Туристтік сұраныстың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 18:14, реферат

Краткое описание

Қажеттілік пен сұраныс. Психологтар адамдарлы бақылай отырып қажеттілік іс-әрекетке көшіруге негіз болатын уәж (мртитв) қызыметін атқарады деген қорытынды шығарды.қанлайда бір қажеттіліктің жетіспеуі туындағанда адаи сол қажеттілікті өтеуге деген ынтасы оянып алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады. ады. Алдына қойған мақсатына жеткенде қажеттілік өтелді деп есептейді.
Қажеттілік, уәж (мотив) және ынталандыру қажеттіліктің (мотивацияның) психологиялық теориясының негізгі түсініктері болып табылады. Бұл саладағы ғылыми көзқарастар жартығасыр бұрын қалыптаса бастағанымен «Адамдарды іс-әрекетке көшуге не итермелейді? », «Олар алдына қойған мақсатына жету үшін күш-жігерлерін қалайжұмсап, бағыттайды?» деген ең басты сұрақтарға әлі жауп табылған жоқ. Психологтар жеке тұлғаның «с-әрекетінің уәжін түсіндіретін бірқатар теориялар ұсынды. Солардың ішіндегі ең белгілісі Зигмунд Фрейд пен Абрахам Маслоу. теориялары. Ғалымдар өз теорияларында тұтынушы тәртібін ззерттеуді әр түрлі тұрғыдан қарайды.. Олар туристік нарықты зерттеу барысында қолданылуы мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Туристік сұраныстың мәні.docx

— 28.28 Кб (Скачать файл)

Туристік сұраныстың мәні

 

Қажеттілік пен сұраныс. Психологтар адамдарлы бақылай отырып қажеттілік іс-әрекетке көшіруге негіз болатын уәж (мртитв)  қызыметін атқарады деген қорытынды шығарды.қанлайда бір қажеттіліктің жетіспеуі туындағанда адаи сол қажеттілікті өтеуге деген ынтасы оянып алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады. ады.  Алдына қойған мақсатына жеткенде қажеттілік өтелді деп есептейді.

Қажеттілік, уәж (мотив) және ынталандыру қажеттіліктің  (мотивацияның) психологиялық теориясының негізгі түсініктері болып табылады.  Бұл саладағы ғылыми көзқарастар жартығасыр бұрын қалыптаса бастағанымен «Адамдарды іс-әрекетке көшуге не итермелейді? »,  «Олар алдына қойған  мақсатына жету үшін күш-жігерлерін қалайжұмсап, бағыттайды?» деген ең басты сұрақтарға әлі жауп табылған жоқ. Психологтар жеке тұлғаның «с-әрекетінің уәжін түсіндіретін бірқатар теориялар ұсынды. Солардың ішіндегі ең белгілісі  Зигмунд Фрейд пен  Абрахам Маслоу. теориялары.  Ғалымдар өз теорияларында тұтынушы тәртібін ззерттеуді әр түрлі тұрғыдан қарайды.. Олар туристік нарықты зерттеу барысында қолданылуы мүмкін.

Психологиялық талдаудың негізін қалаушы Австрялық дәрігер-психиатр және  психолог 3.Фрейд (1856-1939) адамдар өздерінің тәртібіне негізболатын психологиялық күшті сезіне алмайды леп түсіндірді. Ол түсте, көптеген пікіралысу барысында, психоз бен неврозда көрініс табады.

3.Фрейдтың ізбасарлары нарықтағы тұтынушылар тәртібінің көрінбейтін уәж туралы қызықты деренктер алды.

