Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:51, реферат

Краткое описание

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең ірі және де әдемі өлкесінің бірі болып қала береді. Облыс өзінің өте бай мәдени мұрасымен, тамаша жылы ауа-райымен, көркем табиғи пейзаждарымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың басқа облыстарымен салыстырғанда өзінің әр түрлілігімен ерекшеленеді және көрші Орта Азия елдерімен Ортақ табиғи ұқсастықтарға ие.

Вложенные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау.doc

— 91.50 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Қазақстан  облысының туристік рекреациялық ресурстарын  бағалау.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің  ең ірі және де әдемі өлкесінің  бірі болып қала береді. Облыс өзінің өте бай мәдени мұрасымен, тамаша жылы ауа-райымен, көркем табиғи пейзаждарымен  ерекшеленеді. Табиғи жағдайы жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың басқа облыстарымен салыстырғанда өзінің әр түрлілігімен ерекшеленеді және көрші Орта Азия елдерімен Ортақ табиғи ұқсастықтарға ие. Мұнда Орта Азия сияқты кең шөлді жерлер мен дымқыл таулы және тау беткейлі жерлер бар. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасында субальптік және альптік көгалдармен жамылған биік таулар үлкен рөл атқарады, ол жерлерден көптеген өзендер бастамасын алса, тау беткейлерінде құнарлы қоңыр топыраққа ие үлкен орманды жерлер бар. Бұл жерде егістіктің негізгі бөлігінде жергілікті халық шоғырланған және мұнда барлық көлік жолдары өтеді. Тар тау жолдары - ең көп меңгерілген және экономикалық қарым қатынаста үлкен рөл атқарады.

Бұл аймақ өзінің бай тарихи және мәдениетімен атақты, оған куә Тараз қаласындағы  Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун  архитектуралық мавзолейі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектуралы ансамбілі және  т.бСонымен бірге Оңтүстік Қазақстан  дем алуға өте қолайлы климаттық ерекшеліктермен атақты онда аңшылық, альпизизм,  шаңғы спорты, канки тебу сияты спорт түрлері дамыған.

Оңтүстік Қазақстан  үлкен территориялы аймақты алып жатыр, батысында арал теңізінен  бастап, шығысы Жоңғар қақпасына дейін  созылып және балқаш көлі мен солтүстігінде  Бетпақ-дала мен оңтүстік жағы Қызылқұмның солтүстік бөлігімен шекараласса, Тянь-Шяньнның батыс және солтүстік таулы алқаптары Жоңғар Алатаумен шектеседі.

      Оңтүстік Қазақстан мен Тянь-Шань таулары арасындағы территориясында орналасқан Қызылқұм бір күн ішінде ыстық құмнан мұз қапталған тауға жетуге мүмкіншілік береді. Осыдан келіп бір облыстағы түрлі табиғи-климаттық  ерекшеліктер: таулы, жазықтық далалы, құмды алқаптар өздеріне тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толы. Әлемде 100.000 квадрат километрде қар барысы, аю, дала түлкісі, тау ешкісін, жартылай құмды алқап тұрғыны жайран, борсық, гималайлық Ұлар мен Дрофаны кездестіреалмайсыз.  
    Орталық Азияның  қайталанбас маржаны болып, Оңтүстік Қазақстандағы батыс Тянь-Шань тауларындағы теңізден 1000 нан 4280 метр бикітікте орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Оның жалпы көлемі 75043 га құрайды. Қорықтың ландшафтысы әдемі, ғылым мен өнерде өз бағасы бар. Мұнда флора және фаунаның  көптеген жануарлар мен өсімдіктер түрлері бұрыңғы қалпында сақталған.  
   Туристер мен ғалымдарды Қасқабұлақ тауындағы  көне адамдармен тастағы жазылған суреттер үлкен қызығушылық тудыруда.  Экзотикалық орындар қатарында аймақтағы  жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай Қаратау бойында орналасқан Қызыл-көл көлі, турбазадағы «Қырық-Қыз» бадам шатқалы, батыс Тянь-Шянь алқабындағы Ақмешіт және Бургулюк демалыс орындары, Сайрам-су шатқалындағы «Альтекс» спорт комплексі, Машат шатқалындағы өзен, Шардара су қоймасы, Сарыағаш минералды су көздері орналасқан.  
    Дем алуға келген туристерге арналған мәдени орталықтар, бильярд клубтары, боулинг орталықтары, жоғары  класстық қонақ үй сервистері, қазіргі замандық кафелер, ресотарандар, қалалық дем алыс аймағы, тұрғылықты халықтың қонақжайлылығы.   Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасында Тянь-Шаньның шығыс салаларының таулы тізбектері созылған. Олар өздерінің биіктіктерімен ғана емес, сонымен қатар оңтүстік жағындағы көп архитектуралық-археологиялық ескерткіштерімен де қызықтырады. Облыс біз білетіндей, еліміздегі тарихи-мәдени ресурсқа бай жердің бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-ның қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолының мемориалдық трассасында орналасқан. Облыс шекарасында 837 - археологиялық ескерткіштер, 155 - құрылыс және архитектуралар, 5 - тарихи, 7 - монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған.

