейiн көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтiк-экономикалық дамудағы туризмнiң алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.
Мемлекеттiк және жергілiкті басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның iшiнде әлеуметтiк туризм индустриясындағы қызметтi жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжiрибесiн жалғастыруы тиiс. Әлеуметтiк туризмге қатысты қайырымдылық, жебеушiлiк және демеушiлiк көтермеленуi тиiс.
Әлеуметтiк туризмдi, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмдi, отбасылық туризмдi, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмдi, жастар және балалар мен жасөспiрiмдер туризмiн дамытудың тәрбиелiк және патриоттық маңызы зор.
"Қазақстан" деген
фирмалық атауы бар турөнiмдi жылжыту,
оның барлық компоненттерiн
1.2 Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру
Жерлерi Ұлы Жiбек жолының учаскесiнде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгерi ретiнде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлi де болса, туристiк бағыт ретiнде әлемге танымал бола қойған жоқ. Қазақстанның тартымды туристiк беделiн құру тиiстi кең ауқымды шаралар кешенiн әзiрлеулi талап етедi.
Беделдi көтерудiң негiзгi
iс-шаралары Қазақстанның туристiк фирмалары
мен агенттiктерiнiң
Елдiң туристiк беделiн
қалыптастыруда республика аймақтарында
және шет елдерде туристiк
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсендi түрде тарату қажет. Қазақстанға туристердi тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның iшiнде туристiк фирмалар мен қонақ үйлердiң жарнама-баспа қызметi өз ықпалын тигiзедi. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішiнде Интернет жүйесiнде Қазақстанның туристiк фирмаларының WЕВ-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң туристiк агенттiктерi мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиiмдiлiгi мол болады.Қолайлы туристiк беделдi құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлi мәдени, спорттық және туристiк іс-шаралар өткiзу ықпал етедi.Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендiрген бiрыңғай жүйесiн іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кiруi, шығуы мен болуы тәртiбін, визалық және кедендiк рәсімдердi оңайлатудың зор мәнi бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика
беделiн жасауға туристер жиі
болатын орындарда қазақша, орысша
мәтiндеріне латын
Елде халықаралық туризмдi
одан әрi дамытуды ынталандыру, мемлекеттің
туристiк әлеуетiнiң әлемдiк
Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету:Қауіпсiздiк туризмдi дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететiн басты фактор.Туристің қауiпсiздiгi мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристiң жеке басының iс-әрекетiне тiкелей байланысты.
Тұтынушыға туристiк сапар барысында қорғау мен қауіпсiздіктi қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздiктi басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бiрге қауiпсiздiк пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде ұғынуға көмектеседі.
Мемлекеттiк органдар, туристiк
ұйымдар мен халықаралық
Туризм инфрақұрылымын дамыту:Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өмiрдi реформалау туризмдi және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнiң материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристiк индустрияға күрделi қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдiк инвесторлар қаражатын тартуды қажет етедi.
Ұлттық туристiк өнiм ерекшелiгiн ескерiп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабiлеттi елдiң туризм инфрақұрылымын дамыту үшiн:
1.3 Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар
Туризм. Ұлы Жiбек жолы
бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин,
А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов,
т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан
Зиминнiң бастауымен алғаш рет
шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек
және қорғаныс” эстафетасын алған
бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға
ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз
шабандозы қосылды. Олар Алматыдан
шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы
арқылы эстафетаны Қырғызия командасына
табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу
губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық
пролетарлық туризм мен экскурсия
ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы
ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан
өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой
туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы
Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер
үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл
жерде республикадағы ең алғашқы 50
кiсiлiк “Горельник”
Ұлы отан соғысынан кейiн
“Горельник” тау шаңғышылары
мен альпинистер кадрларын
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi.
1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.
1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.
1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм индустриясы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2011 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристiк индустрияны дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.