Отчет по практике в Баянаульском национальном парке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 13:17, отчет по практике

Краткое описание

Мақсаты – оқыту барысында және алдындағы практикалардан өту барысында алынған білімдерін бекіту және тәжірибелік икемділіктерін меңгеру.
Практиканы өту кезінде алға қойылған міндеттер:
- Баянауыл ұлттық паркімен танысу;
- Баянауыл ұлттық паркінің туризм жағдайымен танысу;
- Баянауыл ұлттық паркінің көрікті орындарына шолу жасау;
-көрікті жерлері жайлы ақпарат алу;
-өз білімінді кеңейту мақсатында тәжірибе жинау.
Практика өту барысында барлық күндері біздің практика өтуімізге жауапты практиканы жүргізуші болды. Ол бізге әртүрлі тапсырмалар беріп, оларды орындау нәтижелерін қадағалап отырды. Практиканың бірінші күні, яғни 26.01.15ж күні Баянауыл ауданына келдік.

Вложенные файлы: 1 файл

otchet_bayan_1.doc

— 930.00 Кб (Скачать файл)

«Анимация» термині алғаш рет Францияда ХХ ғасырдың  басында әр түрлі қауымдастықтардың  құрылуы бойынша заңның енгізілуіне байланысты  пайда болды және мәдениетке, көркем шығармашылыққа  қызығушылықты артуға бағытталған қызмет ретінде түсіндірілді. ХХ ғасырдың екінші жартысында «анимация» термині бірнеше мағынада қолданыла бастады,ол мультфильмдерді жасау бойынша көркемдік қызмет ретінде қарастырылды. XX ғасырдың соңында қоғамдық-мәдени анимация мәдени көңiл көтерудiң саласында психологиялық-педагогикалық қызметте өзіндік бағытын көрсете алды.

Туристік анимация бүгін индустрияландыру мен урбандалуға байланысты, заманауи адамның өмір стилінің, еңбек әрекетінің сипаттамасының өзгеруі оның демалыстағы қажеттіліктерінің және соған сәйкес туристік өнім құрамының өзгеруіне алып келді.

Орналастыру мен тамақтанудан бөлек ол көңіл–көтеру  қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, бос уақытты қызықты өткізуге арналған басқа да элементтерді қосады. Туристік іс–әрекет пен қонақ үй қызметінің терминологиясында, туристің анимациялық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған «туристік анимация» түсінігі пайда болды. Анимацияның негізгі түсініктері тұтынушыларға қызмет көрсетудегі жаңа талаптардың пайда болуына байланысты, жаңа мамандықтар пайда бола бастады, оларға туристік комплекстердегі, қонақ үйлердегі, турбазалардағы қызықты көңіл көтеру ұйымдарын жатқызуымызға болады. XXI ғасырдың басында әлем бойынша жаңа бағыт – анимация белсенді түрде қолданыла бастады. Шетелде осы сала мамандарын туристік аниматор деп атайды. Бұл сөз туристік бағыттағы мамандардың шеңберіне өте тез бейімделіп кетті. Аниматор деп, туристік кәсіпорындардағы, санаторлы – курорттық және басқа да сауықтыру мекемелеріндегі бос уақытты ұйымдастыратын мамандарды атаймыз. «Аниматор» сөзін өте жиі қайталайтын болсақ, «бұқаралық–сауыққой» тіркесін байқай аламыз.

Аниматор – бұл қызығушылықты тудыру мен көңіл аударту құпиясын білетін бірегей маман, ол пансионаттағы клоун немесе санаторий мен қонақүйдегі сайыққой емес. Аниматор – анимациялық бағдарламаларды яғни, спорттық, ойын-сауықтық сипаттағы іс-шаралар комплексін құрастыратын және жүзеге асыратын адам.