Кейінгі қола және ерте темір дәуірлері  қөптеген археологиялық ескерткіштердің  санын сипаттайды. Олар және андронов мәдениетінің жерқойма іргетастары, Созақ  ауданындағы Таутары қабірі, Қазақстан  сақ патшаларының қорғандары, Ордабасы ауданындағы Қарауылтөбе, Майтөбе қорғандары және де көптеген номад қорғандары жатады. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында ұлы Ғұндар мемлекеттерінің құрылу уақыты жүзден аса ескерткіштер, шағын қалалар, қорғандарды қалдырды. Ғұн мемлекеті Оңтүстік Қазақстан облысын арыс мәдениетімен байланыстырады. Арыс мәдениетінің ескерткіштеріне қазба жұмыстары кезінде, мәдени-тарихи маңыздылығы бойынша үлкен ақпараттар алынған.

Облыс біздің мемлекеттің қалалық  мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Олардың аттары түрік, парсы және араб тарих жазу беттерінде кездеседі, ал ең атақтылары әлемдік тарихта кездеседі.   

Ерте кезден-ақ Оңтүстік Қазақстан  облыс территориясында көшпелі тайпалар және олардың қоғамдыстықтары орналасқан. Сырдария-қаратау алқаптарының және Орта Азия отырықшылық мәдениетінің әсерінен осы аймақтағы халықтың жарты бөлігі 20 ғасыр басына дейін көшіп-қону салтын және мәдени әдет- ғұрыптарын сақтап келді. Қола дәуірінен және ертедегі темір ғасырынан ортағасырға дейін әр түрлі ескерткіштер сақталды, оның құрамына сонымен қатар Орталық Азия шекарасынан шыққан миграциондық жолдарды және идеялық-маңызды негізде этномәдениеттік процесс кезеңін айғақтайтын отырарлық-қаратаулық мәдениетті жатқызуға болады.

Қазақстанның Оңтүстік облысындағы  мұсылмандық уақытындағы мұрасы өте маңызды. Мұсылман архитектураларының ішіндегі Сайрам ауылындағы мұсылман уағыздаушыларының кесенесі мен  мұрасы Жұма-мешіті, Тұрбат ауылындағы Исмаил-ата және Ысқақ-ата кешені, Отырар қаласы маңындағы Арыстан баб, Фогелевка ауылындағы Беглербек керуен-сарайы, Күлтөбе қалашығы, IV-XII ғғ. жер асты салттық құрылыстары, Құлшық-ата, Шіллі-хан, Азрет-Сұлтан, Сұлтан бегім, Таукехан, Жәңгірхан, Абылайхан, Қазыбек би мұражайлары, қажылық іргетастары, ортағасыр моншалары, IV-XVIII ғғ. бекініс қабырғалары, мұнаралар, көпірлер, қақпалар, хандық көгалдар, Жуан-төбе қалашығы және Бөрі жары XVIII ғ. қорымы, Аққойлы ауылындағы мешіттер, Ортағасырлық Баба-ата VII-XII ғғ. қамалы, "Қырық қыз" бекіністері XI-XIII ғғ. ең маңызды ескерткіштердің бірі болып есептеледі.

