Әлемдегі оқиғалы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 19:38, реферат

Краткое описание

Туризмдегі орны мен ролі жағынан спорттық іс-шараларға қарағанда театрлық мерекелердің: карнавалдар, фестивальдар, ұлттық мерекелер, ән мен сән конкурстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Ертеректе Грецияда б.з.б 6 ғасырда Аполлон құдайының құрметіне бүкіл грек Ойкуменасындағы қатысушылар мен көрермендер қатысуымен өтетін музыкалық жарыс-Пифиялық ойындар өткізіліп отырған. Жеңімпаз лавр сыпырғышымен марапатталған.
Заманауи кең тараған мәдени оқиғаның қатарында Эдинбург фестивалі атап өтіледі. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі үздік опералық, балет және театрлық ұжымдар, сондай-ақ әр түрлі фольклорлық ансамбльдер жиналады.

Вложенные файлы: 1 файл

событиный туризм в мире.docx

— 32.47 Кб (Скачать файл)

4. Театрлық шоу.

Әлемнің әр елінде мүмкіндігінше театрлық шоулар өткізіледі. Lord of the Dance ( «Би иесі» немесе «Би королі» деген атпен кең таралған) – 1996 жылы хореограф Майкл Флэтлимен құрылған ирландық би шоуы соның мысалы болады. Саундтрек авторы Ронан Хардиман болып табылатын кельттік фолк-музыка мен ирландық халық билерін біріктіретін сюжеттік шоу кең танымал болуда. Европа мен АҚШ-қа бірнеше рет тур жасаған бұл группаның 9 миллион видеокөрсетілімі мен  Lord of the Dance саундтректі 1,2 миллион аудиодискі сатылған.  Lord of the Dance номері фэнтези стиліндегі ертегі сюжетімен біріктірілген. Шоуда диалог болмайды, сюжет интуитивтік түсінікті жесттер, персонаж қимылдары, музыка және би түрінде өрбиді. Ақпараттың бір бөлігі ән түрінде беріледі.

Цирктік фестивальдар жыл сайын тұрақты түрде Монте-Карлода жылдың басында, әдетте қаңтар айында өтеді. Бұл фестиваль цирк өнері әлемінде маңызды орын алатын танымал болып саналады. Жыл сайынғы балалар қатысуымен Бельгияның Льеж қаласында, әдетте, қараша немесе желтоқсан айында, Францияның Париж қаласында қаңтар айында «Ертеңгі күнгі цирк» пен «Болашақ циркі» атты екі фестиваль өткізіледі. Венгрияда, Будапештте 2 жыл сайын өтсе, Қытайда акробаттар жиналуымен жыл сайын ұйымдастырылады.

5. Гүлдер фестивалі мен көрмесі.

Бүкіл әлемде гүлдер фестивалі өткізіледі. Венециялық гүлдер фестивалі –ұмытылмас көріністі тамашалауға әр түрлі елдерден туристер келетін фестиваль. Ешкім бітпейтін гүлдер тізбегіне және канал айдынында жүзген, мөлдір сумен шағылысқан әр түрлі жарықты гондолға немқұрайлы қарай алмайды. Қаланың барлық алаңдарында және кеме үстінде қолдарына гүл шоғын ұстаған жас жұптар би билейді. Қыздардың шаштары өріліп,  киімдері, арка құрылысы да судан өсіп тұрған секілді гүлдер тізбегімен безендіріледі. Ал, Мадейрода гүлдер фестивалін Фуншаланың ең кішкентай тұрғындары ашады. Астананың басты алаңында мыңдаған тірі гүлдерден «үміт қабырғасы» атты бейбітшілік және зұлымдықты жеңетін жақсылыққа деген сенім символына айналған  нағыз үлкен қабырға орнатады. Содан кейін қала ең үздік гүлзар және үздік гүлмен безендіру конкурсы, көше музыканттары сайысы мен гүлдер көрмесі секілді көңіл көтеру толқынымен оранады. Фестивальдің басты оқиғаларының бірі орасан зор гүлдер шеруінде карнавалды костюмдер, шеру қатысушылары мен көрермендер гүлдер жапырақтарымен, гүлшоғырымен және шөптермен безендіріледі. Қала көшелерінде көңілді музыка аясында экзотикалық клумб түріндегі платформада би билеген және ән салған шеру қатысушылар музыкамен бірге қозғалады. Масаттанған көрермендерге толған көшелер гүлдер кемпірқосағымен бірге құлпырады. Бірнеше күн бойы қала гүлдер әмірінде болады.

6. Музыка фестивалі.

Музыка әлемінде спорт секілді қандай жағдайда да жіберіп алуға болмайтын оқиғалар тізбегі мен күнтізбесі болады. Сондықтан өзіндік ерекшеліктерге толы әлемнің ең танымал музыкалық фестивальдары дәстүрлі түрге айналады.

1981 жылы композитор әрі  орындаушы Джонни Рейнхардпен  негізі қаланған американдық  микротонды музыка фестивалі  бағдарламасында арнайы микротонды инструменттермен орындалатын классикалық музыка секілді заманауи туындылар орындалады.