Американдық психолог-философ, Брэндоно университетінің психология профессоры А.Маслоу (1908 - 1968) нақтылы қажеттілік белгілі бір уақытта адамдарды нақтылы бір іс-әрекетке жетелейтінін түсіндіруге тырысты.  Оның пайымдауынша адамдардың қажеттілігі күнделікті қарапайымнан бастап біршама күрделі ең жоғарғы  қажеттіліктіерің біріктіретін белгілі бір ұйымдасқан сатылы (ирархиялық) жүйе (пирамида) түзеді.   Туристік бастама ірктелген бес сатылы (қабатты) пирамиданың әр бірінде кездеседі.

Пирамиданың негізін саяхатқа бейім базалық тұтынушылар құрайды. Оларда ішкі физиологиялық қайшылықтан салдарынан туындайтын биогенді табиғаты болады. Сатылы (ирархиялық) жүйенің (пирамиданың) ең төменгі бірінші баспалдағында демалысқа деген  қажеттілігі тұрады. Жұмыстан соң адам жоғалтқан энергиясын қалпына келтіріп оны көбейтуге тырысады. Бірақ қоғам дамуының әр түрлі кезеңінде оның қалпынакелу үрдісі  бірлей емес және ол жұмыстың сипатына байланысты болады.

Ғылыми-техникалық революция және өндірісті автоматтандыру ауыр физикалық жұмысты азайтып, ағзаға түсетін зиаткерлік және эмоционалдық салмақты арттыврды. Күрдделі машиналармен жұмыс істеу адамға ойын белгілі бір бағытқа . шоғырландырып, оған баса назараударуды, қосымша псхологиялық энергияны жұмсауды қажететеді. Өмір сүті бірқалыпты деп саналатын Швейцарияда жүргізілген сауалнама нәтижелеріадамдардың 40%  өз жұмыстарының шектен тыс қарқынды екенін шағымданса, сауалнамаға қатысқандардың 65% жұмысқа қатысты стресті жағдайлардың жиі болатынын және ол жылдан жылға жиналаберетіні атап көрсеткен. 

А. Маслоудың пікірі бойынша физиологиялық қажеттілікті өтеу адамның өзін өзі сақтауға деген қажеттіліктің белсенділігі артады. Олар туризм саласында туристік сапартлар географиясымен анықталады. Біршама жоғары сұраныс қоғамдық-саяси тұрақты өңірлерде (аймақтарда) тупрларға сұраныс өте жоғары болады. А.Маслоу пирамиданың үшінші деңгейінен бастап базалық емес екінші реттік немесе қабылдап алынған  деп санайды.   Олардың қатарына әлеуметтік қажеттіліктер жатады.олардың екінші қызыметін осы топтағы қажеттіліктің мәні айқындайды. Олар өзара әлеуметтік қарым-қатынаста болатын адамдардың белгілі бір тобына жатуға ұмтылуынан туындайды. 

Әлеуметтік қажеттіліктер   асоциацияларғ кіру, әр түрлі одақтарға қатысу, клубтарға мүше болу, достық қарым-қатынас орнату жолымен жүзегеасырылады.  Жорық пен альинизмді ұнататындар жаяу және  альпинистік туризм ассоциациясына бірікті. Оған Еуропада 1,5млн. адам мүше,  Халықтың арасында гольф және яхтклубтар танымал болып саналады. Туризмнің дамуына зор үлесқосқан адамдар Халықаралық туризм академиясына мүше болаалады.

А.Маслоу графикалық пирамиданың ең жоғарғы сатысында қажеттіліктерін қанағаттандыру оңай болмайтын адамдар тобы қрайды деп санайды.  Шама жеткенше олардың қажеттіліктерін өтеу жанжақты дамыған тұлға қалыптасады. Туризм мұндай топтағы адамдардың өздерін дамытуға шектеусіз зор мүмкіндік бере алады.  Ол өмірді кеңінен танып білуге, басқа мәдениетпен танысып, адамдармен қарым-қатынас жасауға жағдай тудырады.