Ортағасырлық қала орталықтарының сақталуы, монументалдық ескерткіштердің  бар болуы, архитектуралық-кеңістік және этномәдени ортаны сәтті регенерациялау мүмкіндігі және онда туризмнің инфрақұрлымын орналастыру Қазақстанның Оңтүстік облысын туристік және қажылық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

Ақсақ-Темір дәуіріндегі Ахмет-Яссауи мешіт іргетасы қазіргі уақытқа  дейін қажылық обьектісі болып  есептеледі. Осы ескерткіштердің және Түркістан қаласының ұйытқылары Қазақстанда аса ірі рухани орталықтарының тарихи ортасын қайта өркендетуге және елімізде тарихи-мәдени туризмнің дамуына мүмкіндік береді.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет  Яссауи мешітінің ескерткіштері мен архитектуралары адамдарды қазіргі уақытқа дейін таңқалдыруда. Ортағасырлық тарихшы Рузбехан Исфағани кесенесі туралы былай деген: " Ахмет Яссауи кесенесі бүкіл әлемдегі ең монументалды құрылыстың бірі. Оның архитектурасында адам өнерінің кереметілігі және таңқаларлығы меңгерілген."

Ахмет Яссауи кесенесі - ерте заманнан қалған көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде XII ғ.  тұрғызылып, оның қираған іргесіне XVI ғасырда аяқ шені (1396-1398 ж.ж.) мен XVI ғ. басында Темірдің бұйрығымен жаңалап сәулетті күмбез көтеріле бастайды. Бірақ құрылысшылардың Самарқандағы Бибі ханым мешітін (1399-1404 ж.ж.) салуға жіберілуіне байланысты кіреберісі мен сырт қабырғаларын көк таспен көмкеру жұмысы бітпей қалған. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Исламға дейін үстемдік еткен салт-сана түрі мен ислам дінінің талаптары шебер бейнеленіп, жарасым тапқан. Күмбездің диаметрі 41 кез, айналасы 130 кез мөлшерінде.

Архитектуралық құрылысы композициясы жағынан аса күрделі туынды. Мұндай кешен Темір мен оның әулеті басқарған елдердің ешбірінде кездескен емес. Осы ескерткіш кешеніне кіретіндер: мешіт, ислам дінін үгіттеген атақты ақынның кесенесі, салтанатты сарайлар - Үлкен және Кіші Ақсарай, кітапхана, шаруашылық жайлары (құдық), халимхана (ас үй), қоймалар, ортадағы Қазандық. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезді бөлмелердің асқан шеберлікпен үйлестіріліп салынуы - ескерткіштің жеке-жеке мешіт не мавзолей ғана емес, біртұтас күрделі мемориалды кешен екенін танытады. Қазандық деп аталатын бөлме -  ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрін бейнелесе, мешіт - ислам идеологиясының негізгі символы, ал Үлкен және Кіші Ақсарай – мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана - исламды уағыздау және діни ағарту орталығы.

 Ахмет Иасауи кесенесінің  ені 46,5 м, ұз. 62,5м. Осы құрылыстың  бір өзіне әр қилы мақсатқа  пайдаланатын 35 бөлме сыйып тұр.  Олардың кіндік орталығы кеңейте  салынған. Қазандық - осылардың бәріне өзек іспетті (оның жобасының аум. 18,2 х 18.2 м), төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген, күмбездің диаметрі 30 кез. Осы бөлмеге 60 шелек су сыятын (диаметрі 2,4м), салм. 2т үлкен қазан орнатылған. Жұма мен дүйсенбі сайын халимханада 2,5 батпан бидай, 2 батпан ет пісірілетін (батпан - 7-12 пұтқа дейін). Қазандық бөлмесіндегі бос орын, ас тамақ алыстан келген табынушыларға, софылар мен мүрдитерге, мүсәпірлерге, зікір салатын дәруіштерге үлестіріліп беріледі. Қазан суын қасиетті су деп табынатын адамдар торсықтарына құйып әкетеді. Гөрхана табаны төрт бұрышты, қабырғасының ұз. 7,15 м-ден, үйдің ұзын тұрқына бойлата, негізгі есіктен кіргенде нақ салынған. Әр қабырғада төрт қуыс бар. Оның да төбесі күмбезбен көмкерілген. Күмбез биік иықтың үстінде. Күмбездің сыртқы қабаты көк таспен қапталған. Дәл орталықта Ахмет Иасауидың құлыптасы (3,25 х 1,2 х 2,2 м) орнатылған. Ол ақшыл, жасыл түсті теңбіл яшмамен қапталған. Гөрхананың екі жағында оюмен өрнектелген екі есік бар: бірі - түстігінде, енді бірі - терістігінде. Терістік есігі бірден сыртқа шығады. Бұл есікпен Гөрханаға тек ақсүйектер ұрпағы ғана кірген. Ал оңтүстіктегі есік Қазандық пен Гөрхананы жалғастырады. Ол да зират етуге келген құрметті адамдарға арналған. Оның сыртында Гөрханаға апаратын батыс және шығыс есік деп аталған тағы екі есік болған. Шығыс есік арқылы Ақсарайдың Гөрханаға ұлықтар өтеді екен. Мешіттің табан тұрқы көп бұрышты, аласалау иықтан көтерілген қос қабат күмбезі, жарық беріп тұратын терезелері бар бөлме. Оған Қазандық арқылы өтеді. Бөлме онша көп емес, соған қарағанда, дәрежесі биік шағын топқа арналып, салтанат сарайына ұқсас салынса керек. Ақсарай (Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай) - өзара жалғасқан екі қабат екі бөлме. Кеңес, билік, төрелік мәжілістерін өткізу үшін қызмет еткен. Түркістан қаласы қазақ хандарының астанасы болған кезде, Ақсарай 200 жылдан астам XVI-XVII ғ.  хан сарайы қызметін атқарған. Кітапхана дәл Кіші Ақсарай тәрізді екінші қабатта, оған кітап қорын сақтайтын қойма да енеді. Құдықхана және Халимхана кешеннің есік жағында. Құдықхана 1723 ж. қалмақтар, 1864 ж. Орыс патшасының әскерлері қоршаған кезде мұнда бекінгендерді сумен қамтамасыз еткен.