Әлемдегі ежелгі музыкалық фестивальдардың бірі Англиядағы халықаралық хор фестивалі  XVIII ғасырдан бастау алады. Жыл сайын жаз маусымында кезекпен ағылшындық 3 қалада - Ворчестер, Глочестер және Херефордта өтеді. Фестиваль аясында хор музыка концерті, камералық, органдық концерт, музыкалық спектакль, көрмелер және т.б ұйымдастырылады.

Жыл сайын Туркуда өтетін халықаралық музыка фестивалінің негізі 1960 жылы қаланды. Ірі музыкалық фестивальдардың бірі Финляндия мен солтүстік Европада өтеді. Фестиваль кезінде классикалық және джаз музыка концерті, музыкалық спектакль, балаларға арналған концерт пен студенттерге арналған мастер-класстар ұйымдастырылады.

Кармельдегі (АҚШ) жыл сайынғы өтетін Баха фестивалі 1935 жылдан бері өткізілуде. Фестиваль Баха музыкалары мен басқа дәуір мәдениеті байланысын көрсету мақсатында болады, сонымен қатар, фестивальда Палестрин мен Монтевердтен Бриттен, барберге дейінгі кең көлемді туындылар орындалады. Сондай-ақ фестивальдің өзінің жеке Фестивальдық оркестрі мен хоры бар.

1996 жылдан бері Итальяндық  қала Бариде жыл сайын органдық  музыка фестивалі өткізілуде. Хорватияда Soundwave би музыка фестивалі шілдеде  өтіп, әдетте, үш күнге созылады. Адриат теңізі жағалауындағы  ескі балықшылар қыстағында 3 күн  бойы ритм, күн шуағы мен керемет  жайлы атмосфера орнайды. Музыкалық әсер ежелгі амфитеатр мен күншуақтағы жағажайлы терраса үстінде сан қилы бояулар мен эмоцияларға толы оқиғаларға біртіндеп айналады. Мұндағы басты артықшылық беретін тұрғындар келген туристерге әрдайым жақсы жағдайлар жасап, дәмді асханасымен тартады және табиғаттың табиғилығы сақталған.

7. Кино және театр фестивальдары.

Әлемдегі беделді әрі ірі қысқа метражды кинолардың бірі саналатын Оберхаузендегі Халықаралық Қысқаметражды Фильмдер Фестивалінің негізі 1954 жылы қаланды. 1954 жылдан бергі тарихында кино әлемінде өзіндік орны қалыптасқан оқиғаға айналды. Бұл фестивальда Мартин Скорсезе, Джордж Лукас, Роман Полански, Александр Клуж және Вернер Херцог сынды режиссерлар мен кино өнерінің қайраткерлері және кейінгі кезеңнің Ульрик Оттингер, Ромюальд Кармакар, Пипилотти Рист, Жан-Пьер Жене және Франсуа Озон секілді режиссерларының еңбегі сіңді. Европадағы кино нарығында бұл фестиваль журналист, продюсер, режиссер және тағы басқа кино әлемінің мамандарын өзіне көптеп тартуда. Сол себепті қарапайым көрермендер премьералық көрсетілім болатын жерге ешқашан кіре алмайды. Фестиваль соңында үздік фильмдер қатары сол жылы кино әлемі қандай болатынынан хабардар ету үшін бүкіләлемдік турға жіберіледі және өзіндік кино ашылу салтанатын өткізеді. 2009 жылы Санкт-Петербург қаласы Оберхаузендегі Халықаралық Қысқаметражды Фильмдер Фестивалі бағдарламасын қабылдаған алғашқы ресейлік қала болды.

Халықаралық Канн кинофестивалі(французша Festival international du film de Cannes) – Франццияның Канн курортты қаласында Круазет жағалауындағы фестиваль мен конгресс сарайы базасында мамыр айының соңында өткізілетін жылдық кинематографиялық фестиваль. Халықаралық кинопродюсерлер ассоциациясы федерациясымен (FIAPF) 13ойындық фильмдер фестивалі конкурсы («А категориясы фестивалі» аталатын)  құрамына енген. Канн фестивалі ертеден келе жатқан (алғаш рет 1939 жылы өткізілген) және әлемдегі ең беделді кинофестиваль.

Халықаралық Берлиндік кинофестиваль (немісше Internationale Filmfestspiele Berlin, Берлинале) – 1951 жылдан бері Германияда жыл сайын өткізілетін халықаралық кинофестиваль. Басты жүлдесі  - «Алтын аю» (аю – Берлиннің геральдикалық символы) болып табылатын бұл фестиваль 1978 жылға дейін жазда өткізілсе, қазір ақпан айында ұйымдастырылады. Канн фестивалінен айырмашылығы Берлиналда алға жылжушы  геосаяси кинематограф бағдарланған. Төрешілер фестивальдық бағдарламада бүкіл әлем фильмдері, оның ішінде бұрынғы «Шығыс блок» елдері фильмдері қойылуына ерекше көңіл бөледі. Премьера Берлинал сарайындағы Марлен-Дитрих-Плац, 1 мекенжайда болады.