Өзара қарым-қатынас болғандықтан сатылы (ирархиялық) жүйенің (пирамиданың) бесінші баспалдағы автономды болып табылмайды. Өйткені қажеттілік бірінен соң бірі қанағаттандырылады. Бастапқы біршама күшті ьасым қажеттіліктер өтелгенсоңбіршама жоғары деңгейдегі қажеттілікке деген сұраныс туындайды. 

А.Маслоудың қажеттілік (мативация) теориясын көптеген батыс зерттеушілері қолдап оны өз еңбектерінде дамытты.    Оны кейбір зерттеушілер демалысқа бейімдеуге тырысты. Ағылшындық рекреолог . Английский рекреолог П.Пирс А.Маслоудың пирамидасына негізделіп рекреациялық қажеттіліктің бес деңгейін ашып кқрсетті. по аналогии с пирамидой А. Маслоу выделил пять уровней рекреационных потребностей. П.Пирстің пайымдауынша туристік иәжірибенің жинақталуына сәйкес рекреанттың тәртібінде өзгеріс пайдаболып, ол біршама биік сатыдағы деңгейлерге ұмтылады.

«Бос уақытты пайдалану» пирамидасында төменгі екі сатысы рекреациялық тұтынушылар үшін базалық болып табылатын босаңсу мне қозу өзіне назар аудартады.   Егер босаңсу дамыған инфрақұрылымы бар қолайлылық деңгейі жоғары болатын қалыпты демалысты қамтыса, қозуға қажеттілік жалыққаннан құрылу үшін , туындаған оқыс қауіп-қатерге қарамастан адамды өзін мазалайтын нәрсені іздеуді қажет етеді. Оған алпинизм мен тау туризмі, оқиғалы туризм, спелетуризм т.б мысал болады.  Адам өмірсүретін қоғамның бұл екім деңгейде өте маңызды емес.  Төменгі екі сатыдан айырмашылығы қалған жоғарғы үшеуі онша қарама-қайшылықты емес, керісінше белгілі бір үйлесімділікке қолжеткізуге тағытталған.Үшінші және төртінші сатысында (қарым-қатынас және смластық) адам қауымдастықтың үйлесімділігіне қолжеткізуді көздейді. . Ад ең жоғарғы бесінші (өзін-өзім дамыту) сатысында өз-өзімен және өзін қоршаған  ортамен келісімді қалыпты қарым-қатынас орнатады.

Туризмдегі тұтынушылар таңдауы. Сұраныс теориясы адамдар қандайда бір товар мен қызымет түрлерін таңдауға ықпалететін тұтынушы тәртібінің экономикалық үлгісіне негізделеді. Саяхатқа шығу туралы шешім қабылдаған адам алдымен қандай да бір туристік өнімді сатыпалу қажетпе, әлде басқа тауар мен қызымет түрлерін сатыпалған дұрыс па деген сұраққа жауапберуі тиіс. Егер жеке тұлға туризмге қатысуды қаласа оның алдында ссаяхаты қандай болады, қайда тоқтаймын, көліктің қандай түрімен қозғаламын, саяхатты қалай ұйымдастырамын деген сұрақтар туындауына байланысты таңдау мәселесі туындайды. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін әлеуетті турист туристік фирмалар ұсынған нұсқаларды елеп-екшеп өзін қанағаттандыратын ең оңтайлысын таңдайды.

Жеке тұлғаның таңдау шкалыларының бір-бірінен бірқатар айырмашылықтары болады. Бірқатар туристер үшін тау шаңғысы спортында шеберлігін шыңдаудың, екіншілері күнделікті күйбің тірліктен арылып жақсы демалып кнге күюдің пайдасы жоғары болады  деп саналады. Ал үшіншілері ұлы шеберлердің өоер туындыларымен танысуды қаласа,   төртіншілері қасетті діни орынларға барып зиаратетсем парызым орындалады деп санайды.

Әр бір мүшесінің (жанұяның) ерекше қызығушылықтары бар топ мұшелері өзара  мәмілеге келген жағдайда ғана туристік саяхатқа  бірге барудаың пайдасы болады. Мысалы, әкесі балық аулауға баруды, балалары құрдастарымен ойнағанды қалағанына қарамастан  жанұя туыстарына бару туралы шешім қабылдаған жағдайда олар саналы түрде жеке мүдделеріңен саналы түрде бастартады.  Бұл жағдайда туыстарымен қауышып пікіралысу жанұяның жеке мүдделеріне қарағанда әлдеқайда пайдалы болып саналады.

          Туристік сұраныстың сипаты және оның  бизнестегі алатын орыны

Туристік сапарлар мен қызметтерге сұраныс туристік нарықтың жетекші факторы болып табылады. Туризмге қатысы бар кез – келген кәсіпорынды алсақ, ұсынылып отырған өнімге сұраныс туралы нақты ақпарат болғанын қалайды, көбінесе болашақта сұраныстың болжамы қызықтырады. Бұл көрсеткішке туристік бизнесінің жағдайы, жарнама шығыны, инвестицияларды жоспарлау, бизнесті кеңейту мүмкіндіктері және т.б. тәуелді. Инфрақұрылымды дамыту үшін, көліктік торапты, қызмет көрсету саласын, жаңа қонақүйлерді салу, ойын – сауық бақтарын салу керек, ал ол үшін бұл демалыс орынға қанша турист келетінін, бұл жерде қанша уақыт болатынын, олардың сұранысы қандай, қанша қаржыны жұмсайтыны туралы  нақты мәліметтер болу керек. Туристік сұранысқа қатысты ақпараттар және ғылыми тұжырымдалған болжамдар туризм дамуының ұзақ уақытты бағдарламасын қабылдау үшін негізгі база бола алады, ол  аз шығынмен максималды әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерге жетуді қамтамасыз етеді. 

Туристік бизнесті тиімді жүргізудің бір проблемасына  ұсынысты қолда бар сұранысқа сай ету, яғни артықшылығы немесе кемшілігі болмауы керек.  Туристік өнім сақталмайды, оны жинауға болмайды бұл басты қиындық, сондықтан сатылмаған қонақүй орындары мен экскурсиялар  қолданылмаған ұсыныс орны толмас шығындарға алып келеді.

Шынайы сұраныс қонақүйлердің және көлік құралдарының жоспарлы толу коэффицентін қамтамасыз етсе,  іс оңға басты деп айтуға болады. Бұл барлық кәсіпорындар үшін сұранысты анықтау мен болжаудың маңызы зор  екенін көрсетеді.

Шынайы сұраныс  мына көрсеткіштер арқылы өлшенеді:

         - келушілер  саны;

         - туристік күндер мен түндер саны;

         - бір келушіге кететін орташ шығындар.

Әлеуетті  сұраныс келушілердің болжамды санымен өлшенеді.

Туристік сұраныстың факторлары

Саяхатты армандаушылардың саны бірнеше факторларға байланысты, яғни нақты уақытта және нақты жерде саяхатты қолдау немесе шектеу. Саяхатқа қолайлы факторлар, саяхатқа деген бейімділікті туғызады.  Оларға мынадай факторлар жатады: жеке табысының жоғары болуы, туристік нысанның  жақын болуы, туристік ресустардың қол жетімді болуы,  саяхат құнының төмен болуы, валюта курсының қолайлылығы және т.б. 

Саяхатқа кедергі туғызатын факторлар, саяхатты шектеумен сипатталады. Оларға мынадай факторлар жатады: саяхат құнының жоғары болуы, демалыс орнының немесе мемлекеттң жаман атқа ие болуы, саяси тұрақсыздық, қауіпсіздік пен санитария жағынан қауіптену және т.б.

 Туристік нарықтың жағдайын зерттеу әдістері 

 

Туристік сұранысты болжау әдістері

Туристік сұранысты болжау барысында сандық және сапалық әдістер қолданылады.

Сандық әдіс өткен жылдың статистикалық ақпаратқа негізделген.

Сапалық әдіс адамдардың піірі мен арыздарына негізделген.  Жақсы нәтижелер сандық және сапалық әдістерінің комбинациясынан құралады.

Сандық әдістер туристік сұранысты болжау үшін каузалды немесе каузалды емес модельдерді ұсынады.

Каузалді модельдер туристік сұраныстағы өзгерістерді түсіндіруге тырысады. Каузалды модельдер экономикалық  - математикалық модель түрінде көрсетіледі.

Каузалды емес модельдерге, уақытша қатарлар жатады, олар біреше жылдар бойы туристік шығындари мен келулердің санының зерттелуіне негізделген. Каузалды емес модельдер өзгерістер себебін түсіндіру үшін ақпараттар мен білім жеткіліксіз болған жағдайда  қолданылады.

Уақытша қатарлар сандық мәліметтер түрінде көрсетілген, ол уақыттағы көрсеткіштердің өзгеруін сипаттайды, көбінесе таблица немесе график түрінде болады.

Туристік  зерттеулердегі сапалық әдістер

Туристік  зерттеулердегі қызметтердің сапасын бағалау туристік  сұранысты және болашақта туризмге қатысты құбылыстарды болжау үшін керек. Көп жағдайда сапалық сипаттамалар сандық көрсеткіштердің талдау нәтижелерінің бір бөлігі болып табылады. Сандық көрсеткіштерді зерттеу мен есептеу барысында зерттеушілер барлық трендтерді нақты бағалауға тырысады.

Туристік зерттеулердегі сапалық модельдер жаңа туристік орталықтар мен аудандардың құрылысы барысында қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда аналитиктер туристік келулер саны, сұраныс маусымдылығы немесе сол туристік орнына тән туристің орташа шығындары туралы жинаған мәліметтерін қолдануына мүміндігі болмайды.  Сапалық модельдер  туристік бизнестің сыртқы ортасында, саяси немесе әлеуметтік өмірде үлкен өзгерістер болған жағдайда  пайдалы бола алады. Мұндай жағдайда талдаудың сандық әдістері туризмді болжауға және бағалауға тиімсіз немесе мүлдем қолдануға келмейді.

Туризм сияқты көпкомпонентті және тез дамып келе жатқан сала үшін барлығын қамтитын зерттеу әдістерін табу қиын. Австралияда туристік болжамдар жөніндегі Кеңес сандық және сапалық әдістерінің комбинациясы ретінде өз әдісін жасап шығарды. Оның негізінде экономикалық-математикалық модель жатыр,  ол екі базаның негізінде құралған: табыс және баға. Сапалық талдау нәтижесінде алынған мәліметтер, сапалық сипаттамалар арқылы толықтырылады, олар: тұтынушы іс-әрекетіндегі күтілетін өзгерістер, үкімет саясаты, сыртқы саяси факторлар, ерекше құбылыстар және т.б. Соңғы болжамдар барлық факторларды ескере отырып нақты көрсеткіштер түрінде көрсетілген.


Туристік нарықты зерттеу үшін шынайы немесе потенциалды саяхаттаушыларды маркетингтік сұрастыру әдістері қолданылады. Бірақ тұтынушыларды сұрастыру көп уақыт пен қаржыны қажет ететіндіктен, кейде тұтынушылардың орнына туристік қызметтерді ұсынатын кәсіпорындардан сұрастыру жүргізеді. Мысалы, НТО қонақүйлер мен ірі туроператорлардан фьючерсонды броньдау жағдайы мен келесі жылға орындарды жалға алу жөнінде қажеттіліктері жөнінде мәліметтерді жинай алады, сол арқылы нақты бағыт ала алады. Мамандардың аналитикалық шолулары баға көрсеткіштерін қажетті деңгейде толықтыра алады.

 


Информация о работе Туристтік сұраныстың мәні