Арыстан баб күмбезі - ескі Отырар қаласының орнындағы  көне архитектуралық ескерткіш. Арыстан  баб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Ахмет Яссауидің ұстазы (пірі) делінеді. Арабтардың Орта Азияны жаулай бастаған кезінде VII-XVIII ғғ. шыққан кісі. Діни аңыздар бойынша, Мұхаммед пайғамбардың аманат қалдырған киелі құрмасын тілінің астына сақтап келіп, Ахмеь Яссауиға тапсырған. Кесененің салынған уақыты белгісіз. Алайда оны Отырар гүлденіп тұрған кезінде  тұрғызылды деген мәлімдемелер бар.  1218 ж. Отырар қаласын Шыңғысхан әскері талқандағанда қирауы да мүмкін. Темір тұсында жаңадан жөнделген кесененің нұсқасы 1905-1909 жылдарға дейін жетіп, осы жылдары тағы да жөнделген. Кесенеге жалғастырып салынған мешіт осы жылдардан соң қаланған. Кесене қабырғаларындағы ескі кірпіштер оның Темір заманында қайта жөнделгенін растайды. Дегенмен, қай кезде жөнделсе де, оған керек кірпішті Отырар Қаласының бұзылған қабырғасынан алып отырған. Қазіргі кесене екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәліз. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен өрілген. Алдыңғы жағындағы кейіннен қосылған мұнаралы қабырғалар соңғы кездегі әр стиль үлгісінде жасалған. Кесененің жанында суы бар құдық орналасқан. Аңыз бойынша ол жерден суды кез-келген адам ала алмайды, тек жаны тәні таза адамдар ғана су алады деген сөз бар.  Бұл кесене - Отырар қаласының орнын білдіретін тарихи құнды мұра.

Қазығұрт тауы - Талас  Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі  аласа келген жота. Шымкент қаласынан  оңтүстікке қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырым қашықтықта созылған. Солтүстік беткейі жалпақтау болып келетін бірнеше қырқаралы жондарға тармақталады. Келес өзенінен бастау алатын оңтүстік-шығыс жарқабақты келген. Жотаның жонды-қырқаралы келген шығыс бөлігіндегі қоңыр топырағында бұта аралас бидайық, нарғия, батысындағы аласа бөлігіндегі сұр, бозғылт сұр топырағында көктемдік көпжылдық өсімдіктер, еркекшөп, қоңырбас, қияқ, т.б., беткейлерінде бетеге, боз, шатқалдары мен аңғарларында арша, долана, алма ағашы өседі.