Савонлиннадағы опералық өнер фестивалі – Финляндиядағы ең танымал халықаралық мәдени оқиға және оқиғалы туризмнің кең тараған обьектілерінің бірі. Оның ерекшелігі – Сайма көлі өлкесіндегі эпикалық пейзаж көрінісінде орналасқан ортағасырлық Олавинлинн қамалында өткізілетін жарқын спектакльдер мен концерттер. Фестиваль бастауын 1912 жылдан алғанымен, тек 1967 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және әлемдегі опералық фестивальдардың ондығына кіреді. 2012 жылы фестивальдың 100 жылдық мерейтойына 73 мың көрермендер келіп рекорд орнатты.

8. Сән көрсетілімдері.

Миландағы сән апталығы – тағатсыздана күтетін ерекше оқиға. Мұнда адамдар атақты итальяндық дизайнерлердің эксклюзивтік көрсетілімдерін көру үшін және келесі маусымда сән әлемін не күтетінін көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келеді.

Париждік көрсетілімдер – бүлікшіл Нью-Йоркпен, экстравагантты Лондонмен және сәулетті Миланмен салыстырғанда бұл өзгеше оқиға. Париждік сән апталығы араласқан стильдермен және қатты дауысты есімді дарынды дизайнерлердің күтпеген концепцияларымен ерекшеленеді.

2003 жылдан бастап Мәскеудегі  сән апталығы наурыз айының  соңы (күз-қыс көрсетілімі) мен қазан айының соңында (көктем-жаз көрсетілімі) жылына екі рет өткізіледі және прет-а-портем (французша pret-a-porter) класындағы киімдерді ұсынады.

9. Спорттық оқиғалар.

Халықаралық спорттық сайыстар (Олимпиада ойындары, Әлем және континент чемпионаты, Универсиада) миллиондаған адамдарды тартады. Тіпті, байланыс пен телекөрсетілімнің заманауи дамыған жүйесі де спорттық мерекелерге қатысып, өз елінің немесе сүйікті командасына қолдау көрсетуші туристер ағымын азайтар емес. Спорттық сайыстарға қатысу – ежелгі саяхаттың бір түрі деп санауға болады. Спорттық оқиғалы туризмнің заманауи ағымында спортсмендер мен оларды шығарып салушылар шағын бөлігін құрап, негізінен қолдаушылар маңызды орын алады. Мысалы, футболдан Европа чемпионаты матчын көруге бірнеше он мыңдаған шетелдік көрермендер келеді. Спорттық мерекелерге сапарлар қысқа уақытты болады және бір туристтің үлкен ақша жұмсауымен ғана шектелмейді, дегенмен жаппай келумен байланысты елге едәуір туристік табыс әкеледі.

Барлық спорттық мерекелер арасында туристік ағым және табыс көлемі бойынша қысқы, әсіресе, жазғы Олимпиада ойындары ерекше бөлінеді. Олимпиада ойындары ежелгі Грецияда біздің жыл санауымызға дейінгі 766 жылдан бастап өткізіліп, Элладаның барлық бөлігінен көптеген көрермендерді жинады.  Олимпиада ойындары әдетте, Париж (1900, 1924 жылдары), Рим (1960 жылы), Лондон (1908, 1948 жылдары), Афины (1896 жылы), Мехико (1968 жылы), Мәскеу (1980 жылы) секілді әлемдік туристік тартымды орталықтарда өткізіледі. Қысқы Олимпиада ойындары Шамони (Франция, 1924 жыл), Гренобль (Франция, 1968 жыл), Инсбрук (Австрия, 1964, 1976 жылдары), Саппоро (1972 жыл), Нагано (Япония, 1998 жыл) секілді таушаңғы курорттарында ұйымдастырылады.

Олимпиада ойындары осы және басқа да орталықтардың туристік құндылығын көтереді. Мысалы, Оңтүстік Кореяда өткізілген Олимпиада ойындары біріншіден, олимпиадаға дайындалуда туризмнің мықты материалдық-техникалық база құруға, екіншіден, елге кіру туризмін дамытатын Сеулді тартымды туристік орталық ретінде көрсетуге әсер етті.

Сондай-ақ Лондондағы 1839 жылдан бастап жыл сайын Темза өзенінде өткізілетін  Корольдық регата (бес күндік жарыс ұйымдастырушыға  1,2 миллион доллар табыс әкеледі), Европадағы ірі Женева көліндегі кемелер жарысы (Швейцария), Үлкен Дулыға турнирі (Мельбурн, Уимблдон, Мюнхен мен Парижде үлкен теннистен ең танымал ойындар), футболдан және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты және Формула-1 (автоспорт әлеміндегі ең маңызды сайыс) жарыстары туристер үшін тартымды күшке ие. Оқиғалы туризм түрлері кең және бір-бірімен шектеседі. Оқиғалы туризм – ол әлемнің кез келген нүктесіндегі спорт, мәдениет және өнер әлеміндегі үлкен оқиғалардың куәсі болудың бірден-бір мүмкіндігі.

 


Информация о работе Әлемдегі оқиғалы туризм