Туризмдегі заманауи көрсетілетін қызметтер нарығының даму тенденциясы соншалықты, болашақта анимация тұтас бір адам іс-әрекеттері саласына дейін өседі, қызмет көрсету анимациясы мүлдем басқа формаларды қабылдайды және әрбір қызмет көрсету сферасы кәсіпорындары құрылымында лайықты орын алатын болады. Туристік анимация қызметтері үш басты рекреациялық қызметтің (емдік, сауықтыру және танымдық) ішінен туристік анимация тікелей 2 қызметтің спорттық-сауықтыру және танымдық қызмет атқарады. Сәйкес жағдайларда емдік қызметін жанама түрде атқарады. Турөнім мен тұтынушы спецификасын есепке алатын дұрыс құрылған анимациялық бағдарламалар демалушылардың тек көңілі мен тонусын көтеруге ғана емес, оптимистік күйді құруға, жайлы демалыс жағдайда адамды салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді. Мақсатты анимациялық бағдарламаларды құрастыруға арналған анимациялық іс тәжірибесінде келесідей туристік анимация қызметтерін көрсетуге болады: бейімделу, күнделікті ахуалдан бос уақыт ахуалына көшуге мүмкіндік береді; компенсациялық, адамды күнделікті өмірдің физикалық және психикалық шаршауларынан босатады; тұрақтандырушы, жағымды эмоциялар қалыптастырады және психикалық тұрақтылыққа ынталандырады;  сауықтыру, күнделікті еңбек өміріндегі әлсізденген адамның физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға бағытталады; ақпараттық, мемлекет, аймақ туралы жаңа білімдер алу және бекіту;  білім беру, жарық әсерлер нәтижесінде қоршаған орта туралы жаңа білімдер алу және бекіту; меңгеріп алу, интеллектуалдық және физикалық жетілуге алып келеді; жарнамалық, анимациялық бағдарламалар арқылы туристті мемлекет, аймақ, туркешен, қонақүй, турфирма, т.б. туралы жарнама тасушы ретінде жасауға мүмкіндік береді. Туристік анимация қызметтерінің мұндай алуантүрлілігі анимациялық іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі, сонымен қатар анимациялық бағдарламалар мен шаралардың әртүрлілігіне шартталған.  Анимация типологиясы «Анимация», «рекреациялық анимация», «қонақүй анимациясы», «туристік анимация» түсініктерінің айырмашылығы бос уақыт анимациялық әрекет бағдарламалары мен формаларының көптүрлілігімен байланысты. Бұл әртүрлілік тек туристік маршруттар құрастырудағы қонақүй шаруашылығында емес, заманауи өмірдегі адамдар бос уақытын ұйымдастыруда да: мемлекеттерде, қалаларда, қалалық басшыларда және муниципалитеттерде, саябақтарда, клубтар мен ассоциацияларда, ұйымдар мен оқу орындарында білінеді. Сондықтан қалалық және муниципалдық, клубтық және саябақтық, өндірістік және оқу орындары (балалар, жасөспірімдер, студенттер, зейнеткерлер үшін, отбасылық, мүгедек, ұлттық азшылықтар үшін, т.б.) анимациялық бағдарламалары туралы айтуға болады.  

Анимациялық қызметтің өзіне тән сипаттары:

- бос уақытта жүзеге асырылады;

- таңдау еркіндігімен, белсенділігімен, бір адамның немесе түрлі қоғамдық топтың ынтасымен ерекшеленеді;

- ересектер, жастар, балалар түрлі қызығушылығының негізінде алуан түрлілігімен сипатталады;

- гуманистік, мәдениеттанушылық , дамытушылық, тәрбиелік мінезді балиды.

Анимацияның мақсаты толыққанды демалысты қамтамасыз ету, жан тәнінің керекті өмірлік энергиямен толтырылуы. Бұл мақсаттарды орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:

- адамның физикалық және  рухани күштерінің қалпына келтірілуі  және дамуы ;

- өз күшінің сенімділігінің артуы;

- жұмыс уақытындағы жиналған күйзелісті жою;

- мәдени- бос уақыттық қызметтің пассивті үлгісінен бұрып аудару;

- адамның шығармашылық мүмкіндігін ашу, рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы

Анимациялық туристік маршруттар – кеңістікте саяхат формасы ретінде аударылған бір анимациялық бағдарлама үшін арнаулы туристік сапарлар , немесе үздіксіз анимациялық процесс, әртүрлі географиялық орындарда бір анимациялық бағдарламадан келесіге көшірілуін айтады. Мұндай анимациялық бағдарламаларға жатады: мәдени-танымдық және  тематикалық, фольклорлы және  әдеби, музыкалық және театралды, ғылыми, фестивалдық, карнавалдық және спорттық.

Рекреациялық анимация – бос уақыттық қызметтің түрі, адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіруге бағытталған.Рекреациялық мақсаттар арқылы орындалатын бос уақыттық бағдарламалар  туристер мен қонақтарға туристік кәсіпорындармен және де жергілікті тұрғындарға бос уақыттық кәсіпорындармен жүргізіледі.

Туристік анимация – бос уақыттың арнайы дайындалған бағдарламаларында туристерді түрлі іс-шараларға тартатын, туристік кәсіпорында (туркомплекс, отель)  немесе транспорттық құралда (круиздық теплоход, пойыз, автобус т.б), туристердің орналасқан орнында (қалалық  алаңда, театрда, қалалық паркте) жүзеге асырылатын туристік қызметтің бір түрі.

Анимациялық бағдарламаларды дайындаған кезде бағдарламаларды қызықты өткізуге мүмкіндік беретін атап айтқанда: туристердің ұлты; туристердің жасы; жынысы; саны; туристердің қатысу белсенділігі сияқты көптеген ерекшеліктер ескеріледі.

Демалушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, туристік қызмет көрсету практикасында сұранысқа байланысты келесі анимация түрлері қарастырылады:

- қозғалыстағы анимация – рахаттылықпен үйлесетін қозғалыс кезіндегі заманауи адамның қажеттілігін қанағаттандырады,

- анимация күйзеліс арқылы – жаңа, белгісіз, қатынас кезіндегі күтпеген  ашылымдар, қиындықтарды өту;

- анимация қатынас арқылы – жаңа, қызықты, адамдармен қатынаста болған кезде, адамдардың ішкі жан дүниесін ашуда және қатынас арқылы өзін тану кезінде қажеттіліктерді қанағаттандырады;

- анимация тыныштандыру арқылы – тыныштандыру арқылы  күнделікті шаршаңқылықтан бостады, табиғатпен контакттта болу, тыныштыққа деген қажеттілік;

- мәдени анимация – жеке тұлғаның мемлекеттің, халықтың, аймақтың, ұлттың мәдени мұраларына қатысу  арқылы  адамдардың рухани дамуын қанағаттандырады;

- шығармашылық анимация – шығармашылықта адамның қажеттілігін қанағаттандырады, өзінің жасампаз қабілеттерін көрсету және бірлескен шығармашылық арқылы жаны жақын адамдармен байланыс орнату

Демалушылардың категориясына қарай қонақүй анимациясы туристік топ ішінде достық қарым-қатынасты орнатуға бағытталған. Бұл мақстақа жету үшін талантты аниматор адамдарда түрлі жағымды эмоциялар мен сезімдерді оята отырып, керекті анимация түрін түрін таңдайды. Анимацияның соңғы мақсаты болып адамның демалыспен қанағаттануы, оның жақсы көңіл-күйі, жағымды әсерлері, рухани және физикалық күштерінің қалпына келтірілуі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.

Қазақстандағы экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, оның ішінде – ұлттық парктердің рөлі өте зор. Әсіресе ондағы рекреациялық ресурстардың маңызын ерекше атап өтуге болады. Мәселен, ұлттық паркте орналасқан табиғи ескерткіштер, су айдындары, өзен-көлдер, орман-тоғайлар және де басқа объектілер. Осындай ұлттық парктердің бірі – Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Мен бұл жылғы өндірістік тәжірибені Баянауыл мемлекеттік мекемесіндегі туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінде өттім.

Жалпы тәжірибиеден өту барысында туризм, рекреация, экологиялық ағарту бөлімінің кадрлар саясатымен, негізгі ішкі құрылымымен, толықтай қызметімен таныстым. Ұлттық паркте жол көрсеткіштерді дайындауға, жеке туристік маршруттарды дайындау тәсілдерімен таныстым. Табиғатты қорғау акциясының шеңберінде бөлім қызметкерлерімен бірігіп, мерекелік іс-шараларды өткізу жолдарын қарастырдым.

Жалпы қорытындылай келе, іс тәжірибе барысындағы жинаған ақпараттар мен мағлұматтарды іске асыруға тәжірибе жинадым. Мен осы жинаған тәжірибені болашақта қолдана отырып, Қазақстан нарығына басты бағыттарды дұрыс жеткізе алуға мүмкіндік алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған дереккөздердің тізімі

 

 

1 Гладкевич Г. И. Особо охраняемые природные территории как важнейшая составляющая природных рекреационных ресурсов. Проблемы и перспективы развития туризма в странах с переходной экономикой: Сб. науч. тр. – Смоленск, 2000. – 79 с.

2 Арсеньева Е. И. Управление культурными ландшафтами и иными объектами историко-культурного наследия в национальных парках. – М. : ЦОДП, 1999. − 91 с.

4 Травкина М. Ю. Регулируемый туризм и отдых в национальных парках России. – М. : ЦОДП, 2002. – 115 с.

5 Морозов Н. В. Концептуальные основы управления туризмом в национальных парках. – М. : ЦОДП, 2002. – 51 с.

7 Арсеньева Е. И. Регулируемый туризм в пространстве культурных

ландшафтов национальных парков: управленческие аспекты функционирования и развития. : Сб. науч. тр. – Тула, 2005. – 126 с.

8 www.bayanaul.pavlodar.gov.kz – Баянауыл ауданының жеке сайты

9 Емельянов Б. В. Экскурсоведение. – М. : Советский спорт, 2007. – 216 с.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Отчет по практике в Баянаульском национальном парке