Ежелгі аңызда дүниені  топан су басқанда, Нұқ пайғамбар  кемесі Арабияда Жуда тауында, 10 ғасырдағы  аңызда Арарат тауына тоқтаған делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша "Топан  су қаптағанда Нұқ пайғамбар кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрт тауынан басталған. Кейін, ислам дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар туралы аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған. Кейбір зерттеушілер Қазығұрт тауының "ригведалық" (үндіарийлік) топан су туралы мифпен  де байланыстырады: бұл мифтегі топан судың куәгері болған Ману деген кісінің есімі мен Қазығұрт өңіріндегі Мансары тауы, Мансары әулие сияқты топонимдердің ұқсастығы осындай пайымдауға негіз болған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде бұл жер дүние жүзі бойынша жалғыз орын, өмірдің 40 бейнесі бірге табылған: еркек, әйел, хайуанаттар т.б. Көптеген қазбалрдың ішінен ерекшелерінң бірі ол екі жазық бетті тасты пеш болып табылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және бірі - ананы, екіншісі - әкені білдіреді. Олардың арасында тар жол бар. Ол жерден кез келген адам өте алмайды деген аңыз бар. Сол жерден өтіп шыққан адамның барлық өткен өмірі артта қалады да, ал адамдар оны әр түрлі қабылдайды: біреулер жылайды, біреулер күледі, ал басқалары болса өмір туралы терең ойланысқа кетеді деген сөз бар. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қазығұрт тауы туралы аңыз өлеңде "Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған, Жетім қозы басында жатып қалып, Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқыш ата (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты төрт түліктің киелі иелері аталады.      

Түркістан (Иасы) - қазақ  хандығының бірінші астанасы, Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Біріншіден мұнда ортағасырлық Қазақстандағы рухани және әкімшілік орталықтың орналасуымен ерекшеленеді.

Орта ғасырда Иасының  өз ақша сарайы болған. Ортағасырлық тарихшылар XVI ғасыр басында аймақбилеушілерінің  астаналық қаласы әрі сауда орталығы ретінде ол және Сырдария бойындағы басқа қалалар үнемі әскери қақтығыстардың кіндігіне айналғаны жөнінде сыр шертеді. Ол үшін XIV-XV ғғ. Ақ Орда хандары, XVI ғ. 40-60-жылдарында Әбілқайыр хан Мәуреннахрды билеп-төстеуші Темір Тұқымдарымен шайқасты, ол үшін алғашқы қазақ хандары Шайбани өзбектерімен күресті. Нақ осы ежелгі Түркістан аумағында Әмір Темірдің еркімен еңсе көтерген күллі мұсылмандар әлемінің әулиесі - Қожа Ахмет Яссауидің кесене-мешіті бар. Қазақ хандарының қабірлері де осында.

Отырар - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ерте ортағасырда пайда болған ірі қалалардың бірі. Шығыста бұл жерде ортағасыр ойшылы Әбу насыр Әл-Фараби дүниеге келген деген сөз бар. Отырар ортағасырда территорияның астанасы болған. Оның бұрынғы аты Фараб деп аталған. Батыс жағынан алқап Қызылқұммен шектеліп, Сырдария мен Амударияның ортасында созылып жатыр. Сырдария Отырардың өмірінде үлкен орын алған. Ол арқылы халық өз тамақтарын тауып отырған, Сырдарияның суында балықтар өте мол, ал жаға жайында өсімдіктер болған. Отырар ортағасырлық авторлардың географиялық және трихи шығармаларының барлығында кездеседі.  

Атақты археолог А.Н.Бернштам ортағасырлық Отырар мәртебесі туралы былай деген: " Орта Азиядан осындай  өте пайдалы және қауіпті жағдайды табу өте қиын".    

Сайрам - Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты Сайрам ауылының оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұд Қашғаридің "Диуани-лұғат-ат-түрік" атты еңбегінде кездеседі. Онда: "Сайрам - Исфиджабтың кейінгі аты.    Монғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңызды рөл атқарады. 15-18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталқ болған. Қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көлденеңнен 28 га жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі - Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9-18 ғасырларға жатады.     

Сауран - Ортағасыр қаларының  ішіндегі ең атақты қалаларының бірі Сырдария ортасында орналасқан Сауран болып табылады. Оның қалдықтары Түркістан қаласының солтүстік-шығысында 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала туралы алғаш деректер 10 ғасырда атақты араб геогрофы  Макдиси шығармасында кездеседі. Ол былай сипаттаған: "Сауран - бір қабырғадан соң бір қабырғаға дейін жеті қабырғадан қоршаған үлкен қала, ал оның ішіндегі мешіттер қаланың ішінде орналасқан. Сыртқы қабырғалары ғұн мен қыпшақтарға қарсы шекаралық қорғаныс болған". Және де бұл қала туралы Ибн Әл-Асир және Якут шығармаларында Оңтүстік Қазақстандағы ең үлкен мәдени және сауда-кәсіптік қала ретінде суреттелген. 13 ғасырда ортасында Сауран "Савран" атауымен армян елшісі Гетуманың маршрутында көрсетілген.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау